Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтарын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 460 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 қазанда № 5126 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 19 қыркүйектегі
№ 460 қаулысына қосымша

Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде
Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймақтарының мөлшерлері

І-белдеу

ІІ-белдеу

ІІІ-белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 1 э ұңғыма

Радиусі –30 метр

Ұңғыманың айналасында 0,3 гектар

Радиусі – 123 метр

4,7 гектар

Радиусі – 870 метр

238 гектар

      Ескерту: санитарлық қорғау аймақтарының шекаралары "Қарасу ауданындағы Тімтіуір жер асты сулары көздерінің Солтүстік учаскесінде Қарамырза шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймақтары" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (Тапсырыс беруші - "Рамазан-Қарасу" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады