Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағын белгілеу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы әкімдігінің 2014 жылғы 25 қыркүйектегі № 474 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 қазанда № 5132 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 2022 жылғы 28 сәуірдегі № 181 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы әкімдігінің 28.04.2022 № 181 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су Кодексінің 39, 117-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 27-бабына сәйкес Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      Ескерту. Қаулының кіріспесіне өзгеріс енгізілді – Қостанай облысы әкімдігінің 14.03.2016 № 116 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қосымшаға сәйкес Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы белгіленсін.

      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі Н. Садуақасов

  Әкімдіктің
2014 жылғы 25 қыркүйектегі
№ 474 қаулысына қосымша

Әулиекөл ауданындағы Құсмұрын жер асты сулары көздерінің № 8, № 9 ұңғымалары учаскесінде Чернигов шаруашылық-ауыз су тартуының санитарлық қорғау аймағы

Су тарту көзінің атауы

Санитарлық қорғау аймағының мөлшері

І - белдеу

ІІ - белдеу

ІІІ - белдеу

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

шекарасы

ауданы

№ 8,
№ 9 ұңғымалар

Радиусі – әр ұңғыманың айналасында 50 метр

1,57 гектар

Ұзындығы – әр ұңғыма үшін 102 метр
Барынша ені - әр ұңғыма үшін 90 метр

1,8 гектар

Ұзындығы –
825 метр
Барынша ені –
560 метр

46,2 гектар

      Ескерту: санитарлық қорғау аймағының шекаралары "Қостанай облысының Әулиекөл ауданындағы Чернигов су тартуының санитарлық қорғау аймағының санитарлық-гидрогеологиялық негіздемесі" жобасының картографиялық материалында көрсетілген (тапсырыс беруші - "Черниговское" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі).

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады