Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 198 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 272 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 22 мамырда № 4741 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 2016 жылғы 6 маусымдағы № 29 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Рудный қаласы мәслихатының 06.06.2016 № 29 шешімімен.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына сәйкес мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Мәслихаттың 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 198 "Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларын бекіту туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде нөмірімен 4276 тіркелген, 2013 жылғы 8 қарашада "Рудненский рабочий" қалалық газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың қағидаларында:
      6-тармақтың 1) тармақшасы жаңа редакцияда жазылсын:
      "1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, тұрмыстық қажеттіліктеріне, 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 мамырдан бастап туындаған қатынастарға таратылады.
      Қалалық мәслихаттың
      кезектен тыс сессиясының
      төрағасы Р. Бермухамбетов
      Қалалық
      мәслихаттың хатшысы В. Лощинин

      КЕЛІСІЛДІ
      "Рудный қалалық жұмыспен қамту
      және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
      мемлекеттік мекемесінің басшысы
      ________________________ С. Костина

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады