Әкімдіктің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 588 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Лисаков қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 26 ақпандағы № 62 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 наурызда № 4528 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5) тармақшасына, 20-бабының 5-тармағына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына сәйкес Лисаков қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Әкімдіктің 2013 жылғы 18 желтоқсандағы № 588 "2014 жылы қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы" қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4407 болып тіркелген, 2014 жылғы 23 қаңтарда "Лисаковская новь" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландыру көзі осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Лисаков қаласы әкімінің орынбасары М.К. Жұрқабаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Лисаков
      қаласының әкімі                         М. Жүндібаев

      КЕЛІСІЛДІ:

      Лисаков қаласының прокуроры
      ________________ Е. Тайкешов

Әкімдіктің        
2014 жылғы 26 ақпандағы   
№ 62 қаулысына қосымша   

Әкімдіктің        
2013 жылғы 18 желтоқсандағы 
№ 588 қаулысымен бекітілген 

Ұйымдардың тізбесі, қоғамдық жұмыстардың түрлері,
көлемі мен нақты жағдайлары, қоғамдық жұмыстарға қатысатын
жұмыссыздардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері
және оларды қаржыландыру көзі

Ұйымның атауы

Жұмыстың түрлері

Жұмыстардың көлемі, сағатпен

Жұмыстардың нақты жағдайлары

Еңбегіне төленетін ақының мөлшері

Қаржыландыру көзі

1

"Уста плюс" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, Лисаков қаласының аумағын көгалдандыруға және абаттандыруға, Лисаков қаласының, Октябрь кентінің, Красногор ауылының аумақтарын санитарлық тазалауға қатысу

78720

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленуге, күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) iшiнде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бiр үзiлiс берiлуге тиiс.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданылады

Айына жалақының 2 ең төменгі мөлшері

Лисаков қаласының бюджеті

2

"Қостанай облысының прокуратурасы Лисаков қаласының прокуратурасы" мемлекеттік мекемесі

Қызметкердің алдын ала кәсіптік даярлаудан өтуін талап етпейтін, техникалық жұмыстарды жүргізуге күн сайынғы көмек, әкімшілік ғимаратты жиыстыру

3936

Қоғамдық жұмыстарға бір қатысушының жұмыс уақытының ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға, Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасында көзделген шектеулерді ескере отырып, екi демалыс күнi бар бес күндiк жұмыс аптасы белгiленуге, күнделiктi жұмыс (жұмыс ауысымы) iшiнде тынығуға және тамақтануға арналған ұзақтығы жарты сағаттан кем болмайтын бiр үзiлiс берiлуге тиiс.

Ақылы қоғамдық жұмыстарға қатысатын жұмыссыздарға Қазақстан Республикасының еңбек, зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру туралы заңнамалық актілері қолданылады

Айына жалақының 2 ең төменгі мөлшері

Лисаков қаласының бюджеті

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады