Мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 ақпандағы № 129 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 наурызда № 4489 болып тіркелді. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 2014 жылғы 14 қарашадағы № 193 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Қостанай облысы Әулиекөл ауданы мәслихатының 14.11.2014 № 193 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес, Әулиекөл аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесі туралы" мәслихаттың 2010 жылғы 15 қыркүйектегі № 195 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-7-123 тіркелген, 2010 жылғы 18 қазанда "Әулиекөл" газетінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген шешіммен бекітілген, Тұрғын үй көмегін көрсету ережесінде:
      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
      "1. Тұрғын үй көмегі жергілікті бюджет қаражаты есебінен Әулиекөл ауданында тұрақты тұратын аз қамтылған отбасыларға (азаматтарға):
      жекешелендірілген тұрғын үй-жайларда (пәтерлерде) тұратын немесе мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларды (пәтерлерді) жалдаушылар (қосымша жалдаушылар) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған шығыстарға;
      тұрғын жайдың меншік иелері немесе жалдаушылары (қосымша жалдаушылары) болып табылатын отбасыларға (азаматтарға) коммуналдық қызметтерді және қалалық телекоммуникация желісіне қосылған телефонға абоненттік ақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуына;
      жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын жайды пайдаланғаны үшін жалға алу ақысын төлеуге.
      Аз қамтылған отбасылардың (азаматтардың) тұрғын үй көмегін есептеуге қолданылған шығыстары жоғарыда көрсетілген бағыттарының әрқайсысы бойынша шығыстарының сомасы ретінде айқындалады.
      Тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған ай сайынғы және нысаналы жарналардың мөлшерін айқындайтын сметаға сәйкес, тұрғын үйді (тұрғын ғимаратты) күтіп-ұстауға арналған коммуналдық қызметтер көрсету ақысын төлеу үшін жеткізушілер ұсынған шоттар бойынша тұрғын үй көмегі бюджет қаражаты есебінен Әулиекөл ауданының аумағында тұрақты тұратын тұлғаларға көрсетіледі.".
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланғаннан күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Кезектен тыс
      сессияның төрайымы                         Л. Войлошникова

      Аудандық
      мәслихаттың хатшысы                        А. Бондаренко

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Әулиекөл ауданы әкімдігінің
      жұмыспен қамту және әлеуметтік
      бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
      мекемесінің басшысы
      ______________________ Айсин Ә.С.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады