2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 14 қаңтардағы № 1 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 3 ақпанда № 4424 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қантардағы Заңы 5-бабының 2–тармағына, 7–бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2014 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тулғаларды қосымша анықталған тізбесіне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Сұлтановқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Исмағұлов

Әкімдіктің        
2014 жылғы 14 қаңтардағы 
№ 1 қаулысына қосымша   

2014 жылға арналған халықтың нысаналы
топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесі

      1. Ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемегендер.
      2. Техникалық және кәсіби, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының бітірушілері.
      3. Елу жастан асқан тұлғалар.
      4. Алған мамандығы бойынша еңбек өтілі мен тәжірибесі жоқ жұмыспен қамтылмаған жастар.
      5. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген, тиісті жұмысы жоқ адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады