2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесін анықтау туралы

Жаңа

Қостанай облысы Қарабалық ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 497 қаулысы. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 19 қаңтарда № 5318 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 2-тармағына, 7-бабының 2) тармақшасына сәйкес және халықтың нысаналы топтарын жұмыспен қамтуға жәрдемдесу мақсатында Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. 2015 жылға арналған жұмыспен қамтуға жәрдемдесу үшін халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесі осы қаулының қосымшасына сәйкес анықталсын.
      2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі халықтың нысаналы топтарына жататын тулғаларды қосымша анықталған тізбесіне жұмыспен қамтуға жәрдемдесу бойынша шараларды қамтамасыз етсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А.Т. Төлебаевқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                А. Исмағұлов
 

Әкімдіктің         
2014 жылғы 23 желтоқсандағы 
№ 497 қаулысына қосымша  

2015 жылға арналған халықтың нысаналы топтарына жататын тулғалардың қосымша тізбесі

      1. Ұзақ уақыт (он екі және одан да көп ай) жұмыс істемегендер.
      2. Елу жастан асқан тұлғалар.
      3. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінде жұмыссыз ретінде тіркелген, тиісті жұмысы жоқ адамдар.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады