Смайыл селосы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1 "Смайыл селосының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Белинский ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 18 сәуірдегі № 2 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 4738 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Белинский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Смайыл селосы әкімінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 1 "Смайыл селосының көшелеріне атау беру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-157 тіркелген, 2012 жылғы 9 ақпанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) шешіміне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      мемлекеттік тілдегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша: "селосының", "селосы" деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "Смайыл" сөзінің алдында "Белинский ауылдық округі" деген сөздермен толықтырылсын;
      орыс тілдегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша:
      "Смайловка" сөзінен кейін "Белинского сельского округа" деген сөздермен толықтырылсын.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Белинский ауылдық
      округінің әкімі                            Қ. Хасенов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады