Майский ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Май селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Таран ауданы Майский ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 1 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 15 мамырда № 4708 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Майский ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. Майский ауылдық округі әкімінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1 "Май селолық округі селоларының көшелеріне атау беру туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-18-102 тіркелген, 2009 жылғы 31 желтоқсанда "Маяк" аудандық газетінде жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "Май селолық", "селоларының", "Май селосының", "Приреченское селосының" деген сөздер тиісінше "Майский ауылдық", "ауылдарының", "Майское ауылының", "Приреченское ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді.
      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Майский ауылдық округі әкімінің
      міндетін атқарушы                          С. Шарий

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады