Камышин ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 26 "Камышин селолық округінің Северное селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Камышин ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 5 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 маусымда № 4839 болып тіркелді

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтылулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қантардағы Заңына сәйкес Камышин ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
      1. "Камышин селолық округінің Северное селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" Камышин ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 26 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркелу тіркелімінде 9-20-120 тіркелген, 2009 жылғы 9 қантарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Федоров ауданы Камышин селолық округі, Северное селосы тұрғындарының пікірін ескере отырып ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";
      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;
      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.
      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

      Камышин ауылдық округінің әкімі            С. Беккалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады