Шандақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 19 "Шандақ селолық округінің Крамское селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Федоров ауданы Шандақ ауылдық округі әкімінің 2014 жылғы 29 мамырдағы № 7 шешімі. Қостанай облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 24 маусымда № 4874 болып тіркелді.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ономастика мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар еңгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 21 қаңтардағы Заңына сәйкес Шандақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Шандақ ауылдық округі әкімінің 2008 жылғы 19 қарашадағы № 19 "Шандақ селолық округінің Крамское селосының құрамдас бөлігін атауы туралы" шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9-20-124 тіркелген, 2009 жылғы 9 қаңтарда "Федоровские новости" газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңының 14-бабына сәйкес, Крамское ауылы тұрғындарының пікірін ескере отырып, Шандақ ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:";

      шешімнің мемлекеттік тілдегі тақырыбында және бүкіл мәтін бойынша "селолық", "селосы", "селосының" деген сөздер тиісінше "ауылдық", "ауылы", "ауылының", деген сөздермен ауыстырылсын;

      көрсетілген шешімнің қосымшасында мемлекеттік тілдегі бүкіл мәтін бойынша "селосының", "селолық", деген сөздер тиісінше "ауылының", "ауылдық" деген сөздермен ауыстырылып өзгерістер енгізілсін;

      орыс тіліндегі мәтін өзгертілмейді.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізiледi.

Шандақ ауылдық


округінің әкімі

Н. Осипов


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады