Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 78/10 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2014 жылғы 16 сәуірдегі № 218/30 шешімі. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 13 мамырда № 3800 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 2017 жылғы 3 қарашадағы № 143/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық мәслихатының 03.11.2017 № 143/17 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1. Ақсу қалалық мәслихатының 2012 жылғы 7 желтоқсандағы "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және спорт мамандарына отын сатып алуға әлеуметтік көмек тағайындау туралы" № 78/10 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3330 болып тіркелген, 2013 жылғы 16 қаңтарда "Ақсу жолы", "Новый путь" газетінде № 4 жарияланған) келесі өзгерістер енгізілсін:

      шешімнің кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес Ақсу қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТЕДІ:";

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Ақсу аймағының елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және спорт ұйымдарының мамандарына жылу маусымында отын сатып алу үшін 5 (бес) айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде біржолғы әлеуметтік қөмек тағайындалсын.".

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың әлеуметтік саясат, заңдылық және құқықтық тәртіп мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрайымы Р. Иманғалиева
      Қалалық мәслихаттың хатшысы М. Омарғалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады