Ақсу қаласының селолық округтері аумағында орынға барып сауда жасайтын орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 14 шілдедегі № 544/4 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 08 тамызда № 3906 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 2015 жылғы 10 маусымдағы N 444/6 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Ақсу қалалық әкімдігінің 10.06.2015 N 444/6 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі "Сауда қызметін реттеу туралы" Заңының 27-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі "Iшкi сауда ережесiн бекiту туралы" № 371 қаулысына сәйкес Ақсу қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес, сауда қызметінің субъектілерімен Ақсу қаласы селолық округтерінің аумағында орынға барып сауда жасау үшін орындар белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің экономика мәселелерін қадағалайтын орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Қала әкімі Қ. Нүкенов

  Ақсу қаласы әкімдігінің
2014 жылғы 14 шілдедегі
№ 544/4 қаулысына
қосымша

Сауда қызметінің субъектілерімен Ақсу қаласының
селолық округтері аумағында орынға барып сауда
жасайтын орындардың тізбесі

№ р/н
Селолық округтің атауы
Орналасқан жері
1
2
3
1.
Алғабас селолық округі
Алғабас ауылы, Коммунистическая көшесіндегі алаңда;
Жолқұдық ауылы, Ленинский-Русская поляна трассасының бойындағы алаңда ("Қасенов" ЖК дүкеніне қарама-қарсы);
Ребровка ауылында, Қазанғап би көшесіндегі алаңда (бастауыш мектепке қарама-қарсы);
Айнакөл ауылы, Центральная кө-шесіндегі алаңда ("Алғабас селолық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі әкімшілік ғимаратына қарама-қарсы);
Көктас ауылы, Достық көшесіндегі алаңда (бастауыш мектепке қарама-қарсы);
Қарабай ауылында, Жағалау көшесіндегі алаңда.
2.
Достық селолық округі
Достық ауылы, 1 Линия көшесіндегі алаңда ("Достық" орта мектебіне қарама-қарсы);
Парамоновка ауылы Молодежная көшесіндегі алаңда;
Пограничник ауылы Белорусская көшесіндегі алаңда.
3.
Евгеньевка селолық округі
Евгеньевка ауылы Гагарин көшесіндегі алаңда;
Үштерек ауылы Ленин көшесіндегі алаңда;
Сольветка ауылы Ленин көшесіндегі алаңда.
4.
Қалқаман селолық округі
Қалқаман ауылы Ленин көшесіндегі алаңда;
Ақжол ауылы Школьная көшесіндегі алаңда;
5.
Қызылжар селолық округі
Қызылжар ауылы, Гагарин көшесіндегі алаңда (Мәдениет үйіне қарама-қарсы);
Сарышығанақ ауылында Центральная көшесіндегі алаңда (Мәдениет үйіне қарама-қарсы).
6.
Мәмәйіт Омаров атындағы
селолық округ
Мәмәйіт Омаров атындағы ауылы, Ш. Арғынбаев көшесіндегі алаңда;
Путь Ильича ауылы, Ленин көшесіндегі алаңда;
Құркөл ауылы, Алтай көшесіндегі алаңда.

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады