"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы

Күшін жойған

Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 27 қазандағы № 368/11 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 03 желтоқсанда № 4203 болып тіркелді. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 2018 жылғы 19 желтоқсандағы № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Павлодар облысы Железин аудандық әкімдігінің 19.12.2018 № 417/11 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" № 410 Жарлығына сәйкес Железин ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Абушахманов

  Павлодар облысы Железин
ауданы әкімдігінің 2014
жылғы "27" қазандағы
№ 368/11 қаулысымен
бекітілген

"Железин ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі"
мемлекеттік мекемесінің ЕРЕЖЕСІ

1. Жалпы ережелер

      1. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі Железин ауданындағы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

      2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ведомствоға қарасты мемлекеттік мекемесі бар – "Павлодар облысы Железин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

      3. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және Заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

      5. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

      7. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.

      8. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 140400, Павлодар облысы, Железин ауданы, Железинка ауылы, Квитков көшесі, 7.

      10. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің жұмыс тәртібі:

      дүйсенбі-жұма сағат 9-00-ден сағат 18-30-ға дейін, түскі үзіліс сағат 13-00-ден сағат 14-30-ға дейін, демалыс күндері: сенбі-жексенбі.

      11. Мемлекеттік органның толық атауы – "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі.

      12. Железин ауданының әкімдігі мемлекет атынан "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

      13. Осы ереже "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

      14. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

      15. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы, мақсаты, қызметінің мәні,
негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      16. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Железин ауданының халқын өнімді жұмыспен қамтамасыз ету, әлеуметтік қамтамасыз етудің деңгейін арттыру.

      17. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мақсаты халықтарды жұмыспен қамту мен әлеуметтік қорғау саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру, оның дамуына жәрдемдесу болып табылады.

      18. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қызметінің құралы Железин ауданының аумағында жұмыспен қамту мен әлеуметтік бағдарламалар саласында жергілікті мемлекеттік басқарманың қызметін жүзеге асыру болып табылады.

      19. Негізгі міндеттері:

      1) аз қамтылған отбасыларды, жұмыссыз азаматтарды, ардагерлерді, мүгедектерді және өзге де жекелеген санаттағы мұқтаж азаматтарға әлеуметтік қолдау көрсетуді ұйымдастыру;

      2) халықты әлеуметтік қорғау саласында жергілікті атқарушы органдармен көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету стандарттарын жүзеге асыру;

      3) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша қолданыстағы заңнамамен қарастырылған мемлекеттік кепілдіктерді, азаматтардың құқықтары мен олардың қызығушылықтарын қорғау;

      4) халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау мәселелері бойынша халықты ақпараттандыру;

      5) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған өзге де міндеттерді жүзеге асыру.

      20. Функциялары:

      1) қолданыстағы заңнамаға сәйкес әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтарды қамтамасыз ету бойынша шаралар қолдану;

      2) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету;

      3) жергілікті бюджеттен жәрдемақыларды тағайындау және төлеу, атаулы әлеуметтік көмек және басқа әлеуметтік төлемдер бойынша жұмыстарды ұйымдастыру;

      4) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері және оларға теңестірілген тұлғаларға әлеуметтік көмек көрсету;

      5) әлеуметтік көмекке мұқтаж тұлғалардың контингентін анықтау;

      6) қолданыстағы заңнамаға сәйкес халықты жұмыспен қамту және азаматтарға ұсынылатын әлеуметтік көмек түрлері мәселелері бойынша ақпараттандыру;

      7) әлеуметтік төлемді алуға құқығы бар азаматтарды, сондай-ақ аз қамтамасыз етілген, жұмыссыз және әлеуметтік көмекті қажет ететін азаматтарды жеке есепке алуды жүргізу;

      8) тұрғындарға әлеуметтік көмек көрсету бойынша қайырымдылық қорымен жұмыс жүргізу;

      9) ақылы қоғамдық жұмыстарды, әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастырады;

      10) тұрғындар мен заңды тұлғалар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді, құзыреттілігіне енетін мәселелер бойынша бекітілген тәртіпте азаматтардың хаттары, шағымдары және жеке үндеулерін қарастырады;

      11) еңбек нарығының жағдайын болжамдау және талдауды жүзеге асыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық даму жоспарының индикативті базасында халықты жұмыспен қамту бағдарламаларына ұсыныс әзірлеу, олардың орындалуын ұйымдастыру. Еңбек нарығының жағдайы туралы халықты, жергілікті атқарушы органдары мен Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік дамыту Министрлігін ақпараттандырады;

      12) уәкілетті органға келген азаматтардың қабылдауын, есепке алынуын және тіркеуін жүргізеді, жұмысқа орналасуға қолғабыс көрсетеді, кәсіптік бағдарда тегін қызметтерді қамтамасыз етеді;

      13) меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерге қажетті жұмыскерлерді іріктеуге көмек көрсетеді;

      14) біліктілігі мен еңбек нарығындағы қажеттілікті есепке ала отырып жұмыссыз азаматтарға кәсіптік оқыту ұйымдастырады;

      15) аудан әкімдігінің қарауына енгізеді және әзірлейді:

      аудан тұрғындарының нысанды топтарын анықтау туралы ұсыныстар және оларды қорғау бойынша әлеуметтік шаралар;

      аудан аумағында орналасқан ұйымдарда қоғамдық жұмыстарды әзірлеу және өткізу бойынша ұсыныстар;

      16) халықты жұмыспен қамту саласында азаматтарды әлеуметтік қорғау бойынша қосымша шараларды жүзеге асырады;

      17) тұрғын үй көмегін көрсетеді;

      18) үйде тәрбиеленетін және оқытылатын мүгедек баларды материалдық қамтамасыз ету көмегін көрсетеді;

      19) мұқтаж мүгедектерге қызмет көрсетеді;

      20) тұрғындардың арнайы әлеуметтік қызметтерге қажеттілігіне талдау өткізуді қамтамасыз ету, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну жүйесін дамыту бойынша шаралар қолдану, арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалармен және мемлекеттік органдармен өзара қарым-қатынас жасайды;

      21) мүгедектер үшін, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғалар үшін, интернаттық ұйымдардың кәмелет жасына толмаған түлектері үшін жұмыс орындары квотасын белгілейді.

      21. Құқықтары мен міндеттері:

      1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әлеуметтік көмекке талапкерлерден қажетті құжаттарды сұрау, ұсынылған құжаттардың анықтығын тексеруді жүзеге асыру;

      2) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің компетенциясына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа да органдардан тегін негізде ақпарат сұрау және алу;

      3) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте семинарлар мен отырыстарды өткізу;

      4) ішкі қолдану үшін пайдаланатын ұсынылған құжаттардың көшірмесін растау;

      5) қолданыстағы заңнамалық актілермен қарастырылған өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.

3. "Железин ауданының жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік
мекемесінің қызметін ұйымдастыру

      22. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі басшылықты "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

      23. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес осы лауазымға аудан әкімімен тағайындалады және босатылады.

      24. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.

      25. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкілеттілігі:

      1) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің міндеттері мен өкілеттіліктерін, сонымен қатар бөлімшенің функцияларын анықтайды;

      2) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;

      3) заңнамамен белгіленген тәртіпте қойылған тәртіпте "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

      4) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі бойынша бұйрықтар шығарады;

      5) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қызметкерлеріне материалдық көмек көрсету және көтермелеу туралы шешімдер қабылдайды;

      6) "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүдделерін мемлекеттік органдар мен басқа да мекемелерге ұсынады;

      7) ауданның әкімдігі мен әкімінің алдында өзінің жұмысы мен мекемедегі қызметі туралы есеп береді;

      8) өз компетенциясының шегінде "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің қаражаты мен мүлігіне иелік етеді;

      9) өзінің өкілеттілігінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етуге міндетті және Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының талаптарын оның бағыныштылары бұзған үшін дербес жауапкершілік тартады;

      10) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің басқа да өкілеттіліктерін жүзеге асырады.

      "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

      26. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

      27. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен коммуналдық мүлікті басқару бойынша уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      28. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі мен тиісті саладағы уәкілетті органның (жергілікті атқарушы органның) өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен реттеледі.

      29. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының өзара қарым-қатынастары Қазақстан Республикасының Еңбек кодексімен және ұжымдық шартпен реттеледі.

4. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі

      30. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

      "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

      31. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

      32. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін
қайта ұйымдастыру және тарату

      33. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      34. "Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесі қысқартылған (таратылған) кезде несиегерлердің талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүлік аудандық коммуналдық меншігінде қалады.

"Железин ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік
бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің
және оның ведомстволарының қарамағындағы
мемлекеттік мекемелердің тізімі

      "Павлодар облысының Железин ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады