2014 жылға Ертіс ауданы тұрғындарының нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесін белгілеу туралы

Жаңа

Павлодар облысы Ертіс аудандық әкімдігінің 2014 жылғы 06 қаңтардағы N 1/1 қаулысы. Павлодар облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 16 қаңтарда N 3668 болып тіркелді

      Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылдың 23 қаңтардағы "Халықты жұмыспен қамту туралы" Заңының 5-бабының 2-тармағына сәйкес Ертіс ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Ертіс ауданы аумағында тұратын тұрғындардың нысаналы топтарына жататын тұлғалардың қосымша тізбесі белгіленсін:
      1) жиырма бір жастан жиырма тоғыз жасқа дейінгі жастар;
      2) әйелдер үшін 50 жастан асқан және ерлер үшін 55 жастан асқан тұлғалар;
      3) ұзақ уақыт (он екі ай және бұдан да артық) жұмыс істемейтін тұлғалар;
      4) отбасында бір де бір жұмыс істейтін адамы жоқ тұлғалар;
      5) дәрігерлік-кеңестік комиссияның анықтамасы бойынша еңбекке шектеулі тұлғалар.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарына жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі                                Н. Пішенбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады