Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 11 қыркүйектегі N 16 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қыркүйекте N 1086 болып тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 11 сәуірдегі 2019 жылғы № 01 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 11.04.2019 № 01 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі № 2464 Конституциялық Заңының 23 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес, Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 06 "Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша сайлау учаскелерін құру туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 24 сәуірде № 1034 болып тіркелген, "Алматы ақшамы" газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 52-53 (4927) санында және "Вечерний Алматы" газетінің 2014 жылғы 01 мамырдағы № 51-52 (12728-12729) санында жарияланған)) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған шешімнің қосымшасындағы № 115, № 122 сайлау учаскелерінің орталықтары осы шешімнің қосымшасына сәйкес өзгертілсін.

      2. Осы нормативтік құқықтық акті Алматы қаласы Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткізілсін.

      3. Осы шешімнің ресми Интернет-ресурсында орналастырылуы қамтамасыз етілсін.

      4. Осы шешімнің орындалуын бақылау Алмалы ауданы әкімі аппаратының басшысы К.Қ. Әбілқақоваға жүктелсін.

      5. Осы шешім Әділет органдарында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Аудан әкімі

С. Құсайынов


      Келісілді:

      Алматы қалалық сайлау

      комиссиясының төрағасы Б. Доспанов

  Алматы қаласы
Алмалы ауданы әкімінің
2014 жылғы 11 қыркүйектегі
№ 16 шешіміне қосымша

      № 115 сайлау учаскесі

      Орталығы: 050016, Алматы қаласы, Турекулов көшесі, 71,

      "Қазақстан-Ресей медициналық университеті" мемлекеттік

      емес білім беру мекемесі, телефон: 250-83-72

      Шекаралары: Чайковский көшесінен Мақатаев көшесінің тақ санды жағымен Кашгарская көшесіне дейін; Кашгарская көшесінен "Қазметмаш" зауыты аумағының шығыс жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Сейфуллин даңғылына дейін; Сейфуллин даңғылының тақ санды жағымен Мәметова көшесіне дейін; Мәметова көшесінің жұп санды жағымен Наурызбай батыр көшесіне дейін; Наурызбай батыр көшесінің тақ санды жағымен Молдағұлова көшесіне дейін; Молдағұлова көшесінің жұп санды жағымен Чайковский көшесіне дейін; Чайковский көшесінің тақ санды жағымен Мақатаев көшесіне дейін.

      № 122 сайлау учаскесі

      Орталығы: 050016, Алматы қаласы, Фурманов көшесі, 43,

      "Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы"

      коммуналдық мемлекеттік мекемесі, телефон: 271-14-99

      Шекаралары: Фурманов көшесінен Мәметова көшесінің тақ санды жағымен Абылай хан даңғылына дейін; Абылай хан даңғылының жұп санды жағымен Райымбек даңғылына дейін; Райымбек даңғылының жұп санды жағымен Фурманов көшесіне дейін; Фурманов көшесінің тақ санды жағымен Мәметова көшесіне дейін.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады