Солтүстік Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау Қағидаларын бекіту туралы

Солтүстік Қазақстан облысы мәслихатының 2014 жылғы 10 сәуірдегі N 24/22 шешімі. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 2674 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихатының 21.01.2015 N 32/1 шешімімен (қол қойылған күннен бастап күшіне енеді).
      "Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы" 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 3-бабының 2-тармағына, 387-бабына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2-2-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 21-бабының 4) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
      1. Қоса берілген Солтүстік Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау Қағидалары бекітілсін.
      2. Осы шешім оны алғашқы ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енгізіледі.
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
XХІV сессиясының төрағасы
А. Асанова
      Солтүстік Қазақстан
облыстық мәслихаттың
хатшысы
Қ. Едіресов
      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Өңірлік даму Министрі
Б.Б. Жәмішев

  Солтүстік Қазақстан облыстық мәслихаттың 2014 жылғы 10 сәуірдегі № 24/22 шешімімен бекітілді

Солтүстік Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Солтүстік Қазақстан облысы елдi мекендерiнiң аумақтарын абаттандыру, елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау қағидалары (бұдан әрi - Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiне, "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы кодексiне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы", 2001 жылғы 16 шiлдедегi "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметi туралы"заңдарына және Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес әзiрлендi.
      2. Қағидалар елдi мекендер аумақтарын абаттандыру, инфрақұрылым объектiлерiн күтiп-ұстау және қорғау, қалдықтарды жинау, әкету, қайта өңдеу және көму тәртiбiн анықтайды, сондай-ақ жеке меншiк нысанына қарамастан барлық жеке және заңды тұлғаларға облыстың елдi мекендерiнiң аумағындағы жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау тәртiбiн белгiлейдi.
      3. Елдi мекендердiң аумағын абаттандыру, санитариялық күтiп-ұстау, тазартуды ұйымдастыру және тазалықты қамтамасыз ету, жасыл желектердi күтiп-ұстау, қорғау және шауып тастау жөнiндегi жұмыстардың үйлестiруiн және ұйымдастырылуын қарамағында тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлiгi және автомобиль жолдары мәселелерi бар қалалар және аудандар әкiмдiктерiнiң құрылымдық бөлiмшелерi, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары, үйлер, құрылыстар, ғимараттар, жер учаскелерiнiң меншiк иелерi жүзеге асырады.

2. Осы Қағидаларда қолданылатын негiзгi терминдер мен анықтамалар

      4. Осы ережелерде келесі негiзгi терминдер мен анықтамалар қолданылады:
      1) ғимарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiк шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (орын ауыстыруға), сондай-ақ жабдықтарды немесе коммуникацияларды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды жасалған ауқымды, тегiстiктi немесе желiлiк объект (жер үстi, су бетi және (немесе) жер асты, су асты), ғимарат көркемдiк-эстетикалық, әшекей-қолданбалы не мемориалдық мақсатта да болуы мүмкiн;
      2) елдi мекеннiң аумағы – қалалық немесе селолық елдi мекеннiң белгiленген шекара (iшкi аумағы) шегiндегi кеңiстiк;
      3) жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган – жергiлiктi мемлекеттiк басқарудың және өзiн-өзi басқарудың жекелеген функцияларын жүзеге асыруға әкiмдiк уәкiлеттiк берген, тиiстi жергiлiктi бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттiк мекеме;
      4) жол – мемлекеттiк есепке алуға жататын және көлiк құралдарының жүруiне арналған инженерлiк құрылыс кешенi болып табылатын жалпы пайдаланудағы автомобиль жолы, шаруашылық автомобиль жолы, елдi мекен көшесi (жол бiр немесе бiрнеше жүрiс бөлiгiн, сондай-ақ трамвай жолдарын, тротуарларды, жол жиектерiн және бөлу жолақтары болған жағдайда – соларды қамтиды);
      5) коммуналдық қалдықтар – елдi мекендерде, оның iшiнде адамның тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде түзiлген тұтыну қалдықтары, сондай-ақ құрамы мен түзiлу сипаты жағынан осыларға ұқсас өндiрiс қалдықтары;
      6) қалдықтарды жинау – қалдықтарды одан әрi кәдеге жарату немесе жою мақсатында оларды сұрыптауды қамтитын қалдықтарды арнайы бөлiнген орындарға немесе объектiлерге шығаруға, жинау және орналастыруға байланысты қызмет;
      7) қалдықтарды залалсыздандыру - механикалық, физикалық-химиялық немесе биологиялық өңдеу арқылы қалдықтардың қауiптi қасиеттерiн азайту немесе жою;
      8) қалдықтарды көму - қалдықтарды қауiпсiз сақтау үшiн арнайы белгiленген орындарда шектеусiз мерзiм iшiнде жинап қою;
      9) қалдықтарды тасымалдау – қалдықтарды олардың пайда болған немесе сақталған жерiнен өңдеу, кәдеге жарату немесе жою орындарына немесе объектiлерiне тасымалдау;
      10) мамандандырылған кәсiпорындар – қалдықтарды жинауды, пайдалануды, қолдануды, залалсыздандыруды, тасымалдауды, сақтауды және көмудi жүзеге асыратын ұйымдар;
      11) санитариялық тазарту – мақсаты елдi мекенде халықтың тiршiлiк әрекетi нәтижесiнде пайда болатын қалдықтарды жинау, жою және залалсыздандыру болып табылатын iс-шаралар жүйесi;
      12) сұйық қалдықтар – сарқынды сулардан басқа сұйық түрдегi кез келген қалдықтар;
      13) тротуар – жолдың жүргiн бөлiгiмен қатарлас немесе одан газонмен бөлiнген жаяу жүргiншiнiң қозғалуына арналған элементi;
      14) үй – адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын функционалдық мақсатына қарай, мiндеттi түрде жер бетiне салынып, тұйық көлемдi құрайтын, тiреу және қоршау конструкцияларынан тұратын жасанды құрылғы, үйдiң жер асты бөлiгi болуы мүмкiн.

3. Елдi мекендердiң объектiлерiн, аумақтарын тазалау және күтiп-ұстау

      5. Барлық меншiк нысанындағы жеке және заңды тұлғалар облыстың елдi мекендерiнiң абаттандырылуын, көгалдандырылуын және санитариялық тазартылуын қамтамасыз етедi.
      6. Облыстың елдi мекендерiнiң аумағында:
      1) көшелердi, алаңдарды және қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындары аумақтарын ластауға;
      2) көлiк құралдарын арнайы белгiленген орындардан өзге жерде жууға;
      3) бұрқақтарда шомылуға;
      4) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асырумен байланысты болмайтын жеке тұлғалардың белгiленген жерлерден тыс хабарландыруларын орналастыруға рұқсат берiлмейдi. Аталған хабарландыруларды жеке иелiктегi объектiлерде орналастыру меншiк иелерiнiң рұқсатымен болады. Үгiт баспа материалдардың орналастырылуы "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегi Конституциялық. Заңының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      7. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумағында орналасқан қоғамдық тамақтандыру және ұсақ сауда-саттық объектiлерiн ұстау олардың меншiк иелерi есебiнен жүргiзiледi.
      8. Қоғамдық пайдаланудағы орындарда жаяу жүрушiлердiң жолына кедергi жасамайтын қоқысқа арналған жәшiктер орналастырылады.
      9. Қоқысқа арналған жәшiктердi тазарту олардың толуына қарай жүргiзiледi. Қоқысқа арналған жәшiктердi жуу ластануына қарай жүргiзiледi. Қоқысқа арналған жәшiктердiң сырлауын меншiк иелерi қажеттiлiгiне қарай жүзеге асырады.
      10. Қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумақтары қоғамдық дәретханалармен жабдықталады.
      11. Инженерлiк коммуникациялардың меншiк иелерi:
      1) коммуникациялардың күтiп-ұсталуын, жөнделуiн және құдықтар мен коллекторлардың тазартылуын жүзеге асырады;
      2) коммуникациялардың жұмыс iстеуiмен байланысты апаттардың салдарын жоюды қамтамасыз етедi.
      12. Қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындарының аумақтарын күтiп-ұстау және жинау осы объектiлер қызмет көрсетуде және пайдалануында тұрған ұйымдармен жүргiзiледi. Көше-жол желiлерiн, алаңдарды, қалған қоғамдық пайдаланудағы демалыс орындары аумағын күтiп ұстауды және жинауды мемлекеттiк тапсырыс көлемiнде атқарушы орган қамтамасыз етедi.
      13. Көшелердiң жүретiн бөлiгiн, өтпе жолдарды, тротуарлар және аула аумақтарын тазарту жұмыстарының технологиясы және өткiзу тәртiбi ауа райы жағдайына қарамастан, көлiк құралдарының және жаяу жүргiншiлердiң кедергiсiз қозғалысын қамтамасыз ете отырып, жүзеге асырылады.
      14. Жазғы мерзiмде даңғылдардың, көшелердiң және өтпе жолдардың жол төсемелерiн сыпыру жол төсемелерiн алдын-ала дымқылдау арқылы жүзеге асырылады.
      15. Жолдың жүретiн бөлiгi және жиегi барлық ластану түрлерiнен толық тазартылады.
      16. Объектiлердiң аумақтарын тазарту және күтiп-ұстау объектiлердiң меншiк иелерi болып табылатын заңды және жеке тұлғалар қамтамасыз етедi.
      17. Санитариялық-қорғалатын аумақтары күтіп ұстау бойынша міндеттер сол кәсiпорындардың меншiк иелерiне жүктеледі.
      18. Тротуарларда орналасқан сыртқы жарық бағаналарының дiңгектерi мен тiректерiнiң айналасындағы аумақтарды тазартуды тротуарларды тазартуға жауап беретiн кәсiпорындар жүргiзедi.
      19. Трансформаторлық, таратқыш шағын станциялардың, инженерлiк құрылғылардың, сондай-ақ электр беретiн желiлер бағаналарының аумақтарын тазартуды осы объектiлердiң меншiк иелерi қамтамасыз етедi.
      20. Жер үстi инженерлiк құрылғыларының астындағы қорғалатын аймақтардың аумақтарын тазартуын және күтiп-ұстауын желiлердiң меншiк иелерi қамтамасыз етедi.
      21. Жер учаскелердiң аумақтарын тазарту жер пайдаланушылар қамтамасыз етедi.
      22. Қысқы жинау операцияларына:
      1) қарды күреу және сыпыру;
      2) көшелердiң көлiк жүретiн бөлiгiн, тротуарларды көктайғаққа қарсы қолданылатын арнайы материалдармен өңдеу;
      3) кейiннен шығаруға арналған қар үймегiн қалыптастыру;
      4) қарды жою (шығару);
      5) нығыздалған қар мен пайда болған мұзды опырып алу және жою жатады.
      23. Елдi мекендердiң жерлерiнде көктайғаққа қарсы күрес жүргiзу үшiн ас тұзын пайдалануға жол берiлмейдi.
      24. Көшелерден және өтпе жолдардан шығарылатын қарды жинап қою атқарушы органмен белгiленетiн арнайы дайындалған алаңдарда жүзеге асырылады.
      25. Қыс мезгiлiнде жолдар, сондай-ақ олардың айналасындағы кеңiстiк, оларға жете берiс қардан және қызылсу мұздан жергілікті атқарушы органмен жасалған шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындармен тазартылады.
      26. Аула аумақтарынан және орам iшiндегi өтпе жолдардан жиналған қарды аулалардың аумақтарында, автокөлiктiң ыңғайлы өтуiне және жаяу жүрушiлердiң жүруiне кедергi жасамайтын және жасыл желектерден, көгалдардан бос жерлерде жинап қоюға рұқсат берiледi. Аула iшiндегi аумақтарда қарды жинап қою кезiнде ерiген қар суының ағуы қарастырылады.
      27. Қыс мезгiлiнде үйлер, құрылыстар және ғимараттардың меншiк иелерiмен шатырларды қардан, қызылсу мұздан және сүңгiлерден уақытылы тазарту қамтамасыз етiледi.
      28. Үйлердiң шатырларын тазартуға тек қана тәулiктiң жарық уақытында алдын ала қауiптi учаскелерге қоршау қою арқылы рұқсат берiледi. Көше жағына қараған шатыр құламасының үстiнен қар және қызылсу қар тротуарларға, қалған шатыр құламасынан, сондай-ақ жайпақ шатырлардан ауланың iшкi аумақтарына түсiрiледi. Үйлердiң шатырларынан түсiрiлген қар және қызылсу мұз уақытылы шығарылу тиiс.
      29. Су ағар құбырларға қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат берiлмейдi.
      30. Заңды және жеке тұлғаларға, жеке тұрғын үйлердiң иелерiн қоса алғанда, меншiкке iргелес аумаққа санитариялық тазартуды өз бетiмен жүргiзуге ұсыныс берiледi.
      31. Үйлердiң және ғимараттардың меншiк иелерi кiре берiстердiң, көрмелердiң, маңдайшалардың, сыртқы жарнама орналастыру құралдарының таза және дұрыс қалпының сақталуын қамтамасыз етедi, үйлер және ғимараттардың қасбетiн және олардың жекелеген элементтерiн қалпына келтiру, жөндеу және сырлау жөнiндегi жұмыстарды уақытында жүргiзедi, сондай-ақ үйдiң нөмiрлiк белгiсiн, ескерткiш тақталардың тазалығын және дұрыс қалпын сақтайды.
      32. Тұрғын үй және қоғамдық мәнi бар үйлердiң кiрiс топтары жарық беретiн жабдықпен, төбемен (күнқағарымен), мүгедектердi басқа жерге апаруға арналған құралдар және құрылғылармен (пандустар, қанаттар) жабдықталады.
      33. Рыноктардың аумақтарын күтiп - ұстау Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2003 жылғы 5 ақпандағы № 131 "Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген, Сауда рыноктарының қызметiн ұйымдастыру ережесiне сәйкес жүзеге асырылады.
      34. Аумақты жинау, түсi кеткен, жыртылған ақпараттық тасымалдаушылардың, сондай-ақ тақырыбы ескiргендердiң ауыстырылуын қоса алғанда сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiнiң күтiп ұсталуын жарнама құрылымдарының меншiк иелерi қамтамасыз етедi.
      35. Сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2008 жылғы 7 ақпандағы № 121 "Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыру ережесiн бекiту туралы" қаулысымен бекiтiлген, Елдi мекендерде сыртқы (көрнекi) жарнама объектiлерiн орналастыру ережесiне сәйкес орналастырылады.
      36. Сыртқы жарық қосылуы табиғи жарық деңгейi төмендеген жағдайда техникалық шарттарына сәйкес өңдiрiледi.
      37. Сыртқы жарық элементтерiн, жарық жарнама және маңдайшаларды күтiп-ұстау және пайдалану "Тұтынушылардың электр қондырғыларын техникалық пайдалану қағидаларын бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 24 қазандағы № 1354 қаулысына сәйкес қамтамасыз етiледi.

4. Жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау

      38. Облыстың елдi мекендерiнiң аумағында орналасқан барлық жасыл желектер кiмнiң қарамағында тұрғанына қарамастан, облыстың елдi мекендерi аумақтарының бiрыңғай жасыл қорын құрайды және жойылудан, тозудан, зақымданудан, ластанудан және өзге де зиянды әсерден қорғалуға және сақталуға жатады.
      39. Жасыл желектердi күтiп-ұстау және қорғау жөнiндегi жұмыстарды ұйымдастыру жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын, абаттандыру және көгалдандыру туралы мәселелердi шешу және шешiмдер қабылдау жөнiндегi функцияларды заңнамаға сәйкес орындауға уәкiлеттi атқарушы органға, сондай-ақ қарамағында жасыл екпелер бар жеке және заңды тұлғаларға жүктеледi.
      40. Жасыл желектердi күтiп-ұстауға көгалдандыру жөнiндегi жұмыстардың мынадай негiзгi түрлерi енедi:
      1) жасыл желектердi егу;
      2) бағана жанындағы шұңқырларды орнату арқылы топырақты қопсыту, ағаштарды ақтау;
      3) гүлзарларды, көгал алаңдарын жасау, арамшөптердi отау, шөптi шабу;
      4) вегетациялық кезең бойы жасыл желектерге су құю;
      5) жасыл желектердi кесу, көшiрiп отырғызу, шауып тастау (апаттық, құрғап қалған, бүлiне бастаған ағаштарды және бұталарды санитариялық кесу);
      6) тыңайтқыштарды енгiзу;
      7) жасыл желектердiң зиянды жәндiктер және аурулармен күресу.
      41. Бар жеке тұрғын үйдiң, азаматтардың саяжай және бақ учаскелерiнiң аумақтарында және елдi мекендердiң коммуналдық қызметтерiнiң қарамағындағы зират учаскелерiндегi жасыл екпелердi шауып тастау, кесу және көшiрiп отырғызуды қоғамдық табиғатты пайдалану тәртiбiмен меншiк иелерi өздерiнiң қарауы бойынша жүзеге асырады.
      42. Жасыл желектердi амалсыздан шауып тастағаны үшiн зиянды өтеу Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексiнiң 322-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      43. Құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргiзу кезiнде осы учаскеде сақтауға жататын барлық желектер олардың қорғау тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн арнайы қорғау қоршауларымен механикалық және басқада зақымдар келтiруден сақталады.

5. Қалдықтарды жинау, шығару, қайта өңдеу, кәдеге жарату, зиянсыз ету, тасымалдау, сақтау және жою

      44. Қызметi нәтижесiнде өндiрiс және тұтыну қалдықтары құралатын жеке және заңды тұлғалар олардың меншiк иелерi болып табылады және, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында немесе қалдықтармен жұмыс iстеу талаптарын айқындайтын шарттар өзгеше көзделмесе, қалдықтар құралған кезден бастап олармен қауiпсiз жұмыс iстеу үшiн жауапты болады.
      45. Коммуналдық қалдықтарды олар сақталатын және өңделетiн белгiленген жерге тасымалдауды және жинауды қалдықтардың меншiк иелерiнiң есебiнен осы салада маманданған ұйымдар жүзеге асырады.
      46. Қалдықтардың меншiк иесi қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесiн немесе қалдықтарды жинау, кәдеге жарату, қайта өңдеу, сақтау, орналастыру немесе жою жөнiндегi операцияларды атқаратын субъектiлердiң қызмет көрсетулерiн пайдаланады не қалдықтарды орналастыру мен жою жөнiндегi операцияларды дербес жүзеге асырады.
      47. Контейнерлерден түсiру кезiнде шашылған қоқысты жинауды, оларды сақтау және қайта өңдеудiң белгiленген орынға коммуналдық қалдықтардың тасымалдалуын және жинауын жүзеге асыратын мамандандырылған кәсiпорындардың қызметкерлерi жүргiзедi.
      48. Канализацияландырылмаған елдi мекендерде қатты және сұйық қалдықтарды бөлек жинау жүргiзiледi. Сұйық қалдықтарды су өтпейтiн қазылған шұңқырларға жинайды және ассенизациялайтын көлiкпен ассенизациялық алқаптарға немесе жер жырту алқаптарына шығарылады.
      49. Тұрмыстық қалдықтарды жинау және жинап қою орындарына сынабы бар қалдықтарды лақтыруға рұқсат берiлмейдi.
      50. Қоқыс салғышқа сұйық тұрмыстық қалдықтарды және iрi көлемдегi қоқысты тастауға рұқсат берiлмейдi.
      51. Қалдықтарды залалсыздандыру және жою Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
      52. Коммуналдық қалдықтарды көму арнайы жабдықталған полигондарда жүргiзiледi.
      53. Коммуналдық қалдықтарды көмудi, қалдықтар полигондарын жасау мен пайдалануды коммуналдық мемлекеттiк кәсiпорындар және осы салада маманданған өзге де ұйымдар жүзеге асырады.

6. Қағидаларды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк

      54. Осы Қағидаларды бұзған кiңәлi заңды және жеке тұлғалар Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы" Кодексiне сәйкес жауап бередi.
      55. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес бұзушыларға әкiмшiлiк жауапкершiлiк шараларын қолдану келтiрген материалдық зиянды өтеуден, жiберiлген қателiктердi жоюдан және осы Қағидалармен көзделген талаптарды орындаудан босатпайды.

Об утверждении Правил благоустройства территорий населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области

Решение маслихата Северо-Казахстанской области от 10 апреля 2014 года N 24/22. Зарегистрировано Департаментом юстиции Северо-Казахстанской области 17 апреля 2014 года N 2674. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 21.01.2015 N 32/1

      Сноска. Утратило силу решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 21.01.2015 N 32/1 (вступает в силу со дня подписания).
      В соответствии c пунктом 2 статьи 3, статьей 387 Кодекса Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях", пунктом 2-2 статьи 6 Закона Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", подпунктом 4) статьи 21 Закона Республики Казахстан от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан", Северо-Казахстанский областной маслихат РЕШИЛ:
      1. Утвердить прилагаемые Правила благоустройства территорий населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области.
      2. Настоящее решение вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования.
      Председатель XХІV сессии
Северо-Казахстанского
областного маслихата
А. Асанова
      Секретарь
Северо-Казахстанского
областного маслихата
К. Едресов
      "СОГЛАСОВАНО"
      Министр
Регионального развития
Республики Казахстан
Жамишев Б.Б.

  Утверждены решением Северо-Казахстанского областного маслихата от 10 апреля 2014 года № 24/22

Правила благоустройства территорий населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области
1. Общие положения

      1. Настоящие правила благоустройства территорий населенных пунктов, содержания и защиты зеленых насаждений на территории населенных пунктов Северо-Казахстанской области (далее - Правила) разработаны в соответствии с Экологическим кодексом Республики Казахстан от 9 января 2007 года, Кодексом Республики Казахстан "Об административных правонарушениях" от 30 января 2001 года, законами Республики Казахстан от 23 января 2001 года "О местном государственном управлении и самоуправлении в Республике Казахстан", от 16 июля 2001 года "Об архитектурной, градостроительной и строительной деятельности в Республике Казахстан" и иными нормативными правовыми актами Республики Казахстан.
      2. Правила определяют порядок организации и осуществления благоустройства, содержания и защиты объектов инфраструктуры, сбора, вывоза, переработки и захоронения отходов, а также содержания и защиты зеленых насаждений на территории населенных пунктов области всеми физическими и юридическими лицами, независимо от форм собственности.
      3. Координацию и организацию работ по благоустройству, санитарному содержанию, организации уборки и обеспечению чистоты на территории населенных пунктов, содержания, защиты и сноса зеленых насаждений осуществляют структурные подразделения акиматов городов и районов, в ведении которых находятся вопросы жилищно-коммунального хозяйства, пассажирского транспорта и автомобильных дорог, органы местного самоуправления, собственники зданий, строений, сооружений, земельных участков.

2. Основные термины и определения, используемые в настоящих Правилах

      4. В настоящих правилах используются следующие основные термины и определения:
      1) сооружение - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надводный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций, сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение;
      2) территория населенного пункта - пространство в пределах установленной границы (черты) городского или сельского населенного пункта;
      3) исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, - государственное учреждение, уполномоченное акиматом на осуществление отдельных функций местного государственного управления и самоуправления, финансируемое из соответствующих местных бюджетов;
      4) дорога – автомобильная дорога общего пользования, хозяйственная автомобильная дорога, улица населенного пункта, подлежащие государственному учету и представляющие комплекс инженерных сооружений, предназначенных для движения транспортных средств (дорога включает в себя одну или несколько проезжих частей, а также трамвайные пути, тротуары, обочины и разделительные полосы при их наличии);
      5) коммунальные отходы - отходы потребления, образующиеся в населенных пунктах, в том числе в результате жизнедеятельности человека, а также отходы производства, близкие к ним по составу и характеру образования;
      6) сбор отходов – деятельность, связанная с изъятием, накоплением и размещением отходов в специально отведенных местах или на объектах, включающая сортировку отходов с целью дальнейшей их утилизации или удаления;
      7) обезвреживание отходов - уменьшение или устранение опасных свойств отходов путем механической, физико-химической или биологической обработки;
      8) захоронение отходов - складирование отходов в местах, специально установленных для их безопасного хранения в течение неограниченного срока;
      9) транспортировка отходов – перевозка отходов от мест их образования или хранения к местам или объектам обработки, утилизации или удаления;
      10) специализированные предприятия – организации, осуществляющие сбор, использование, применение, обезвреживание, транспортировку, хранение, захоронение отходов;
      11) санитарная очистка – система мероприятий, имеющих целью сбор, удаление и обезвреживание отходов, образующихся в населенном месте в результате жизнедеятельности населения;
      12) жидкие отходы - любые отходы в жидкой форме, за исключением сточных вод;
      13) тротуар - элемент дороги, предназначенный для движения пешеходов, примыкающий к проезжей части или отделенный от нее газоном;
      14) здание - искусственное строение, состоящее из несущих и ограждающих конструкций, образующих обязательный наземный замкнутый объем, в зависимости от функционального назначения, используемое для проживания или пребывания людей, выполнения производственных процессов, а также размещения и хранения материальных ценностей, здание может иметь подземную часть.

3. Уборка и содержание объектов, территорий населенных пунктов

      5. Физические и юридические лица всех форм собственности осуществляют благоустройство, озеленение и санитарную очистку населенных пунктов области.
      6. На территории населенных пунктов области не допускаются:
      1) засорение улиц, площадей и территорий зон отдыха общего пользования;
      2) мойка транспортных средств вне мест, отведенных для этих целей;
      3) купание в фонтанах;
      4) размещение объявлений физических лиц не связанных с осуществлением предпринимательской деятельности, вне установленных мест. Размещение указанных объявлений на объектах частного владения допускается с разрешения собственников. Размещение агитационных печатных материалов осуществляется в соответствии с требованиями Конституционного закона Республики Казахстан от 28 сентября 1995 года "О выборах в Республике Казахстан".
      7. Содержание объектов общественного питания и мелкорозничной торговли, размещенных на территории зон отдыха общего пользования в соответствии с действующим законодательством, производится за счет их владельцев.
      8. В местах общественного пользования устанавливаются урны для мусора, не загромождающие пути передвижения пешеходов.
      9. Очистка урн производится по мере их заполнения. Мойка урн производится по мере загрязнения. Покраска урн осуществляется собственниками по мере необходимости.
      10. Территории зон отдыха общего пользования оборудуются общественными туалетами.
      11. Собственники инженерных коммуникаций:
      1) осуществляют содержание, ремонт коммуникаций и очистку колодцев и коллекторов;
      2) обеспечивают ликвидацию последствий аварий, связанных с функционированием коммуникаций.
      12. Содержание и уборка территорий зон отдыха общего пользования производится организациями, у которых данные объекты находятся на обслуживании и эксплуатации. Содержание и уборка территории улично-дорожной сети, площадей, территории остальных зон отдыха общего пользования обеспечивается исполнительным органом в объеме государственного заказа.
      13. Технология и режимы проведения уборочных работ на проезжей части улиц, проездов, тротуаров и дворовых территорий осуществляются с учетом обеспечения беспрепятственного движения транспортных средств и пешеходов независимо от погодных условий.
      14. В летнее время подметание дорожных покрытий проспектов, улиц и проездов осуществляется с предварительным увлажнением дорожных покрытий.
      15. Проезжая часть и обочины дорог полностью очищаются от всякого вида загрязнений.
      16. Уборка и содержание территорий объектов обеспечивается юридическими и физическими лицами, являющимися собственниками объектов.
      17. Обязанности по содержанию санитарно-защитной зоны возлагается на собственников объектов, для которых она предназначена.
      18. Уборку территорий вокруг мачт и опор установок наружного освещения, расположенных на тротуарах, производят предприятия, отвечающие за уборку тротуаров.
      19. Уборку территорий трансформаторных, распределительных подстанций, инженерных сооружений, а также опор линий электропередач обеспечивают владельцы данных объектов.
      20. Уборку и содержание территорий охранных зон под надземными инженерными сооружениями обеспечивают собственники сетей.
      21. Уборку территорий земельных участков обеспечивают землепользователи.
      22. К операциям зимней уборки относятся:
      1) сгребание и подметание снега;
      2) обработка проезжей части дорог, тротуаров специальными материалами для борьбы с гололедом;
      3) формирование снежного вала для последующего вывоза;
      4) удаление снега (вывоз);
      5) скалывание и удаление снежных уплотнений и ледяных образований.
      23. На землях населенных пунктов не допускается использование поваренной соли для борьбы с гололедом.
      24. Складирование снега, вывозимого с улиц и проездов, осуществляется на специально подготовленные площадки, определяемые местным исполнительным органом.
      25. В зимний период дорожки, а также пространство вокруг них со всех сторон, подходы к ним очищаются от снега и наледи специализированными предприятиями на основании договоров с местным исполнительным органом.
      26. Допустимо складирование снега, счищаемого с дворовых территорий и внутриквартальных проездов, на территориях дворов, в местах, не препятствующих свободному проезду автотранспорта, движению пешеходов и не занятых зелеными насаждениями, газонами. При складировании снега на территориях внутри дворов предусматривается отвод талых вод.
      27. В зимнее время собственниками зданий, строений и сооружений обеспечивается своевременная очистка кровель от снега, наледи и сосулек.
      28. Очистка кровель зданий допускается только в светлое время суток с предварительной установкой ограждения опасных участков. Сброс снега и наледи с поверхности ската кровли, обращенной в сторону улицы, производится на тротуары, с остальных скатов кровли, а также плоских кровель - на территории внутри дворов. Сброшенный с кровель зданий снег и наледь подлежат своевременному вывозу.
      29. Не допускается сбрасывание снега, льда и мусора в воронки водосточных труб.
      30. Юридическим и физическим лицам, включая собственников частных жилых домов, рекомендуется самостоятельно проводить санитарную очистку прилегающей к собственности территории.
      31. Собственники зданий и сооружений обеспечивают содержание входов, витрин, вывесок в чистоте и исправном состоянии, своевременно проводят работы по реставрации, ремонту и покраске фасадов зданий и сооружений и их отдельных элементов, а также поддерживают в чистоте и исправном состоянии номерной знак дома, памятные доски.
      32. Здания жилого и общественного назначения оборудуются собственниками осветительным оборудованием, навесом (козырьком), устройствами и приспособлениями для перемещения инвалидов (пандусы, перила).
      33. Содержание территорий рынков осуществляется в соответствии с Правилами организации деятельности торговых рынков, утвержденных постановлением Правительства Республики Казахстан от 5 февраля 2003 года № 131 "Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков".
      34. Собственники рекламных конструкций обеспечивают содержание объектов наружной (визуальной) рекламы, включая уборку территории, замену выцветших, надорванных информационных носителей, а также с устаревшей тематикой.
      35. Объекты наружной (визуальной) рекламы размещаются в соответствии с Правилами размещения объектов наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах, утвержденными постановлением Правительства Республики Казахстан от 7 февраля 2008 года № 121 "Об утверждении Правил размещения объектов наружной (визуальной) рекламы в населенных пунктах".
      36. Включение наружного освещения производится при снижении уровня естественной освещенности, согласно техническим условиям.
      37. Содержание и эксплуатация элементов наружного освещения, световых реклам и вывесок обеспечивается в соответствии с постановлением Правительства Республики Казахстан от 24 октября 2012 года № 1354 "Об утверждении Правил технической эксплуатации электроустановок потребителей".

4. Содержание и защита зеленых насаждений

      38. Все зеленые насаждения, расположенные на территории населенных пунктов области, независимо от того, в чьем ведении они находятся, образуют единый зеленый фонд территорий населенных пунктов области и подлежат защите и охране от уничтожения, деградации, повреждения, загрязнения и иного вредного воздействия.
      39. Организация работ по содержанию и защите зеленых насаждений возлагается на исполнительный орган, финансируемый из местного бюджета, уполномоченный в соответствии с законодательством на выполнение функций по решению вопросов и принятию решений о благоустройстве и озеленении, а также на физических и юридических лиц, в чьем ведении находятся зеленые насаждения.
      40. Содержание зеленых насаждений включает в себя основные виды работ по озеленению:
      1) посадка зеленых насаждений;
      2) рыхление почвы с устройством приствольных лунок, побелка деревьев;
      3) устройство цветников, газонов, прополка сорняков, покос травы;
      4) полив зеленых насаждений на протяжении всего вегетационного периода;
      5) обрезка, пересадка, снос (санитарная рубка аварийных, сухостойных, перестойных деревьев и кустарников) зеленых насаждений;
      6) внесение удобрений;
      7) борьба с вредителями и болезнями зеленых насаждений.
      41. Снос, обрезка и пересадка зеленых насаждений на территориях существующего индивидуального жилья, дачных и садовых участков граждан и на участках кладбищ, находящихся в ведении коммунальных служб населенных пунктов, осуществляется собственниками по своему усмотрению в порядке общего природопользования.
      42. Возмещение вреда за вынужденный снос зеленых насаждений осуществляется в соответствии со статьей 322 Экологического кодекса Республики Казахстан от 9 января 2007 года.
      43. При производстве строительно-монтажных работ все насаждения, подлежащие сохранению на данном участке, предохраняются от механических и других повреждений специальными защитными ограждениями, обеспечивающими эффективность их защиты.

5. Сбор, вывоз, переработка, утилизация, обезвреживание, транспортировка, хранение и удаление отходов

      44. Физические и юридические лица, в результате деятельности которых образуются отходы производства и потребления, являются их собственниками и несут ответственность за безопасное обращение с отходами с момента их образования, если иное не предусмотрено законодательством Республики Казахстан или договором, определяющим условия обращения с отходами.
      45. Транспортировка и сбор коммунальных отходов в установленное место их хранения и переработки осуществляются организациями, специализирующимися в данной области, за счет собственников отходов.
      46. Собственник отходов пользуется централизованной системой сбора отходов или услугами субъектов, выполняющих операции по сбору, утилизации, переработке, хранению, размещению или удалению отходов, либо самостоятельно осуществляет операции по размещению и удалению отходов.
      47. Уборку мусора, просыпавшегося при выгрузке из контейнеров, производят работники специализированных предприятий, осуществляющих транспортировку и сбор коммунальных отходов в установленное место их хранения и переработки.
      48. В не канализованных населенных пунктах собственниками производится раздельный сбор твердых и жидких отходов. Жидкие отходы собирают в водонепроницаемые выгребные ямы и вывозят ассенизационным транспортом на поля ассенизации или поля запахивания.
      49. Не допускается выброс ртутьсодержащих отходов в места сбора и складирования бытовых отходов.
      50. Не допускается сброс в мусоропровод жидких бытовых отходов и крупногабаритного мусора.
      51. Обезвреживание и удаление отходов производиться в соответствии с требованиями действующего законодательства Республики Казахстан.
      52. Захоронение коммунальных отходов производится на специально оборудованных полигонах.
      53. Захоронение коммунальных отходов, создание и эксплуатация полигонов отходов осуществляются коммунальными государственными предприятиями и иными организациями, специализирующимися в данной области.

6. Ответственность за нарушение Правил

      54. Юридические и физические лица, виновные в нарушении настоящих Правил, несут ответственность в соответствии с Кодексом Республики Казахстан от 30 января 2001 года "Об административных правонарушениях".
      55. Применение мер административной ответственности не освобождает нарушителей от возмещения причиненного материального ущерба в соответствии с действующим законодательством Республики Казахстан, устранения допущенных нарушений и выполнения требований, предусмотренных настоящими Правилами.