Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың сайлаушылармен кездесуіне үй-жай беруге және үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 2 қыркүйектегі N 1594 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 9 қыркүйекте N 2933 болып тіркелді. Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының 2014 жылғы 11 желтоқсандағы N 16-1.-3-19/2830 хаты)

      Қолданылу мерзімінің өтуіне байланысты күші жойылды (Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімі аппаратының 11.12.2014 N 16-1.-3-19/2830 хаты)

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңы 28-бабының 46-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Петропавл қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға орындар белгіленсін, қосымшаға сәйкес.
      2. Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың Петропавл қаласы бойынша сайлаушылармен кездесуі үшін шарт негізінде Қаныш Сәтбаев атындағы көше, 37 мекенжайында орналасқан «Қалалық мәдениет үйі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны үй-жайы берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.С. Баллоға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оны бірінші ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Т. Закариянов

      «Келісілді»

      Петропавл қалалық
      сайлау комиссиясының
      төрағасы                                  Н. Петров
      2 қыркүйек 2014 жыл

      Петропавл қаласы
      әкімдігінің
      2014 жылғы қаулысына
      қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына кандидаттардың үгіттік баспа материалдарын орналастыруға арналған Петропавл қаласындағы орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

Орналастыру үшін объектінің атауы

1

Петропавл қаласы

Интернациональная - Театральная көшелерінің қиылысы, «Черемушки» дүкенінің жаны

Металл қалқандар

2

Петропавл қаласы

М. Жұмабаев көшесіндегі Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің № 6 корпусының жаны

Металл қалқандар

3

Петропавл қаласы

Парковая – Қазақстан Конституциясы көшелерінің қиылысы

Металл қалқандар

4

Петропавл қаласы

Юрий Медведев атындағы – Қаныш Сәтбаев атындағы көшелердің қиылысы

Металл қалқандар

5

Петропавл қаласы

Хименко – Ш. Уәлиханов көшелерінің қиылысы, «Сулпак» дүкеніне бүйір жақ кіре берісі

Металл қалқандар

6

Петропавл қаласы

2-ші Заречная көшесіндегі «Макс» дүкенінің жаны

Металл қалқандар

7

Петропавл қаласы

Панфилов атындағы көше бойындағы Солтүстік Қазақстан облысы Петропавл қаласы әкімідігі «Петропавл қаласының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің «№ 1 жалпы білім беретін мектеп-интернат» мемлекеттік коммуналдық мекемесінің жаны

Металл қалқандар

8

Петропавл қаласы

Мир көшесе бойынша «№ 8 эстетикалық тәрбие беретін орта мектеп-кешені» аялдамасының жаны

Металл қалқандар

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады