Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка селолық округінің аумағында мәслихат депутаттарына кандидаттарының сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін үгіттік баспа материалдарды орналасу үшін орындарды анықтау және үй-жайларды беру туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 20 ақпандағы N 36 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 27 ақпанда N 2577 болып тіркелді. Күші жойылды - Солтұстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 19 мамырдағы N 161 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Солтұстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігінің 19.05.2014 N 161 қаулысымен

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 27-бабы 3-тармағына, 28-бабы 46-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка селолық округінің аумағында мәслихат депутаттарына барлық кандидаттары үшін үгіттік баспа материалдарды орналасу үшін орындар Есіл аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесе 1-қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка селолық округінің аумағында мәслихат депутаттарына барлық кандидаттардың сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар шарт негізінде 2-қосымшаға сәйкес берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданының әкімі аппаратының басшысы Ербол Сейілбекұлы Махметовке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 20 ақпаннан бастап пайда болған қатынастарға қолданылады.

      Аудан әкімі                               М. Әбішев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл аудандық сайлау
      комиссиясының
      төрағасы                           Қуанышпай Баяхметұлы Рахиев

Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы әкімдігінің
      2014 жылғы 20 ақпан
      № 36 қаулысына
      1-қосымша

Үгіттік баспа материалдарды орналастыру үшін орындар

р/б

Селолық округтің атауы

Сайлау алдыңдағы үгіттің баспа үгіттік материалдарды орналастыру үшін құрылыстың орны мен мекен-жайы

1

Ильинка

Ақпараттық щиттер: Ильинка селосы, Зәкіров көшесі, мектеп ғимараты жанында, Александровка селосы, Ленин көшесі, мектеп ғимараты жанында

Солтүстік Қазақстан облысы
      Есіл ауданы әкімдігінің
      2014 жылғы 20 ақпан
      № 36 қаулысына
      2-қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Есіл ауданы Ильинка селолық округінің аумағында мәслихат депутаттарына кандидаттарының сайлаушыларымен кездесулер өткізу үшін үй-жайлар

р/б

Селолық округтің атауы

Сайлаушылармен кездесу өткізу үшін үй-жайы

1

Ильинка

Ильинка селосы, мектеп ғимараты, Александровка селосы, мектеп ғимараты

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады