Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі N 75 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 28 сәуірде N 2687 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 қаңтардағы N 08 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің 20.01.2016 N 08 қаулысымен (қол қойылған күннен бастап қолданысқа енгізіледі).
      "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі Заңының 27-бабына, "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 43-1-бабына, "Ішкі сауда ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі № 371 қаулысымен бекітілген Ішкі сауда қағидасының 120-тармағына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін қосымшаға сәйкес арнайы бөлінген орындары белгіленсін.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімдігінің "Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы" 2013 жылғы 22 қазандағы № 389 (нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік Тізілімінде 2013 жылғы 11 қарашадағы № 2397 бойынша тіркелген, 2013 жылғы 15 қарашадағы "Вести" аудандық газетінде, 2013 жылғы 15 қарашадағы "Мағжан жұлдызы" аудандық газетінде жарияланған) қаулысы күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындауын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Аудан әкімі Қ. Пішенбаев
      "КЕЛІСІЛДІ"
"Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің агроөнеркәсіптік
кешендегі мемлекеттік
инспекция комитетінің
Мағжан Жұмабаев аудандық
аумақтық инспекциясы"
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
А.О. Сағандықов
      "Қазақстан Республикасы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау Агенттігінің
Солтүстік Қазақстан облысы
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау департаментінің
Мағжан Жұмабаев ауданының
тұтынушылардың құқықтарын
қорғау басқармасы"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
С.Н. Жигаев

  Солтүстік Қазақстан облысы
Мағжан Жұмабаев ауданы
әкімдігінің 2014 жылғы 1 сәуірдегі № 75
қаулысына қосымша

Солтүстік Қазақстан облысы Мағжан Жұмабаев ауданының Булаев қаласы аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыруға арналған арнайы бөлінген орындар


р/с
Автодүкендерді және (немесе) шатырларды орналастыру орындары
1
Булаев қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 46 А, жанармай құю стансасы және Әлия Молдағұлова көшесі аралығында
2
Булаев қаласы, Буденного көшесі, 105, "Светлана" дүкенінің маңында
3
Булаев қаласы, мұңай айдау стансасы (асхана ғимаратының маңында)
4
Булаев қаласы, "Достық" саябағы (мереке күндері)
5
Булаев қаласы, орталық алаң (мереке күндері)
6
Медвежка ауылы, Советская көшесі, 18, "Сәлем" дүкенінің маңында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады