Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округі әкіміне кандидаттардың таңдаушылармен кездесулер өткізу үшін үй-жайды және үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар анықтау туралы

Күшін жойған

Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудындық әкімдігінің 2014 жылғы 20 қазандағы № 334 қаулысы. Солтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 29 қазанда N 2971 болып тіркелді. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 22.12.2014 N 409 қаулысымен

     Ескерту. Күші жойылды – Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев аудандық әкімдігінің 22.12.2014 N 409 қаулысымен.
      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық заңының 27-бабының 3-тармағына, 28-бабының 46-тармақтарына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының сайлау комиссиясымен бірлесіп (келісім бойынша) Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын ретінде: Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша аудандық Мәдениет үйінің алдындағы алаңда орналасқан стенд анықталсын.
      2. Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданының Докучаев ауылдық округі әкіміне барлық кандидаттар таңдаушылармен кездесу өткізу үшін келісім-шарт негізінде Солтүстік Қазақстан облысы, Тимирязев ауданы, Тимирязев ауылы, Жеңіс көшесі, № 11-үй мекен-жайы бойынша орналасқан орталық аудандық кітапхана оқу залының үй-жайы берілсін.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы А.С. Жүсіповке жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 4 қарашадан бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.
 
 

      Аудан әкімі
      КЕЛІСІЛГЕН
Қазақстан Республикасы
Солтүстік Қазақстан облысы
Тимирязев аудандық
сайлау комиссиясының төрағасы
2014 жылғы 20 қазандағы

Е. Базарханов
 
 
 
 
 
Ж. Мәкенова
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады