"Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемеcі туралы ережені бекіту туралы

Күшін жойған

Атырау облысы әкімдігінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 396 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 30 желтоқсанда № 3070 болып тіркелді

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімдігінің 14.11.2016 № 266 қаулысымен.
      Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексінің 42-бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы "Мемлекеттік мүлік туралы" Заңының 17-бабына және Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы" Жарлығына сәйкес Атырау облысы әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
      2. Осы қаулының орындалуын бақылау Атырау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғ.И. Дүйсембаевқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Облыс әкімі Б. Ізмұхамбетов

  Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы "26" желтоқсандағы № 396 қаулысына қосымша
  Атырау облысы әкiмдігінің 2014 жылғы "26" желтоқсандағы № 396 қаулысымен бекітілген

"Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже 1. Жалпы ережелер

      1. "Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) Атырау облысында мемлекеттік сатып алу саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
      2. Мекеменің ведомствалары жоқ.
      3. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
      4. Басқарма мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
      5. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
      6. Басқарма егер оған заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
      7. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
      8. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
      9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индексі 060010, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77.
      10. Мемлекеттік органның толық атауы – "Атырау облысы Мемлекеттік сатып алу басқармасы" мемлекеттік мекемесі.
      11. Осы Ереже Басқарманың құрылтай құжаты болып табылады.
      12. Басқарманың қызметін қаржыландыру облыстық бюджеттен жүзеге асырылады.
      13.Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарманың функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
      Егер Басқармаға заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Басқарманың миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері

      14. Басқарманың миссиясы: Атырау облысының аумағында мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыру және өткізу рәсімдерін орындау.
      15. Міндеттері:
      1) мемлекеттік сатып алу үшін пайдаланылатын қаражатты оңтайлы және тиімді жұмсауды қамтамасыз ету;
      2) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңында көзделген жағдайларды қоспағанда, әлеуетті өнім берушілерге мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне қатысу үшін тең мүмкіндіктер беруді қамтамасыз ету;
      3) әлеуетті өнім берушілер арасындағы адал бәсекелестікті қамтамасыз ету;
      4) мемлекеттік сатып алу процесінің жариялылығы мен ашықтықтығын қамтамасыз ету;
      5) отандық тауар өндірушілерге, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді берушілерге қолдау көрсетуді қамтамасыз ету.
      16. Функциялары:
      1) мемлекеттік сатып алуды Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 15 мамырдағы № 623 "Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидаларын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген Электрондық мемлекеттiк сатып алуды жүргізу қағидалары және өзге де нормативтік құқықтық және құқықтық актілерге сәйкес ұйымдастыру және өткізу;
      2) тиісті бюджеттің (бизнес-жоспардың, кірістер мен шығыстар сметасының, тапсырыс беруші әзірлеген және бекіткен мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарының) конкурс, оның ішінде екі кезеңдік рәсімдерді пайдалана отырып өткізілетін конкурс, баға ұсыныстарын сұрату, бір көзден сатып алу, аукциондарда және тауар биржалары арқылы оларды заңнамамен белгіленген тәртіпте лоттарға бөле отырып, мемлекеттік сатып алуды жүргізеді;
      3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, электрондық мемлекеттік сатып алуды өткізу қағидаларында айқындалған конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың электрондық нысаны негізінде қазақ және орыс тілдерінде конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы әзірлейді және тапсырыс берушінің бірінші басшысына бекітуге үшін ұсынады;
      4) конкурс және аукцион тәсілдерімен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру туралы хабарландыру мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталында жариялайды, бекітілген конкурстық немесе аукциондық құжаттаманы мүдделі тұлғаларға ұсынады. Қажет болған жағдайда конкурстық немесе аукциондық құжаттаманың ережелерін оны алған әлеуетті өнім берушілерге түсіндіреді;
      5) заңнамада көзделген жағдайларда конкурс немесе аукцион тәсілдерімен электрондық мемлекеттік сатып алуға қатысуға өтінімді қамтамасыз етуді тиісті бюджет кірісіне жатқызады немесе әлеуетті өнім берушіге қайтарады;
      6) заңнамамен белгіленген тәртіпте сараптама комиссиясын құрады немесе сарапшыны айқындайды;
      7) бірінші кезеңде техникалық ұсыныстарды табыс еткен әлеуетті өнім берушілерге екі кезеңді рәсімдерді пайдалана отырып, конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алудың екінші кезеңіне қатысуға шақыру жібереді;
      8) конкурс жарияланған кезде әлеуетті өнім берушіге мемлекеттік сатып алу туралы шарт жобасын жібереді;
      9) әлеуетті өнім берушіге бір көзден сатып алу тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысуға жазбаша шақыру жібереді;
      10) заңнамамен белгіленген тәртіпте тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің жекелеген түрлерін мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
      11) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңының 6-бабы талаптарының бұзылуына жол берген, сондай-ақ біліктілік талаптары бойынша дәйексіз ақпарат табыс еткен әлеуетті өнім берушілерді мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп тану туралы сотқа талап арыз келтіреді;
      12) Басқарма жұмысының сапасы мен өнiмдiлiгiн арттыру мақсатында мемлекеттік орган қызметiнiң бағыттары бойынша iшкi бақылауды жүзеге асырады;
      13) құқық бұзушылық жасауға итермелейтiн себептер мен жағдайларды жою жөнiнде шаралар қолданады;
      14) азаматтардың құқықтық тәрбиесiн ұйымдастыруды қамтамасыз етедi;
      15) Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 27-бабының 2-тармағына сәйкес жергілікті мемлекеттік басқару мүддесіндегі Қазақстан Республикасының заңнамасымен жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      17. Құқықтары мен міндеттері:
      1) Басқарма өзіне жүктелген міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру үшін заңнамада бекітілген тәртіппен:
      мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, олардың лауазымды тұлғаларынан қажетті ақпараттар мен материалдарды сұрауға және алуға;
      құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар өткізуге;
      қолданыстағы заңнамада қарастырылған өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы;
      2) Басқарма:
      заңды және негізделген шешімдер қабылдауға;
      қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды қамтамасыз етуге;
      қолданыстағы заңнамамен көзделген өзге міндеттерді іске асыруға міндетті.

3. Басқарманың қызметін ұйымдастыру

      18. Басқармаға басшылықты Басқармаға жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
      19. Басқарманың бірінші басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
      20. Басқарманың бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
      21. Басқарманың бірінші басшысының өкілеттігі:
      1) өз өкілеттіктерін іске асыру процесінде облыс әкімі мен облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына есеп береді;
      2) өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарда және өзге ұйымдарда Басқарманы білдіреді;
      3) заңнамаға сәйкес еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Басқарманың қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
      4) стратегиялық және бағдарламалық құжаттардың әзірленуін қамтамасыз етеді;
      5) заңнамамен белгiленген тәртiппен еңбек қатынастары мәселелері оның құзыретіне жатқызылған Басқарма қызметкерлерiне тәртiптiк жазалар қолданады және көтермелеу шараларын қабылдайды;
      6) бұйрықтарға қол қояды;
      7) шарттар жасасады;
      8) сенімхаттар береді;
      9) өз өкілеттігін ұйымдастыру және ішкі тәртіп мәселелері бойынша регламент қабылдайды;
      10) сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары үшін дербес жауапты болады;
      11) Басқарманың жұмысын ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
      12) облыс әкімі мен әкімдігінің тапсырмалары мен актілерін орындайды;
      13) Басқарманың құрылымдық бөлімшелері туралы ережелерді бекітеді;
      14) өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуді ұйымдастырады;
      15) қызметтік этика нормаларының сақталуын қамтамасыз етеді;
      16) гендерлік теңдік саясатын іске асырады;
      17) азаматтар мен заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдау кестесін бекітеді;
      18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен, осы Ережемен, облыс әкімдігімен, облыс әкімі, оның орынбасарлары және облыс әкімінің аппаратымен жүктелген өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.
      Басқарманың бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
      22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

4. Басқарманың мүлкі

      23. Басқарманың заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
      Басқарманың мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
      24. Басқармаға бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
      25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Басқарманың өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату

      26. Басқарманы қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады