Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 12 және № 16 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындарын белгілеу туралы

Жаңа

Атырау облысы Атырау қалалық әкімдігінің 2014 жылғы 04 қыркүйектегі № 1004 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 қыркүйекте № 2987 болып тіркелді

      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37-бабын басшылыққа алып, Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңының 28-бабы 6-тармағы негізінде, қалалық әкімдік ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Атырау қалалық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 12 және № 16 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары белгіленсін.
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау қала әкімі аппаратының басшысы П. Хасановқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қала әкімі                                 Н. Ожаев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Атырау қалалық аумақтық сайлау
      Комиссиясының төрағасы
      (келісім бойынша)                          А. Абдулов
      4 қыркүйек 2014 ж.

Қалалық әкiмдіктің 
2014 жылғы 4 қыркүйек
№ 1004 қаулысына қосымша

Атырау қалалық Мәслихаты депутаттығына № 12 және № 16 сайлау округтері бойынша кандидаттар үшін Атырау қаласы бойынша үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары

Орналасқан жері Ескертпе

1

"Авангард-2" шағын ауданындағы соңғы аялдама маңындағы стенд

№ 12 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін

2

Бейбітшілік даңғылы бойындағы Халықтар достығы саябағы аллеясындағы стенд

№ 16 сайлау округі бойынша кандидаттар үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады