Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйектегі № 412 қаулысы. Атырау облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 04 қыркүйекте № 2979 болып тіркелді. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 2022 жылғы 19 қазандағы № 265 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің 19.10.2022 № 265 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 28 бабының 6 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 2 тармағына сәйкес, Жылыой ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес, Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орын белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау "Жылыой ауданы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінің басшысы Ә.И. Шәкіровке жүктелсін.

      3. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
уақытша атқарушы
Ж. Ахметов
      КЕЛІСІЛДІ:
      Жылыой аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрағасы З. Қалмуханова
      2014 жылғы 3 қыркүйек

  Аудан әкімдігінің 2014 жылғы 03 қыркүйек № 412 қаулысына қосымша

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына барлық кандидаттарға үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Орналасқан жері

Орналасу үшін нысанның атауы

1

Құлсары қаласы

Махамбет даңғылы, 37 үй

"Кең Жылыой" Жылыой мәдениет үйнің алдындағы ақпараттық тақта

2

Барлаушы ы/а

№ 1 жалпы орта білім беретін мектептің алдындағы ақпараттық тақта

3

Махамбет даңғылы, 27 үй

"Кең Жылыой" Жылыой мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық тақта

4

Б.Қорғанбаев көшесі, 50

№ 15 С. Карабалин атындағы жалпы орта білім беретін мектептің алдындағы ақпараттық тақта

5

Вокзал маңы, 49

Теміржол вокзалы ғимаратының алдындағы ақпараттық тақта

6

Жаңа Қаратон поселкесі

Б.Ырзиев көшесі

№ 23 жалпы орта білім беретін мектептің алдындағы ақпараттық тақта

7

Тұрғызба селосы

Букенбей көшесі, 409

№ 4 М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектептің алдындағы ақпараттық тақта

8

Шоқпартоғай селосы

Дешенов көшесі, 378

№ 3 жалпы орта білім беретін мектептің алдындағы ақпараттық тақта

9

Қосшағыл селосы

26 үй

№ 2 жалпы орта білім беретін мектептің алдындағы ақпараттық тақта

10

Ақкиізтоғай селосы

Ш.Ізбасов көшесі

Мәдениет үйінің алдындағы ақпараттық тақта

11

Майкөмген селосы

5 көше, 56 үй

№ 17 жалпы орта білім беретін мектептің алдындағы ақпараттық тақта


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады