Сайрам ауданының аумағында сайлау учаскелерін құру туралы

Күшін жойған

Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданының әкімінің 2014 жылғы 20 наурыздағы № 7 шешімі. Оңтүстік Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 8 сәуірде № 2599 болып тіркелді. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 2014 жылғы 2 маусымдағы № 13 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Оңтүстік Қазақстан облысы Сайрам ауданы әкімінің 02.06.2014 № 13 шешімімен.

      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Конституциялық Заңының 23-бабының 1 тармағына сәйкес Сайрам ауданы әкімі ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1. Сайрам ауданының аумағындағы сайлау учаскелері осы шешімнің қосымшасына сәйкес құрылсын.
      2. Осы шешімнің орындалуына бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Б.Тұрғынбековке жүктелсін.
      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімінің міндетін
      уақытша атқарушы                           Ғ.Аязов

      «КЕЛІСІЛДІ»:
      Сайрам аудандық аумақтық
      сайлау комиссиясының төрайымы:             Қ.Шадиева
      «20» наурыз 2014 жыл

Сайрам ауданы әкімінің
20 наурыз 2014 жылғы
№ 7 шешіміне қосымша

Сайрам ауданының аумағындағы сайлау учаскелері

      № 1016 сайлау учаскесі.
      Орталығы: Жұлдыз ауылдық округі, Қаратөбе ауылы, Қапал батыр көшесі № 84а үй, «Қаратөбе» өндірістік кооперативінің ғимараты.
      Шекарасы: Қаратөбе ауылы, Құрбан ата көшесі № 1-74 үйлер, Қапал батыр көшесі № 1-194 үйлер, Абдуқадыр ата көшесі № 1-69 үйлер, Гагарин көшесі № 1-82 үйлер, Панфилов көшесі № 1-78 үйлер.
      № 1017 сайлау учаскесі.
      Орталығы: Сайрам ауылдық округі, Сайрам ауылы, Ибраһим ата көшесі нөмірсіз үй, Оңтүстік Қазақстан облыстық өзбек драма театры ғимараты
      Шекарасы: Сайрам ауылы Ибрагим ата көшесі жұп жағы № 124-254 үйлер, тақ жағы № 11-241 үйлер, О.Тиллаходжаев көшесі, Ю.Сарями көшесі тақ жағы № 37-67а үйлер, Абай көшесі жұп жағы № 2-56 үйлер, тақ жағы № 1-49 үйлер, Жамбұл көшесі, Аль-Фараби көшесі жұп жағы № 2-24 үйлер, Актам көшесі № 9-9а үйлер, Гозал ата көшесі, Ақ ата баба көшесі, Өрікзар көшесі
      № 1018 сайлау учаскесі.
      Орталығы: Сайрам ауылдық округі, Сайрам ауылы, Х.Алимжан көшесі нөмірсіз үй, Ю.Сареми атындағы мектеп-гимназиясының ғимараты.
      Шекарасы: Сайрам ауылы, А.Темур көшесі № 230-257 үйлер, Абай көшесі № 71-102 үйлер, Түркістан көшесі, Фуркат көшесі, Х.Алимжан көшесі, Горький көшесі, Ю.Нишанбаев көшесі, М.Жантаев көшесі тақ жағы № 1-117 үйлер, М.Әуезов көшесі тақ жағы № 1-39 үйлер, Сайрам көшесі тақ жағы № 47-79, С.Сейфуллин көшесі тақ жағы № 1-23 үйлер, А.Темур көшесі жұп жағы № 236-400 үйлер.
      № 1019 сайлау учаскесі.
      Орталығы: Сайрам ауылдық округі, Сайрам ауылы, Кулфутдин ата көшесі нөмірсіз үй, «Облыстық туберкулезге қарсы аурухана» мемлекеттік мекемесінің ғимараты.
      Шекарасы: Сайрам ауылы облыстық туберкулезге қарсы ауруханасында емделудегі науқастарға арналған.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады