Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2014 жылғы 01 тамыздағы № 1196 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 тамызда № 3463 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 2016 жылғы 06 мамырдағы № 748 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласының әкімдігінің 06.05.2016 № 748 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 1-тармағының 14) тармақшасына, "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 7-бабы 5-2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 13 сәуірдегі Заңының 31-бабы 1) тармақшасына сәйкес, мүгедектерді жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету мақсатында, Семей қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасы жұмыс орындарының жалпы санының үш пайызы мөлшерінде белгіленсін.
      2. "Мүгедектер үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 30 маусымда № 5-2-42 болып тіркелген, "Семей таңы" газетінде 2006 жылғы 13 шілдедегі № 28, "Вести Семей" газетінде 2006 жылғы 13 шілдедегі № 28 сандарында жарияланған) 2006 жылғы 1 маусымдағы № 679 қаулының күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары З. Р. Исабаеваға жүктелсін.
      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Семей қаласының әкімі

А. Кәрімов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады