2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 20 тамыздағы N 220 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 23 қыркүйекте N 3490 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 15 қарашадағы № 308 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Жарма ауданы әкімдігінің 15.11.2017 № 308 қаулысымен (алғаш ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.).

      Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі "Білім туралы" Заңының 6 бабының 4 тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес, Жарма ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. 2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Жарма ауданының әкімі Ә. Мұхтарханов

  Жарма ауданының әкімдігінің
2014 жылғы " 20 " 08
№ 220 қаулысына қосымша

2014 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, мемлекеттік
білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және
ата-ананың ақы төлеу мөлшерлері

бір айда бір тәрбиеленушінің жан басына шаққандағы қаржыландыру мөлшері, теңге

тәрбиеленушілер саны, адамдар

бір айда бір тәрбиеленушіге орта шығынның құны, теңге

бр айда ата-аналар төлемінің мөлшері, теңге

балабақшалар

шағын орталық

балабақшалар

шағын орталықтар

балабақша
лар

шағын орталықтар

республика
лық бюджет

жергілікті бюджет

республика
лық бюджет

жергілікті бюджет



20 419

22 260

9 338

7 712

330

170

21340

8525

6 500


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады