"Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6-V шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2014 жылғы 17 сәуірдегі N 30/4-V шешімі. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 20 мамырда N 3338 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 2017 жылғы 30 қарашадағы № 23/7-VI шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Зырян ауданы мәслихатының 30.11.2017 № 23/7-VI шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.).
      РҚАО ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Заңының 18-бабының 5-тармағына сәйкес, Зырян ауданының мәслихаты ШЕШТІ:

      1. "Ауылдық елді мекендерде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек туралы" Зырян ауданының мәслихатының 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 13/6-V шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 2842, 2013 жылғы 31 қаңтардағы "Көктас таңы", "Пульс! Зыряновска" № 4 газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "1. Зырян ауданының ауылдық елдi мекендерінде тұратын және жұмыс істейтiн мемлекеттiк денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшiн бюджет қаражаты есебінен әлеуметтік көмек берiлсін.

      Мемлекеттiк денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен белгіленген мөлшерде беріледі.

      Мемлекеттiк әлеуметтiк қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына әлеуметтік көмек 8640 (сегіз мың алты жүз қырық) теңге көлемінде ұсынылады.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы,
      Зырян ауданының
      мәслихат хатшысы Г. Денисова

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады