Күршім ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 3132 "2014 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 30 қазандағы N 3486 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 19 қарашада N 3553 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 30 желтоқсандағы № 389 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімдігінің 30.12.2015 № 389 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған.
      Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Заңының 21 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағының 14) тармақшасына сәйкес, Күршім ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Күршім ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 11 желтоқсандағы № 3132 "2014 жылға Күршім ауданы халқының нысаналы топтарын анықтау туралы" қаулысына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылы 10 қаңтарда № 3149 болып тіркелген, 2014 жылы 17 қаңтарда аудандық "Рауан", "Заря" газеттерінің № 5 санында жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
       1 тармақтың 17) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "17) кәсіптер (мамандықтар) бойынша кәсіптік оқытуды аяқтаған "Жұмыспен қамту 2020 жол картасы" бағдарламасының қатысушылары;".
      2. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау аудан әкімінің орынбасары М. Қалеловқа жүктелсін.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      Күршім ауданының әкімі А.Сеитов

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады