Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы

Күшін жойған

Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 28 қазандағы N 346 қаулысы. Шығыс Қазақстан облысының Әділет департаментінде 2014 жылғы 26 қарашада N 3558 болып тіркелді. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2020 жылғы 22 сәуірдегі № 110 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданы әкімдігінің 22.04.2020 № 110 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      РҚАО-ның ескертпесі.
      Құжаттың мәтінінде түпнұсқаның пунктуациясы мен орфографиясы сақталған..
      Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 139-бабы 9-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Нормативтік құқықтық актілері туралы" 1998 жылғы 24 наурыздағы Заңының 21-1 - бабына сәйкес Шемонаиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Шемонаиха ауданының әкімдігі 04.04.2016 № 64 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
      1. Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі қосымшаға сәйкес анықталсын.
      2. Шемонаиха ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі № 104 "Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесін анықтау туралы" қаулысының күші жойылды деп танылсын (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 15 мамырда № 3330 болып тіркелген, "Уба-Информ" газетінде 2014 жылғы 28 мамырдағы № 22 санында жарияланған).
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары И.Е.Тұрниязға жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Шемонаиха ауданының әкiмi А. Тоқтаров
      Келісілді:
      Шемонаиха аудандық
      мәслихатының хатшысы
      А.Баяндинов

      2014 жылғы "29" қазан

  Шемонаиха ауданы әкімдігінің
2014 жылғы " 28 " октября
№346 қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

      1. Әлеуметтік қамсыздандыру мамандарының лауазымдары:

      1) күту бойынша әлеуметтік қызметкер.

      2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

      1) мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

      2) кітапхана меңгерушісі;

      3) мұғалім;

      4) оқытушы;

      5) педагог-психолог;

      6) педагог-ұйымдастырушы;

      7) қосымша білім беру педагогы;

      8) әлеуметтік педагог;

      9) музыкалық жетекші;

      10) тәрбиеші;

      11) аға тәлімгер;

      12) әдіскер;

      13) кітапханашы;

      14) менеджер;

      15) аккомпаниатор;

      16) өндірістік оқыту шебері;

      17) медициналық бике.

      3. Мәдениет мамандарының лауазымдары:

      1) қазыналық мемлекеттік коммуналдық кәсіпорынның басшысы;

      2) музыкалық жетекші;

      3) музыкалық жетекші-аккомпаниатор;

      4) көркемдік жетекші;

      5) әдіскер

      6) аға мәдениұйымдастырушы;

      7) мәдениұйымдастырушы;

      8) мәдениұйымдастырушы-хореограф;

      9) мәдениұйымдастырушы-қоюшы;

      10) мәдениұйымдастырушы-үйірме жетекшісі (хор,топ);

      11) кітапханашы.

      4. Спорт мамандарының лауазымдары:

      1) спорттық қазынашылық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары;

      2) әдіскер;

      3) нұсқаушы;

      4) жаттықтырушы;

      5) жаттықтырушы-оқытушы;

      6) дәрігер.

      5. Ветеринария мамандарының лауазымдары:

      1) мал дәрігері;

      2) ветеринарлық фельдшер.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады