Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктерді пруденциялық реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2014 жылғы 22 қазандағы № 211 қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2014 жылы 10 желтоқсанда № 9949 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2016 жылғы 26 желтоқсандағы № 309 қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 26.12.2016 № 309 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз

      Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 30.05.2016 № 147 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Банк конгломератына арналған нормативтік мәндерін және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерін, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерін белгілеу туралы" 2012 жылғы 24 ақпандағы № 92 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7601 тіркелген, 2012 жылғы 24 мамырда "Егемен Қазақстан" газетінде № 261-266 (27340) жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Банк конгломератына арналған нормативтік мәндері және пруденциалдық нормативтер мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу әдістемелерінде, сондай-ақ есептілікті ұсыну нысандары мен мерзімдерінде:

      2-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі.";

      3-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:

      "3. Банк холдингі немесе банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банк тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі екінші айдың бірінен кешіктірмей осы Нормативтік мәндердің 3-1-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігін қоса бере отырып, банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есепті қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта ұсынады.

      Бұл ретте банк конгломераты қатысушыларының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8571 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, "Қазақстанның Даму Банкі" акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандарын, сондай-ақ оларды ұсыну қағидаларын бекіту туралы" 2013 жылғы 27 мамырдағы № 130 қаулысына сәйкес уәкілетті органға бұрын ұсынған қаржылық есептілігі қоса берілмейді.";

      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:

      "3-1. Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есебін уәкілетті органға банк конгломераты қатысушыларының қаржылық есептілігімен қоса Нормативтік мәндердің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдауышта және (немесе) электрондық форматта тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі төртінші айдың бірінен кешіктірмей банк конгломератының мынадай қатысушылары ұсынады:

      еншілес ұйымдары бар банк болып табылатын тікелей немесе жанама тәуелді ұйымы және (немесе) еншілес ұйымы бар банк холдингі, оның ішінде еншілес ұйымдары бар банк;

      банк холдингі болып табылатын және еншілес ұйымдары бар банк, оның ішінде еншілес ұйымдары бар банк.";

      13-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "1) басқа да қарыз алушылар үшін банк конгломератының меншікті капиталының 25 (жиырма бес) пайызынан (оның iшiнде Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденттерге және Standard&Poor's агенттігінің "А"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктiк қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкiн болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломератының меншікті капиталының 0,10-нан артық емес);";

      1-қосымша осы қаулының қосымшасына сәйкес редакцияда жазылсын.

      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2014 жылғы 1 қыркүйектен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Осы қаулының 2-тармағының алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, оныншы және он бірінші абзацтары 2015 жылғы 1 шілдеге дейін қолданылады.

Ұлттық Банк


Төрағасы

Қ. Келімбетов

      КЕЛІСІЛДІ

      Қазақстан Республикасы

      Ұлттық экономика министрлігі

      Статистика комитетінің

      Төрағасы

      Ә. Смайылов _________________

      2014 жылғы 14 қараша

  Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2014 жылғы 22 қазандағы
№ 211 қаулысына
қосымша
  "Банк конгломератына арналған нормативтік
мәндеріне және пруденциалдық нормативтер
мен өзге де міндетті лимиттерді есептеу
әдістемелеріне, сондай-ақ есептілікті ұсыну
нысандары мен мерзімдеріне
1-қосымша

      Нысан

Банк конгломератының пруденциалдық нормативтерді орындауы туралы есеп

      ____________________________________________________________________

      (банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес

      ұйымы бар банктің атауы)

      (қажеттісінің астын сызу қажет)

      20__ж._______ жағдай бойынша

      1-кесте

Банк конгломератының жарғылық капиталын есептеу

Атауы

Сома (мың теңгемен)

Банк конгломератының жарғылық капиталы, оның ішінде:


банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің жарғылық (төленген) капиталы


банк холдингінің не банк холдингі жоқ, бірақ еншілес ұйымы бар банктің сатып алынған акциялары (алынған капиталы)



      2-кесте

Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік
коэффициентінің есебі

      Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті

      _____________________________

Банк конгломераты қатысушысының атауы

Сома (мың теңгемен)

1

банк конгломератының 1 қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері


1.1

Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:


1.1.1

банк конгломератының 2 қатысушысының


1.1.n

банк конгломератының n қатысушысының


1.2

Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)


n

Банк конгломераты n қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері


n.1

Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары:


n.1.1

банк конгломератының n қатысушысының


n.1.n

банк конгломератының n қатысушысының


n.2

Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)


Банк конгломераты меншікті капиталының нақты мөлшері


Банк конгломераты қатысушыларының тәуекел дәрежесі бойынша мөлшерленген активтерінің, шартты және ықтимал міндеттемелерінің сомалары


Банк конгломераты меншікті капиталының жеткіліктілік коэффиценті



      Ескерту:

      "Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері (инвестицияларды шегергенде)" деген жол "Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары" деген жол шегерілгенде "Банк конгломераты қатысушысының меншікті капиталының нақты мөлшері" деген жолға тең;

      "Банк конгломераты қатысушысының капиталға инвестициялары" деген жол 1.1.1, …, 1.1.n жолдардың қосындысына тең;

      "Банк конгломераты меншікті капиталының нақты мөлшері" деген жол 1.2, …, n.2 жолдардың қосындысын білдіреді.

      3-кесте

Бір қарыз алушыға тәуекелдің ең жоғары мөлшерін есептеу

Коэффициенттің атауы

Тәуекелдің мөлшері (мың теңгемен)

Тәуекелдің банк конгломераты меншікті капиталының мөлшеріне қатынасы

Борышкер және банк конгломераты тәуекелінің түрі туралы мәліметтер

Борышкердің атауы

Тәуекелдің түрі (қарыз, кепілдік)

Сомасы (мың теңгемен)

Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты емес тұлғаға қатысты банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері






Банк конгломератымен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаға қатысты банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері






Қазақстан Республикасының тәуелсіз рейтингінен бір тармаққа төмен емес Standard&Poor's агенттiгiнiң рейтингi немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резиденттерге және Standard&Poor's агенттігінің "А"-дан төмен емес рейтингі немесе Moody's Investors Service және Fitch агенттіктерінің осыған ұқсас деңгейдегі рейтингі бар резидент еместерге қойылатын талаптарды қоспағанда, бланктiк қарыздар, банк конгломератында ағымдағы және содан кейiнгi екi ай iшiнде қарыз алушыға талаптары туындауы мүмкiн болатын үшінші тұлғалардың пайдасына қарыз алушы алдындағы не қарыз алушы үшін қамтамасыз етiлмеген шартты мiндеттемелер бойынша, сондай-ақ оффшорлық аймақтарда тіркелген немесе олардың азаматтары болып табылатын Қазақстан Республикасының резидент еместерінiң мiндеттемелерi бойынша банк конгломераты тәуекелінің ең жоғары мөлшері.






Әрқайсысының мөлшері банк конгломераты меншікті капиталының он пайызынан асатын банк конгломераты тәуекелдерінің сомасы







      Басшы

      (есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы) Тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)

      Бас бухгалтер

      (есепке қол қоюға уәкілетті тұлға) (қолы) Тегі, аты, әкесінің

      аты (бар болса)

      Мөр орны

      Орындаушы (қолы, телефон нөмірі) Тегі, аты, әкесінің аты

      (бар болса)".

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады