Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялаудың кейбір мәселелері туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2014 жылғы 29 сәуірдегі № 93 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 21 мамырда № 3539 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 20 қаңтардағы № 9 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің 20.01.2015 № 9 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын басшылыққа ала отырып, "Асыл тұқымды мал шаруашылығын дамытуды, мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыруды жергілікті бюджеттерден субсидиялау қағидаларын бекiту туралы" 2014 жылғы 18 ақпандағы № 103 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған:
      1) Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру жөніндегі шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған бюджеттік субсидиялар нормативі;
      2) жеткізушілерге қойылатын өлшемдер мен талаптар бекітілсін.
      2. "Батыс Қазақстан облысының ауыл шаруашылығы басқармасы" мемлекеттік мекемесі және аудандар мен Орал қаласының әкімдері осы қаулыны жүзеге асыру жөніндегі қажетті шараларды алсын.
      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары А. К. Өтеғұловқа жүктелсін.
      4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі                      Н. Ноғаев

      «КЕЛІСІЛДІ»

      Қазақстан Республикасы
      Ауыл шаруашылығы министрі
      _____________А. С. Мамытбеков
      05.05.2014 жыл

2014 жылғы 29 сәуір № 93
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың аналық мал басын қолдан
ұрықтандыруды ұйымдастыру жөніндегі
шығындарды 100 %-ға дейін өтеуге арналған
бюджеттік субсидиялар
нормативі

Субсидиялау бағыты

Өлшем бірлігі

1 бірлікке арналған субсидиялар нормативтері, теңге

Ірі қара мал шаруашылығы

1

Жеке қосалқы
шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын
қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

бас

2167,3

2014 жылғы 29 сәуір № 93
Батыс Қазақстан облысы
әкімдігінің қаулысымен
бекітілген

Жеткізушілерге қойылатын
өлшемдер мен талаптар

Субсидиялау бағыттары

Өлшемдер мен талаптар

1.

Жеке қосалқы шаруашылықтардағы ірі қара малдың аналық мал басын қолдан ұрықтандыруды ұйымдастыру

1. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың аналық басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер
көрсету жөніндегі шарттың
түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы;

2. Жеке қосалқы шаруашылықтардағы
ірі қара малдың бір аналық мал
басын қолдан ұрықтандыру бойынша қызметтер көрсету жөніндегі
шығындарды есептеу-анықтамасының болуы;

3. Ұрықтандырылған ірі қара малдың
аналық басына ұрықтандыру
актісінің және тексеру жүргізу актісінің түпнұсқалары мен көшірмелерінің болуы;

4. Отандық асылдандыру орталығынан
(асылдандыру орталықтарын есепке алмағанда) ұрықты сатып алуға
шарттың түпнұсқасы мен көшірмесінің болуы;

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады