Жаңақала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 16-2 "Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихаттың 2014 жылғы 25 маусымдағы № 19-3 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 11 шілдеде № 3584 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 2020 жылғы 20 ақпандағы № 43-1 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Жаңақала аудандық мәслихатының 20.02.2020 № 43-1 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңдарына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2314 "Тұрғын үй көмегін көрсету ережесін бекіту туралы" қаулысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жаңақала аудандық мәслихатының 2014 жылғы 13 наурыздағы № 16-2 "Жаңақала ауданында аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасын бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3480 тіркелген, 2014 жылғы 12 сәуірдегі "Жаңарған өңір" газетінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешіммен бекітілген Жаңақала ауданындағы аз қамтамасыз етілген отбасыларға (азаматтарға) тұрғын үй көмегін көрсетудің мөлшерін және тәртібін айқындау қағидасында:

      5 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

      "Тұрғын үй көмегі жарты жылдық бойына алты ай мерзiмге, жарты жылдық алдындағы шығыстар өткен тоқсанға немесе өткен тоқсандағы кіріс бойынша қызметтер толық көлемде көрсетілген соңғы тоқсанға есептелсін, егер ағымдағы тоқсанда тарифтерде өзгерістер болса, онда ағымдағы тоқсан тарифтері бойынша тағайындалады.

      Жаңа мерзiмге көмекті ресімдеу ресімдеудің алғашқы процедурасына ұқсас. Тұрғын үй көмегі тағайындау оны алуға өтініш берген айдан бастап ағымдағы жартыжылдықтың соңына дейінгі мерзімге жүзеге асырылады. Өтініш берген ай деп құжаттарын қосып өтініш берген ай есептеледі.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сессия төрағасы С. Жардемалиев
      Аудандық маслихат хатшысы З. Сисенғали

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады