Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар белгілеу туралы

Күшін жойған

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 271 қаулысы. Батыс Қазақстан облысы Әділет департаментінде 2014 жылғы 18 қыркүйекте № 3633 болып тіркелді. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 2019 жылғы 3 шілдедегі № 196 қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданы әкімдігінің 03.07.2019 № 196 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Сырым аудандық сайлау комиссиясымен (келісім бойынша) бірлесіп барлық кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. Ауылдық округтер әкімдері үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін белгіленген орындарды стендтермен, тақталармен, тұғырлықтармен жарақтандырсын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары А. Саркуловқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтүзбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А. Шыныбеков

      "КЕЛІСІЛДІ"
Сырым аудандық сайлау
комиссиясының төрағасы
_____________А. Саркулов
10.09.2014 ж.

  2014 жылғы 10 қыркүйектегі № 271
аудан әкімдігінің қаулысына
қосымша

Үгіттік баспа материалдарын
орналастыру үшін орындар

Елді мекеннің атауы

Үгіттік баспа материалдарының орналастыру орындары

1

Алғабас ауылы

"Алғабас ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының шығыс жақ қанаты

2

Жаңа-Өңір ауылы

"Жалпы білім беретін Жаңаөнір негізгі мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

3

Сасықкөл ауылы

"Ақырап негізгі жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

4

Аралтөбе ауылы

"Аралтөбе ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

5

Қызылағаш ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының сол жақ қанаты

6

Бұлан ауылы

"Бұлан ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының батыс жақ қанаты

7

Жамбыл ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

8

Бұлдырты ауылы

Ауылдық кітапхана ғимаратының оң жақ қанаты "Казпошта" акционерлік қоғамы ғимаратының сол жақ қанаты

9

Көгеріс ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

10

Қарақұдық ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

11

Жымпиты ауылы

Сырым аудандық мәдениет, тілдерді дамыту, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Демалыс орталығы" мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны ғимаратының алды С. Датұлы және Б. Қаратаев көшелерінің қиылысының қарсы беті Амангелді және Әйтеке би көшелерінің қиылысының қарсы беті

12

1 Май ауылы

Ауылдық фельдшерлік-акушерлік пункт ғимаратының алды

13

Қосарал ауылы

Ауылдық дәрігерлік амбулаториясының жанындағы ақпараттық тақта

14

Ағоба ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

15

Жетікөл ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

16

Қособа ауылы

"Қособа ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

17

Жырақұдық ауылы

"Жырақұдық орта жалпы білім беретін мектебі" мемлекеттік мекемесі ғимаратының көше жақ беті

18

Қоңыр ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының сол жақ қанаты

19

Тамды ауылы

Ауылдық клуб ғимаратының алды

20

Талдыбұлақ ауылы

"Талдыбұлақ ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының алды

21

Қазақстан ауылы

"Жалпы білім беретін Қазақстан негізгі мектебі" мемлекеттік коммуналдық мекемесі ғимаратының алды

22

Тасқұдық ауылы

Ауылдық мәдениет үйі ғимараты мен "Елтай ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының аралығындағы алаң

23

Алатау ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

24

Тоғанас ауылы

"Шолақаңқаты ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жақ қанаты

25

Аңқаты ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

26

Сегізүй ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

27

Қарағанды ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

28

Құспанкөл ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының алды

29

Шағырлыой ауылы

"Сарой ауылдық округ әкімі аппараты" мемлекеттік мекемесі ғимаратының оң жақ қанаты

30

Жаңақоныс ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының оң жақ қанаты

31

Көздіғара ауылы

Ауылдық фельдшерлік пункт ғимаратының сол жақ қанаты


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады