Байланыс формасы

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 19 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 ақпанда № 10320 тіркелді.

      "Мәдениет туралы" 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 23-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Мәдениет және өнер істері департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелуінен кейін он күнтізбелік күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Әділет" құқықтық-ақпараттық жүйесінде ресми жариялануға жолдануын;

      3) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын;

      4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр А. Мұхамедиұлы

  Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрінің
2015 жылғы 22 қаңтардағы
№ 19 бұйрығымен
бекітілген

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-Тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібін айқындайды.

      2. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлікті (бұдан әрі-куәлік) облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары уақытша экспонаттау, гастрольдік қызмет, қалпына келтіру жұмыстары мен ғылыми зерттеулер, тұсаукесерлер, көрмелер және халықаралық мәдени іс-шараларды өткізу мақсатында алты айдан аспайтын мерзімге береді.

2-Тарау. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру тәртібі

      3. Куәлікті беруді осы Қағидалардың 4-тармағында көзделген өтініш берушінің құжаттары келіп түскен күннен бастап бес жұмыс күні ішінде облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының жергілікті атқарушы органдары (бұдан әрі-ЖАО) жүзеге асырады.

      4. Куәлікті алу үшін жеке және заңды тұлғалар (бұдан әрі – өтініш беруші) ЖАО-ға мынадай құжаттарды:

      1) осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш (бұдан әрі – өтініш);

      2) өтініш берушінің өкілі жүгінген кезде (жеке басын сәйкестендіру үшін) – жеке басын куәландыратын құжат және (немесе) заңды тұлғаның сенімхаты немесе нотариалды куәландырылған сенімхат (жеке тұлға үшін);

      3) мәдени құндылықтар ретінде қаралатын заттың немесе мәдени құндылықтың (бұдан әрі - зат) меншік құқығын растайтын құжаттардың көшірмесі;

      4) заттардың орналасу мақсаты мен шарттары туралы келісімшарттың көшірмесі (шет тіліндегі келісімшартқа қазақ және (немесе) орыс тіліндегі аудармалары қоса беріледі);

      5) сараптауға жататын заттың беткі және сыртқы жағынан көрінетін электрондық түрлі-түсті фотосуреттері (2 дана);

      6) заңды тұлғалар үшін – уақытша әкету кезеңіне заттың сақталуы үшін белгілі бір тұлғаға жауапкершілік жүктеу туралы өтініш берушінің басшысы бұйрығының көшірмесі ұсынады.

      5. Өтініш беруші өтінішінде Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақ кеңесінің 2012 жылғы 16 шілдедегі №54 шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық комиссиясының бірыңғай кедендік тарифінің 21 бөлімінің 97 тобына сәйкес сыртқа шығарылатын тауар туралы ақпаратты көрсетеді.

      6. ЖАО өтініш берушіден құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде олардың толықтығын тексереді.

      7. Құжаттар толық анықталған жағдайда ЖАО өтініш берушінің "жеке кабинетінде" "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 8-бабының 6) тармақшасына сәйкес құрылған Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының (бұдан әрі – комиссия) қарауына затты ұсынудың қажеттілігі туралы хабарлайды.

      8. Хабарлағаннан кейін өтініш беруші бір жұмыс күні ішінде ЖАО-ға затты ұсынады.

      9. Ұсынылған затты түскен күні жауапты тұлға сараптама жүргізу үшін комиссияға жолдайды.

      10. Комиссия бір жұмыс күні ішінде заттың тарихи, көркем, ғылыми немесе өзге де мәдени мәнін, түпнұсқалығын, авторлығын, атауын, жасалу орны мен уақытын, материалын және орындау техникасын, сондай-ақ мөлшерін (салмағын), айрықша ерекшеліктерін, сақталу жағдайын сипаттай отырып, жан-жақты талдау жолымен сараптама жүргізеді.

      11. Сараптама қорытындысы бойынша комиссия Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің 2013 жылғы 20 маусымдағы № 135 бұйрығымен бекітілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8575 болып тіркелген) Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясы туралы үлгі ережесінің қосымшасына сәйкес нысан бойынша сараптамалық қорытындыны ресімдейді.

      12. Комиссия қорытындысы негізінде ЖАО бір жұмыс күні ішінде өтініш берушіге осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік береді немесе бас тарту туралы уәжделген жауап жолдайды.

      13. Куәлік беруден бас тартуға:

      1) куәлік алу үшін өтініш беруші ұсынған құжаттардың және (немесе) оларда қамтылған деректердің (мәліметтердің) дәйексіздігін анықтау;

      2) комиссияның теріс сараптамалық қорытындысы;

      3) әкетілетін мәдени құндылықтардың, оларды қалпына келтіру мақсатында уақытша әкету жағдайларын қоспағанда, қанағаттанарлықсыз физикалық жай-күйі;

      4) мәдени құндылықтардың халықаралық және (немесе) мемлекеттік іздестіруде болуы;

      5) "Мәдениет туралы" Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 15 желтоқсандағы Заңының 35-бабының 1-тармағында көрсетілген мәдени құндылықтарды уақытша әкету мақсаттарына сәйкес келмеуі негіз бола алады.

  Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына куәлік
беру қағидаларына 1-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстардың, Нұр-Сұлтан,
Алматы және Шымкент
қалаларының жергілікті
атқарушы органы)
__________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(болған жағдайда)
немесе заңды тұлғаның атауы)

Өтініш

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Келесі мәдени құндылықтарды

      1) _____________________________________________________________________

      2) _____________________________________________________________________

      (атауы, сипаттама, саны)

      уақытша әкету құқығына куәлік беруді сұраймыз.

      Әкету мақсаты: _________________________________________________________

      (орналасқан жері және елдің атауы)

      3)__________________________________________________ __________________

      (сипаты, тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН *21 бөлімінің 97 тобы)

      4)_____________________________________________________________________

      (ЕАЭС СЭҚ ТН *қолданылатын өлшем бірліктері)

      5)____________________________________________________________________

                              (саны)

      Өтініш берушінің деректері:

      ____________________________________________________

      (туылған күні, азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,

      __________________________________________________________________________

      берілген күні, тұратын жері, байланыс телефондары, жеке немесе заңды тұлға

      туралы деректемелер) _____________________________________________________________________________

      "Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартымен көзделген ақпараттық жүйелердегі мемлекет қорғайтын құпия болып табылатын ақпараттарды пайдалануға келісім беремін.

      Өтініш берушінің қолы _________ Күні ___________

      * Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасы мен Еуразиялық экономикалық одақтың бірыңғай кедендік тарифі

  Мәдени құндылықтарды
уақытша әкету құқығына
куәлік беру қағидаларына
2-қосымша
  Нысан
  ____________________________
(облыстың, республикалық
маңызы бар қаланың,
астананың жергілікті
атқарушы органы)

Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына КУӘЛІК

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Мәдениет және спорт министрінің 17.05.2019 № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      қаласы ______ № "___"_______ 20___ ж.

      1. Өтініш беруші____________________________________________________________

      _________________________________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты немесе заңды тұлғаның атауы)

      2. Өтініш берушінің деректері: ________________________________________________

      (азаматтығы, төлқұжат немесе жеке куәлігінің №,

      __________________________________________________________________________

      оның берілген күні немесе заңды тұлғаның деректемелері)

      __________________________________________________________________________

      3. Өтініш берушінің қызметі _________________________________________________

      4. тауар коды ЕАЭС СЭҚ ТН*_________________________________________________

      5. ЕАЭС СЭҚ ТН*қолданылатын өлшем бірліктері _______________________________

      6. Саны___________________________________________________________________

      7. Мәдени құндылықтарды уақытша әкету жөніндегі сараптама комиссиясының

      қорытындысы

      (облыстардың, республикалық маңызы бар қала мен астананың жергілікті атқарушы

      органы)

      _____________________________________ № ______ 20______ ж. "_____"__________

      __________________________________________________________________________

      (мәдени құндылықтың атауы)

      __________________________________________________________________________

      _______________________________________________________________ мақсатында

      __________________________________________________________________________

      (орналасқан жері және елдің атауы)

      __________________________________________________________________________

      20_____ ж. "_____"_______________ 20_____ж. "______"________________ мерзіміне

      Қазақстан Республикасынан тыс уақытша әкетуге рұқсат беріледі.

      Уәкілетті тұлға ____________________________________________________________

                        (қолы) (тегі, аты, әкесінің аты және қызметі)

      Мөр үшін орны Қазақстан Республикасы

      (заңды тұлға үшін) кеден органдарының белгісі

      * Еуразиялық экономикалық одақ Кеңесінің Шешімімен бекітілген Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы экономикалық тауар номенклатурасы

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады