Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2015 жылғы 27 қаңтардағы № 22 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 ақпанда № 10344 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2016 жылғы 19 мамырдағы № 103 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрінің 19.05.2016 № 103 (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі туралы ереженің 20-тармағының 3) тармақшасына сәйкес, Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сметасы (бюджеті) есебінен ұсталатын органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы» 2004 жылғы 17 қаңтардағы № 1284 Жарлығын іске асыру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 08.10.2015 № 297 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      1. Қоса беріліп отырған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) Әкімшілік жұмыс департаменті осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттіктің аппарат басшысы А.А. Шайымоваға жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Төраға                                     Қ. Қожамжаров

Қазақстан Республикасы   
Мемлекеттік қызмет істері және
сыбайлас жемқорлыққа қарсы 
іс-қимыл агенттігі Төрағасының
2015 жылғы 27 қаңтардағы № 22
бұйрығымен бекітілген   

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулық

1. Жалпы ережелер

      1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне сыныптық біліктілікті беру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне (бұдан әрі - қызметкерлер) олардың өз мамандықтарын игеруге қол жеткізген деңгейлеріне сәйкес сыныптық біліктілікті беру және растау тәртібі мен шарттарын нақтылайды.
      2. Қызметкерлердің қол жеткізген дайындық деңгейлеріне, жұмыс тәжірибесі мен өтіліне байланысты реттілігі бойынша келесі сыныптық біліктіліктер беріледі: «2-сыныпты маман», «1-сыныпты маман» және «1-сыныпты маман - тәлімгер».
      Сыныптық біліктіліктерді беру қызметкерлердің кәсіптілігін жоғарылатуды ынталандыру және кадрларды бекіту мақсатында жүргізіледі.
      Сыныптық біліктіліктер:
      1) «2-сыныпты маман» - сыныптық біліктілігі жоқ және құқық қорғау қызметінде кемінде 3 жыл қызмет өтілі бар қызметкерлерге;
      2) «1-сыныпты маман» - «2-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі берілген сәттен бастап екі жыл өткеннен кейін және құқық қорғау қызметінде кемінде 5 жыл қызмет өтілі бар қызметкерлерге;
      Ерекше жағдай ретінде «2 сыныпты маман» сыныптық біліктілігі жоқ және құқық қорғау органдарында 10 жылдан астам қызмет атқарған қызметкерлерге атқарып отырған лауазымында кәсіби білімдері мен дағдыларының деңгейін ескере отырып, «1-сыныпты маман» сыныптық біліктілігін беруге жол беріледі;
      3) «1-сыныпты маман - тәлімгер» - «1-сыныпты маман» сыныптық біліктілігі берілген күннен бастап үш жыл өткеннен кейін және кемінде 7 жыл құқық қорғау қызметінде жұмыс өтілі бар, бір немесе одан да көп жас мамандар мен (немесе) жаңадан тағайындалған қызметкерлерге тәлімгерлікті жүзеге асырушы қызметкерлерге беріледі.
      Сыныптық біліктіліктер өзінің қызметтік міндеттерін адал атқарушы, тәртіптік жазалары жоқ, жеке құрамды (тәлімгерліктен өтушіні) сапалы оқыту мен тәрбиелеуді қамтамасыз етуші қызметкерлерге беріледі.
      3. Сыныптық біліктілікті беру және растау туралы шешімді мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының басшысы немесе уәкілетті басшысы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарында құрылатын Сыныптық біліктілік мәселелері жөніндегі комиссиясының (бұдан әрі - Комиссия) ұсынымдары бойынша бұйрық шығару арқылы қабылдайды.
      4. Қызметі бойынша үш айға дейінгі аралықтағы үзіліспен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңадан қабылданған, сондай-ақ сот шешімі бойынша қызметке қайта қабылданған адамдарға сыныптық біліктілігі сақталады.
      Құқық қорғау органдарынан шығарылған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке жаңадан қабылданған қызметкерлер осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес болған жағдайда бұрынғы берілген сыныптық біліктілік расталады.
      Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке басқа құқық қорғау органдарынан ауысу тәртібімен қабылданған адамдарға сыныптық біліктілікті беру (растау) (бұдан бұрын бар болған) сыныптық біліктілікті беру (растау) туралы ұсыныстары негізінде Комиссияның шешімі бойынша жүзеге асырылады.
      5. Сыныптық біліктілік үшін қызметкерлерге үстемеақы төлеу қызметкердің негізгі ай сайынғы ақшалай үлесімен жүргізіледі.
      6. Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қарамағындағы, сондай-ақ бала күтімі бойынша демалыстағы қызметкерлерге берілген сыныптық біліктіліктері қарамағында және бала күтіміне байланысты демалыста болған барлық кезең ішінде көрсетілген үстемеақы төлеусіз сақталады.
      7. Қазақстан Республикасының ведомстволық білім беру ұйымдарында, сондай-ақ уағдаластық шеңберінде шет елдерде күндізгі оқу нысаны бойынша оқитын қызметкерлердің сыныптық біліктілігі көрсетілген үстемеақыны төлеусіз оқудың барлық кезеңі ішінде сақталады.

2. Сыныптық біліктілікті беру, растау

      8. Сыныптық біліктіліктер сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қызметкерлеріне:
      1) Агенттіктің қызметкерлеріне, Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларына – Агенттік Төрағасының;
      2) Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлеріне – аумақтық мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бөлімшелері басшыларының бұйрықтарымен беріледі.
      9. Сыныптық біліктілік Агенттіктің аппарат басшысына, режим бойынша көмекшісіне, Төрағаның көмекшілері мен кеңесшілеріне, Агенттіктің құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын департаменті, жеке басқармасы басшыларына, сондай-ақ Агенттіктің аумақтық бөлімшелерінің басшыларына Агенттік Төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарының жазбаша ұсынысы бойынша беріледі (расталады).
      Сыныптық біліктілік Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын департаменттің құрамындағы басқармалар басшыларына, Агенттіктің қызметкерлеріне Агенттік Төрағасының құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін орынбасарымен келісілгеннен кейін тікелей басшыларының жазбаша ұсынысы бойынша беріледі (расталады).
      Құқық қорғау қызметін жүзеге асыратын аумақтық бөлімшелердің қызметкерлеріне сыныптық біліктілік құқық қорғау қызметіне жетекшілік ететін аумақтық бөлімше басшысының орынбасарымен келісілгеннен кейін тікелей басшысының жазбаша ұсынысы бойынша беріледі (расталады).
      10. Қызметкерлерді сыныптық біліктілікті беруге ұсыну мынадай кезеңде:
      1) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының қарамағында болған кезде, лауазымға тағайындалғанға дейін;
      2) алынбаған тәртіптік жазасы бар болғанда;
      3) оған қатысты қызметтік тергеуді және (немесе) қылмыстық істі тергеуді жүргізу мерзімінде – қызметтік тергеуді аяқтағанға дейін және (немесе) қылмыстық істі ақтау негіздері бойынша тоқтатқанға дейін, ақтау үкімі заңды күшіне енгенге дейін жүргізілмейді.
      11. Ұсыныста:
      1) қызметкер туралы сауалнамалық мәліметтер (қызметкердің тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайында), туылған жылы, білімі(дері), мамандығы(тары), сыныптық біліктілігі(тері), ғылыми дәрежесі және (немесе) біліктілік сыныбы);
      2) еңбек қызметі туралы мәліметтер (орын ауыстыру, біліктілігін жоғарылату, қайта даярлау, жедел-қызметтік әрекетіндегі маңызды нәтижелері туралы мәліметтер);
      3) қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттерін бағалау (кәсіби құзыреттігі, жұмысқа қабілеттілігі, іскерлік және жеке қасиеттері, көтермелеу және жазалау туралы мәліметтер).
      12. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы ұсыныстар Комиссияның қарауына мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының персоналмен жұмыс жасау бөлімшелеріне түскеннен кейін бес жұмыс күн ішінде енгізіледі.
      13. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы мәселе оң шешілген жағдайда, Комиссия мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының басшысына қызметкерге сыныптық біліктілікті беруді (растауды) ұсынады.
      14. Комиссияның шешімімен келіскен жағдайда, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органының басшысы қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау туралы бұйрық шығарады.
      Ескерту. 14-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 08.10.2015 № 297 (алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      15. Қызметкерге сыныптық біліктілікті беру (растау) туралы бұйрықтың көшірмесі тіркелген күннен бастап үш жұмыс күн ішінде лауазымдық жалақысына тиісті үстемеақы қосу, оның мөлшерін өзгерту немесе төлемді тоқтату үшін мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының жоспарлау және қаржы-шаруашылық жұмыс бөлімшесіне жолданады.
      16. Бұйрыққа қол қойылған күн, егер онда өзге күн айтылмаса қызметкерге сыныптық біліктілікті беру немесе растау күні болып табылады.
      17. Сыныптық біліктілікті беру (растау) туралы материалдар (комиссия отырысының хаттамасы, сыныптық біліктілікті беруге (растауға) ұсынылған қызметкерлердің тізімі) мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының персоналмен жұмыс жасау бөлімшелерінің номенклатуралық істерінде сақталады.

3. Сыныптық мамандарды көтермелеу және есепке алу шаралары

      18. Сыныптық біліктілігі бар қызметкерлерді есепке алуды мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл органдарының персоналмен жұмыс жасау бөлімшелері жүзеге асырады.
      19. Сыныптық біліктіліктер берілген (расталған) қызметкерлердің жеке істерінде (қызметтік тізім бөлімінде) бұйрықтың нөмірі мен күні көрсетіле отырып жазба жүргізіледі.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады