"Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 9-бабы 1-тармағының сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса берiліп отырған Кемелердегі қызмет жарғысы бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұйрықтың көшірмесін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы" шаруашылық жүргізу құқығындағы "Әділет" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелгеннен кейiн он жұмыс күні iшiнде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралар туралы мәлiметтердi Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлiгiнiң Заң департаментiне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі Ж.М. Қасымбекке жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Инвестициялар және даму | |
министрі | Ә. Исекешев |
"КЕЛІСІЛДІ":
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау және
әлеуметтік даму министрі
____________ Т.Қ. Дүйсенова
20105 жылғы 13 ақпан
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 74 бұйрығымен бекітілген |
Кемелердегі қызмет жарғысы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Кемелердегі қызмет жарғысы (бұдан әрі - Жарғы) "Ішкі су көлігі туралы" 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 9-бабы 1-тармағының 26-24) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының ішкі суларында жүзетін кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізгі ережелерін айқындайды.
2. Осы Жарғының талаптары олар кемеде болған кезде де, сол сияқты олардың жағада қызметтік функцияларын орындаған кезінде де кеме экипажы мүшелерімен, сондай-ақ кемеде уақытша болатын және онда қызметтік функциялар мен жұмыстар орындайтын басқа адамдармен сақталынады.
3. Кеме экипажының барлық мүшелері кемеге капитанның жазбаша келісімімен тағайындалады.
4. Экипаж мүшелерінің осы Жарғыға кірмеген лауазымдық функциялары кеме капитанының келісімі бойынша кеме иесінің лауазымдық нұсқаулықтарымен белгіленеді.
5. Экипаждың еңбегін қолданыстағы еңбек заңнамасына, Заңға және осы Жарғыға сәйкес кеме капитаны ұйымдастырады.
6. Барлық экипаж мүшелерінің, сондай-ақ жолаушылар ретінде кемеде уақытша болатын адамдардың функцияларын белгілейтін кеме кестелері кемелердегі қызметті ұйымдастырудың негізі болып табылады.
2. Кеме экипажы
7. Кеме экипажының мүшелері тиіс:
1) су көлігі қызметкерлерінің абыройы мен намысын сақтауға;
2) коммерциялық құпияны сақтауға;
3) мемлекеттік меншікті сақтауға;
4) Қазақстан Республикасы заңдарының, осы Жарғының, бұйрықтардың, қағидалар мен нұсқаулықтардың талаптарын орындауға;
5) тұрақта және жүру кезінде вахтада болуға және атқаратын қызметіне сәйкес кеме жұмыстарын орындауға;
6) сыпайы, тәртіпті болуға, лауазымы бойынша үлкендердің нұсқауларын жедел және дәл орындауға;
7) өзінің функцияларын білуге, адал және ынтамен орындауға, материалдарды үнемшілдікпен жұмсауға, кеме мүлкіне ұқыпты қарауға, өндірістік жоспарлар мен рейстік тапсырмаларды орындауға белсене қатысуға;
8) кеменің құрылымын, өзінің мамандығын, оны меңгеруді және оларға қатысты терминдерді білуге;
9) өздерінің кәсіби білімдерін ұдайы жетілдіріп отыруға;
10) өзінің меңгеруіндегі жұмысты жарамды күйде ұстауға және оны үздіксіз қамтамасыз етуге;
11) еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау, өрт қауіпсіздігі ережелерінің және санитарлық ережелердің талаптарын білуге және қатаң сақтауға;
12) дабыл бойынша өзінің функцияларын білуге және дәл орындауға, авариялық-құтқару және өртке қарсы мүлікті, құрал-саймандармен, жеке және ұжымдық құтқару құралдарын пайдалана алуға және олардың орналастырылған жерлерін, апат сигналдарын білуге, ішкі байланыс және дабылдар бойынша сигнал беру жүйелерін пайдалануға;
13) таза және ұқыпты киінуге, нысанды киіммен жүру ережесін сақтауға;
14) кемеде тазалық пен тәртіпті сақтауға;
15) ластануына жол бермей, табиғи ортаны қорғауға.
8. Экипаждың әрбір мүшесі кеменің қауіпсіздігі туралы қамқорлық жасауға тиіс және кемеге, адамдарға, жүкке төнетін қауіпті анықтаған кезде бір мезгілде оны жою жөнінде шаралар қабылдай отырып, бұл туралы вахталық бастығына шұғыл хабарлайды.
9. Кемедегі немесе тұрмыстық техниканы (оның кімнің меңгеруінде екендігіне қарамастан) пайдаланатын адамдар оның мақсаты бойынша пайдаланылуы үшін жауап береді, ал жұмысында жарамсыздықтарды анықтаған кезде, ол осы техника меңгеруінде тұрған адамға дереу хабарлайды.
10. Кеменің адамдардың үлкен тобы пайдаланатын техникалық және тұрмыстық құралдары өздерінің меңгеруіндегі экипаж мүшелері әрбір құрал бойынша онымен жұмыс істеу нұсқаулығы болуын қадағалайды.
11. Экипаж мүшелеріне вахта бастығының рұқсатынсыз, кеме техникасының уақытша істен шығуына байланысты жөндеу жұмыстарын жүргізуге тыйым салынады.
12. Кемені тиісті жай-күйде және жарамдылықта ұстау үшін корпус пен қондырманың барлық элементтері, кеме ғимараттары, тетіктері, жүйелері, құрылғылары, қосалқы бөлшектері, құрал-саймандары, аспаптары мен жабдықтары меңгерілуі жөніндегі кестемен экипаждық әдіс кезінде кеме экипажының мүшелеріне немесе бригадалық әдіспен жұмыс істеу кезінде бір мезгілде кемеде болатын бригадалар (бригада) мүшелеріне бекітіледі.
13. Кеме экипажының мүшелері өздеріне сеніп тапсырылған құндылықтардың сақталуын қамтамасыз етеді.
14. Экипаждарсыз, өзі жүрмейтін кемелермен жұмыс істейтін, өзі жүретін кеме экипажына осы кемелерді қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін қосымша функциялар жүктеледі.
15. Экипаж мүшелері капитан жариялаған авариялық және қауырт жұмыстарды орындайды. Авариялық жұмыстарға капитанның қалауы бойынша кемеде уақытша болатын адамдар да тартылуы мүмкін.
16. Қызметтік функцияларды атқару кезіндегі өзара қарым-қатынас ресми болуға тиіс.
17. Қызмет бойынша өкімдерді бұйрықтар түрінде береді. Бұйрық нақты және қысқа болуға тиіс. Бұйрықты беруші оның дұрыс түсінілгеніне көз жеткізеді. Бұйрықты алушы оны орындасымен, сол сияқты оны орындау мүмкіндігі болмаған кезде бұйрық беруші адамға хабарлайды.
18. Командалық құрамның басқа тұлғасынан орындалуы біріншіні орындауға кедергі келтіретін жаңа бұйрық алған жағдайда, орындаушы бұл туралы екінші бұйрықты берген адамға мәлімдейді және одан әрі оның нұсқауы бойынша әрекет жасайды.
19. Лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқару әдісі бойынша жұмыс істейтін экипаж мүшелері осы лауазымдар (мамандықтар) үшін осы Жарғыда белгіленген міндеттерді орындайды.
3. Кемелердегі қызметті ұйымдастыру негіздері
20. Кеме капитаны мынадай негізгі кестелерді бекітеді:
1) меңгерулер жөніндегі кесте;
2) вахталар мен кеме жұмыстарының кестесі;
3) кемедегі күн тәртібі;
4) жиыстыру жөніндегі кесте;
5) дабылдар бойынша кесте.
Кеме иесі штат кестесін бекітеді.
21. Кеменің түріне және мақсатына байланысты қосымша басқа да кестелер жасалуы мүмкін.
22. Барлық кестелерді (штат кестесін қоспағанда) капитанның бірінші көмекшісі (штурманның бірінші көмекшісі), ал штатта ол болмаған кезде - капитан механикпен бірлесіп, кемені пайдалануға тапсырғанга дейін жасайды.
23. Тәулік бойы жұмыс істейтін, өзі жүретін кемелерде командалық құрамның адамдарына вахтаны атқару уақыты осы Жарғыға 1-қосымшаға сәйкес ішкі кеме қатынасы жолдарында оны пайдалану кезінде өзі жүретін кеме (жүйректен басқа) командалық құраммен белгіленеді. Командалық және қатардағы құрамның қалған мүшелері үшін вахтаны атқару және кеме жұмыстарын орындау уақытын капитан белгілейді.
24. Лауазымдарды (мамандықтарды) қоса атқарған кезде командалық құрам вахтаны кеме жүргізу мамандығының адамдары үшін белгіленген сағаттарда атқарады.
25. Кемеде капитанның (механиктің) және ауысым капитаныньщ (ауысым механигінің) бір мезгілде болуы кезінде соңғысы вахтаны өзі ауыстыратын адам үшін белгіленген сағаттарда атқарады.
26. Терт ауысымды кесте бойынша жұмыстың экипаждық әдісі кезінде вахталарды атқару жолаушылар кемелерінен басқа барлық кемелерде ұйымдастырылуы мүмкін. Бұл жағдайда үшінші штурман вахтаны капитанмен бірге сағат 00:00-ден сағат 03:00-ге дейін, ал механиктің үшінші көмекшісі механикпен бірге сағат 21:00-ден сағат 24:00-ге дейін атқарады.
27. Осы Жарғыға 1-қосымшаға сәйкес үш ауысымды кесте бойынша вахталар атқару:
1) үшінші штурманның және механиктің үшінші кемекшісінің лауазымдары штатта көзделмеген жүк және тіркеп сүйреу кемелеріндегі экипаждық жұмыс әдісі кезінде;
2) жолаушылар кемелерінде. Бұл ретте үшінші штурман және механиктің үшінші көмекшісі вахтаны капитанмен және механикпен бірлесіп атқарады;
3) кемеде үш бригада болғанда бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады.
28. Осы Жарғыға 1-қосымшаға сәйкес екі ауысымды кесте бойынша вахтаны атқару әрбір бригаданың кемеде 15 тәуліктен аспайтын уақыт болуы бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады.
29. Бортында капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық ететін бір бригада бар экипаждардың ішкі кеме қатынасы жолдарындағы және теңіз суларындағы бригадалық әдіс бойынша жұмысы кемелерде 12 сағаттан аспайтын ауысым ұзақтығы жағдайында ұйымдастырылады.
30. Бригадалардың ауысым тәртібін кеме иесі белгілейді.
31. Бір тәуліктен аз жұмыс істейтін кемелерді (шапшаңдарын қоса алғанда) жұмыстан кейін түнгі тұрақ пунктінің жауапты кезекшісіне күзетуге тапсыруға болады. Тұрақ тәртібін кеме иесі белгілейді.
32. Ішкі кеме қатынасы жолдарында, теңіздегі және жағалаудағы жүзуде пайдаланылатын шапшаң кемелер экипаждарының жұмысы бригадалық әдіс бойынша ұйымдастырылады. Егер кеменің бортында бір бригаданың болуы кезеңінде жол уақыты 8 сағаттан аспаса, шапшаң кеменің бортында капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық ететін бір бригада бола алады. Бұл жағдайда қозғалыс кестесімен әрбір 2 сағат сайын аялдамалар көзделеді, демалыс және тамақтану үшін арналған аялдамалардың бірінің ұзақтығы кемінде 30 минут болып белгіленеді, бұл ретте көрсетілген аялдамаға дейінгі және одан кейінгі жол уақыты әдетте 4 сағаттан аспауға тиіс.
33. Егер жүзу шарттары бойынша кеме бортында бір бригаданың болуымен пайдаланыла алмаса, сондай-ақ жол уақыты 8 сағаттан асып кетсе және бригадалардың ауысымын жүргізу мүмкін болмаса, бортта екі бригада болады, олардың біріне капитан (капитанның ауысым көмекшісі) басшылық етеді.
34. Басқару бекетінде экипаж мүшелері кезекшіліктерінің ауысымы бірдей, бірақ 4 сағаттан аспайтын уақыт аралықтары арқылы жүргізіледі.
35. Жол уақытын аралық пункттердегі ұзақ емес аялдауларды (30 минутқа дейін) ескере отырып анықтайды.
36. Өзі жүретін және өзі жүрмейтін жер снарядтарында лоне түбін тазартқыш снарядтарда командалық құрамның адамдарына вахталар атқару және жұмыстарды орындау уақытын кеме иесі, ал қатардағы құрамға - командир белгілейді.
37. Шаландалардың, шаландалаушылардың, зәкір ауыстырып қоюшылардың, брандвахталардың, баржалардың және жер керуенінің құрамына кіретін басқа да кемелердің командалық құрамы өндірістік-технологиялық қызмет мәселелері бойынша командирге (командирдің ауысым көмекшісіне) бағынады.
38. Алып тасталды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.01.2023 № 59 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.39. Капитан нақты жағдайларға немесе кеменің ерекшеліктеріне және штат кестесіне байланысты экипаждың жекелеген мүшелері арасында міндеттерді ішінара қайта бөлуді жүргізеді.
40. Үш ауысымды кесте бойынша (1-қосымшаға сәйкес) вахталар атқару:
1) жүк, тіркеп сүйреу және жолаушы кемелерінде, сондай-ақ техникалық флоттың кемелерінде экипаждық жұмыс әдісі кезінде;
2) кемеде үш бригада болғанда бригадалық жұмыс әдісі кезінде ұйымдастырылады.
4. Командалық құрам
1-параграф. Жалпы ережелер
41. Кеменің командалық құрамына бағыныштыларға басшылық ету және кемені басқару мен оны пайдалануға жеке өзінің қатысуы жүктеледі.
42. Командалық құрам тиіс:
1) бағыныштылардың еңбегін дұрыс ұйымдастыруға, еңбек өнімділігін өсіру үшін, сондай-ақ экипаж мүшелерінің кемеде өндірістік міндеттерді шешуге қатысуын қамтамасыз ететін жағдай жасауға;
2) өзінің еңбегімен және тәртібімен экипаждың барлық мүшелері үшін үлгі қызметін атқаруға, кемеде тәртіпті сақтауға;
3) өзінің бағыныштыларының жеке бастарының және іскерлік сапаларын жан-жақты білуге және зерттеуге, оларға өздерінің кәсіби білімдері мен тәжірибелерін беріп отыруға;
4) бағыныштыларына қамқорлық жасауға және күн сайын оларды ерлік, адалдық, еңбек сүйгіштік, саналы тәртіп, бастамашылдық, техниканы меңгеруге ұмтылушылық, флотқа деген сүйіспеншілікке тәрбиелеуге;
5) кемеге экипаждың жаңа мүшелерін тағайындаған кезде бағынышты адамдарды олардың жұмыс және дабылдар жөніндегі функцияларымен, кеме кестелерімен, еңбек қауіпсіздігі, өрт қауіпсіздігі және санитария ережелерімен және нұсқаулықтарымен таныстыруға;
6) бағыныштылардың кеме кестелері бойынша міндеттерін білуге;
7) бағыныштылардан Қазақстан Республикасының заңдарын, осы Жарғыны, өздерінің функцияларын, қолданыстағы ережелерді, оларға қатысты бөлігінде тәлімдерді, нұсқауларды және өкімдерді дәл орындауды талап етуге және олардың орындалуын бақылауға;
8) өзінің бағыныштыларын алдағы рейстің міндеттері мен ерекшеліктері туралы хабардар етуге;
9) экипаж мүшелерімен техникалық оқу өткізуге;
10) кеме техникасына жоспарлы техникалық қызмет көрсетулер жүргізудің күнтізбелік кестелерін жасауға және бекітуге ұсынуға және олардың орындалуын қамтамасыз етуге;
11) алдыңғы қатарлы экипаждардың жұмыс тәжірибесін зерттеуге, қорытуға оны өз кемесінде енгізуге.
43. Командалық құрам адамдарының ауысымы кезінде тапсырушы қабылдаушыға акт бойынша құжаттаманы, іс қағаздарын, есептілікті, меңгерушілікті және өзінде есептелетін материалдық құндылықтарды табыстайды. Актіні капитан бекітеді.
2-параграф. Капитан
44. Капитан кеме экипажының басшысы, кеме иесінің кеменің сақталуы, ондағы адамдардың өмірі және тасымалданатын жүк үшін жауап беретін сенімді адамы болып табылады.
45. Кемені басқаруды дара басшылық негізінде жүзеге асырады және тікелей кеме иесіне бағынады.
Кеме қызметіне қатысты барлық нұсқаулар олардың орындалуы үшін жауап беретін капитанға беріледі.
46. Кеменің бортында жоғары лауазымды тұлғалардың болуы капитаннан өзінің міндеттерін орындау үшін оған жүктелген жауапкершілікті алып тастамайды.
47. Капитанның өкімдері оның өкілеттіктері шегінде кемедегі барлық адамдардың сөзсіз орындауына жатады.
48. Капитан экипаж мүшелерін іріктеуге және орналастыруға қатысады, кемеде кадрларды бекітуге шаралар қабылдайды.
49. Кемедегі адамдардың әлдебірі капитанның өкімдерін орындамаған жағдайда ол бәрі адамдарға қатысты өзіне берілген құқықтар шегінде қажетті шаралар қабылдайды.
50. Капитан қажетті жағдайларда экипаждың кез келген мүшесін қызметтік функцияларын орындаудан шеттетеді, оны кеменің есебінен шығарады және кадрлармен жұмыс жөніндегі бөлімге жібереді.
51. Капитан:
1) кемеде Қазақстан Республикасының заңдары мен басқа да нормативтік құқықтық актілерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын халықаралық конвенциялар мен келісімдердің сақталуын;
2) қоршаған ортаны қорғау жөніндегі іс-шаралардың орындалуын;
3) өндірістік қызметті, кемені және кеме техникасын техникалық пайдалануды, кеменің, адамдардың, жүктердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі қағидалардың, нұсқаулықтардың, бұйрықтардың, нұсқаулардың және басқа да нормативтік құжаттардың сақталуын;
4) қызметтік және коммерциялық құпияны сақтау жөнінде қажетті шаралар қабылдауды;
5) тәрбиелік жұмыстың және экипаждың моральдық жай-күйінің жоғары деңгейін;
6) кеменің өндірістік жоспарының, қозғалыс кестесінің және берілген жұмыс көрсеткіштерінің орындалуын;
7) жүзу қауіпсіздігін қадағалау органдарының және басқа да бақылау органдарының нұсқаулары мен талаптарының орындалуын; кеменің байқаулар мен куәландыруларға уақытында ұсынылуын;
8) еңбек тәртібінің сақталуын және жалпы кемелік және вахталық қызметтерді ұйымдастыруды;
9) экипаж мүшелерін бұйрықтармен, өкімдермен, нұсқаулықтармен, сондай-ақ рейске берілген тапсырмалармен және алдағы рейстің ерекшеліктерімен уақытында таныстыруды;
10) экипаждың техникалық оқуын, командалық және қатардағы құрам адамдарының біліктілігін арттыруды ұйымдастыруды және бақылауды;
11) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, суда құтқару жөніндегі іс-қимылдарға даярлауды, сондай-ақ осы даярлықты бақылауды ұйымдастыруды;
12) еңбек заңнамасына және осы Жарғыға сәйкес экипаждың еңбек және демалыс режимін;
13) кемеде жұмыстың озық тәжірибесін енгізуді және оны жетілдіруді;
14) кеме экипажын ұжымдық тамақтандыруды ұйымдастыруды;
15) курсанттардың, студенттер мен оқушылардың практикасына жалпы басшылықты және кеме жүргізу мамандықтары адамдарын сынақ мерзімінен өткізуге тікелей басшылықты;
16) кеме кестелерін тексеруді және бекітуді;
17) командалық құрамның қызметіне басшылықты;
18) вахтаның (бірыңғай кезекшілік, кемелік), машиналық және басқа да белгіленген журналдарды, сондай-ақ кеме байқауларының бірыңғай кітабын, іс қағаздарын, есептемелік және басқа да құжаттаманы уақытында және дұрыс жүргізуді;
19) ауыз су қабылдауды, шаруашылық-тұрмыстық және фекалдық суағарларын, құрғақ қоқыс, тамақ қалдықтары бар контейнерлерді және құрамында мұнай бар қоспа суларды тапсыруды тіркейтін кеме журналдарын уақытында және дұрыс жүргізуді;
20) техникалық әдебиетті, жүзу қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі, техникалық пайдалану жөніндегі нормативтік құжаттарды, лоцман карталарын (схемаларын), навигациялық құралдарды және түзетулерді (өзгертулерді) уақытында алуды;
21) кеме құжаттарының, мер мен мөртабандардың сақталуын;
22) кемеде жазатайым оқиға болған кезде зардап шеккендерге қажетті медициналық көмек көрсету жөнінде шаралар қабылдауды, болып өткен жазатайым оқиға туралы кеме иесіне хабарлайды және белгіленген тәртіппен тексеру жүргізеді;
23) кеменің, адамдардың немесе жүктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін жағдайлар туындаған кезде бұл туралы кеме иесіне хабарлайды және алынған нұсқаулар мен ұсынымдарға, жағдайларға сәйкес іс-әрекет жасайды;
24) кеменің авариялық жағдайында, жүк, багаж бүлінген немесе зақымданған жағдайда, сондай-ақ ұқсас жағдайларда болған оқиға туралы тиісті органдарға хабарлайды, бір мезгілде оқиғаның салдарлары мен себептерін жоюға шаралар қабылдайды және белгіленген тәртіппен қажетті құжаттардың ресімделуін;
25) экипаждың кеменің өміршеңдігі үшін күрес және суда адамдарды құтқару жөніндегі іс-әрекетіне басшылықты;
26) басқа кемемен соқтығысқан, басқа кемеге, құрамға, салға соққы болған жағдайда егер бұл өз кемесіне, экипажына және жолаушыларына елеулі қауіп төндірмесе, көмек талап ету-етілмеуін сұрайды, қажет болған кезде оны көрсетеді, одан кейін онымен соқтығысу болып өткен кеме капитанынан кеменің атауы, тіркелу, шыққан және баратын пункттері, алынған зақымданулардың сипаты туралы сұрайды, ал бұдан кейін өз кемесі бойынша осындай мәліметтерді онымен соқтығысу болып өткен кеме капитанына хабарлауды және қажетті құжаттарды ресімдеуді қамтамасыз етеді.
52. Капитан механикпен бірлесіп, зауыт нұсқаулықтарының, басшылықтарының және басқа да нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес олардың жай-күйін және ұсталуын бақылау мақсатында кемеге, кеме техникасына және оның жабдықталуына тексеру жүргізеді.
53. Кеме және ондағы адамдар үшін қауіптілік жағдайында не басқа кемеге немесе адамдарға комек көрсету үшін капитан бұл ретте берілген бұйрықты көрсете отырып, кеме журналында жазба жасап, кеменің басты қозғалтқыштарының немесе басқа тетіктерінің белгіленген нормалардан асып түсетін жұмыс режимін белгілей алады.
54. Кемеде адамның туу немесе қайтыс болуының әрбір жағдайы туралы капитан екі куәнің қатысуымен сәйкес еркін нысанда акт жасайды. Кемеде адам қаза болған жағдай капитан дереу кеме иесіне хабарлайды және оның нұсқаулары бойынша әрекет жасайды.
55. Капитан қылмыс жасауда күдікті адамды немесе оның іс-әрекетінде қылмыстық жазаланатын әрекет белгілері жоқ, бірақ кеменің немесе ондағы адамдардың немесе мүліктің қауіпсіздігіне қауіп төндіретін адамды ерекше үй жайға оқшаулайды және алғашқы мүмкіншілік кезінде оны тиісті билік орындарына табыстайды.
56. Бүкіл экипаждың немесе оның елеулі бөлігінің қатысуын талап ететін жұмыстарды орындау қажеттігі кезінде капитан кеме иесі бекіткен оның тізбесіне сәйкес қауырт жұмыстарды жариялауға құқылы.
57. Ауырған жағдайда капитан онда капитан дипломының болу- болмауына қарамастан кемені басқаруды капитанның аға көмекшісіне табыстайды, ол туралы кеме иесіне дереу хабарлайды. Кеме журналына басқаруды табыстау күні мен уақыты, кеменің орналасқан жері және оның жай- күйі, басқа да қажетті мәліметтер жазылады.
58. Капитан диспетчерлік байланыс құралдарын пайдаланады.
59. Капитан кеменің тіркелу портында кеме иесінің бұйрықтарымен ресімделетін, кеме экипажының мүшелерін марапаттау және тәртіптік жазалау шараларын қолдану туралы кеме иесіне ұсыныстар енгізеді.
60. Пайдаланудағы кемені қабылдау кезінде, капитан:
1) экипажбен танысады;
2) кеме құжаттарын, мөрді, мөртабандарды, ақша сомаларын және ақша құжаттарын қабылдайды;
3) кемені тапсырушы капитаннан кеменің құрылымдық ерекшеліктері, оның пайдалану және теңізде жүзу сапалары, жүк операцияларының барысы және кеменің алдағы рейске дайындығы (жөндеу барысы), болған авариялық жағдайлар және олардың салдарлары туралы қажетті деректер алады;
4) кеменің өндірістік жоспарымен және оның орындалу барысымен танысады;
5) кемені тапсырушы капитанмен бірлесіп, капитанның бірінші көмекшісінің (ауысым капитанының) және механиктің еріп жүруімен кемені қарайды, қажетті түсіндірмелер мен мәліметтер алады;
6) экипаждың кеме дабылдары бойынша ісқимылдарын жетілдіруді тексереді;
7) қажет болған кезде кеме иесінен кеменің корпусына, қозғаушыларына, меңгерікті басқару органына және баска да борт сыртындағы құрылғыларына тексеру жүргізуді талап етеді. Кемені тапсыру және қабылдау нәтижелері бойынша сәйкес актіні еркін нысанда жасайды, оның бірінші данасы кеме иесіне жіберіледі.
61. Тапсыру-қабылдау және тағайындалған капитанның функцияларын атқарудың басталу уақыты тапсырушы және қабылдаушы капитандардың қолдарымен Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес кеме журналында тіркеледі. Жаңадан тағайындалған капитан функцияларын атқарудың басталуы туралы кеме бойынша бұйрықпен жариялайды.
62. Кемені тапсыруды және қабылдауды тығыз мерзімдерде жүргізгенде екі капитан да кемені, ақша сомаларын, мөрлерді, мөртабандарды және құжаттарды тапсыру-қабылдау туралы акт жасайды және оған қол қояды. Актіде тапсыру кезінде қабылданбаған объектілер көрсетіледі. Кемені басқаруды тапсыру-қабылдау күні мен уақыты кемені тапсырған және оны қабылдаған капитандардың қолдарымен Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес кеме журналында тіркеледі, одан кейін жаңадан тағайындалған капитан кемемен танысады.
63. Кемені жасаушы зауыттан, сондай-ақ тұрақтан, жөндеуден пайдалануға қабылдаған кездегі капитанның іс-әрекеттері кеме иесінің тиісті құжаттарымен белгіленеді.
64. Портқа келісімен капитан кемені және қажетті құжаттаманы порт әкімшілігіне және бақылаушы органдарға көрсету үшін дайындайды.
65. Кеме портта тұрған кезде капитан кеменің қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету бойынша, жүк операцияларын және кемені жабдықтау мен жөндеу жөніндегі жұмыстарды орындауға шаралар қабылдайды, сондай-ақ экипаждың жергілікті (порттық) ережелерді орындауын қамтамасыз етеді.
66. Кеме портта тұрған кезде капитан портта немесе оған жапсарлас аймақта болған апат жағдайында порт әкімшілігінің талап етуі бойынша өрт сөндіру немесе көмек көрсету үшін экипаж бен кеме құралдарын (кеме қауіпсіздігі үшін залалсыз) береді.
67. Жүкті кемеге қабылдау алдында капитан тиеу схемасын белгілейді немесе алғашқы жүк жоспарын (теңізге шығатын кемелер үшін) қарайды және белгіленген тиеу нұсқасы жүзу қауіпсіздігін, кеменің тиісті теңізде жүзу сапасын және жүктің сақталуын қамтамасыз өтетіндігіне көз жеткізе отырып, оны бекітеді. Егер тасымалдау Заңның 9-бабының 1-тармағының 26-18) тармақшасына сәйкес бекітілген ішкі су көлігінде жүктерді тасымалдау ережесіне қайшы келсе немесе кеменің не адамдардың қауіпсіздігіне қауіп төндіретін болса, капитан жекелеген жүктерді қабылдауға жол бермейді.
68. Жүк операцияларын орындау барысында капитан белгіленген тиеу схемасын (жүк жоспарын) негізге ала отырып және жүктерді ауыстырып тиеу жұмыстарының ережелеріне, тепе-теңдікті сақтау туралы ақпаратқа, жүктерді тасымалдау ережелеріне және басқа да ережелерге сәйкестендіре отырып, жүктерді трюмдерге және палубаларға салудың және бекітудің дұрыстығын, балластың және отынның орналастырылуын, сондай-ақ палубаларға түсетін жүктеме рұқсат етілетін нормалардан аспауын бақылауды қамтамасыз етеді. Егер оларды жүргізу технологиясы бұзылатын болса немесе жоғарыда аталған құжаттардың талаптарынан ауытқуға жол берілетін болса, капитан жүк операцияларын тоқтатады.
69. Капитан жағаға көтерде бірінші көмекшісіне немесе вахта бастығына қажетті жұмыстарды орындау және кеме қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдау туралы ауызша немесе жазбаша өкім қалдырады және өзінің болатын жерін хабарлайды.
70. Капитан кеменің рейске шығуына дейін:
1) рейстік тапсырма алған кезде командалық құраммен алдағы рейстің ерекшеліктерін талқылайды;
2) навигациялық карталар және құралдар бойынша командалық құрамды жүзу ауданымен таныстырады;
3) командалық құраммен болуы мүмкін қиындықтарды қарастырады;
4) командалық құрамға түрлі жүзу жағдайлары кезіндегі сол немесе өзге іс-қимылдардың қажеттігін түсіндіреді;
5) командалық құрамға рейстің негізгі міндеттері мен ерекшеліктерін экипаждың қалған мүшелеріне жеткізу туралы нұсқаулар береді;
6) кемені жүзуге дайындау барысына басшылық жасайды;
7) егер вахтаға кірісердің алдында қызметтік функцияларын орындаумен айналысса немесе кеме бойынша жұмыс орындаса, вахтадағыларға демалыс береді;
8) теңіз аудандарына шығатын кемелерде алдын ала кеме жолын салуды орындайды (егер оны капитанның нұсқауы бойынша оның көмекшілерінің бірі орындаса, алдын ала салынған жолды тексереді).
71. Кеменің жүріп кетуі алдында капитан ауа райы болжамдарымен танысады және белгіленген уақытта бірінші көмекшісінен, механиктен және кеме радиостанциясының бастығынан (радиооператордан) кеменің рейске дайындығы туралы, бортында экипаж мүшелерінің болуы және кемеде бөгде адамдардың жоқ екендігі туралы баянаттар қабылдайды.
72. Экипаж мүшелерінен немесе экипаж штатына кірмейтін, бірақ кемеде келе жатқан адамдардан әлдекім (лауазымды тұлғалар, жолаушылар) жүріп кету үшін белгіленген уақытқа келмей қалған жағдайда, капитан бұл туралы порт әкімшілігіне немесе кеме иесіне, ал шетелде - келмей қалған адамдардың тегін, атын және әкесінің атын (болған жағдайда), лауазымын және кемеден кеткен уақытын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының консулына хабарлайды. Бір мезгілде капитан бұл адамдарды кемеге қайтаруға барлық мүмкін шараларды қабылдайды.
73. Капитан мына жағдайларда:
1) егер кеме құжаттарының жүзуге жарамдылығының қолданылу мерзімі рейс аяқталуының белгіленген күнінен бұрын аяқталса және оның рейсте ұзартылуы мүмкін болмаса;
2) егер кемені жабдықтау, оның жай-күйі, жүктемесі тиісті құжаттардың талаптарын қанағаттандырмайтын және жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ете алмайтын болса;
3) егер кемеде еңбек қауіпсіздігінің талаптары қамтамасыз етілмесе рейске шықпайды.
Көрсетілген барлық жағдайлар туралы капитан порт әкімшілігіне, кеме иесіне және тиісті қадағалау органдарына уақтылы хабарлайды.
74. Жүзу кезінде капитан:
1) жүзу шарты мен барлық жағдайлардың өзгеруін бақылау және оны уақытында сақтандыру шараларын қолдану, навигациялық, гидрометеорологиялық және басқа да анықталған ақпарат түрін қабылдауды әрдайым бақылауда ұстау;
2) ішкі кеме жүзу қозғалысы кезінде кеме жүргізу жағдайының аса күрделі немесе қаупіне байланысты күзет бастығының шақыруы бойынша дереу мінбеге шығу және жағдай талап еткенше жедел түрде сол жерде болу;
3) жүзу ауданының арнаулы лоциясын зерттеу және осыны штурмандардан талап ету;
4) кабельдің зәкірмен көтерілу жағдайында көлік бақылау инспекциясының жақын орналасқан бөлімшесіне және кеме иесіне көтерілу уақыты мен орнын көрсету және берілген тапсырмаларға сәйкес әрекет етеді.
75. Міндетті лоцмандық өткізу ауданында жүзген кезде капитан лоцманды алуға тиіс. Лоцмандық өткізу міндетті болып табылмайтын аудандарды еткен кезде, егер қажет деп тапса, капитан лоцманды алуына болады. Кемеде лоцманның болуы капитаннан лоцмандық өткізу уақытында кемені басқару жөніндегі функцияларды алып тастамайды.
76. Кемені лоцмандық өткізу кезінде капитан:
1) кездесуді, лоцманды бортқа қауіпсіз қабылдауды және оны кеменің бортынан қауіпсіз түсіруді қамтамасыз етеді, лоцманға үй-жай және тағам ұсынады;
2) лоцманға кемені өткізу үшін қажетті деректерді хабарлайды, кемені басқару ерекшеліктерімен таныстырады;
3) мінбеден кетерде лоцманға капитан мінбеде болмайтын кезде кемені басқаруға жауапты тұлғаны көрсетеді;
4) кемені өткізу уақытында жүзу қауіпсіздігін қадағалайды. Лоцманның ұсынымдарының дұрыстығына күдіктенген жағдайда капитан оның көрсететін қызметтерінен бас тартатындығы туралы хабарлайды, бұл ретте міндетті емес лоцмандық өткізу ауданында онсыз жүзе алады, ал міндетті лоцмаидық өткізу ауданында басқа лоцманды шақырады.
77. Капитан өз кемесі, экипажы және жолаушылары үшін қауіптілік тудырмай, кез келген кемеге және суда табылған, өлім қаупі төнген адамға көмек көрсетеді. Апатқа ұшырағандарға көмекке барлық.
78. Егер капитанның пікірі бойынша оның кемесіне болмай қалмайтын опат болу қаупі төнсе, ол кемедегі адамдарды құтқару үшін барлық шараларды қабылдайды. Жолаушыларды құтқару шараларын қабылдағаннан кейін капитан экипажға кемені тастап шығуға бұйрық береді.
79. Адамдарды құтқару кезінде капитан бірінші кезекте балаларды, ауруларды, әйелдерді және қарттарды құтқаруды қамтамасыз етеді. Капитан кеме, машина журналдарын, лоцман карталарын (схемаларын), құжаттар мен құндылықтарды құтқаруға барлық мүмкін шараларды қабылдай отырып, кемені соңғы болып тастап шығады.
80. Рейс аяқталған сон, капитан кеме иесі белгілеген тәртіппен кеме иесінің алдында есеп береді.
81. Кемені жөндеуге қоюдың алдында капитан жөндеу жұмыстарының көлемін нақтылайды және нормативтік құжаттарда көзделген, жөндеуді дайындау және жүргізу жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді.
82. Жағалау қызметтерінің техникалық қызмет корсету, навигациялық кезеңдегі жөндеу және кемені жауапты сақтауға қабылдамай жөндеу кезеңінде, капитан жөндеу жұмыстарының барысын тұрақты бақылауды және кеменің өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етеді.
83. Кемені слипке көтерген (докқа қойған) және оны слиптен түсірген (доктан шығарған) кезде капитан экипаждың жұмысына өзі басшылық жасайды. Слипте (докта) тұрған кезде капитан слиптің (доктың) әкімшілігіне барынша жэрдем көрсетеді, сондай-ақ кемелердің слипте (докта) тұру ережесін сақтайды.
84. Кемені слипке (докқа) қондырғаннан кейін капитан механикпен және басқа да мамандармен бірлесіп корпусты, түпкі-борттық арматураны, қозғаушы-меңгеріктік кешенді сырттай байқау жүргізеді және олардың жай- күйі туралы акт жасайды. Кемені слиптен түсіру (доктан шығару) алдында осындай байқауды қайтадан жүргізеді.
85. Орындалған жұмыстарды қабылдау және жөндеуді аяқтау сәйкес актілермен еркін нысанда ресімделеді.
86. Ауысым капитаны капитан жоқ кезде капитанның мәртебесін пайдаланады және оның міндеттерін орындайды.
87. Кемеде капитан және ауысым капитаны бір мезгілде болған кезде соңғысы өзі алмастыратын тұлғаның функцияларын орындайды және оның өкілеттіктерін пайдаланады.
3-параграф. Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман)
88. Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман) (бұдан әрі - капитанның аға көмекшісі):
1) капитанға тікелей бағынады және оның бірінші орынбасары болып табылады;
2) әкімшілік жағынан бүкіл экипажға басшылық етеді;
3) кеме рейсте болған кезде капитан өз функцияларын орындауы мүмкін болмаған жағдайда, капитанның аға көмекшісі кеме иесі белгілейтін пунктке дейін көшу кезеңіне (10 күнтізбелік күннен артық емес) кеме басқаруды қабылдайды.
89. Капитанның аға көмекшісінің экипаждың осы Жарғыда көзделген жалпы функцияларын орындауға қатысты өкімдерін (жалпы кеме қызметін ұйымдастыру, уақыт кестесі, кемеде тәртіп сақтау, сондай-ақ қауырт жұмыстар, кеме дабылдары, кемені тиісті санитарлық жағдайда ұстау, киім нысанын және оның ұқыптылығын сақтау, капитанның бұйрықтары мен нұсқауларын орындау жөнінде) кеме экипажының барлық мүшелері орындайды.
90. Капитанның аға көмекшісінің қарауында мыналар болады:
1) корпус, палубалар, қондырмалар, рангоут, такелаж, люктік жаппалар, су танкілері және қылталары, өлшеу және ауа құбырлары; адамдар тұратын, тұрмыстық және палубалық қызметтік бөлмелер, траптар;
2) жүк, зәкірлік, шынжыр арқанды, тіркеп сүйрейтін, құтқарушы құрылғылар;
3) өртке қарсы су магистральі, тұрмыстық техника:
4) палубалық бөліктің авариялық, құтқару, өртке қарсы, шкиперлік және шаруашылық-тұрмыстық жабдықтау (құрал-сайман және материалдар).
91. Капитанның аға көмекшісі:
1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқаулықтарына, ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган және кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес өзінің меңгеруіндегілерді техникалық пайдалануды және ұстауды;
2) өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын;
3) палубалық бөлігі бойынша кеме жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды және жүргізуді;
4) кемеде кемінде айына бір рет үлкен жиыстыру өткізуді;
5) өзінің меңгеруіндегілері бойынша тіркелімдік және басқа да техникалық құжаттаманы сақтауды; палубалық бөлік бойынша жөндеу ведомостарын уақытында жасауды;
6) тамақ өнімдерін, ауыз суды уақытында алуды, дұрыс сақтауды, жұмсауды және есепке алуды; экипаждың тамақтану мәзірін бекітуді;
7) адамдар тұратын және қызметтік бөлмелерде суағарлардағы және пайолдар астындағы су деңгейін бақылауды;
8) өзінің меңгеруіндегілер бойынша іс қағаздарын және есептілік жүргізуді;
9) палубалық жұмыстармен айналысатын экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі жөнінде нұсқама откізуді;
10) экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі және палубалық бөліктің өрт қауіпсіздігі ережелерін, сондай-ақ санитарлық ережелерді сақтауын бақылауды;
11) адамдарды кемеге отырғызу және оларды кемеден түсіру қауіпсіздігін;
12) экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске, өртке қарсы қорғанысқа, адамдарды құтқаруға уақытында және жан-жақты дайындауды;
13) құтқарушы құралдардың шұғыл пайдалануға тұрақты даярлығын, оларға ұдайы еркін қол жетімділікті, тиісті жабдықтармен толықтырылуын;
14) оның меңгеруіндегі палубаларда және бөлмелерде, сондай-ақ палубалық бөлігі бойынша жұмыстарды орындаған кезде өрт қауіпсіздігі шараларын сақтауды;
15) камбузда, адамдар тұратын және қызмет бөлмелерінде тәртіпті;
16) экипаж мүшелерін және кемеде уақытша болатын адамдарды тұрғын бөлмелер бойынша орналастыруды;
17) экипаж мүшелерінің белгіленген мерзімдерде медициналық байқаулар мен егулерді өтуін; қажет болған жағдайларда алғашқы дәрігерге дейінгі көмек көрсетуді; кеменің дәрі қорабын тиісінше ұстауды, сондай-ақ кеменің дератизациядан және дезинсекциядан етуін;
18) құрғақ қоқыс пен тамақ қалдықтарын тапсыруды;
19) барлық кеме бөлмелері кілттерінің көшірмелерін сақтауды;
20) жолаушылар билетіне бақылау жүргізу кеме иесімен немесе ішкі су көлігі саласында оған уәкілетті орган тұлғасының қатысуымен немесе өз бекімен;
21) палубалық бөлік бойынша техникалық оқуды жоспарлауды және ұйымдастыруды қамтамасыз етеді.
92. Жүк операцияларын бастаудың алдында және оларды орындау кезінде капитанның аға көмекшісі:
1) кеменің қауіпті жүктерді тасымалдау дайындығына басшылық етеді және оларды тасымалдаудың ережелерін сақтау жөніндегі барлық іс-шаралардың өткізілуін қамтамасыз етеді;
2) ауыр салмақты және ұзын өлшемді жүктерді тиеуге, бекітуге және түсіруге, палубалық жүкті орналастыруға және бекітуге өзі басшылық жасайды.
93. Кеме рейске шығар алдында капитанның аға көмекшісі:
1) өзінің меңгеруіндегілердің алдағы рейске дайындығын тексереді;
2) кемені аралап шығады, сынап байқау арқылы рульдік және зәкірлік құрылғылардың, сигналдық-айырымдық оттардың, жарық, дыбыс және авариялық сигнал беру құралдарының, кемеішілік байланыстың, басты қозғалтқыштармен қашықтан басқарудың дайындығын тексереді, ал көлге және су қоймасына шығудың алдында трюмдердің, иллюминаторлардың, люктердің және палуба мен борттардағы басқа да саңылаулардың жабылу сенімділігіне көз жеткізеді;
3) кеменің палубалық құрылғыларын, палубаларда орналасқан жүктерді және басқа да мүлік пен заттарды бекітудің сенімділігін тексереді;
4) кемеден бөтен адамдарды шығарады және белгіленген уақытта рейске дайыидығы туралы капитанға хабарлайды.
94. Жүзу кезеңінде капитанның аға көмекшісі:
1) палубалық құрылғылар мен жүктердің тиісінше бекітілуін бақылайды және қамтамасыз етеді;
2) корпустың су өткізбеушілігін ұйымдастырады және бақылау жүргізеді;
3) мұз қату жағдайларында кемені жүзуге дайындау жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды.
95. Экипаж кемені тастап шыққан кезде капитаңның аға көмекшісі кеме бөлмелерін тексеруді қамтамасыз етеді және кемеде адамдар қалмағанына көз жеткізеді.
4-параграф. Капитанның екінші көмекшісі (екінші штурман)
96. Капитанның екінші көмекшісі (екінші штурман) (бұдан әрі - капитанның екінші көмекшісі) тікелей капитанның аға көмекшісіне бағынады.
97. Капитанның екінші көмекшісі жүкті, багажды және поштаны қабылдауды және тапсыруды жүзеге асырады; оларды тиеудің, бекітудің және түсірудің, жүкке, багажға және поштаға көлік құжаттарын ресімдеудің дұрыстығын қамтамасыз етеді.
98. Капитанның екінші көмекшісі:
1) кемеде жүкті орналастырудың жүк жоспарын жасайды және оны капитанға бекітуге ұсынады;
2) жүк бөлмелерінің дайындығын қамтамасыз етеді және механикпен бірге жүк құрылғыларының жүктерді қабылдауға дайындығын, жүк көтергіш құрылғылардың дұрыс пайдаланылуын тексереді;
3) кемедегі жүк операциялары кезінде экипаж мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтауын қадағалайды;
4) жүктерді тиеу, орналастыру, тасымалдау және түсіру кезінде санитарлық ережелердің және өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын қамтамасыз етеді;
5) жүк бөлмелерінің дұрыс ашылуын және жабылуын қарап отырады, жабылған кезде оларда адамдар қалуына жол бермейді;
6) жүк бөлмелерін пломбылау кезінде қатысады және пломбалардың сақталуын тексереді;
7) жүктің жай-күйін және тиеу, тасымалдау және түсіру процесінде жүк бөлмелерінде температуралық режимнің және желдету режимінің сақталуын қадағалайды;
8) жол журналын еркін нысанда, жүк кітабын және жүк тасымалдау жөніндегі басқа да іс қағаздарын жүргізеді, жүк есебін жасайды және оны капитанға қол қоюға ұсынады;
9) жүктің кем шығу, жоғалу немесе зақымдану жағдайларын белгіленген тәртіппен ресімдейді.
99. Жүктерді ауыстырып тиеу кезінде капитанның екінші көмекшісінің қарамағында жүкті есептеу және трюмдерде жұмыс істеу үшін тағайындалған, кеме экипажының мүшелері болады, оларға жүкті қабылдау, салу және тапсыру және басшылық ететін жұмыстары туралы нұсқау береді.
100. Капитанның екінші көмекшісі жүк операцияларын жүргізу кезінде кемеден капитанның, ал ол болмаған кезде - өзінің функцияларын кезекші бастыққа немесе капитан немесе капитанның аға көмекшісі тағайындаған басқа адамға тапсырып, капитанның аға көмекшісінің рұқсатымен ғана кете алады.
101. Жүк тасымалдамайтын кемелерде капитанның екінші көмекшісінің функциялары аясын капитан белгілейді.
102. Өзінің меңгеруіндегінің рейске дайындығы туралы капитанның екінші көмекшісі капитанның аға көмекшісіне хабарлайды.
5-параграф. Капитанның үшінші көмекшісі (үшінші штурман)
103. Капитанның үшінші көмекшісі (үшінші штурман) (бұдан әрі - капитанның үшінші көмекшісі) тікелей капитанның аға көмекшісіне бағынады.
104. Капитанның үшінші көмекшісінің функциялары ішкі су көлігі кемелерінде кеме иесі әзірлейтін лауазымдық нұсқаулықта айқындалады.
105. Капитанның үшінші көмекшісінің қарауында теңіз кемелерінде навигациялық карталар және құралдар, корректуралық материалдар, техникалық кітапхана, штурмандық және гидрометеорологиялық аспаптар мен құрал-саймандар, көзбен шолып бақылау, байланыс, сигнал беру және қолмен дыбыстық сигнал беру құралдары, сондай-ақ кеме кеңсесі болады.
106. Капитанның үшінші көмекшісі:
1) өзінің меңгеруіндегі аспаптарды, құралдарды және керек-жарақтарды техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқаулықтарына және өзге де нормативтік-техникалық құжаттамаға сәйкес техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) өзінің меңгеруіндегі аспаптарға, құралдарға және керек-жарақтарға қатысты техникалық құжаттаманы жүргізеді және сақтайды;
3) өзінің меңгеруіндегі аспаптарға, құралдарға және керек-жарақтардың, техникалық әдебиеттерге, жүзу үшін карталар мен құралдарға, корректуралық материалдарға тапсырыс береді, алады, есебін жүргізеді және сақтайды, уақытылы карталар мен құралдардың корректурасын жүргізеді;
4) билеттер сатады (жолаушылар кемелерінде), кассалық есептеме жүргізеді және оны капитанға қол қоюға ұсынады;
5) жұмыс уақытының есебін жүргізеді, жалақы есептейді, капитанның сенімхаты бойынша ақша алады және оны ведомост бойынша экипаж мүшелеріне береді;
6) хронометриялық журнал жүргізеді, тәулік сайын хронометрдің түзетуін анықтайды (шығарады) және кеме сағаттарының көрсеткіштерін салыстырады;
7) девиациялық жұмыстардың уақытында жүргізілуін қадағалайды;
8) байланыстың кору құралдарымен сигнал жүргізу, өзінің меңгеруіндегі аспаптарды және құралдарды орналастыру және пайдалану жөнінде палубалық командамен оқулар мен жаттығулар өткізеді;
9) кеменің келуі мен кетуін ресімдейді;
10) белгіленген тәртіппен кемелік, машиналық және басқа да журналдарды алады және куәландырады, оларда тізілімді сақтайды;
11) журналдардың бланкілерін және басқа да бланкілерді, кеңсе жабдықтарын, бұйрықтарды, нұсқаулықтарды лоне т.с.с. алады, олардың есебін жүргізеді;
12) өзінің меңгеруіндегінің рейске дайындығын қамтамасыз етеді және оның дайындығы туралы белгіленген уақытта капитанның аға көмекшісіне хабарлайды.
6-параграф. Жер снарядының (түбін тазартқыш сиарядтың) командирі (багермейстері)
107. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) командирі (багермейстері) (бұдан әрі - Жер снарядының командирі) осы Жарғының 4-тарауының 1-параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және өзінің функцияларын орындайды (кеменің мақсатын ескере отырып), сондай-ақ жер снарядына бекітілген кемелердің жұмысына басшылық жасайды.
108. Жер снарядының командирі сондай-ақ:
1) жер снаряды жұмысының қауіпсіздігін;
2) алдағы жұмысты орындауға алынған тапсырманы командалық құраммен пысықтауды және экипаждың назарына жеткізуді;
3) жұмысты кезекшілік бойынша бөлуді;
4) зерттелетін учаскеде навигациялық жабдықтар белгілерінің жарамды іс-әрекетін бақылауды;
5) еркін нысанда жұмыс журналын және есеп пен есептіліктің басқа да құжаттарын, сондай-ақ Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес кеме құжаттарын жүргізу.
109. Жер снарядының командиріне өндірістік-технологиялық қызмет мәселелерінде жер керуенінің құрамына кіретін зәкір ауыстырып қоюшылардың, брандвахталардың, баржалардың және басқа кемелердің жұмысы бағындырылған.
110. Жер снарядының командирі навигациялық жабдықтар белгілерін дұрыс орналастыруды және оның шекараларында жер снаряды жүмыс істейтін кеме жолының тазалығын қамтамасыз ету жөнінде жабдықтау учаскесінің қызметкерлеріне бұйрықтар береді.
7-параграф. Жер снаряды командирінің бірінші көмекшісі
111. Жер снаряды командирінің бірінші көмекшісі жер снаряды командирінің орынбасары болып табылады, осы Жарғының 4-тарауының 3-параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды орындайды (кеменің міндетін ескере отырып).
112. Жер снаряды командирінің бірінші көмекшісі сондай-ақ:
1) жер керуенінің жұмыс құрылғыларын (шөміш шынжырын, плаврефулерді) орнату және құрастыру жөніндегі жұмыстарға басшылық жасайды, тіркеп суйреу кезінде керуеннің дұрыс бекітілуін қадағалайды, үлкен практикалық тәжірибені талап ететін, жауапты тағайындау жұмыстарына қатысады;
2) жер снаряды жұмысының технологиялық режимін әзірлейді және бекітуге ұсынады және оны жүйелі бақылайды;
3) жер снаряды жұмысының технологиялық режимін бақылайтын өлшеу аспаптарының жарамдылығын қадағалайды.
8-параграф. Жер снаряды командирінің екінші көмекшісі
113. Жер снаряды командирінің екінші көмекшісі тікелей жер снаряды командирінің бірінші көмекшісіне бағынады, осы Жарғының 4-тарауының 4-параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды (кеменің міндетін ескере отырып) орындайды.
114. Жер снаряды командирінің екінші көмекшісі:
1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес меңгеруі бойынша оған кестемен бекітілген, палубалық тетіктерді техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) өзінің меңгеруіндегі кеме техникасының істен шығуын өзі немесе оған бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;
3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;
4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, өзінің меңгеруіндегі кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;
5) өзінің меңгеруі бойынша белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
6) ойықтың жұмыс және бақылау қақпақтарын орнатуды және олардың қолданылуын қамтамасыз етеді.
9-параграф. Жер снаряды командирінің үшінші көмекшісі
115. Жер снаряды командирінің үшінші көмекшісі тікелей жер снаряды командирінің бірінші көмекшісіне бағынады, осы Жарғының 4-тарауының 5-параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды (кеменің міндетін ескере отырып) орындайды.
116. Командирдің үшінші көмекшісі:
1) техникалық пайдалану ережелеріне, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес меңгеруі бойынша оған кестемен бекітілген, палубалық тетіктерді техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) өзінің меңгеруіндегі кеме техникасының істен шығуын өзі немесе өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;
3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;
4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, өзінің меңгеруіндегі кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;
5) өзінің меңгеруі бойынша белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
6) құтқару шлюпкаларын, жұмыс қайықтарын дұрыс техникалық пайдалануды және ұстауды және оларды жабдықтауды қамтамасыз етеді;
7) су өлшеу бақылауларының ішкі журналын жүргізеді;
8) кеменің дәрі қорабын меңгереді.
10-параграф. Шкипер
117. Өздігінен жүрмейтін кеменің шкипері кеме экипажының басшысы және кеме иесінің сенім білдірген адамы болып табылады, шкипер тікелей кеме иесіне бағынады және кемеде тәртіп сақтау, кемеге зиян келтіруді және ондағы адамдарға қауіп төндіруді болдырмау үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды.
118. Шкипер:
1) кемені, кеме техникасын дұрыс техникалық пайдалануды және қызмет көрсетуді және кеме жабдықтары мен тасылатын жүктің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) қолданыстағы ережелерге және нұсқаулықтарға сәйкес жүкті қабылдауды және тапсыруды жүзеге асырады;
3) тіркеп сүйреушінің капитанының өздігінен жүрмейтін кемені басқару жөніндегі нұсқауларын орындайды;
4) әрбір жүкті ауыстырып тиеу жұмысының алдында жүк көтергіш және қабылдаушы құрылғыларды тексереді;
5) энергетикалық және қазандық қондырғыларының жұмысын қамтамасыз етеді;
6) кеме қажеттіліктері үшін құрал-сайман, материалдар, отын және су алуды және дұрыс пайдалануды қамтамасыз етеді;
7) экипаж мүшелерінің жұмыс уақытының есебін жүргізеді;
8) кеме құжаттамасын және есептілікті жүргізеді.
11-параграф. Шкипердің көмекшісі
119. Шкипердің көмекшісі тікелей шкиперге бағынады. Шкипер кемеде болмаған кезде шкипердің көмекшісі оның өкілеттіктерін пайдаланады және функцияларын орындайды.
120. Шкипердің көмекшісі:
1) шкиперге функцияларын орындауға көмектеседі;
2) кемені дұрыс тиеу-түсіруді және кемеге жүктерді орналастыруды қамтамасыз етеді;
3) такелаждық, балташылық, сырлаушылық және зәкірлік-шынжыр арқанды жұмыстарды орындайды;
4) меңгеруі бойынша өзіне кестемен бекітілген кеме техникасын дұрыс техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді.
12-параграф. Механик
121. Механик капитанның кемені техникалық пайдалану жөніндегі орынбасары және механикалық және электртехникалық бөліктері бойынша жұмыстарды орындайтын экипаж мүшелерінің тікелей бастығы болып табылады.
122. Механиктің кемені техникалық пайдалану мәселелері жөніндегі нұсқаулары мен өкімдерін кеме экипажының барлық мүшелері орындайды.
123. Механиктің қарамағында басты қозғалтқыштар, білік құбырлары және қозғаушы-рульдік кешен, көмекші тетіктер, жүйелер, электр жабдығы, машина бөлмелері, палубалық тетіктердің, құрылғылардың және тұрмыстық техниканың механикалық және электротехникалық бөліктері болады.
124. Механик машиналық бөлікке жататын қосалқы бөлшектер, құрал-сайман, материалдар және басқа да мүлік үшін материалдық жауапты тұлға болып табылады және олар бойынша есеп және түгендеу кітабын жүргізеді.
125. Механик:
1) техникалық пайдалану қағидаларына, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес бекітілген кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды;
2) палубалық тетіктер мен құрылғыларға және корпустық құрылымдарға техникалық қызмет көрсетуді;
3) кезекшіліктер атқаруды сенімді ұйымдастыруды, жұмыстарды орындауды және өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын;
4) өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің кеме техникасын техникалық пайдалану жөніндегі ережелерді, қағидаларды, нұсқаулықтарды, басшылықтарды және басқа да құжаттарды зерделеуін;
5) меңгеру бойынша техникалық оқуды жоспарлауды және өткізуді;
6) кеме техникасына техникалық қызмет көрсетуді өткізудің күнтізбелік кестелерін жасауды;
7) техникалық қызмет көрсетуге басшылық жасауды және оның орындалуын қадағалауды;
8) машиналық бөлік бойынша жылу техникалық бақылау жүргізуді және нормативтік техникалық-экономикалық көрсеткіштерді орындауды;
9) кеме техникасының жарамсыздығын уақытында жоюды және оны жөндеуді экипаждың күшімен кемені пайдаланудан шығармай ұйымдастыруды, ал экипаждың күшімен жоюға болмайтын жарамсыздықтар анықталған жағдайда бұл туралы белгіленген тәртіппен шаралар қабылдау үшін капитанға хабарлауды;
10) техникалық пайдаланудың озық әдістерін енгізуді;
11) кеме техникасы капитанының рұқсатымен Кеме қатынасы тіркелімі және басқа да техникалық қадағалау органдарының куәландыруына уақытында ұсынуды;
12) жөндеу ведомостарын уақытында жасауды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, жөндеу жұмыстарының және бекітілген кеме техникасына техникалық қызмет көрсету жөніндегі жұмыстардың сапасын және көлемінің толықтығын бақылауды;
13) машина бөлмелерінде және өзінің меңгеруіндегі бөлмелерде өрт қауіпсіздігі мен еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтауды, өрт сөндіргіш және су теккіш сорғылардың, жүйелер мен құрылғылардың іс-әрекетке тұрақты даярлығын;
14) өтінімдер жасалуын, өзінің меңгеруі бойынша қосалқы бөлшектерді, құрал-сайманды, материалдарды, отын мен майлайтын майларды қабылдауды, есепке алуды және сақтауды, олармен жабдықталуын бақылауды;
15) өзінің меңгеруі бойынша кеменің техникалық құжаттамасын, іс қағаздарын және есептілігін жүргізуді және сақтауды;
16) күрделі жағдайларда жүзген кезде капитанның нұсқауы бойынша энергетикалық қондырғыны басқаруға басшылықты;
17) капитанның энергетикалық қондырғының жұмыс режиміне байланысты барлық өкімдерін орындауды қамтамасыз етеді. Өкімді орындау кеме техникасының қатардан шығуына алып келетін жағдайларда, механик болжамды салдарлары туралы капитанды ескертуге және капитанның келесі өкіміне сәйкес іс-әрекет жасауға міндетті. Осындай өкімдер туралы машина журналында жазбалар жасалуға тиіс.
126. Механик экипажды кеменің өміршеңдігі үшін күреске дайындауға және ұйымдастыруға қатысады және машина-қазандық бөлмелеріндегі өміршеңдік үшін күреске басшылық жасайды.
127. Егер кеменің қауіпсіздігіне қауіп төндірмесе және оны қалыпты пайдалануды бұзбаса, механик кеме техникасының жекелеген элементтерін қолданыстан дербес шығарады.
128. Кемені жөндеуге қойған кезде, ұзақ тұрғанда, сондай-ақ сыртқы ауаның төменгі температурасы кезінде жүк операцияларын жүргізген уақытта механик кеме техникасының жібуін болдырмау мақсатында іс-шаралар және ескерту шараларын өткізуді қамтамасыз етеді.
129. Егер бағыныштылардан әлдекімнің іс-әрекеті кеме техникасының қатардан шығуымен қауіп төндірсе, механик бұл туралы капитанға хабарлап, ол адамды функцияларын орындаудан босатады.
130. Кеменің экипажсыз, бекітілген өздігінен жүрмейтін кемелермен жұмысы кезінде механик осы кемелерде кеме техникасын техникалық пайдалануды қамтамасыз етеді.
131. Механик өзінің меңгеруіндегіні рейске дайындауды қамтамасыз етеді және белгіленген уақытта даярлық туралы капитанға хабарлайды.
132. Кемеге тағайындалған механик, белгіленген тәртіппен өзінің алдындағыдан кеме техникасын, отынды, майлайтын материалдарды, құрал-сайманды, қосалқы бөлшектерді және құрылғыларды, нормативтік техникалық құжаттаманы, командалық құрамның механикке бағынышты жауапты тұлғаларының баянаттарын, сондай-ақ өзінің меңгеруі бойынша іс қағаздары мен есептемені қабылдайды. Қабылдау-тапсыру туралы капитанмен бекітілетін сәйкес акт еркін нысанда жасалады. Актінің бір данасы кемеде қалады, ал екіншісі кеменің иесіне жіберіледі. Қабылдау-тапсыру күні және уақыты машина журналында Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес тіркеледі.
13-параграф. Ауысым механигі
133. Жұмыстың бригадалық әдісі кезінде механик болмағанда ауысым механигі оның өкілеттіктерін пайдаланады және функцияларын орындайды.
134 Кемеде механик және ауысым механигі бір мезгілде болған кезде соңғысы өзі алмастыратын тұлғаның міндеттерін орындайды және оның құқықтарымен пайдаланады.
14-параграф. Механиктің бірінші көмекшісі
135. Механиктің бірінші көмекшісі тікелей механикке бағынады. Кеме рейсте болған кезде механиктің өз міндеттерін орындауы мүмкін болмаған жағдайда, оның функцияларын кеме иесі белгілейтін пунктке дейін көшу кезеңіне (10 күнтізбелік күннен артық емес) механиктің бірінші көмекшісі орындайды (бұл ретте кезекшіліктердің ұзақтығы осы Жарғыда белгіленген уақыттан аспауы тиіс).
136. Механиктің бірінші көмекшісінің қарамағында:
1) қызмет көрсететін барлық техникалық құралдармен басты қозғалтқыштар, білік құбырлары, дейдвудтық құрылғылар, қозғаушылар, рульдік құрылғының, табиғат қорғау жабдығының механикалық бөлігі;
2) кемедегі балластық, кептіргіш және өртке қарсы жүйелер; отын және май танктері мен цистерналары; отын және май жүйелері; авариялық жабдықтар және машина бөлмелерін жабдықтау;
3) жүк көтергіш механизмдер және машина бөлмелерінің құрылғылары;
4) өзінің меңгеруіндегі автоматтандыру құралдары және бақылау-өлшеу аспаптары болады;
5) ауыз су және техникалық суды дайындаудың тетіктері мен құрылғылары.
137. Механиктің бірінші көмекшісі өзінің меңгеруі бойынша:
1) техникалық пайдалану қағидаларына, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;
3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;
4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау қызметтері орындайтын, кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;
5) техникалық қызмет көрсетулерді орындаған кезде машина бөлімшесіндегі ауыр салмақты механизмдерді көтеруге экипаж мүшелерімен бірге өзі басшылық жасайды;
6) техникалық қызмет көрсету мен жөндеуді орындағаннан кейін қозғалтқыштарды бұру және сынақ ретінде іске қосу кезінде қатысады;
7) тиеудің алдында капитанның екінші көмекшісімен бірлесіп, жүк бөлмелерінің жабдықтарын қарайды және олардың жарамдылығын тексереді;
8) материалдық-техникалық жабдықтаудың қолда барын тексереді және оған сәйкес өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді;
9) отын, май қабылдаған кезде мұнай өнімдерінің борттан тыс ағуын болдырмау жөнінде шаралар қабылдайды;
10) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
11) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.
15-параграф. Механиктің екінші көмекшісі
138. Механиктің екінші көмекшісі тікелей механикке бағынады.
139. Механиктің екінші көмекшісінің қарамағында:
1) көмекші қозғалтқыштар, соның ішінде авариялық дизель генераторлар, ауа компрессорлары, оларға қызмет көрсететін техникалық құралдармен ауа сақтағыштар;
2) механиктің бірінші және үшінші көмекшілеріне бекітілген жүйелерден басқа, кемедегі барлық жүйелер (олардың электр бөлігін қоспағанда);
3) өзінің меңгеруіндегі автоматтандыру құралдары (олардың электр бөлігінен басқа) және бақылау-өлшеу аспаптары болады.
140. Механиктің екінші көмекшісі өзінің меңгеруіндегілер бойынша:
1) техникалық пайдалану қағидаларына, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе өзіне бөлінген мамандарды тарта отырып жояды;
3) өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды, олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;
4) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, кеме техникасына техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;
5) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді;
6) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
7) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.
16-параграф. Механиктің үшінші көмекшісі
141. Механиктің үшінші көмекшісі тікелей аға механикке бағынады.
142. Механиктің үшінші көмекшісінің қарамағында:
1) оған қызмет көрсететін техникалық құралдарымен көмекші қазандық қондырғысы;
2) құтқару шлюпкаларының қозғалтқыштары;
3) трюмдік механикаландыру құралдарының механикалық бөлігі;
4) тұрмыстық техника, сумен жабдықтау жүйелері;
5) сарқынды фекалдық, жылыту және желдету (электр белігінен басқа).
Механиктің үшінші кемекшісінің штаттық лауазымы жоқ кемелерде оның функцияларын механиктің екінші көмекшісі орындайды.
143. Механиктің үшінші көмекшісі:
1) қағидалар мен нұсқаулықтарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді, жұмыстарды қауіпсіз ұйымдастыруды, еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау және өрт қауіпсіздігі жөніндегі ережелердің орындалуын қамтамасыз ете отырып, өзіне бөлінген мамандардың жұмысына басшылық жасайды;
2) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, кеме техникасын жөндеудің толықтығы мен сапасын бақылайды; материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды, сақтауды және оның есебін қамтамасыз етеді;
3) орнатылған техникалық құжаттаманы жүргізеді;
4) сапарға дайындықты қамтамасыз етеді және берілген уақытта кеме механигіне кеменің меңгерілуінің дайындығын баяндайды.
17-параграф. Электромеханик (механиктің электр жабдықтары жөніндегі көмекшісі)
144. Электромеханиктің қарамағында (электр жабдығы бойынша механик көмекшісі) (бұдан әрі - электр механигі) кеменің электр жабдықтары, автоматтандыру және бақылау құралдарының, кеме техникасының электр бөлігі, сым арқылы электр байланысы және дабыл беру жүйесі, дербес қоректендіру көздері және электр жабдықтарының іске қосу-реттеу аппаратурасы, алып жүретін электр жабдығы болады.
145. Электромеханик өзінің меңгеруіндегілер бойынша:
1) техникалық пайдалану қағидаларына, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және баска да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе мамандарды тарта отырып жояды;
3) вахталықтарды тиісінше атқаруды, жұмыстарды орындауды, өзіне бағынышты экипаж мүшелерінің еңбек тәртібін сақтауын және олардың еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі жөніндегі қағидалар мен нұсқаулықтарды орындауын қамтамасыз етеді;
4) кеме экипажының электр жабдықтарын пайдаланумен байланысты адамдарымен еңбек қауiпсiздiгi және еңбектi қорғау жөнінде нұсқама өткізеді;
5) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостерін жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын бақылайды;
6) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, қосалқы бөлшектерді, құрылғыларды және материалдық-техникалық жабдықтарды алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, олардың есебін жүргізеді;
7) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
8) жер керуенінің құрамына кіретін кемелердің электр жабдықтарының жұмысын бақылауды қамтамасыз етеді;
9) кемедегі электр жабдықтарының қатардан шығу қаупі төнген кезде тиісті шаралар қабылдай отырып, кезекші механикке хабарлайды;
10) вахта бастығының шақыруы бойынша машина бөлімшесіне немесе басқа көрсетілген жерге дереу келеді;
11) күрделі жағдайларда жүзу кезінде вахта бастығының нұсқауы бойынша орталық басқару пунктінде (бұдан әрі - ОБП) немесе ОБП болмаған кезде басты үлестіргіш қалқанның жанында болады;
12) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта механикке хабарлайды.
146. Штатта радиооператор лауазымының болмауына байланысты электромеханик электрорадионавигациялық қондырғыларға техникалық қызмет көрсетуді және тиісті жұмыстармен қамтамасыз етуді, сол қондырғыларға жататын техникалық құжаттамаларды жүргізуді, соларға қосалқы бөлшектер мен қажетті материалдарды сақтау және есептеуді, алуды қамтамасыз етеді.
147. Егер қауіпсіздікке қауіп төндірмесе және оның қалыпты пайдаланылуын бұзбаса, электромеханик өзінің меңгеруіндегі кеме техникасының жекелеген элементтерін қолданыстан дербес шығарады.
148. Электромеханик лауазымы штатта болмаған кезде оның функциялары механик пен механиктің көмекшісі арасында бөлінеді.
149. Командалық құрамның адамдары осы Жарғыда көзделген, көлік кемелеріндегі ұқсас лауазымға қарай атқаратын қызметіне сәйкес, сондай-ақ кеме иелерімен бекітілген, кемелердің конструкциясы мен мақсатының ерекшеліктерін ескеретін лауазымдық нұсқаулықтарға сәйкес функцияларын орындайды және өкілеттіктерін пайдаланады.
18-параграф. Радиостанция бастығы
150. Кеме радиостанциясының бастығы тікелей капитанға бағынады, кемедегі радио мамандарының бастығы болып табылады және радиобайланысын қамтамасыз етеді.
151. Радиостанция бастығының қарамағында радио жабдық және олардың қуат көзінің түрлендіргіштерімен электрорадионавигациялық аспаптар (бағыт аспаптың және радиолокатордың қуат көзінің электромашиналық түрлендіргіштерінен басқа), аккумуляторлық батареялар, радиостанциялар, басқа радиотехникалық құралдар, сондай-ақ осы кеме техникасы орналасатын бөлмелер болады.
152. Радиостанция бастығы өзінің меңгеруіндегілер бойынша:
1) техникалық пайдалану қағидаларына, жасап шығарушы зауыттардың нұсқауларына және ішкі су көлігі саласындағы уәкілетті орган немесе кеме иесі басып шығаратын басқа да нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкес кеме техникасын техникалық пайдалануды және ұстауды қамтамасыз етеді;
2) кеме техникасының істен шығуын өзі немесе кеме мамандарын тарта отырып жояды;
3) техникалық қызмет көрсетудің күнтізбелік кестелерін және жөндеу ведомостарын жасайды, жағалау және кеме мамандары орындайтын, техникалық қызмет көрсету және оны жөндеу көлемінің толықтығы мен сапасын қамтамасыз етеді және бақылайды;
4) материалдық-техникалық жабдықтауға өтінімдер жасайды, оны алуды және сақтауды қамтамасыз етеді, оның есебін жүргізеді, радиобөлігі және электрорадионавигациялық аспаптар бойынша түгендеу кітаптарын жүргізеді;
5) белгіленген техникалық құжаттаманы жүргізеді;
6) капитанның рұқсатымен кеме техникасын Кеме қатынасы тіркеліміне және басқа да техникалық қадағалау органдарына куәландыруға уақытында ұсынады;
7) рейске дайындықты қамтамасыз етеді және меңгеруіндегінің дайындығы туралы белгіленген уақытта капитанға хабарлайды.
19-параграф. Кеме дәрігері (фельдшер)
153. Кеме дәрігері (фельдшер) экипаждың медициналық қамтамасыз етілуін және кеменің санитарлық жай-күйін қадағалайды. Оның қарамағында медициналық мақсаттағы бөлмелер мен жабдықтар, медициналық құралдар және дәрі-дәрмектер болады. Кеме дәрігерінің емдік және санитарлық ережелерді сақтау саласындағы талаптары кемедегі барлық адамдар үшін міндетті.
154. Кеме дәрігері (фельдшер):
1) кемеде гигиеналық және санитарлық ережелердің сақталуын қамтамасыз етеді;
2) санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы іс-шаралар жүргізеді, жұқпалы және жаппай аурулар жағдайлары туралы капитанға хабарлайды;
3) кемедегі адамдарға және қажет болған кезде басқа кемелер экипаждарының мүшелеріне де емдік-профилактикалық дәрігерлік көмек көрсетеді. Диагностиканың және емдеудің қиын жағдайларында радио бойынша мамандардың консультацияларын алады;
4) кеменің санитарлық жай-күйін, азық-түлік пен кемітілмейтін қордың сақталуын, ауыз судың сапасын, құтқару құралдарының медициналық толықтырылуын күнделікті бақылауды жүзеге асырады;
5) өзінің меңгеруіндегіні тәртіпте және дайындықта ұстайды;
6) экипажға алғашқы дәрігерлік көмек көрсету тәсілдерін үйретуді жүзеге асырады;
7) экипаждың медициналық байқаулар мен талап етілетін егулерді уақытында өтуін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
8) кемеде уақытында дератизация және дезинсекция жүргізуді қамтамасыз етеді;
9) халықаралық, ұлттық және жергілікті санитарлық ережелердің сақталуын қадағалайды;
10) дәрігерлік-санитариялық жабдықтауға тапсырыс береді, күшті әсер ететін дәрілер мен есірткі заттарын сақтауды және олардың берілуін бақылауды қоса алғанда, оны қабылдауды, оның есебін және жұмсалуын жүзеге асырады;
11) ас мәзірін жасауға қатысады, азық-түліктің сапасын, олардың құнарлылығын және тағам дайындауды бақылайды;
12) кеме портқа келген (кеткен) кезде санитарлық және карантиндік іс-шаралардың орындалуын жүзеге асырады;
13) капитанның аға көмекшісіне қызметтің рейске дайындығы туралы мәлімдейді.
155. Кеме дәрігері (фельдшер) жоқ кемелерде оның функциялары оның құзыреті мен құқықтары шегінде капитанның аға көмекшісіне жүктеледі.
20-параграф. Боцман
156. Боцман капитанның аға көмекшісіне бағынады және палубалық команданың тікелей бастығы болып табылады.
157. Боцман:
1) Боцман корпусқа, палубаларға, қондырғыларға, жүк және кеме бөлмелеріне, тұщы су танкілеріне, өлшеу, қабылдау және ауа құбырларына, рангоутқа, такелажға, траптарға, рульдік, жүк, зәкірлік, шынжыр арқанды, тіркеп сүйреу құрылғыларына (осы құралдардың механикалық, электр және гидравликалық бөліктерінен басқа), құтқару құралдарына, өртке қарсы, авариялық-құтқару жабдықтары мен мүлікке, құрал-сайманға, жабдықтарға және өзінің меңгеруіндегі басқа да техникалық құралдарға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді;
2) Боцман машина бөлімшесін қоса алғанда, кеме бойынша сырлау және такелаж жұмыстарына басшылық жасайды;
3) өзінің меңгеруіндегі техникалық құралдарды пайдалану және қызмет көрсету ережелерін сақтайды, кеме мамандарын тарта отырып, алдын алу шаралары мен жөндеуді жүзеге асырады;
4) капитанның аға көмекшісінің басшылығымен кеме жұмыстарының жоспарларын жасайды, оларды жүргізудің қауіпсіздігін қамтамасыз ете отырып, олардың орындалуын ұйымдастырады;
5) құтқарушы, авариялық-құтқару және өртке қарсы құралдардың, құтқарушы салдар мен шлюпкалардың іс-әрекетке даярлығын, олардың толымдылығын және түсіретін жабдықтың тиісті жай-күйін қамтамасыз етеді;
6) трюмдер мен жүк жабдықтарын жүкті ауыстырып тиеу операцияларына даярлауды қамтамасыз етеді, ауыр салмақты және ірі габаритті жүктерді бекіту, тиеу және түсіру бойынша жұмыстарға өзі қатысады;
7) кеме командасының адамдар тұратын және қызмет бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті қадағалайды, кемені күн сайын аралап шығады;
8) кеменің рейске шығу даярлығын тексеріп, капитанның аға көмекшісіне хабарлайды;
9) ауыз су және балласт цистерналарындағы және ағынды құдықтардағы суды ұдайы өлшейді, ауыз су шығынының есебін жүргізеді.
158. Портқа (айлаққа), зәкірлік тұрақ орнына жақындаған кезде боцман арқандап байлау операцияларына немесе зәкірге қоюға басшылық жасау үшін капитанның кезекші көмекшісі көрсеткен орында тұрады.
159. Боцман вахтада тұрмайды, бірақ жүріс кезінде және тұрақта вахтада тұру үшін тартылуы мүмкін.
5. Қатардағы құрам
1-параграф. Рульдеуді басқаратын адам
160. Рульдеуді басқаратын адам тікелей боцманға бағынады, ал вахта кезінде вахта бастығының қарауында болады.
161. Рульдеу тиісті:
1) арнайы лоцияны және оларда кеме рейстер жасайтын, ішкі кеме қатынасы жолдары ауданының жүзу жағдайларын зерттеуге;
2) осы кеме жүзетін ауданға қатысты кемелердің жүзуін регламенттейтін ережелерді және олардың қосымшаларын білуге;
3) руль құрылымын, сондай-ақ таяз суда жүзу, толқын көтерілу, жел, арқандап байлау, зәкірде тұру кезінде қозғаушылардың алдыңғы және артқы жүріске жұмысы кезіндегі руль кешенінің іс-қимылын білуге;
4) руль құрылғысы түрлі жүйелерінің, авторульдік жұмыс қағидасыи біледі; қол, бу, электр, гидравлика руль жетектерін басқара алады, авторульді пайдалана, басқарудың бір түрінен екінші түріне ауысуды жүзеге асыруға;
5) кемені тұрақты бағытта ұстай алады немесе көзбен өлшеп бағдарлау кезінде де, сол сияқты бағытты көрсетушілердің түрлі жүйелерінін; көмегімен де түрлі жүзу жағдайларында вахта бастығының нұсқауы бойынша бағытты өзгерте білуге;
6) матростардың функциялары аясына кіретін барлық жұмыстарды орындай алуға;
7) жүру мінбесінде, рульде, штурман бөлмелерінде және брезент жаппалы палубада тазалық пен тәртіпті қадағалауға.
2-параграф. Матрос
162. Матрос тікелей боцманға бағынады, ал вахта уақытында вахта бастығының қарауында болады. Өздігінен жүрмейтін кемеде ол шкиперге бағынады.
163. Матрос:
1) палубалық бөлігі бойынша кеме жұмыстарына қатысады;
2) жүк бөлмелерін, жүк құралдарын және құрал-сайманды тиеуге, түсіруге және оларды жиыстыруға қатысады;
3) палубада, кеменің қызметтік және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерінде тазалық пен тәртіпті қамтамасыз етеді;
4) жүк операцияларымен байланысты жұмыстарды орындау кезінде трюмдердің люктерін ашуға және жабуға қатысады, ыдыстың жарамдылығын бақылайды, таңбалауды, салуды және қажет болған кезде жүк орындарының есебін жүргізеді, жүктің, құрал-сайманның және такелаждың сақталуын және тұтастығын қадағалайды, траптардың және басқа да трюм жабдықтарының жарамдылығын бақылайды, трюмге бөтен адамдарды жібермейді, трюмде шылым тартуға рұқсат етпейді, трюмде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді, барлық бұзушылықтар, кемшіліктер және істен шығу туралы вахта бастығына хабарлайды;
5) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі ережелері жөнінде нұсқама алғаннан кейін барлық такелаж, сырлау, арқандап байлау жұмыстарын және кемелерді тіркеп сүйреу жөніндегі жұмыстарды орындайды;
6) шлюпкада ескектермен есе алады және суағарларда су деңгейін өлшей біледі, рульді басқаратын адамның функцияларын орындайды.
3-параграф. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың)
шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы)
164. Шығыр жұмысшы тікелей командирдің бірінші көмекшісіне бағынады, ал вахта уақытында вахта бастығының қарауында болады.
165. Шығыр жұмысшы:
1) жер снаряды жұмысының технологиялық процесін басқарады;
2) жұмыс зәкірлерін жайып салу және ауыстырып қою жөніндегі жұмыстарды орындайды;
3) палубалық көмекші тетіктердің және жүк көтергіш құрылғылардың жұмысын басқарады;
4) барлық такелаж, арқандап байлау, слесарлық-жөндеу жұмыстарын, сондай-ақ жер снаряды матросының функциялары аясына кіретін шлюпкада ескектермен өсу және ескекті және моторлы, ал теңізде - желкенді құтқару шлюпкасын басқару жұмыстарын орындайды;
5) қолдағы такелаж мүлкінің, құрал-сайманның есебін жүргізеді.
166. Штатта боцман лауазымы жоқ жер снарядтарында шығыр жұмысшы осы Жарғыда "Боцман" параграфында айтылған құқықтарды пайдаланады және функцияларды (кеменің ерекшеліктерін және қызметін ескере отырып) орындайды.
4-параграф. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) матросы
167. Жер снарядының матросы тікелей командирдің бірінші көмекшісіне бағынады, ал кезекшілік уақытында вахта бастығының қарауында болады.
168. Жер снарядының матросы:
1) жедел шығыр жұмысшы және палубалық көмекші тетіктердің жұмысын басқарады;
2) жұмыс зәкірлерін көтеру, ауыстырып қою және қайтару жөніндегі жұмыстарды орындайды;
3) кемедегі барлық такелаж, сырлау, байлап қою, слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындайды, шлюпкада ескектермен өседі;
4) қызметтік, палубалық және тұрмыстық бөлмелерде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді.
5-параграф. Моторшы
169. Моторшы механиктің бірінші көмекшісіне бағынады, ал вахталық уақытында вахта механиктің қарауында болады.
170. Моторшы тиіс:
1) басты энергетикалық қондырғылардың және көмекші тетіктердің құрылымын біледі және оларға қызмет көрсете алуға;
2) энергетикалық қондырғы жұмысының нормативтік пайдалану- техникалық көрсеткіштерін білуге;
3) бүкіл кеме техникасына қызмет көрсетуге және жөндеуге қатысуға;
4) кеме техникасын техникалық пайдалану ережелерін біледі және орындауға;
5) меңгеру жөніндегі кестемен оған бекітілген тетіктерге уақытында техникалық қызмет көрсетуді жүргізуге;
6) кеме жүйелері құбырларының, вентильдерінің және қақпақтарының орналасуын және мақсатын білуге және оларды басқара алуға;
7) өз қарамағындағы құрылғылардың көрсеткіштердің мәнін оқиды және түсіне алуға.
171. Моторист жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігінің ережелері бойынша нұсқама алғаннан кейін, механиктің нұсқауы бойынша оның тікелей функцияларының аясына кірмейтін кеме жұмыстарына тартылуы мүмкін.
172. Аға моторист (аға машинист) техникалық қызмет көрсету және слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындау кезінде мотористердің (машинистердің) жұмысына басшылық жасайды.
6-параграф. Радиооператор
173. Кеменің радиооператоры тікелей радиостанция бастығына бағынады, оның менгеруіндегілерге техникалық қызмет көрсетуде оған жәрдемдеседі.
174. Штатында радиостанция бастығының лауазымы жоқ кемелерде радиооператор осы Жарғыда радиостанция бастығы үшін көзделген құқықтарды бөліседі және функцияларды орындайды.
7-параграф. Аға жолсерік
175. Аға жолсерік тікелей капитанның аға көмекшісіне (бірінші штурманға) бағынады.
176. Аға жолсерік жолсеріктердің жұмысына басшылық жасайды және жолаушылар бөлмелерін тиісті жай-күйде ұстауды қамтамасыз етеді. Жолаушыларды отырғызған және түсірген кезде жолсеріктер кезекшілігінің кестесінде көрсетілген орында болады, жолаушыларды орналастырудың қатаң тәртібін ұйымдастырады. Кеме бортында жолаушылар болған кезінде аға жолсерік мезгіл-мезгіл каюталарды және басқа да жолаушылар бөлмелерін аралап тексереді, кемшіліктер мен талаптарды анықтайды, оларды жоюға шаралар қабылдайды.
177. Аға жолсерік:
1) бос жолаушылар орындарының есебін жүргізеді және бұл туралы бірінші штурманға хабарлап отырады;
2) есепті мүліктің жай-күйін және сақталуын қадағалайды, тиісті есеп және есептілікті жүргізеді, осы мүлікті толықтыруға, ауыстыруға немесе жөндеуге өтінімдер ресімдейді;
3) жолсеріктердің өрт қауіпсіздігі, еңбек қауіпсіздігі ережелерін, санитарлық ережелерді орындауын және жолаушылардың кеме ережелерін сақтауын қадағалайды;
4) дабылдар бойынша кестеде көзделген, құтқарушы шлюпкалардың және салдардың орналасқан жерлерін, жолаушыларды көшіру жолдарын біледі;
5) кеме дабылдарын жариялаған кезде жолсеріктер іс қимылы жолаушылар арасында тәртіпті қамтамасыз ету және кеме бойынша тиісті командаларды орындауды үйлестіреді.
8-параграф. Жолсерік
178. Жолсерік тікелей аға жолсерікке бағынады.
179. Жолсерік төсек-орынның, құрал-сайманның және жабдықтардың сақталуы, жолаушылар каюталарының, дәліздердің және кеме кестесімен өзіне бекітілген, жалпы пайдалану орындарының тиісті санитарлық жай-күйі үшін жауап береді.
180. Жолсерік:
1) ақырғы пункттерде жолаушыларды отырғызу және түсіру кезінде кезекшілік уақытына қарамастан жұмыс орнында болады, кемеде келген жолаушыларды жол жүру билеттеріне және отырғызу талондарына сәйкес каюталар бойынша орналастырады;
2) жолаушылар және санитарлық-тұрмыстық бөлмелерде тәртіп пен тазалықты қамтамасыз етеді;
3) жолаушыларды олардың баратын пунктіне келгені туралы алдын ала хабарландырады;
4) жолаушылардың кеме ережелерін барлық бұзушылықтары туралы вахта бастығына хабарлап отырады;
5) кемеде балалардың тәртібін қадағалайды, ата-аналармен тиісті нұсқама өткізеді;
6) тізбеге сәйкес жолаушыларға қызмет көрсетеді;
7) дабылдар бойынша кестеде көзделген, құтқарушы шлюпкалардың және салдардың орналасқан жерлерін, жолаушыларды көшіру жолдарын біледі;
8) дауылды ауа райы кезінде каюталардың әйнектері жабық, ал иллюминаторлар қайрылып көтерілген болуын қадағалайды.
9-параграф. Аспаз
181. Аспаз кеме экипажының мүшелеріне тағам дайындауды қамтамасыз етеді, тікелей бірінші штурманға (командирдің бірінші көмекшісіне) бағынады.
182. Аспаз:
1) ас мәзірін жасайды және тағам өнімдеріне өтінімдер әзірлеуге қатысады;
2) тағамдар дайындайды және оларды ас қабылдау үшін белгіленген уақытында үлестіреді;
3) жүзбелі дүкендерде немесе жағалауда нан алуға мүмкіндік болмаған кезде оны пісіреді;
4) камбуз ыдыстарының сақталуын және ұдайы тазалығыш қамтамасыз етеді;
5) камбуз жабдықтарын пайдалану ережелерін сақтайды және оларды таза ұстайды;
6) камбуз бөлмелері мен тоңазытқыштарын, сондай-ақ өзінің арнайы киімін тазалықта ұстайды;
7) санитария ережелерін сақтайды.
6. Вахталық қызмет.
1-параграф. Жалпы ережелер
183. Кемелердегі вахталық қызмет (бұдан әрі - вахта) жоғары көңіл бөлуді және бекетте немесе жұмыс орнында үзіліссіз болуды талап ететін, қызметтік функцияларын орындаудың ерекше түрі болып табылады.
184. Кеме экипажының вахтадағы мүшелері вахтадағылар деп аталады.
185. Пайдаланудағы барлық кемелерде тәулік бойғы вахта қызметі тағайындалады.
186. Пайдаланудан шығарылған кемелерде вахталық қызметті атқару тәртібін кеме иесі белгілейді.
187. Вахталық қызмет кемені басқаруды, оның қауіпсіздігін, өміршеңдігін, өндірістік қызметін және кемеге бөтен адамдардың келуін бақылауды қамтамасыз етеді.
188. Вахталық қызметті ұйымдастыру үшін жауапкершілік кеме капитанына, ал вахталық қызметті ұйымдастыруға тікелей басшылық капитанның аға көмекшісіне және аға механикке жүктеледі.
Вахтаны тиісінше атқару үшін жауапкершілік вахта атқаратын адамдарға жүктеледі.
Вахтаға тиісінше демалыс алған адамдар тартылады.
189. Вахта атқаруға ұзақтығы кемінде 4 сағат демалыс алған адамдар жіберіледі.
190. Кемедегі вахтаны жүрістегі және тұрақтағы деп беледі. Зәкірде тұрған кезде экипаж вахтаны жүріс кестесі бойынша атқарады. Арқанмен байлаулы тұрған кезінде тұрақтағы вахтаның мерзімділігін және ұзақтығын нақты жағдайларды негізге ала отырып капитан белгілейді. Кеме тұрақта арқанмен байлаулы кезінде капитан, механик және электромеханик кеме штатында үшінші штурман, механиктің және электр механиктің үшінші көмекшілері, сондай-ақ аялдама кезеңінде командалық құрамның қалған адамдары үшін жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығын сақтаған кезде кезекшілік атқармайды.
191. Жүріс рубкасында және машина бөлімшесінде кеме жүргізушілердің және механиктердің, ал радио бөлмесінде бұдан басқа, радио мамандарының жүрістегі және тұрақтағы вахтаны атқаруы жөніндегі нұсқаулықтар болады.
192. Кезекті вахта ауысымы, вахтаға кірісуі туралы кемінде 30 минут бұрын ескертіледі. Вахта ауысымы вахта атқаратын орнына алдын ала келеді және вахтаға кіріскенге дейін жүзу жағдайларымен және техникалық құралдардың жұмыс режимімен танысады. Командалық құрамның адамдары кемінде 10 минут, ал қатардағы құрамның адамдары - вахта басталғанға дейін кемінде 5 минут бұрын келеді.
193. Егер вахта жөніндегі үлкені (вахта бастығы, вахта механигі, вахта электромеханигі) вахтаға кірісетін ауысым өзінің міндеттерін тиісінше орындай алмайды деп ойласа, оған вахтаны тапсырмайды. Мұндай жағдайда ол бұл туралы капитанға (механикке) хабарлайды. Вахта жөніндегі үлкен лауазымдылар олармен вахтаға кірісетін бүкіл құрамның өздерінің функцияларын орындауға қабілетті екендігіне көз жеткізеді.
194. Вахтаны қабылдаудың және тапсырудың нәтижелері туралы палубалық команданың мүшелері вахта бастығына, ал машина бөлімшесі - вахта механигіне хабарлайды; соңғысы одан кейін бұл туралы вахта бастығына мәлімдейді.
Күзет бойынша жоғары тұрған бастықтың рұқсатынсыз және бұйрығынсыз күзетте тұрған өзінің құзыреттерін біреуге қалтыруға немесе тапсыруға құқылы емес.
195. Экипаж бригадалық әдіспен жұмыс істеген кезде капитан диспетчерге (порт, айлақ әкімшілігіне) бригадалардың ауысымы, рейске даярлық туралы хабарлайды және одан қажетті ақпарат алады.
196. Бөтен адамдарды кемеге жіберу вахта бастығының рұқсатымен жүргізіледі.
197. Дабыл кезінде вахтадағылар дабылдар бойынша кестеге сәйкес вахтаға кірісетін адамдарға өздерінің бекеттерін тапсырғаннан кейін ғана дабылдар бойынша кестеде көзделген өздерінің орындарын алады.
198. Вахтадағылар қызметтің осы түрі үшін белгіленген киім (киім нысанын) киеді. Бұдан басқа, капитанның вахта көмекшісі және вахта матросы кеме портта тұрған кезде сол жақ жеңдеріне үш жолақты шүберек белгі тағады. Белгінің жалпы ені 4,5 см, әрбір жолақтікі 1,5 см.
Вахта капитан көмекшісінің белгісі үшін түс көк, ақ, көк, вахта матросының белгісі үшін қызыл, ақ, қызыл.
2-параграф. Вахта бастығы (капитанның вахталық көмекшісі)
199. Вахта бастығы кеменің бүкіл вахта қызметі бойынша үлкені болып табылады және тікелей капитанға, ал ол болмаған кезде аға көмекшіге бағынады.
200. Вахта бастығы (осы Жарғымен оған жүктелген шеңберде) вахта қызметінің тиісінше атқарылуын, кеменің, адамдардың қауіпсізідігін, кемедегі жүктің және мүліктің сақталуын, сондай-ақ табиғи ортаның ластануын болдырмауды қамтамасыз етеді.
201. Өзінің өкілеттіктері шегінде вахта бастығының өкімдерін кеме экипажының әрбір мүшесі және кемедегі басқа да адамдар орындайды.
202. Өрт ошағын, тесілген жер анықтаған кезде, жарылыс кезінде, сондай-ақ борт сыртына адам құлаған кезде вахта бастығы дабыл жариялайды.
203. Вахтаға кіріскен кезде вахта бастығы:
1) кеменің палубалық бөлігін тексеріп шығады, қойылған навигациялық оттар мен сигналдардың дұрыс қолданылуына және жарамдылығына көз жеткізеді;
2) сыртқы және кемшілік байланыс және сигнал беру (дыбыстық, көзбен шолу, ал күндізгі уақытта авариялықты да) құралдарын, ультра қысқа толқын радиостанциясын қолданыста тексереді;
3) вахта құрамымен танысады, вахтаға кірісетіндердің баяндамаларын қабылдайды және оларға нұсқау береді;
4) кеменің тұрған жерімен және жай-күйімен, қоршаған ортамен, ауа райы болжамдарымен және дауыл ескертулерімен танысады.
204. Вахта бастығы сондай-ақ вахтаны тапсырушыдан кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз етумен және оның пайдалану қызметімен байланысты мәліметтер алады, соның ішінде мынадай мәліметтер:
1) капитанның вахта жөніндегі өкімдері туралы;
2) балласты кемеге қабылдау және кеме корпусының, беліктерінде судың бар-жоғы туралы;
3) кеме және жөндеу жұмыстары (ашық палубаларда жүргізілетін, борт сыртындағы арматуралы және ашық от қолданылатын жұмыстарға ерекше назар аудара отырып) туралы.
205. Тұрақтағы вахтаны атқарған кезде вахта бастығы:
1) кеменің жай-күйін бақылауды жүргізеді және кеменің, адамдардың, жүктің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды;
2) ауа райының жай-күйін және қоршаған ортаны тұрақты бақылауды қамтамасыз етеді;
3) суағарлардағы және ағынды құдықтардағы суға өлшеу жүргізуді қамтамасыз етеді (жүргенде - әрбір вахтаны, зәкірде және шынжырмен байлаулы тұрған кезде - корпусымен мұзға, айлаққа соғылғаннан кейін тәулігіне кемінде екі рет, сондай-ақ мұз құрсауы кезінде - бірден және су ағушылықтың болмауына толық сенімділікке дейін). Су білінген жағдайда дереу капитанға хабарлайды және оны ағызып шығаруға тапсырма береді. Дауылдар, мұздану жағдайларында өлшеу жүргізу мүмкін болмайды, вахта бастығының өкімі бойынша бақылау ағызып шығаруын жүргізеді;
4) бортқа адамдар алған кезде және кемеден адамдарды түсірген кезде олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шаралар қабылдайды;
5) сүргі салынған трюмдерде және бөлмелерде пломбылар мен мөрлердің сақталуын қадағалайды;
6) борт жанындағы кемені және оларға борт жанындағы тұрақты корсете отырып, кемеге жақын келетін жүзбелі құралдарды қадағалайды; жүзбелі кеме құралдарын суға жіберген кезде оларға бақылау жүргізеді және оларды уақытында бортқа көтеруге шаралар қабылдайды;
7) шлюпкалардың жіберуге даярлығын қамтамасыз етеді, оларды жіберуге және қайтаруға рұқсат береді; олар кемеге қайтып келгенде шлюпкалардың командирлерінен баяндамалар қабылдайды;
8) тұрақта палубалық бөлігі бойынша жұмыстарды орындайтын экипаж Мүшелерінің еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің талаптарын сақтауын қамтамасыз етеді; жүзбелі кеме құралдарын суға түсірген және кеме бортының сыртындағы жұмыс кезінде осы жұмысты орындайтын адамдардың сақтандыру жұмыс (құтқару) жилеттерінде болуын қадағалайды;
9) ішкі су жолдарымен жүзу ережелерімен, сондай-ақ қауіпсіздікке қатысты басқа да ережелер мен қағидалардың талаптарын уақытында және дәл орындауды қамтамасыз етеді;
10) Мемлекеттік және басқа да тулар мен вымпелдерді көтеруге және түсіруге өкім етеді;
11) сигналдық оттардың уақытында қосылуын, орналасқан жеріне, кеменің жай-күйіне және қызметіне сәйкес келетін белгілер мен сигналдар қоюды қамтамасыз етеді, олардың жарамды іс-әрекетін бақылайды, кеменің көзбен шолу және дыбыстық құралдармен және ультра қысқа толқын радиобайланысы бойынша жағалаумен және басқа кемелермен байланысын жүзеге асырады;
12) егер вахтаны атқару барысы жөнінде қандай да болмасын күдіктер туындаған немесе көмек қажеттігі пайда болған жағдайда капитанға хабарлайды және соңғысының нұсқауы бойынша іс-әрекет жасайды.
206. Вахта бастығы жүріс вахтасына кіріскен кезде:
1) карта және құралдар бойынша навигациялық жағдаймен және алдағы жүзу ауданының жағдайларымен танысады;
2) кеме жүргізу техникалық құралдарының жарамды жұмысына көз жеткізеді;
3) басты және көмекші қозғалтқыштарды, рульдеу құрылысын дистанциялық басқарудың қолданылуын көрсетеді, басқару пульті аспаптарының көрсеткіштерін көрсетеді;
4) маневр орындаған кезде вахтаны табыстауды орындалатын іс-әрекет толығымен аяқталатын болғанға дейін жүргізбейді;
5) оның көзі көрініс шартына дағдыланғанына иланады.
207. Вахта бастығы жүрістегі вахтаны атқару кезінде:
1) ұдайы жүріс мінбесінде (рульдеу рубкасында) болады және қоршаған жағдайға үздіксіз бақылау жүргізеді (оның штурман бөлмесінде болуына штурмандық міндеттерін атқарумен байланысты жұмысты атқару үшін қысқа мерзімге ғана рұқсат етіледі);
2) ішкі су жолдары бойынша жүзген кезде кемені (құрамды) басқаруды жүзеге асырады;
3) кеме жүргізу техникалық құралдарының жұмысын бақылайды және оларды түзетулердің жиілігі оның қажеттігімен және мүмкіндігімен анықталады;
4) рульдеу бөлмесіндегі және жүріс мінбесіндегі бақылау-өлшеу аспаптарының көрсеткіштерін ұдайы бақылап отырады;
5) басты қозғалтқыштардың белгіленген режимдегі ұзақ жұмысынан кейін кеменің гидротехникалық құрылыстарға, айлақтарға, рейдтерге, жолдың қиын учаскелеріне жақындаудың алдында рульдеу қүрылғысының басты қозғалтқыштарының дистанциялық басқарылуы мен қолданылуын, сондай-ақ іске қосу және тифондық баллондардағы тығыздалған ауаның қысымын тексереді;
6) құтқару құралдарының, жүк жебелері мен крандарының, палубалық жүктердің және палубадағы жылжымалы заттардың бекітілу сенімділігін, люк жаппаларының жай-күйін қадағалайды;
7) жүзудің ерекше күрделі жағдайларында (шынжырмен байлау операциялары, шхераларды, арналарды және қылталарды өту, портқа кіру немесе порттан шығу, мұзда, таяз суда, қанағаттанғысыз көру жағдайларында, дауыл кезінде) және маневрлік режимдер кезінде күні бұрын вахта механигіне нұсқау береді - қайталау функцияларын орындайтын барлық техникалық кеме құралдарын қолданысқа дайындауды, ал одан кейін осы өкімнің орындалуын бақылайды;
8) көріну мүмкіндігі нашарлаған немесе көру мүмкіндігі шектеулі ауданға жақындаған кезде алдын ала бұл туралы капитанға хабарлайды, радиолокациялық станцияны және жүріс оттарын қосады, жылдамдықты азайтады, тұманда дыбыстық сигналдар бере бастайды, алға қараушы қояды және оған нұсқаулар береді, вахта механигін мүмкіндікті реверстер туралы ескертеді және одан әрі капитанның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды;
9) егер ерекше жағдайлар (кеме қатынасының жағдайлары, жекелеген кемелердің орын ауыстыруы, навигациялық жабдықтың немесе басқа техниканың анықталған жарамсыздықтары) жүзу қауіпсіздігіне күдік келтірсе, жылдамдықты азайтады (немесе қозғалысты тоқтатады), капитанға хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-әрекет жасайды;
10) ішкі су жолдары бойынша жүзген кезде кемелердің жүзуі үшін қауіп тудыратын, кеме қатынасы жағдайларының анықталған өзгерістері туралы диспетчерді және қарсы келе жатқан кемелерді хабардар етеді;
11) бортта лоцман болған кезде кеменің орнын және оның қозғалысын бақылауды жалғастырады, ал лоцманның іс-қимылына немесе ниетіне күдік келтірген кезде, дереу капитанға хабарлайды және сақтық шараларын қабылдайды.
208. Машина бөлімшесінде тұрақты вахта болмаған және қозғалтқыштардың немесе басқа тетіктердің жарамсыздығын анықтаған кезде вахта бастығы оларды жою үшін тиісті мамандарды (мінбедегі вахтада тұрғандардан басқа) шақырады немесе кеменің қозғалысын тоқтатады.
209. Вахта бастығы басқару постында бөтен адамдардың және кемені басқаруға қатысы жоқ экипаж мүшелерінің болуына рұқсат етпейді.
210. Вахта бастығына қандай да болмасын іспен айналысуға немесе вахтаны атқаруға қатысы жоқ қандай да бір функцияларды өзіне алуына рұқсат етілмейді.
211. Кезекші бастық жүріс мінбесінде (рульдеу рубкасында) капитанның болуына қарамастан, осы Жарғымен өзіне жүктелген, жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерін орындауды, кемені басқаруды өзіне қабылдағаны туралы капитан оған арнайы хабарлағанға дейін жалғастыра береді.
212. Вахта бастығы кеме айлақта тұрған кезде:
1) вахтаға кіріскен кезде тапсырушыдан тұрақ жағдайлары, жүк және балластық операциялардың барысы, капитанның тұрған жері, бортта командалық және қатардағы құрамның және экипаж құрамына кірмейтін басқа адамдардың болуы туралы, айлақтағы тереңдік, кеменің шөгуі, жоғары және төмен су деңгейі мен уақыты туралы, шынжырмен арқандаудың жай-күйі, зәкірдің (зәкірлердің) қалпы және түсірілген зәкір-шынжырдың мөлшері туралы қажетті мәліметтер, сондай-ақ тұрақтың ерекшеліктері, басты қозғалтқыштардың даярлығы және оларды авариялық жағдайда пайдалану мүмкіндігі, бортта жүзбелі құралдырдың болуы туралы мәліметтер алады;
2) кеме борты жанындағы тереңдіктердің жай-күйін, байлайтын арқандар мен кранецтердің тиісінше бекітілуін және олардың жай-күйін қадағалайды; траптың (басқыштардың) бекітілуін, тұтқалардың орнатылуын, сым арқандардың тартылуын және траптың астында сақтандырғыш тор орнатылуын, траптың (басқыштың) жанында құм толтырылған кенеп қапшықпен суға батырмайтын дөңгелектің даярлықта болуын және трапқа тиісінше жарық түсірілуін қамтамасыз етуді қадағалайды;
3) ауа райы нашарлаған кезде, сондай-ақ дауыл болатындығы ескертілген кезде кеменің қауіпсіз тұрағын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдайды және капитанға хабарлайды;
4) кеменің жүк құралдарының дұрыс пайдаланылуын бақылайды, трюмдердің, жүк люктерінің, қылталар мен желдеткіштердің уақытында ашылуын және жабылуын қамтамасыз етеді; ватерсызықтағы иллюминаторлардың қайрылып көтерілуін қадағалайды;
5) кемеде жүктердің тиелуінің немесе түсірілуінің, орналастырылуының және бекітілуінің дұрыстығын қамтамасыз ете отырып, жүк жұмыстарының орындалу барысын бақылайды (капитанның екінші көмекшесіне көмекке); жүктеменің белгіленген нормалардан асып түсуіне жол бермейді;
6) корпустық бөлігі бойынша жұмыстарды орындаған кезде өрт қауіпсіздігі ережелерінің сақталуын қадағалайды;
7) қажет болған кезде жағалаудағы құтқарушы және өртке қарсы құралдарды дереу шақыруды қамтамасыз етеді;
8) жолаушы сыйымдылығы нормаларының бұзылуына жол бермей, жолаушыларды отырғызуға және түсіруге басшылық жасайды;
9) машиналарды айналдырудың алдында қорманың асты таза екендігіне көз жеткізеді, ал айналдыру кезінде шынжыр арқандарды бақылауды ұйымдастырады;
10) кемені арқандап байлау операцияларына (траптарды жинап алу, шлюпкаларды түсіру құрылғысын, крандарды, жебелерді толтырып тастау) уақытында дайындауды, шынжыр арқандарды қабылдауды (беруді), пайдалануды қамтамасыз етеді;
11) кемені мезгіл-мезгіл аралайды және байқау жүргізеді. Вахта бастығының отыратын орны кезекші рульдеу басқарушы адамға (матросқа) белгілі;
12) экипаж мүшелерінің демалысқа шығуының және жағалаудан қайтып оралуының есебін, сондай-ақ кемедегі бөтен адамдардың есебін жүргізеді;
13) жағалауда, кеменің маңында немесе қатар тұрған кемеде қауіп-қатер туындаған кезде капитанға хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-әрекет жасайды.
213. Капитан жағалауға кеткен кезде (жағалаудан келген кезде) вахта бастығы оның кету (келу) уақытын көрсетіп кеме журналында тиісті жазба жүргізеді.
214. Вахта бастығы:
1) зәкірге қойған кезде кеменің орнын белгілейді және одан әрі жеткілікті жиіліктегі дрейфті уақытында анықтау үшін оны ұдайы бақылайды;
2) батырылған зәкір шынжыры ұзындығының тұрақ жағдайларына сәйкестігін, оның тартылуын және қалпын, сондай-ақ суды айдаған жағдайда кеменің құрғауына жол бермей, зәкірлік тұрақ орнындағы су деңгейінің өлшенуін қадағалайды;
3) басқа кемелермен қауіпті жақындасуды немесе жел мен ағынның әсерінен кеме зәкірде шайқалған кездегі навигациялық қауіптілікті ескертеді;
4) жақын маңдағы кемелердің жағдайын қадағалайды; өз кемесінің дрейфі сияқты, кемелердің дрейфін немесе басқа қауіп-қатерді анықтаған кезде дереу капитанға хабарлайды;
5) жүріс мінбесінде (рульдеу бөлмесінде) болады; мінбедең түскен кезде кемеге қауіп төніп тұрмағанына және өзі болмайтын кезеңде қоршаған ортаны тиісті бақылау қамтамасыз етілетіндігіне көз жеткізеді.
3-параграф. Вахта радиооператоры
215. Штат кестесінде радиостанция бастығының лауазымы көзделген кемелерде оған сондай-ақ вахта радиооператорының функциялары жүктеледі.
216. Вахта радиооператоры жағалаулардағы және кемелердегі радиостанциялармен радиобайланысын, сондай-ақ апат дабылының сигналдарын, жүзу ауданына қарай радиобайланыс ережелеріне сәйкес мерзімділігін және қауіпсіздігін бақылауды жүзеге асырады.
217. Вахта радиооператоры:
1) вахтаға кірісіп, радиостанция аппаратурасының қолданысқа даярлығын тексереді, сондай-ақ вахта бойынша барлық өкімдермен танысады;
2) тұрақты және уақтылы радио алмасуды жүзеге асырады; радиотелеграф журналын жүргізеді, оны өз қолымен куәландырады және капитанға қол қоюға ұсынады;
3) радиоалмасу уақытында дабыл, апат, мерзімділік және қауіпсіздік сигналдарын қабылдаған жағдайда алмасуды тоқтатады, алынған сигналдар туралы капитанға, вахта бастығына хабарлайды және капитанның нұсқауларына сәйкес іс-әрекет жасайды;
4) дабыл, апат, мерзімділік және қауіпсіздік сигналдарын кеме капитанының өкімі бойынша ғана береді;
5) радиобайланыс ережелерімен белгіленген үнсіздік минуттарында алмасу бойынша жұмысты тоқтатады және эфирге бақылау жүргізеді;
6) эфирде тәртіп, шақыру, шақыруға жауап беру және алмасу ережелерін сақтайды, жеке және кодталмайтын сейлесулерді жібермейді, бақылау және жағалау радиостанцияларының эфирде тәртіп сақтауға қатысты талаптарын дереу және сөзсіз орындайды;
7) тәулігіне кемінде екі рет дәл уақыт радиосигналдары бойынша радиорубкада сағатты тексереді;
8) метео мәліметтерді, ауа райы болжамдарын, ауа райының және теңіз жағдайының факсимильдік карталарын, дауылды және мұздануды ескертулерін, радиостанциялардан аудандарға навигациялық хабарларды және капитан көрсеткен мерзімдерде, сондай-ақ жол және арналар басқармаларынан жол ақпаратын ұдайы және уақытында қабылдайды; алынған мәліметтерді вахта бастығына қолын қойдырып уақтылы беріп отырады;
9) жүзудің қиын жағдайларында капитанның нұсқауы бойынша тұрақты радио вахтаны атқарады;
10) кемеден тек капитанның қолы бар радиограммалар мен телеграммаларды береді (жолаушылар кемесіндегі жолаушылардың радиограммалары ерекшелік құрайды);
11) ради отеле графтық хабарлар мен радиотелеграфтық сөйлесулердің құпиялығын сақтайды. Мұндай хабарларды бақылауды кемеде капитан ғана жүзеге асырады;
12) неғұрлым қуатты радиостанцияда жұмыс істеген кезде немесе байланыстың өтуіне қатысты жақсы жағдайды сезіне отырып, байланыспен басқа кемелерге жәрдем көрсетеді. Мұндай жағдайда, сондай-ақ қызмет көрсететін радиостанциямен тікелей радиобайланыс орнату мүмкін болмаған кезде кеме бұл туралы кеме иесіне және қызмет көрсететін радиостанцияның диспетчеріне хабарлайды;
13) радиотелефондық сейлесулер жүргізетін адамдардан радиобайланыс ережелерін орындауды және оларды бұзған жағдайда тиісті ескертулер жасайды немесе сейлесулерді тоқтатады және болған жағдай туралы капитанға хабарлайды.
218. Радиостанция бастығы радио хабарын таратқыштың немесе қабылдағыштың істен шығуы туралы капитанға дереу хабарлайды және түзету шараларын қабылдайды.
219. Радиостанция бастығына рубкаға бөтен адамдарды және қызметтік қажеттіліксіз экипаж мүшелерін жіберуіне жол берілмейді. Радиорубкада капитанның ғана болуына рұқсат етіледі.
220. Радиостанция бастығы кемеден кетерінде радиорубканың, агрегат және аккумулятор бөлмелерінің кілттерін вахта бастығына тапсырады.
221. Радиостанция бастығы капитан белгілеген сағаттарда кеме радиоторабы бойынша хабар жүргізеді. Радиохабарлар 7:00 сағаттан ерте басталмауға және 23:00 сағаттан кешікпей аяқталуға тиіс.
222. Кемеге жаңадан тағайындалған радиостанция бастығы өзінің алдындағыдан техникалық құралдар мен материалдық-техникалық жабдықтарды, сондай-ақ техникалық және өзге құжаттаманы қабылдайды. Қабылдау-тапсыру туралы капитан бекітетін акт екі данада жасалады. Бір данасы кемеде сақталады, екіншісі кеме иесінің байланыс және радионавигация торабына жіберіледі. Қабылдау-тапсыру радиотелеграф журналында тіркеледі.
4-параграф. Вахтада рульдеуді басқаратын адам
223. Вахтада рульдеуді басқаратын адам тікелей вахта бастығына бағынады.
224. Вахтада рульдеуді басқаратын адамның вахтаны қабылдауы және тапсыруы кезекші бастықтың рұқсатымен жүргізіледі.
225. Вахтаға кірісе отырып, кезекші рульдеуді басқаратын адам сигналдық оттардың қолданылуын, ал күндізгі уақытта - осы жағдайда қажетті, көтерілген тулар мен белгілердің болуын тексереді, вахта бойынша өзіне қатысты барлық өкімдермен танысады.
226. Вахтада рульдеуді басқаратын адам кеме зәкірде немесе шынжыр арқанмен байлаулы тұрған кезде вахта бастығы көрсеткен орында болады, қоршаған ортаға бақылау жүргізеді, зәкір шынжырының қалпын және тартылуын, шынжыр арқандарды, кранецтерді, басқыштарды, траптарды, зәкірлік оттарды және белгілерді, болат арқандарда егеуқұйрыққа қарсы қалқаншалардың болуын, сондай-ақ арқандар мен құбыршектердің борт сыртына салбырамауын қадағалайды. Жағдайдың барлық өзгерістері туралы дереу вахта бастығына хабарлайды.
227. Вахтада рульдеуді басқаратын адам жүріс вахтасында вахтаны рульдеуді қабылдай отырып, ауысушыдан бағытты қабылдайды, кеменің рульдеуге қалай бағынатынын анықтайды және қабылданған бағыт туралы (бағдарлар немесе бағыткөрсеткіш бойынша) вахта бастығына мәлімдейді.
228. Вахтада рульдеуді басқаратын адам басқару постында болғанда кемені берілген бағытта қатаң ұстайды, бағыт көрсеткіштердің және меңгерік құрылғысының жұмысын қадағалайды, олардың жұмысындағы жарамсыздықтар туралы дереу кезекші бастыққа хабарлайды.
229. Вахтада рульдеуді басқаратын адам алдын ала оларды қайталай отырып, тек капитанның, вахта бастығының немесе лоцманның командаларын (соңғының командалары - капитанның немесе вахта бастығының рұқсаты бойынша) орындайды.
230. Бағдарлаудың көзбен өлшеу әдісін пайдаланып жүзген кезде вахтада рульдеуді басқаратын адам навигациялық жабдықтардың жүзбелі және жағалаудағы белгілеріне, сигналдық діңгектердегі тереңдіктердің көрсеткіштеріне, қозғалыстағы және тоқтап тұрған кемелердегі сигналдарға тұрақты бақылау жүргізеді және қауіп төндіретіндердің барлығы туралы вахта бастығына хабарлайды.
231. Кеме тұрақ орнынан кетер алдында вахтада рульдеуді басқаратын адам рульдеуді борттан бортқа ауыстырып қою жолымен рульдеу құрылғысының қолданылу жарамдылығына көз жеткізеді және бұл туралы вахта бастығына мәлімдейді.
232. Тоқтап тұрған уақытта кемеде немесе оның маңында өрт пайда болған, сондай-ақ басқа да төтенше жағдайлар туындаған кезде вахтада рульдеуді басқаратын адам дереу вахта бастығына хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды.
5-параграф. Вахта матросы
233. Постқа кіріскен кезде вахта матросы траптың жарамды жай-күйіне, сақтандырғыш тордың (егер ол талап етілсе), тұтқалардың және арқанымен бекітілген құтқарғыш дөңгелектің бар екендігіне көз жеткізеді.
234. Трап жанындағы вахта матросы трап маңынан ешқайда кетпей және вахта бастығының рұқсатынсыз кемеге бөтен адамдарды жібермей, кемеге келушілерді бақылауды жүзеге асырады, вахта матросы вахта бастығының отыратын орнын біледі.
235. Вахта матросы:
1) вахтаға кірісердің алдында ауысатын матростан ашық орындардағы және палубалардағы мүлікті, құрал-саймандар мен жабдықтарды қабылдайды, сондай-ақ орындалатын жұмыс тапсырмалары туралы мәліметтер алады;
2) вахтаны атқару кезінде қабылданған мүліктің, құрал-саймандардың және жабдықтардың сақталуын, жолаушылардың кеме ережелерін сақтауын қадағалайды; тапсырылған жұмыс тапсырмаларын орындайды және оған бекітілген учаскелердің тазалығын сақтайды.
6-параграф. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың)
вахта бастығы
236. Жер снарядының вахта бастығы (түбін тереңдету снаряды) (бұдан әрі – жер снарядының вахта бастығы) осы Жарғының 6-тарауының 2-параграфында айтылған өкілеттіктерді пайдаланады және функцияларды орындайды.
237. Жер снарядының вахта бастығы:
1) вахтаға кірісер алдында жер снарядының сүйретпе болат арқанының сенімділігін, жүк көтергіш құрылғылардың және жедел жүк шығырлардың жарамдылығын тексереді; олардың міндеттері, тетіктердің жұмыс режимі, зәкірлерді ауыстырып қоюмен және шаландалардың ауысымымен байланысты алдағы өндірістік операциялар туралы, жұмыстарды орындаған кезде еңбек қауіпсіздігінің ережелерін сақтау жөніндегі шаралар туралы кезекшілікке кірісетіндермен нұсқама өткізеді;
2) вахтаны атқарған кезде әзірленетін қайраңда навигациялық белгілердің жарамды қолданылуын, кеме жолының габаритгік мөлшерлерін қадағалайды; көлік флотын қауіпсіз өткізу шараларын қабылдайды, кемелермен жүзу ережелерінде көзделген дыбыс және жарық сигналдарымен уақтылы алмасып тұрады;
3) кезекті жұмыс орнына тіркеп сүйреудің алдында жер снарядтары керуені кемелерін бекітуге қатысады.
7-параграф. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың)
шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы)
238. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы) жер снаряды жұмысының технологиялық процесін басқару жөніндегі вахта бастығының нұсқауларын орындайды.
239. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта шығыр жұмысшысы (арнайы құрылғылардың операторы):
1) вахтаға кіріскен кезде жедел шығырлардың және жұмыс арқандарының жай-күйін тексереді;
2) жер снарядына қызмет көрсетумен байланысты шағын кемемен зәкірлерді ауыстырып қою жөніндегі өндірістік жұмыстарға және басқа да жұмыстарға қатысады;
3) шаландаларды арқандап байлауға қатысады;
4) вахта бастығының нұсқауы бойынша слесарлық-жөндеу жұмыстарын орындайды.
8-параграф. Жер снарядының (түбін тазартқыш снарядтың) вахта матросы
240. Вахтаға кіріскен кезде жер снарядының кезекші матрос (түбін тазартқыш снарядтың) сым арқан қоршаудың жай-күйін, құтқарушы және өртке қарсы құралдардың, сорушы ұшы тазартуға арналған құрал мен жүк асып қоятын арқандардың болуын тексереді.
241. Вахта уақытында жер снарядының кезекші матрос (түбін тазартқыш снарядтың):
1) шағын кемемен зәкірлерді ауыстырып қою жөніндегі барлық өндірістік операцияларды және басқа да белгіленген жұмыстарды орындайды;
2) рубкада, брезент жаппалы және басты палубаларда тазалық пен тәртіп сақтайды;
3) вахта бастығының нұсқауы бойынша палубалық көмекші тетіктерді басқарады, топырақ жолдарын тазартуды жүргізеді, шлюпканы түсіруге және көтеруге қатысады, жер снарядының жұмысына дейін және одан кейін тереңдікті өлшейді;
4) арқандап байлау және такелаж жұмыстарын, ұсақ ағымдағы жөндеуді және сырлауды орындайды;
5) палубаларды, қондырманың сыртқы қабырғаларын жиыстырады және жуады;
6) рефулер мен шөміш шынжырын дайындау, құрастыру және жөндеу жөніндегі жұмыстарға қатысады;
7) жұмыс қақпақтарын қояды және оларда оттар жағады.
9-параграф. Вахта механигі
242. Вахта механигі машина вахтасының бүкіл құрамының бастығы болып табылады және тікелей вахта бастығына бағынады.
243. Вахта механигі вахтаға кіріскен кезде:
1) механикалық қондырғының жұмыс істейтін техникалық құралдарының (соның ішінде машина меңгерігінің) жай-күйін өзі тексереді;
2) машина журналын қарап шығады және ондағы жазбалардың өз бақылауларына сәйкестігін тексереді;
3) вахтаны тапсыратын вахта механигі басты қозғалтқыштарды басқару тәсілі, барлық техникалық құралдар жұмысының жай-күйі мен режимдері, олардың жұмысындағы байқалған жарамсыздықтар туралы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мәліметтер алады, сондай-ақ түскен барлық ескертулермен және өкімдермен танысады;
4) машина командасының адамдарынан вахтаға кіріскендері туралы мәлімдемелер қабылдайды, вахтаны қабылдау туралы машина журналында жазба жүргізеді және вахтаға кіріскендігі туралы кезекші бастыққа хабарлайды.
244. Вахта механигі:
1) кемедегі техникалық құралдардың белгіленген жұмыс режимін, оларды техникалық пайдалану ережелерін, оларға қызмет көрсету жөніндегі механиктің нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауды қамтамасыз етеді, машина бөлмелерінде экипаж мүшелерінің жұмысы кезінде еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігі ережелерінің орындалуын бақылайды;
2) техникалық құралдардың барлық анықталған жарамсыздықтары туралы механикке хабарлайды және оларды жою шараларын қабылдайды;
3) кеменің өміршеңдігі үшін күрес құралдарының қолданысқа тұрақты даярлығын қамтамасыз етеді;
4) тұтынушыларға электр энергиясын, су және бу беруді қамтамасыз етеді;
5) вахта уақытында отынның, майлайтын, сүртетін және басқа да материалдардың дұрыс жұмсалуын қадағалайды;
6) машина бөлімшелерінде қоспа сулардың жиналуына жол бермейді және оларды қоспа суларды жинайтын цистернаға уақытында ағызып қүяды; ластанған судың және машина бөлмелері қоқыстарының борт сыртына тасталмауын қадағалайды;
7) вахта бастығының өкімі бойынша балласт пен отынды қабылдауды, ағызып шығаруды және ауыстырып құюды, сондай-ақ бөліктерден суды ағызып шығаруды жүргізеді;
8) машина бөлмелерінде тазалық пен тәртіп сақтауды қамтамасыз етеді.
245. Техникалық көмек (консультациялар) көрсету қажет болған кезде вахта механигі машина бөлімшесіне механикті шақырады.
246. Техникалық қызмет көрсетуді орындағаннан кейін механик басты қозғалтқыштарды сынақ ретінде іске қосулар мен айналдыруларды вахта бастығының рұқсатымен механиктің бірінші көмекшісінің қатысуы арқылы жүргізеді.
247. Басты қозғалтқышты тоқтату, мінбеден алдын ала белгіленген тетіктердің жұмыс режимін өзгерту немесе жауапты тағайындаудың техникалық құралдарын ажырату қажет болған жағдайда вахта механигі бұл туралы вахта бастығына және механикке хабарлайды.
248. Авария қатері немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілік кезінде вахта механигі басты қозғалтқышты немесе кез келген басқа тетікті тоқтатады және бұл туралы дереу вахта бастығына және механикке хабарлайды.
249. Өрт байқалған немесе кеме корпусының ішіне борт сыртындағы су құйылған жағдайда вахта механигі бұл туралы дереу кезекші бастыққа хабарлайды және бұл үшін барлық мүмкіндікті және нәтижелі шараларды пайдалана отырып, өрт сөндіруді немесе сумен күресті ұйымдастырады.
250. Электромеханиктердің вахтаны атқаруы көзделмеген кемеде кезекші механик электр жабдықтарын басқаруды қамтамасыз етеді. Кемедегі электр жабдықтарының жарамсыздығы пайда болған кезде вахта механигі машина бөлімшесіне электромеханикті шақырады.
251. Жүріс вахтасында вахта механигі:
1) басты қозғалтқыштарды басқару постында болады және оларды жұмыспен қамтамасыз етеді;
2) басқару постында өзі үшін кезекші мотористі (машинисті) қалдыра отырып, машина бөлмелерінде жұмыс істеп тұрған техникалық құралдарға тексеру жүргізеді;
3) өзгеруіне жол бермей, басты қозғалтқыштардың мінбеден тағайындалған жұмыс режимін қатаң сақтайды;
4) мінбеден түсірілетін командалар мен өкімдерді орындайды. Егер командаларды (өкімдерді) орындау авария қауіп-қатерімен немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілікпен байланысты болса, бұл туралы дереу вахта бастығы мен механикке хабарлайды, ал мінбеден қайталап бұйрық берілген кезде машина журналында тиісті жазба жүргізе отырып, соңғы команданы (өкімді) орындайды;
5)басты қозғалтқыштарды мінбеден басқарған және машина бөлімшесін шұғыл тастап шығу қажет болған кезде дереу кез келген сәтте басқару постына келуге және басты қозғалтқыштарды басқаруды қабылдауға дайын;
6) вахта бойы кемінде бір рет рульдеу құрылғысының жұмысын тексереді.
252. Тұрақтағы вахтадағы вахта механигі:
1) кемеден кетпейді және техникалық құралдар жұмысының белгіленген режимін қамтамасыз етеді; машина бөлімшесін тастап шыға отырып, кезекші мотористке (машинистке) өзінің болатын орны туралы хабарлайды;
2) өндірістік және шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер үшін электр энергиясын, су және бу беруді қамтамасыз етеді. Электр энергиясы мен буды жағалаудан (басқа кемеден) алған кезде қажетті іске қосуларды қамтамасыз етеді;
3) машина бөлмелерінде вахтаны сенімді атқаруды қамтамасыз етеді және вахтаны ауыстыру кезінде қатысады.
10-параграф. Вахта моторшысы (машинист)
253. Вахта моторшысы (машинист) вахтаға кірісетін кезде:
1) вахтаны тапсыратын моторшымен (машинистен) қызмет көрсетілетін техникалық құралдардың жай-күйі және жұмыс режимдері, олардың жұмысында байқалған жарамсыздықтар туралы мәліметтер алады және вахта бойынша табысталатын өкімдермен танысады;
2) қызмет көрсетілетін техникалық құралдардық жарамдылығын, машина бөлімшесіндегі тазалық пен тәртіпті тексереді;
3) байқалған кемшіліктер туралы кезекші механикке хабарлайды.
254. Вахта уақытында кезекші моторист (машинист):
1) өзінің постында болады және оған сеніп тапсырылған техникалық құралдардың жұмысына бақылау жүргізеді лоне оларды басқаруды жүзеге асырады;
2) энергетикалық қондырғының техникалық құралдарына қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықты сақтайды;
3) вахта механигімен белгіленген режимдердегі тетіктердің үздіксіз жұмысын қамтамасыз ету жөніндегі нұсқауларын, сондай-ақ оның басқа да өкімдерін орындайды;
4) техникалық құралдардың ақауы, өрт немесе борт сыртындағы судың корпустың ішіне құйылуы кезінде бұл туралы дереу вахта механигіне хабарлайды және оның нұсқауы бойынша іс-қимыл жасайды;
5) машина бөлімшесінде тазалық пен тәртіп сақтайды.
11-параграф. Вахта электрмеханигі
255. Вахта электромеханигі тікелей вахта механигіне бағынады және электриктер вахтасының бастығы болып табылады. Вахта электрмеханигі (электроходтарда) еспелі электр қондырғысының жұмыс режимін орындау бөлігінде кезекші бастыққа бағынады.
256. Вахта электрмеханигі вахтаға кіріскен кезде:
1) вахтаны тапсыратын электромеханиктен кеменің электр жабдықтарының жұмысын сипаттайтын мәліметтер, оның жұмысында байқалған жарамсыздықтар туралы, техникалық қызмет көрсету және жөндеу жөнінде жүргізілетін жұмыстар туралы мәліметтер алады және вахта бойынша берілетін барлық ескертулермен және өкімдермен танысады;
2) кемедегі электр жабдықтарының жай-күйін және жұмыс режимін тексереді және электротехникалық журналдағы жазбалармен танысады.
257. Вахта электрмеханигі:
1) белгіленген жұмыс режимін және электр жабдықтарын техникалық пайдалану ережелерін, электрмеханиктің оған қызмет көрсету жөніндегі нұсқаулықтары мен нұсқауларын сақтауды қамтамасыз етеді, онымен жұмыс істеген кезде еңбек қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігінің қағидаларын орындауды бақылайды;
2) вахта механигінің өкімдеріне сәйкес генераторларды қосу мен ажыратуды және тұтынушыларға электр энергиясын беруді қамтамасыз етеді;
3) электр жабдықтарының байқалған барлық жарамсыздықтары туралы вахта механигіне хабарлайды, оларды жою шараларын қабылдайды;
4) кемедегі электр жабдықтарының өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын қабылдайды;
5) машина бөлімшесінен кетерінде кезекші механикке өзінің болатын орны туралы хабарлайды.
258. Вахтаны атқаруға қатысты қандай да болмасын күдіктенулер немесе көмек қажеттігі туындаған кезде вахта электромеханигі машина бөлімшесіне электромеханикті шақырады.
259. Вахта электромеханигі жауапты мақсаттағы электр жабдықтарын вахта механигінің келісімімен және рұқсатымен ғана ажыратады.
260. Жүріс вахтасында электржүрісінде вахта электрмеханигі:
1) еспелі электр қондырғысының жүріс мінбесінен берілген жұмыс режимін қатаң сақтайды;
2) жүріс мінбесінен түсірілетін командаларды орындайды. Егер команданы (өкімді) орындау авария қауіп-қатерімен немесе адамдардың өмірі үшін қауіптілікпен байланысты болса, бұл туралы дереу вахта бастығы мен вахта механигі хабарлайды; қайталап бұйрық берілген кезде электротехникалық журналда тиісті жазба жүргізе отырып, соңғы команданы (өкімді) орындайды. Еспелі электр қондырғысын жүріс мінбесінен басқарған кезде кезекші электрмеханигі вахта механигінің рұқсатымен тастап шығады, бірақ кез келген сәтте дереу басқару постына келуге және еспелі электр қондырғысын басқаруды қабылдауға дайын.
7. Кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастыру
261. Дабылдар жөніндегі кеме кестелері және онда экипаж мүшелерінің лауазымдары немесе кемедегі нөмірлері және олардың дабылдар жөніндегі міндеттері көрсетілетін, экипаж мүшелерінің жеке карточкалары кеменің өміршеңдігі үшін күресті ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі негізгі құжаттар болып табылады. Кеменің өміршеңдігін қамтамасыз етуді ұйымдастыру:
1) бортында өміршеңдік үшін күресті қамтамасыз етуге қабілетті экипаждың қажетті санының ұдайы болуын;
2) экипажды еміршеңдік үшін күреске даярлауды;
3) кеменің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін талаптарға сәйкес кемені, оның құрылғыларын, техникалық құралдарын және жабдықтарын ұдайы сақтауды;
4) кеменің өміршеңдігі үшін күрес құралдарының ұдайы даярлығын;
5) кемені және қоршаған ортаны тиісінше бақылауды көздейді.
262. Авариялық-құтқару және өртке қарсы жабдықтау және құрал-саймандар кеме экипажының адамдарына тіркеп жазылған, штаттық орындарда сақталады және тізімдемесі болады. Көрсетілген жабдықтар мен құрал-саймандарды тікелей мақсатынан тыс пайдалануға рұқсат етілмейді, үзілді-кесілді тыйым салынады.
263. Барлық кемелерде кеменің орнықтылығын және суға батпаушылығын қамтамасыз ету жөніндегі талаптар сақталады, корпустың жантаюына, дифференттігіне және су өткізбеушілігіне тұрақты бақылау жүргізіледі. Балластық цистерналарды толтыруға, құрғатуға және баспалауға, балласт пен отынды бір ыдыстардан басқаларына ауыстырып құюға капитанның нұсқауы бойынша немесе келісімімен ғана рұқсат етіледі. Осы талаптың орындалуын кезекші бастық бақылайды.
264. Өміршеңдік үшін күреске жалпы басшылықты капитан жүзеге асырады. Капитан кеменің өміршеңдігі үшін күреске экипаждың құрамына кірмейтін, бірақ кемеде болатын адамдарды тарта алады. Механик машина бөлімшесінде өміршеңдік үшін күреске басшылық жасайды және оның қарауындағы техникалық құралдардың даярлығын және қолданылуын қамтамасыз етеді. Капитан кемеде болмаған кезде өміршеңдік үшін күреске кеме жүргізу мамандығы командалық құрамының үлкен адамы басшылық жасайды.
265. Кеме дабылдарының келесі түрлері белгіленген:
1) жалпы кемелік;
2) "Борт сыртындағы адам";
3) шлюпкалық (кемені тастап шығу бойынша).
266. Барлық кемелерде барлық экипаждардың қызметі мен іс әрекетін анықтайтын, дабылдар жөнінде кесте болуы қажет:
1) кемені басқару;
2) радиобайланыс және көру байланысы;
3) көкжиекті, ауаны және суды бақылау, кемені бекіту және корпустың су өткізбеушілігін қамтамасыз ету;
4) кеменің өміршеңдігі үшін күрес (отпен, сумен күрес);
5) кемеде орнатылған арнайы құралдарды пайдалану;
6) экипажға және жолаушыларға медициналық көмек көрсету;
7) тәртіп пен қауіпсіздікті қорғау (жолаушылар кемелерінде);
8) қоршаған ортаны қорғау;
9) борт сыртындағы адамды құтқару;
10) кемені тастап шығу (адамдарды көшірудің толықтығын тексере отырып) бойынша бүкіл экипаждың міндеттері мен іс-қимылдарын белгілейтін, дабылдар жөніндегі кесте болуға тиіс.
267. Дабылдар бойынша міндеттер экипаж мүшелерінің лауазымдарын, мамандықтарын және меңгеруіндегілерін және олардың өзара алмасушылықтарын ескере отырып бөлінеді.
268. Дабылдар бойынша кесте экипаждық жұмыс әдісі кезінде экипаждың толық құрамына немесе бір мезгілде кемеде жұмыс істейтін бригадалар (бригада) мүшелеріне жасалады. Негізгі кестеден басқа кеменің тұрақтағы кезінде бортындағы экипаж мүшелерінің ең аз мөлшері үшін дабылдар бойынша тұрып қалғандағы кесте жасалады.
269. Штатқа кірмейтін, бірақ кемеде жұмыс істейтін адамдар дабылдар бойынша кестеге енгізіледі және экипаж мүшелерімен бірдей жеке карточкаларға ие болады.
270. Практика жетекшілері және практиканттар экипаж мүшелерімен бірдей шлюпкалық дабыл бойынша кестеге енгізіледі, ал қалған дабылдар бойынша олар экипаждың штаттағы мүшелерінің міндеттерін қайталайды (олардың жеке карточкасының нөмірі алдына нөл қойылады).
271. Дабылдар бойынша кесте кеменің экипаж үшін жалпы қол жетімді бөлмелерінде кезге түсетін жерге ілінеді. Экипаждың әрбір мүшесінің, сондай-ақ экипаждың штатына кірмейтін, бірақ кемеде жұмыс істейтін басқа да адамдардың төсегінің үстінде оның дабылдар бойынша міндеттері мен іс-әрекеттері көрсетілген карточка болады. Қатардағы құрамның, сондай-ақ экипаждың штатына кірмейтін адамдардың карточкалары - кеменің цифрлық нөміріне, командалық құрамның карточкалары - лауазымның атауына ие.
272. Жолаушылар кемелерінде көзге түсетін жерлерде жеке және ұжымдық құтқару құралдарын киюдің және пайдаланудың тәсілдері мен әдістері жөніндегі иллюстрацияланған нұсқаулықтар, олардың орналасқан жерлері мен адамдарды көшіру жолдары көрсетілген жоспарлар ілінеді.
273. Шлюпкалықты қоспағанда, кеме дабылдарын вахта бастығы мынадай жағдайларда жариялайды:
1) жалпы кемелік - кемеге, адамдарға, жүкке қауіптілік тудыратын, отпен, сумен және басқа да қауіп-қатермен күреске немесе күресу үшін даярлық кезінде;
2) "Борт сыртындағы адам" - адамның борт сыртына құлауы кезінде немесе адам (адамдар) борт сыртында табылған кезде.
274. Шлюпкалық дабылды (кемені тастап шығу бойынша) экипаждың және жолаушылардың кемені қалдыру қажеттігі туындайтын, кеменің опат болу қаупі кезінде тек капитан немесе капитанның нұсқауы бойынша басқа адам жариялайды.
275. Кемені қалдырған кезде құтқарушы құралдарға бірінші кезекте балаларды, әйелдерді және қарттарды отырғызу қамтамасыз етіледі. Адамдарды отырғызу тәртібін бұзатын немесе үрей туғызатын адамдарға ең қатаң мәжбүрлеу шараларын қолдануға рұқсат етіледі.
276. Мынадай дабыл белгілері орнатылады:
1) жалпы кемелік — 3-4 рет қайталанатын, 25-30 секунд бойы қатты соғылатын үздіксіз қоңырау; өрт (жарылыс) кезінде дабыл белгісі кеме қоңырауын қатты соғумен қоса беріледі;
2) "Борт сыртындағы адам" - 3-7 рет қайталанатын, қатты соғылатын қоңыраумен 3 ұзақ дабыл; 1 дабылдың ұзақтығы кемінде 5-6 секунд;
3) шлюпкалық (кемені тастап шығу бойынша) - 7 немесе одан көбірек қысқа дабылдар, олардың артынан 3-4 рет қайталанатын, қатты соғылатын қоңыраумен 1 ұзақ дабыл.
277. Барлық дабыл белгілері дабылдың түрін көрсете отырып, кеменің хабар тарататын жүйесі бойынша дауыстап қайталанады; өрт немесе тесілген жер болған жағдайда олардың орны көрсетіледі. Хабар тарататын желі болмаған кезде дабылдың түрі, өрттің және тесілген жердің орны кез келген өзге құралдармен жарияланады. Барлық дабылдардың тоқтауы дауыстап хабарланады және трансляция бойынша командамен қатар айтылады; жаттығу оқуларын (оқу дабылдарын) өткізген кезде дабылдан кейін дауыстап немесе трансляция бойынша "Оқу" деген сөз беріледі.
278. Экипаждың барлық мүшелері, штатқа кірмейтін адамдар, практика жетекшілері мен практиканттар кеме дабылдары жарияланған кезде кесте бойынша өздерінің орындарына жылдам орналасады, өздерімен құтқару жилеттерін (көкірекшелері) киеді және оларды шлюпкалық дабыл немесе "Борт сыртындағы адам" дабылы жарияланған кезде киеді.
279. Кемеде өміршеңдік үшін күрес жөніндегі іс-қимылдарды практикалық жағынан жетілдіру үшін дабылдардың барлық түрлері бойынша жаттығу оқулары өткізіледі.
280. Дабылдар бойынша оқулар кемінде айына бір рет өткізіледі. Егер қандай да болмасын портта экипаждың 25%-дан астамы алмастырылса, онда мұндай оқулар кеме осы порттан шыққаннан кейін 24 сағаттан кешіктірмей өткізіледі.
281. Жолаушылар кемелерінде дабылдар бойынша оқулар кемінде айына 2 рет әдетте рейске шығардың алдында өткізіледі. Жолаушыларды мұндай жағдайларда өткізілетін оқу дабылдары және оларды өткізу кезіндегі тәртіп ережелері туралы алдын-ала ескертеді.
282. Әрбір жаттығу оқуынан кейін капитан оған толық шолу жүргізеді.
283. Егер көрсетілген мерзімдер ішінде оқу дабылы өткізілмесе немесе тек толық емес оқу дабылы өткізілсе, кеме журналында өткізілмеуінің немесе толық емес оқу дабылы өткізілуінің себептері туралы жазба түсіріледі.
284. Өзінің қарауында Заңның 23-бабының 1-тармағына сәйкес радио журналы, кеме және машина журналы, сондай-ақ жол төсемімен жол карталары болатын адамдар, кемені тастап шыққан кезде көрсетілген құжаттар мен құндылықтарды құтқарудың барлық шараларын қабылдайды.
8. Мемлекеттік ту
285. Кемеде белгіленген тәртіппен көтерілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы кеменің Қазақстан Республикасына тиесілігін көрсетеді.
286. Мемлекеттік туды қорғау және оған деген құрмет - кеме экипажының әрбір мүшесінің құрметті міндеті. Мемлекеттік ту ұқыпты және қашанда жақсы жай-күйде сақталады.
287. Шетелден сатып алынған кеме Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын көтеріп жүзу құқығын Қазақстан Республикасының консулы осы құқықты куәландыратын және белгіленген тәртіппен кеме тіркелгенге дейін жарамды уақытша куәлікті берген сәттен бастап пайдаланады.
288. Ту көтерілген бірінші күн кеме мерекесі болып есептеледі және жыл сайын атап өтіледі.
289. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы артқы жақ туы ретінде артқы жақ тутұғырда немесе гафелде көтеріледі.
290. Ішкі су жолдарында жүзетін өздігінен жүретін кемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы навигация кезеңінде күн шыққаннан бастап (кеменің жүруі және оның тұруы уақытында көтеріледі және ол батқаннан бастап түсіріледі.
291. Полярлық және поляр маңы аудандарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы күн сайын оның көрініп тұратын уақытына дейін, ал күн ұзақ болған кезде - 8:00 бастап 20:00 сағатқа дейін көтеріледі.
292. Өздігінен жүретін кемелерде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туынан басқа кеме иесінің жалауы көтеріледі.
293. Қазақстан Республикасының ішкі су жолдарында портқа кірер кезде, онда болғанда және одан шыққан кезде бір фалде алдыңғы мачтаның басты жерінде кеме иесінің жалауы көтеріледі.
294. Алдыңғы мачта болмаған кезде жалау алдыңғы тутұғырда көтеріледі.
295. Рейд-маневрлік, қызметтік-қосалқы, жүру кемелерінде, арнайы мақсаттағы кемелерде, жолаушылар қала маңы және қалаішілік желілерде, өткелдердің барлық түрлері кемелерінде, сондай-ақ шапшаң кемелерде кеме иесінің жалауы көтерілуі мүмкін.
296. Мемлекеттік мереке мен басқа да ерекше салтанатты, сондай-ақ арнайы көрсетілген күндерде, портта тұрған уақытта Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын салтанатты көтеру жүргізіледі. Көтеру мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) ту көтерілгенге дейін 5 минут бұрын вахта бастығының командасы бойынша барлық экипаж, вахтаны қоспағанда, нысанды киімде белгіленген орында беттерімен кеме жазықтығына диаметралды сап түзейді; туларды көтеруге тағайындалған экипаж мүшелері тулардың маңында өз орындарын алады. Экипаждың сапқа тұрғаны туралы капитанға баяндалады. Капитан жоғарғы палубаға шығып, экипажбен сәлемдеседі және оны құттықтайды;
2) ту көтерілгенге дейін 1 минут бұрын "Туға тік тұр" деген вахта бастығының командасы бойынша экипаж "Тік тұр" жағдайында тұрады. "Ту мен жалауды көтер" деген вахта бастығының командасы бойынша фалда тұрғандар ту мен жалауды көтереді. Ту көтерген уақытта командалық құрамның адамдары қолдарын бас киім тұсына көтереді;
3) ту көтерілгеннен кейін вахталық бастық командирдің рұқсатымен "Еркін тұр" және "Тараңдар" деген команда береді.
297. Жалауларды жинақтау кезінде мынадай тәртіп сақталады: кеменің алдыңғы жағында үш бұрышты жалаулар жиналады, орташада - тік бұрышты артқы жағында тік бұрышты және бұрымша тік бұрышты.
298. Ауа райы болмағанда және жүк операциялары кезінде жалаулармен безендіру жүргізілмейді.
299. Безендіру үшін мыналар қолданылмайды:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік және әскери-теңіз тулары;
2) қосалқы және гидрографикалық кемелердің артқы жақ тулары;
3) лауазымды тұлғалардың туы;
4) шетелдік ұлттық және әскери тулар;
5) шетелдік ұлттық және әскери тулармен бірдей суреттері бар сигнал беру жиынтықтың тулары;
6) жинақтау жалауы.
300. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін кемелерде жүру кезінде және тұрақта тұрған кезде күн сайын таңертең сағат 8 көтеріледі және күн батысымен түсіріледі.
301. Полярлық және поляр маңы аудандарында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы күн сайын оның көрініп тұратын уақытына, ал күн ұзақтығы кезінде - 8:00 бастап 20:00 сағатқа дейін көтеріледі.
302. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы таңғы сағат 8:00 бұрын көтеріледі және оның көрінуі кезінде мынадай жағдайларда күн батқаннан кейін түсірілмейді:
1) кеме портқа кіру кезінде және порттан шығу кезінде;
2) теңізде әскери кемелермен және корабльдермен кездескен кезде олармен айырылысқанға дейін.
303. Шетел портына кірген кезде, портта тұрған және одан шыққан кезде бір уақытта артқы жақ жалаумен бірге артқы жақ сигнал беру мачтасының алдыңғы жағында кеме иесінің жалауы көтеріледі.
304. Болу елінің ұлттық мерекесі күндері, сондай-ақ кемеде шет мемлекеттің немесе үкіметтің басшысы ресми тұлға ретінде болған кезде осы елдің туы артқы жақ сигнал беру мачтасының алдыңғы жағында көтеріледі. Қазақстан Республикасының консулымен келісім бойынша кеме жалаулармен түрлендіріледі.
305. Қаралы күндері және бортта қайтыс болған адам болған кезде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы фал ұзындығынан 1/3 төмендетіліп ұсталады.
306. Қаралы күндері порттарда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы порт капитанының өкімімен, ал шетел порттарында Қазақстан Республикасының консулымен және порттың билік орындарының келісім бойынша төмендетіледі.
307. Кеме жұмысының маневрлік режимдерінің күрделі жағдайында жүзу кезінде (бекіту операциялары, каналдардан, шлюздерден және тар жерлерден өту, портқа кіру және порттан шығу, маневрлеу, мұздарда, таяз суларда жүзу, дауыл кезінде) тулармен өзара сәлемдесу жүргізілмейді.
9. Күнделікті қызмет, кеме экипажының өмірі мен тұрмысының күн тәртібі
1-параграф. Күн тәртібі
308. Осы Жарғыға 2-қосымшаға сәйкес кемеде күн тәртібі белгіленеді.
309. Капитан кеме жұмысының нақты жағдайына қатысты күн тәртібін өзгерте алады.
2-параграф. Кеме үй-жайлары
310. Кеме үй-жайлары тұрғын, қызметтік және жалпы пайдаланылатын болып бөлінеді.
311. Кеме экипажының барлық мүшелері тұрғын үй-жайларға әрбір кеме үлгісі үшін жобада белгіленген орналасу жоспары бойынша орналасады және бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі, шпикер) каюталар бойынша жазады.
312. Резервтік үй-жайлар жоқ кемеде уақытша кемеде болатын адамдарды орналастыру тәртібін капитан белгілейді.
313. Тұрғын үй-жайларда жарылғыш, тез тұтанатын, улы және өртке қатысты қауіпті заттар мен материалдарды, тез бұзылатын тағам өнімдерін, арнайы киімдерді (бұл көзделмеген жерде) сақтауға, сондай-ақ электр аспаптарын пайдалануға тыйым салынады.
314. Тұрғын үй-жайлардан кеткен кезде экипаж мүшелері электр жарығын, желдеткіштерді және басқа да электр энергиясын тұтынатын стационарлық емес аспаптарды ажыратады.
315. Барлық кеме үй-жайларының кілттері осы үй-жайларды (осы үй-жайларда тұратын) меңгеретін адамда сақталады. Кілттердің көшірмесі бірінші штурманда (командирдің бірінші көмекшісі, шпикер) сақталады.
316. Кеме дабылы, қараулар мен тексерулер уақытында каюта және басқа да тұрғын үй-жайлар бүркемеленеді, бірақ құлыпқа жабылмайдыс. Кеменің барлық жабылатын үй-жайларына кіру тәуліктің кез келген уақытында қамтамасыз етіледі.
317. Кемеде оқуларды, кеңестерді, жиналыстарды өткізу үшін арнайы үй-жайлар бөлінеді және мәдени-бұқаралық іс-шаралар мен ұжымдық демалыстарды өткізу үшін қызыл бұрыш жабдықталады. Арнайы үй-жайлар болмаған кезде аталған іс-шараларды кают-компаниялар мен экипаж асханаларында өткізеді.
318. Капитанның немесе бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің) рұқсатымен кают-компанияға (асханаға) экипаж құрамына кірмейтін адамдар қонақ ретінде шақырылуы мүмкін. Ресми сипаты бар шақырулар капитанның рұқсатымен ғана жасалады.
319. Мәдени-бұқаралық іс-шаралар (ойын-сауық, ойындар, фильмдер көрсету) капитан өзге уақыт белгілеген жағдайларды қоспағанда, сағат 23:00 дейін аяқталуы тиіс.
3-параграф. Кеменің санитариялық жай-күйін қамтамасыз ету
320. Бүкіл кеме экипажы санитариялық қағидаларға сәйкес кеме үй-жайларын тазалықта, сондай-ақ киім мен аяқ киімді таза және ұқыпты ұстайды.
321. Үй-жайлар мен палубаларды жинау тәртібін Қазақстан Республикасының ішкі суларда жүзетін кемелері үшін санитариялық қағидалардың, сондай-ақ жолаушыларды, қол жүгі мен багажды тасымалдау қағидаларының талаптарын ескере отырып, бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) айқындайды, бұл ретте экипаж мүшелері жинау объектілері бойынша қол қояды.
322. Қызмет көрсететін адамдардың жинауы көзделмеген тұрғын үй-жайларды оларда тұратындар жинайды.
323. Үй-жайда бірнеше адам тұрған кезде олардың ішінен бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) осы үй-жайларда жинау бойынша кестенің орындалуын қамтамасыз етуге міндетті басты адамды тағайындайды.
324. Кемені және барлық үй-жайларды санитариялық-гигиеналық талаптарға сәйкес ұстау үшін күн сайынғы жинау және бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің) басшылығымен айына бір реттен кем емес санитарлық аврал жүргізіледі.
325. Кают-компаниядағы (асханадағы) күн сайынғы жинау таңертеңгі асқа дейін аяқталуы тиіс. Жолаушылар кемесінде бұл уақытқа дейін жолаушылар палубасын, салондарын, кіреберістерді, ішкі траптарды, ашық палубадағы траптарды және санитарлық-тұрмыстық үй-жайларды жинау аяқталуы тиіс.
326. Экипаж мүшелерінің төсек орындарын ауыстыру 7 күнтізбелік күнде бір реттен кем емес жүргізіледі.
327. Экипаж мүшелерінің кір киімдерін және экипаждың жұмыс киімдерін жуу кеме жуу орындарында, ал олар болмаса - арнайы бөлінген орындарда жүргізіледі.
328. Тәртіпті қолдау және гигиена шарттарын сақтау үшін бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) тұрғын үй-жайларды және жалпыға ортақ пайдаланылатын үй-жайларды жүйелі қарауды жүргізеді.
4-параграф. Тамақ қабылдау тәртібі
329. Кеме экипажының барлық адамдарының тамақ қабылдауы күн тәртібімен белгіленген уақытта жүргізіледі.
Тамақты тарату алдында бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) дайындалған тағамның дәмін татады.
330. Командалық құрам адамдары кают-компанияда тамақтанады. Кают - компаниядағы басты адам капитан болып табылады, ол болмағанда - бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер). Команданың асханадағы басты адамы боцман болып табылады. Кают-компаниялар жоқ кемеде командалық құрам үшін экипаж асханасында немесе жолаушылар салонында үстелдер бөлінеді.
331. Бүкіл экипаж кают-компанияға немесе асханаға тамақ қабылдау үшін белгіленген уақытта, таза және мұқият киімде келеді.
Белгіленген уақытта келмегендер үшін тамақ қалдырылмайды.
Күн тәртібі бойынша белгіленбеген сағаттарда тамақ қабылдауға тек кейінге қалдырылмайтын кеме жұмыстарын қызметтік тапсырмаларды орындаған адамдарға және тек бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің), ал ол болмағанда - вахта бастығының рұқсаты бойынша рұқсат етіледі.
332. Каютаға тамақ тек капитанға оның өкімі бойынша берілуі және ауырған адамдарға бірінші штурманның (капитанның бірінші көмекшісінің, шкипердің) нұсқауы бойынша берілуі мүмкін.
5-параграф. Жағаға шығу
333. Экипаж мүшелерінің жағаға шығу тәртібі мен кезектілігін капитан белгілейді.
Жағаға шығу кезінде кемеде кеме қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қажетті жұмыстарды орындауға қабілетті экипаждың бір бөлігі қалады. Бұл ретте көлік флоты кемелерінде экипаждың айлақта тұрған кезінде үштен екісінен кем, ал рейдте тұрған кезде үштен бірінен кем шығуға рұқсат беріледі.
334. Кемеде қауіпті жүк болған жағдайда, рейдте тұрған кезде немесе қолайсыз жағдайларда, сондай-ақ кеме үшін қауіпсіздік немесе оның тұрақ орнын ауыстыру қажет болса (немесе болжам болса), кемеде капитан немесе бірінші штурман (командирдің бірінші көмекшісі, механик немесе механиктің бірінші көмекшісі).
335. Рейдтік-маневрлік, жергілікті, техникалық және қызметтік-қосалқы флот кемелерінің капитаны кеме иесі белгілеген тәртіппен кемені қалдырады.
336. Кеме экипажының барлық адамдары кемеден тек өздерінің тікелей бастықтарының рұқсатымен кетуі мүмкін.
337. Шығуға рұқсат алған кеме экипажының адамдары кемеден кетер алдында және кемеге оралуы бойынша бұл туралы вахта бастығына баяндайды.
6-параграф. Кеменің жұмыс шлюпкаларын (қайықтарын) пайдалану
338. Шлюпканы суға түсіруге және оны пайдалануға капитанның рұқсатымен ғана жол беріледі.
339. Борттан кететін әрбір кеме шлюпкасында командалық құрам адамдарынан шлюпка командирі немесе қатардағы құрамнан тағайындалған старшина және моторшы (өздігінен жүретін шлюпкаларда) тағайындалады.
Шлюпка командирі (старшинасы) және моторшысы бірінші штурман (капитанның бірінші көмекшісі, шкипер) болып тағайындалады, ал ол болмағанда - вахта бастығы.
340. Шлюпка командирінің (старшинасының) және моторшысының тиісті біліктілігі (құқығы) болуы қажет.
341. Шлюпка тиісті есушілер санымен жасақталады және белгіленген жабдығы болады.
342. Шлюпкадағы (жолаушыларды қоса алғанда) барлық адамдар да өздерінің жеке құтқару құралы болады.
343. Борттан кетуге дайындық туралы шлюпка командирі (старшинасы) вахта бастығына баяндайды және кетуге рұқсат алады; қайтып келуі бойынша шлюпка командирі (старшинасы) оның келуі туралы баяндайды.
10. Кеме қағидалар
344. Кемеде мыналарға жол берілмейді:
1) капитанның рұқсатынсыз бөгде адамдарды, олардың жүгін және багажын, сондай-ақ экипаж мүшелеріне тиесілі жүктерді тасымалдау;
2) вахта бастығының рұқсатынсыз қандай да бір заттарды алып шығу;
3) спирттік ішімдіктерді ішу және масаң күйде болу, құмар ойындар ойнау;
4) бөлінбеген орындарда және төсекте, сондай-ақ дабыл, оқу уақытында шылым шегу;
5) вахта атқарушыларды сөзбен алаңдатпау;
6) сырттан көрінетін түрлі-түсті абажурларды жарық көздерінде ұстау немесе оларды түрлі-түсті перделермен жабу;
7) борт сыртына қоқысты, шылым қалдығын, тамақ қалдығын тастау;
8) бөлінбеген орындарда киім-кешекті жуу, кептіру және өтектеу;
9) кеме бортынан шомылу.
345. Спорт іс-шаралары (шлюпкаларда жүзу, жүру) капитанның рұқсатымен ғана және қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін адамды тағайындаумен жүргізілуі мүмкін.
Кемелердегі қызмет жарғысына 1-қосымша |
Өздігінен жүзетін кемелерді (жүрдек кемелерден басқа) ішкі кеме
қатынасы жолдарында пайдалану кезінде олардың командалық
құрамының вахтаны атқару уақыты
№ | Лауазым | Жұмыс кестесі кезінде вахта атқару уақыты | ||
Төрт ауысымды | Үш ауысымды | Екі ауысымды | ||
1 | Капитан | 00:04 16:18 | 00:04 12:16 | 00:04 12:20 немесе 00:06 12:18 |
2 | Капитанның аға көмекшісі (бірінші штурман) | 08:12 21:24 | 08:12 20:24 | 04:12 20:24 или 06:12 18:24 |
3 | Капитанның екінші көмекшісі (екінші штурман) | 04:08 18:21 | 04:08 16:20 | ------- |
4 | Капитанның үшінші көмекшісі (үшінші штурман) | 00:03 12:16 | 00:04 12:16 | ------- |
5 | Механик | 12:14 20:24 | 08:12 20:24 | 04:12 20:24 немесе 06:12 18:24 |
6 | Механиктің бірінші көмекшісі | 00:04 14:17 | 00:04 12:16 | 00:04 12:20 немесе 00:06 12:18 |
7 | Механиктің екінші көмекшісі | 04:08 17:20 | 04:08 16:20 | ------- |
8 | Механиктің үшінші көмекшісі | 08:12 21:24 | 08:12 20:24 | |
9 | Электрмеханик (механиктің электр жабдығы бойынша көмекшісі | 12:14 20:24 | 08:12 20:24 | -------- |
Кемелердегі қызмет жарғысына 2-қосымша |
Күн тәртібі
Күн тәртібі | Кемелердегі уақыт (сағат, минут) | |
жүруде | тұрақта тұрғанда | |
Тұру | 07:00 | 07:00 |
Таңертеңгі ас | 07:30-08:30 | 07:30-08:30 |
Кеме бойынша жұмыс | 08:30-12:00 | 08:30-12:00 |
Түскі ас | 11:30-12:30 | 11:30-12:30 |
Кеме бойынша жұмыс | 13:00-17:00 | 13:00-17:00 |
Кешкі ас | 19:30-20:30 | 17:30-18:00 |
Жеке уақыты | 20:30-23:00 | 18:00-23:00 |
Ұйқыға жату | 23:00 | 23:00 |