Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 9 сәуірде № 10647 тіркелді

      «Сауда қызметін реттеу туралы» 2004 жылғы 12 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабының 7) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Сауда қызметін реттеу департаменті:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында жариялануын;
      4) жергілікті атқарушы органдарды (облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың әкімдіктері) назарына осы бұйрық туралы жеткізуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң күшіне енеді.

      Министр                                             Е. Досаев

Қазақстан Республикасы  
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 28 ақпандағы  
№ 160 бұйрығымен бекітілген

Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтері

р/с
Өңір 1 мың адамға шаршы метр

1.

Ақмола облысы

706

2.

Ақтөбе облысы

453

3.

Алматы облысы

403

4.

Атырау облысы

745

5.

Шығыс Қазақстан облысы

594

6.

Алматы қаласы

545

7.

Астана қаласы

722

8.

Жамбыл облысы

445

9.

Батыс Қазақстан облысы

705

10.

Қарағанды облысы

570

11.

Қостанай облысы

762

12.

Қызылорда облысы

542

13.

Маңғыстау облысы

723

14.

Павлодар облысы

674

15.

Солтүстік Қазақстан облысы

770

16.

Оңтүстік Қазақстан облысы

474

17.

Қазақстан Республикасы

621

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады