Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидаларын бекiту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 11 наурыздағы № 193 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 сәуірде № 10681 тіркелді.

      "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары бекiтiлсiн.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрі
Е. Досаев

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Қаржы министрі

      ______________ Б. Сұлтанов

      2015 жылғы 10 наурыз



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 11 наурыздағы
№ 193 бұйрығымен бекітілген

Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      Ескерту. 1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      1. Осы Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Мемлекеттік мүлік туралы" 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 202-бабының 1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау тәртібін айқындайды.

      2. Мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау (бұдан әрі – бағалау) – тиісті саланың уәкілетті органы мен жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті, оның ішінде мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметінің тиімділігін айқындау құралы.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      3. Бағалау мемлекеттік мүлікті, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларға бекітілген мүлікті және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару тиімділігін айқындау мақсатында жүргізіледі.

      4. Бағалау:

      1) есепті кезеңде тұтас және түрлері бойынша: республикалық және коммуналдық мемлекеттік мүліктің жай-күйі туралы талдамалық ақпаратты;

      2) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалауды, оның ішінде мемлекеттік заңды тұлғаларды және мемлекетке тиесілі акциялар мен заңды тұлғалардың жарғылық капиталындағы қатысу үлестерін басқару жөніндегі қызметтерінің тиімділігіне қарай тиісті салалардың уәкілетті органдарын және жергілікті атқарушы органдарды не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарын бағалауды;

      3) мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсынымдар әзірлеуді қамтиды.

            Ескерту. 4-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5. Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) жергілікті атқарушы орган (әкімдік) – облыстың, (республикалық маңызы бар қаланың және астананың), ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) әкімі басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті аумақта жергілікті мемлекеттік басқаруды және өзін-өзі басқаруды жүзеге асыратын алқалы атқарушы орган;

      2) мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша айқындалған,

      мемлекеттік мүлікті ұйымдастыру және есепке алу саласында бірыңғай техникалық саясатты іске асыру бойынша міндеттер жүктелген заңды тұлға;

      3) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі - Заң) мен Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы. Қазақстан Республикасының Үкіметі республикалық мүлікке қатысты құқықтарды өзге мемлекеттік органдарға берген жағдайларда, осы Заңның тиісті саланың уәкілетті органы туралы қағидалары осындай мемлекеттік органға қолданылады;

      4) ұйымдар – мемлекеттік заңды тұлғалар (мемлекеттік мекемелер және мемлекеттік кәсіпорындар) және мемлекет бақылайтын акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер (бұдан әрі – мемлекет бақылайтын АҚ (ЖШС).

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасының тиісті салаларының уәкілетті органдарына және жергілікті атқарушы органдарына не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарына қолданылады.

      Ескерту. 6-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2-тарау. Бағалауды жүзеге асыру тәртібі

      Ескерту. 2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      7. Бағалауды ұйымдардың, тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік мүлік пен ұйымдарды басқару жөніндегі қызметінің 2013 жылғы нәтижелері бойынша 2014 жылдан бастап жыл сайын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.

      8. Бағалау екі кезеңмен жүзеге асырылады:

      1) бірінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарынан және жергілікті атқарушы органдардан не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарынан бағалау жүргізуге қажетті ақпарат жинау;

      2) екінші кезең – тиісті салалардың уәкілетті органдарының және жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметін балдық жүйе бойынша бағалау (осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес әрбір көрсеткіш бойынша 2 балдан артық емес).

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Бағалау мынадай ақпараттың негізінде жүзеге асырылады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп (бұдан әрі – есеп).

      Есепте бағалау өлшемшарттары бойынша көрсеткіштерді толтыру кезінде есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараты ауысқан ұйымдар, сондай-ақ жаңадан құрылған ұйымдар ескерілмейді.

      Есеп жасау үшін ақпарат көзі мыналар болып табылады:

      ұйымдардың жылдық қаржылық есептілігі;

      мемлекеттік кәсіпорындардың және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) бекітілген, түзетілген даму жоспарлары мен оларды орындау жөніндегі есептері;

      мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері;

      мемлекеттік заңды тұлғалардың балансына бекітілген мүлікті түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу нәтижелері;

      2) еркін нысанда жасалатын және мынадай мәліметтерді қамтитын есепке талдамалық жазба:

      жағымды жақтары мен кемшіліктерін баяндай отырып, есептің көрсеткіштерін талдау;

      есепті жылы тиісті саланың уәкілетті органы немесе акционерлік қоғамның (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің) мемлекеттік акциялар пакетін (жарғылық капиталына қатысу үлестерін) иелену және пайдалану құқығы мен мемлекеттік заңды тұлғаларды басқаруды жүзеге асыратын жергілікті атқарушы орган не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің аппараты ауысқан ұйымдардың атаулы тізбесі;

      төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындарды және мемлекет бақылауындағы АҚ-ны (ЖШС-ні) қаржы-экономикалық сауықтыру жөніндегі ұсыныстар;

      ұйымдарды басқару кезінде анықталған жүйелі кемшіліктер мен проблемалар;

      ұйымдарды басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар;

      3) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер;

      4) мемлекеттік мүлік тізілімінің деректері

      Ескерту. 9-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      9-1. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      10. Алып тасталды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      11. Тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары жыл сайын есепті жылдан кейінгі жылдың бірінші қарашасына дейін мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында мынадай ақпаратты:

      1) осы есепке талдамалық жазбаның электрондық (сканерленген) көшірмесімен қоса осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша есепті;

      2) осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтерді орналастырады.

      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Тиісті салалардың уәкілетті органдары және жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бағалау жүргізу үшін ұсынылатын ақпараттың дұрыстығын және толықтығын қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12-1. Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есеп орналастырылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының электрондық мекенжайына есепті мемлекеттік мүлік тізілімінде жариялау не есепті жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны жолдайды.

      Есепті жариялаудан бас тарту үшін:

      1) осы Қағидалардың 11-тармағының 1) және 2) тармақшаларында көрсетілген құжаттардың болмауы;

      2) тиісті саланың уәкілетті органына, жергілікті атқарушы органына және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппаратына тиесілі емес электрондық цифрлық қолтаңбамен есепке қол қою негіз болып табылады.

      Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператор есепті жариялаудан бас тартқан жағдайда, тиісті саланың уәкілетті органы, жергілікті атқарушы орган және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты ескертулерді жояды және есепті туралы жариялаудан бас тарту туралы хабарламаны алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде есепті мемлекетті мүлік тізіліміне қайта ұсынады.

      Ескерту. 2-тарау 12-1-тармақпен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      13. Бағалау мынадай критерийлер бойынша жүргізіледі:

      1) "Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту" критерийі қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болуын/болмауын немесе санының өзгеруін көрсетеді.

      Нөлдік қаржылық нәтиже оң нәтиже ретінде айқындалады;

      2) "Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету" критерийі мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің (мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыс бөлігінің) бюджетке түсуінің уақтылылығы мен толықтығын көрсетеді.

      Осы критерий бойынша есепті кезеңде оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бір бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаралады.

      3) "Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау" критерийі бойынша мыналар айқындалады:

      Мемлекеттік органдардың аппаратын және ерекше үй-жайларын орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;

      Мемлекеттік органдарға көліктік қызмет көрсету үшін қызметтік автомобильдердің тиістілігі нормативтерінің бұзылуы белгіленген ұйымдар саны;

      Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына және Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдарына ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерге қызмет көрсетуге арналған арнайы көлiк құралдарының тиістілік табелінің бұзылуы белгіленген мемлекеттік мекемелер саны;

      Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

      Көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы белгіленген мемлекеттік кәсіпорындар саны;

      4) "Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу" критерийі бойынша балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауын/болуын көрсетеді;

      5) "Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру" критерийі бойынша мыналар айқындалады:

      мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

      мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны;

      6) "Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" критерийі бойынша бекітілген (түзетілген) даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны айқындалады.

      7) "Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі" өлшемшарты бойынша мыналар:

      мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштерге қол жеткізуін бағалау;

      мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау айқындалады.

      Ескерту. 13-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      14. Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жай-күйінің тұрақтылығы ағымдағы өтімділік коэффициенті мен меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша айқындалады.

      Ағымдық өтімділік коэффициенті бойынша шаруашылық қызмет жүргізу және ұйымның жедел міндеттемелерін уақтылы өтеу үшін ұйымның меншікті айналым қаражатымен жалпы қамтамасыз етілуі айқындалады.

      Ағымдық өтімділік коэффициенті ағымдық (айналым) активтерінің ұйымның ағымдық (қысқа мерзімді) міндеттемелеріне қатынасы ретінде есептеледі.

      Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті бойынша ұйымның қаржылық тұрақтылығына қажетті меншікті айналым қаражатының болуы айқындалады.

      Меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффициенті меншікті айналым қаражатының ұйымның айналым активтері шамасына қатынасы ретінде есептеледі. Меншікті айналым қаражатының мөлшері меншікті қаражат пен оның айналымнан тыс активтері арасындағы айырма ретінде есептеледі.

      Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) мына шарттардың бірі болған кезде:

      1) ағымдық өтімділік коэффиценті есепті кезеңнің соңында 1,5-тен кем мәнге ие болса;

      2) меншікті айналым қаражатымен қамтамасыз етілу коэффиценті есепті кезеңнің соңында 0,1-ден кем мәнге ие болса төлемге қабілетсіз болып саналады.

      15. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган:

      1) тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары бойынша олар ұсынған деректерді іріктеп қайта тексереді;

      2) балдық жүйе бойынша мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдардың не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының қызметіне бағалау жүргізеді және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша бағалау парағын тізілімнің веб-порталында қалыптастырады;

      3) осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есепті мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында қалыптастырады.

      Ескерту. 15-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      16. Бағалау нәтижелері бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдарын не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттарын мынадай тәртіппен топтауды жүргізеді:

      1) мемлекеттік мекемелерді басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

      тиімділігі жоғары (10-8 балл)

      тиімділігі орташа (7-4 балл);

      тиімділігі төмен (3-0 балл);

      2) мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары:

      тиімділігі жоғары (20-18 балл);

      тиімділігі орташа (17-8 балл);

      тиімділігі төмен (7-0 балл);

      мемлекеттік кәсіпорындарды басқару қызметін жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар не аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің аппараттары:

      тиімділігі жоғары (18-16 балл);

      тиімділігі орташа (15-8 балл)

      тиімділігі төмен (7-0 балл);

      3) акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

      тиімділігі жоғары (16-14 балл);

      тиімділігі орташа (13-6 балл);

      тиімділігі төмен (5-0 балл);

      4) жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекет қатысатын үлестерін басқару қызметін жүзеге асыратын тиісті салалардың уәкілетті органдары мен жергілікті атқарушы органдар:

      тиімділігі жоғары (16-14 балл);

      тиімділігі орташа (13-6 балл);

      тиімділігі төмен (5-0 балл).

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      17. Бағалау қорытындылары бойынша мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік мүлікті басқару тиімділігін бағалау жөніндегі жылдық есепті Қазақстан Республикасының Үкіметіне жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 25 желтоқсанынан кешіктірмей ұсынады.

  Мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін бағалау қағидаларына
1-қосымша

Критерийлер мен көрсеткіштердің балдары

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда–- ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың болмауы

2

Болуы

0

Есепті жылдағы өзгерістер:


азаю жағына қарай

1

ұлғаю жағына қарай немесе өзгерістерсіз

0

2

Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету

Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне (қатысу үлестеріне) дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдардың болмауы

2

Болуы

0

3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау

3.1

"Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы №179 бұйрықпен (бұдан әрі - № 179 бұйрық) бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.2

№ 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.3

№ 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.4

"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының (бұдан әрі - № 145 қаулы) 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарын орналастыруға арналған алаң нормаларының бұзушылығы анықталған мемлекеттік кәсіпоргандар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

3.5

№ 145 қаулысының 1-4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес бекітілген арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны

Бұзушылықтардың болмауы

2

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының есепті кезеңде тексерулер жүргізбеуі

1

Бұзушылықтардың болуы

0

4

Мемлекеттік заңды тұлғалардың балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу

Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілері бар мемлекеттік заңды тұлғалардың болмауы

2

Болуы

0

5

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру

5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы

1

Болуы

0

5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы

1

Болуы

0

6

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы

Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-та (ЖШС-де) бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалған

2

Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы

0

7

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі

7.1

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау

Барлық мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындады

2

Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы

0

7.2

Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау

Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болмауы

2

Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) болуы

0

  Мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін бағалау
қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы есеп __________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      ______________

      (есепті кезең)

      Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда–- ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с №

Көрсеткіштер

өлшем бірлігі

Барлығы

оның ішінде:

мемлекеттік мекемелер

мемлекеттік кәсіпорындар

мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдар

мемлекет бақылауындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

1

2

3

4

5

6

7

8

1

Ұйымдар саны

бірлік






Есепті кезең басында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің басы)

бірлік






2

"Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту" өлшемшарты*

қаржылық нәтижесі теріс ұйымдар саны:

Есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңы)

бірлік






3

"Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету" өлшемшарты*

Оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған ұйымдар саны

бірлік


Х




Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдар саны

бірлік


Х




4

"Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау" өлшемшарты*

Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының артуы анықталған ұйымдар саны

бірлік



Х

Х

Х

Мемлекеттік органдарды телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




Тиісті саланың уәкілетті органдары бекіткен арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны

бірлік


Х


Х

Х

5

"Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу" өлшемшарты*

Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілер бар мемлекеттік заңды тұлғалар саны

бірлік




Х

Х

6

"Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру" өлшемшарты*

6.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




6.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




7

"Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" өлшемшарты*


Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




8

"Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі" өлшемшарты*

8.1

Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) саны

бірлік


Х




8.2

Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




     

  Мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін бағалау
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Мемлекеттік қаржылық бақылау органдарының ұйымдарды бюджетке салықтық емес
түсімдер түскен кезде және мемлекет активтерін пайдалану кезінде Қазақстан
Республикасының заңнамасын сақтауы тұрғысынан тексеруінің нәтижелері туралы мәліметтер _________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      _______________

      (есепті кезең)

      Ескерту. 3-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Ұлттық экономика министрінің 15.09.2017 № 330 (халық саны екі мың адамнан көп аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін – 01.01.2018 бастап және халық саны екі мың адам және одан аз аудандық маңызы бар қалалар, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер үшін 01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

Р/с

Тексерілген ұйымның атауы

Тексеру жүргізген мемлекеттік қаржылық бақылау органының атауы

Тексеру нәтижелері

Бұзушылықтар анықталған жоқ

Анықталған бұзушылықтар:

Тиістілік нормативінің (нормаларының) артуы

Мемлекеттік тіркеудің болмауы

үй-жайлар (бірлік/ ш.м)

көлік құралдары (бірлік)

жылжымайтын мүлік объектілері (бірлік)

көлік құралдары (бірлік)

1

2

3

4

5

6

7

8

      Тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының басшысы

      __________                  ______________________________

      (қолы)                        (қолтаңбаның толық жазылуы)

  Мемлекеттік мүлікті басқару
тиімділігін бағалау
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Бағалау парағы _________________________________________________________________________ (тиісті саланың уәкілетті органының немесе жергілікті атқарушы органның не
аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы)

      _______________

      (есепті кезең)

      Ескерту. 4-қосымша жаңа редакцияда–- ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 27.06.2018 № 229 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен

      Мемлекеттік мекемелерді басқару

Р/с №

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


2.1

"Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен, телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен және мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы № 179 бұйрығымен (бұдан әрі - № 179 бұйрық) бекітілген мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау


2.2

№ 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау


2.3

№ 179 бұйрықпен бекітілген мемлекеттік органдарды телефон байланысымен және кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын сақтау


3

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу



Жиыны:


Мемлекеттік кәсіпорындарды басқару

Р/с №

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Мемлекеттік кәсіпорындар таза кірісінің бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

"Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі мемлекеттік кәсіпорындарды, акционерлік қоғамдарды және олардағы мемлекеттік қатысу үлестерінің мөлшері қатысушылардың жалпы жиналысының шешімін анықтауға мемлекетке мүмкіндік беретін жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді оңтайландыру мақсатымен олардың әкімшілік шығыстарының мониторингін жүргізу тетігін анықтау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 10 ақпандағы № 145 қаулысының (бұдан әрі - № 145 қаулы) 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау


3.2

№ 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау


3.3

№ 145 қаулының 1-4-тармағы 1) тармақшасына сәйкес арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiн сақтау


4

Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу


5

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы жөніндегі есептерді ұсыну


5.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


5.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


6

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


7

Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі


7.1

Мемлекеттік кәсіпорындар қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау


7.2

Мемлекеттік кәсіпорындардың қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау



Жиыны:


Акционерлік қоғамдар акцияларының мемлекеттік пакеттерін басқару

Р/с №

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Акционерлік қоғамдардың мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтердің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

№ 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау


3.2

№ 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен оларды мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС)орындауы бойынша есептерді ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі


6.1

Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау


6.2

Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау



Жиыны:


Жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік қатысу үлестерін басқару

Р/с №

Өлшемшарт/көрсеткіш атауы

Балл

1

2

3

1

Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту


2

Жауапкершілігі шектеулі серіктестікте мемлекеттік қатысу үлесіне таза табыстың бір бөлігінің бюджетке түсуін қамтамасыз ету


3

Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау


3.1

№ 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаң нормаларын сақтау


3.2

№ 145 қаулының 1-тармағы 3) тармақшасына сәйкес бекітілген қызметтік автомобильдердің тиістілік нормативтерін сақтау


4

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін ұсыну


4.1

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсыну


4.2

Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсыну


5

Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы


6

Мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі


6.1

Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қызметінің түйінді көрсеткіштеріне қол жеткізуді бағалау


6.2

Мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) қаржылық жағдайының тұрақтылығын бағалау



Жиыны:


  Мемлекеттік мүлікті
басқару тиімділігін бағалау
қағидаларына
5-қосымша
  Нысан

Тиісті саланың уәкілетті органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімдері аппараттарының мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі қызметінің нәтижелері туралы жиынтық есеп

      Ескерту. Қағида 5-қосымшамен толықтырылды – ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.05.2019 № 45 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      _________________ (есепті кезең)

Тиісті саланың уәкілетті органының, жергілікті атқарушы органның және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімі аппаратының атауы

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Барлығы

оның ішінде:

Мемлекеттік мекемелер

Мемлекеттік кәсіпорындар

Мемлекет бақылауындағы акционерлік қоғамдар

Мемлекет бақылауындағы жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер

1

2

3

4

5

6

7

8


Ұйымдар саны

бірлік






Есепті кезең басында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің басы)

бірлік







"Қаржылық нәтижесі теріс ұйымдардың санын азайту" өлшемшарты

қаржылық нәтижесі теріс ұйымдар саны:

Есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңында

бірлік






Есепті кезең соңында

бірлік






Ауытқу (есепті кезеңнің соңы минус есепті кезеңнің алдындағы жылдың соңы)

бірлік







"Мемлекеттік кәсіпорындардың таза табысының бір бөлігінің және мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) акцияларының мемлекеттік пакетіне (жарғылық капиталына қатысу үлестеріне) дивидендтердің (табыстардың) бюджетке түсуін қамтамасыз ету" өлшемшарты

Оң қаржылық нәтижеге ие және акциялардың мемлекеттік пакетіне (мемлекеттік қатысу үлесіне) таза табысының бір бөлігі мен дивидендтерді (таза табысының бөлігін) бюджетке аударудан босатылмаған ұйымдар саны

бірлік


Х




Таза табыстың тиісті бөлігін және мемлекет меншігіндегі мемлекеттік акциялар пакетіне дивидендтерді бюджетке уақтылы және толық аудармаған ұйымдар саны

бірлік


Х





"Бекітілген нормативтер мен заттай нормаларды сақтау" өлшемшарты

Мемлекеттік органдардың аппаратын орналастыру үшін алаңдармен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Мемлекеттік органдарды қызметтік және кезекші автомобильдермен қамтамасыз етудің заттай нормаларының артуы анықталған ұйымдар саны

бірлік



Х

Х

Х

Мемлекеттік органдарды телефон байланысымен, кеңсе жиһазымен қамтамасыз етудің заттай нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік мекемелер саны

бірлік



Х

Х

Х

Әкімшілік аппараттарды орналастыруға арналған алаңдар нормаларының бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




Тиісті саланың уәкілетті органдары бекіткен арнайы көлік құралдарының тиiстiлiк нормативтерiнің бұзылуы анықталған мемлекеттік кәсіпорындар саны

бірлік


Х


Х

Х


"Мемлекеттік заңды тұлғалар балансында бекітілген мүлікке түгендеуді, паспорттауды және қайта бағалауды жүргізу" өлшемшарты

Балансында паспорттауды жүргізуді талап ететін объектілер бар мемлекеттік заңды тұлғалар саны

бірлік




Х

Х


"Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарлары мен олардың орындалуы бойынша мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) есептерін беру" өлшемшарты


Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген, оның ішінде түзетілген даму жоспарларын ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х





Мемлекеттік мүлік тізіліміне бекітілген даму жоспарларын орындау бойынша есептерді ұсынбаған мемлекеттік мекемелер мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х





"Даму жоспарының көрсеткіштерін жоспарлау сапасы" өлшемшарты


Бекітілген даму жоспарында сандық бағалауға жатқызылатын, мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында (аумақтарды дамыту жоспарында) көрсетілген стратегиялық бағыттары мен мақсаттарын орындау бойынша ұйымның қызметін сипаттайтын шешуші көрсеткіштері айқындалмаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х





"Мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) мемлекет қаражаты мен активтерін пайдалану тиімділігі" өлшемшарты


Даму жоспарында көрсетілген түйінді көрсеткіштерді орындамаған мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ-ның (ЖШС-нің) саны

бірлік


Х





Төлемге қабілетсіз мемлекеттік кәсіпорындар мен мемлекет бақылауындағы АҚ (ЖШС) саны

бірлік


Х




      Ескертпе: "Х" белгіленген жолдар толтырылмайды.

     

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады