Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 15 мамырда № 11059 тіркелді

      «Ішкі су көлігі туралы» 2004 жылғы 6 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабы 1-тармағының 26-27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті (Ә.А. Асавбаев):
      1) осы бұйрықты заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Инвестициялар және даму министрінің
      міндетін атқарушы                                 Ж. Қасымбек

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі
      _____________ Б. Сұлтанов
      2015 жылғы 10 сәуір

Қазақстан Республикасы     
Инвестициялар және даму    
министрінің міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы    
№ 356 бұйрығымен бекітілген 

Нысанды киім (погонсыз) киiп жүруге құқығы бар мемлекеттiк қадағалау қызметкерлерiн қамтамасыз етудің заттай нормалары

Р/с

Заттардың атауы

1 адамға заттар саны (дана)

1 киімді киіп жүру мерзімі (жыл)

1

2

3

4

Ерлер нысанды киімі

1.

Қара түсті қысқы китель

1

3

2.

Қара түсті жазғы китель

1

3

3.

Қара түсті жартылай жүн матадан шалбар

1

3

4.

Қара галстук

2

1

5.

Күнделікті қара түсті фуражка

1

3

6.

Ұзын жеңді крем түсті жейде

2

1

7.

Қысқа жеңді ақ түсті жейде

2

1

8.

Қара түсті су сіңірмейтін матадан тігілген күрте

1

3

9.

Алынатын жылытқышы бар қара түсті плащ матасынан тігілген плащ — пальто

1

4

10.

Қара түсті цигейкадан жасалған, жағасы жүннен және қайырмасы бар қара түсті жүн драптан тігілген басшылық құрамға арналған қысқы пальто

1

3

11.

Қара түсті цигейкадан тігілген құлақшын

1

4

12.

Жинақ: қысқы күрте мен комбинезон шалбар

1

3

13.

Унты етігі

1

3

14.

Кокарда

1

4

15.

Шеврон

4

4

16.

Жетон

1

3

17.

Жеңдегі жапсырмалар

2

3

18

Иықтың жапсырмалары

2

3

Әйелдер нысанды киімі

1.

Қара түсті қысқы китель

1

3

2.

Қара түсті жазғы китель

1

3

3.

Қара түсті кысқы юбка

1

2

4.

Қара түсті жазғы юбка

1

2

5.

Қара түсті қысқы шалбар

1

2

6.

Қара түсті жазғы шалбар

1

2

7.

Ұзын жеңді крем түсті жейде

2

1

8.

Қысқа жеңді ақ түсті жейде

2

1

9.

Қара түсті галстук

2

1

10.

Қара түсті мақта қағазды матадан тігілген берет

1

3

11.

Қара түсті жүн матадан тігілген берет

1

3

12.

Қара түсті су сіңірмейтін матадан тігілген күрте

1

4

13.

Қара түсті цигейкадан жүнмен өңделген жағасы бар қара түсті жүн драптан тігілген басшылық құрамға арналған қысқы пальто

1

3

14.

Қара түсті цигейкадан жасалған, жағасы жүннен және қайырмасы бар қара түсті плащ матасынан тігілген қысқы күрте

1

3

15.

Кокарда

1

4

16.

Шеврон

4

4

17.

Жеңдегі жапсырмалар

2

3

18.

Иықтың жапсырмалары

2

3

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады