"Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 263 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 5 маусымда № 11281 тіркелді

      «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабы 27) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым Министрінің 2012 жылғы 24 шілдедегі № 344 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7876 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 19 қыркүйектегі № 609-614 (27687) санында жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      осы бұйрықпен бекітілген оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарын әзірлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастыру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес мынадай жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (С.Н. Нюсупов):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен соң ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Е.Н. Иманғалиевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Білім және ғылым министрі                  А. Сәрінжіпов

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2015 жылғы 28 сәуірдегі  
№ 263 бұйрығына қосымша 

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің
2012 жылғы 24 шілдедегі 
№ 344 бұйрығымен бекітілді

Оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк
құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және
мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты
ұйымдастыру қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы оқулықтарды, оқу-әдiстемелiк кешендері мен оқу-әдiстемелiк құралдарын әзiрлеу, оларға сараптама, сынақ өткізу және мониторинг жүргізу, оларды басып шығару жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 27) тармақшасына сәйкес әзірленді және оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тәртібін анықтайды.
      2. Осы Қағидаларда келесі ұғымдар қолданылады:
      1) автор – шығармашылық еңбегімен ғылым, әдебиет, өнер туындыларын, соның ішінде оқу және/немесе әдістемелік материалдарды жасаған жеке тұлға;
      2) авторлық ұжым – серіктес авторлар ретінде жинақталған жеке тұлғалар тобы;
      3) әдіскер – нақты оқу пәнін (оқу пәндерін) оқыту әдістемесі саласының маманы;
      4) әзірлеуші – оқу әдебиеттерінің мазмұнын жобалаумен, мазмұндаумен және ресімдеумен айналысатын жеке немесе заңды тұлға;
      5) баспа – баспа өнімін дайындау мен басып шығаруды жүзеге асыратын кәсіпорын;
      6) жұмыс беруші – қызметкер еңбек қатынасында тұрған жеке немесе заңды тұлға;
      7) қағаз жүзіндегі оқулықтың электрондық нұсқасы – құрылымы, мазмұны және көркем безендірілуі оқулықтың баспа формасына сәйкес келетін электрондық басылым;
      8) қосымша әдебиет – Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (бұдан әрі – ҚР МЖБС), үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларын іске асыруға ықпал ететін, оқулық пен оқу-әдістемелік кешен жиынтығына кірмейтін басылым;
      9) оқу әдебиеттеріне ғылыми және педагогикалық сараптама жасау – оқу басылымы мазмұнының ҚР МЖБС талаптарына, үлгілік оқу жоспарлары мен үлгілік оқу бағдарламаларына, қазіргі ғылыми ұстанымдарға, ал әдістемелік аппараттың білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту мақсаттарына, психологиялық-педагогикалық ғылым талаптарына сәйкестігін бағалау;
      10) оқулық – оқу пәнін (пәнді) жүйелі баяндайтын, ҚР МЖБС, үлгілік оқу жоспарына және үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы оқу басылымының түрі ретінде ресми бекітілген оқу басылымының түрі;
      11) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сынақтан өткізу – білім беру ұйымдарының оқыту процесінде оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың пайдалану практикасын кешенді зерделеу;
      12) оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар мониторингі – оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды білім беру процесіне енгізу нәтижелері жөніндегі ақпаратты жинақтау, сақтау, өңдеу және тарату;
      13) оқу әдебиеті – білімдік, сонымен бірге рухани-адамгершілік және тәрбиелеу мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған, жеке және (немесе) олардың жиынтығы бойынша барлық қабылданған оқу басылымдарының түрлерін қамтитын әртүрлі білім саласындағы баспа шығармалар;
      14) оқу-әдістемелік кешен (ОӘК) – білім алушының оқу пәні (пәндер) бойынша білім мазмұнын меңгеруін қамтамасыз етуге бағытталған және оқулыққа ілеспе болатын жекелеген оқу және әдістемелік басылымдардың жиынтығы;
      15) оқу басылымы – нақты білім беру (оқу) бағдарламасы бойынша білім беру процесінде пайдалануға арналған басылым;
      16) оқу-әдістемелік құрал (бұдан әрі – ОӘҚ) – оқу пәнінің жеке элементтерін зерделеу мақсатында оқулықты толықтыратын немесе ішінара алмастыратын және осы оқу басылымының түрі ретінде ресми бекітілген, оқу пәндерінің (пәнінің) бөлігін жүйелі баяндауды қамтитын оқу басылымының түрі;
      17) оқулыққа электрондық қосымша (бұдан әрі – ЭҚ) – мультимедиялық элементтерді, практикалық және бақылау жұмыстарын қолдана отырып, оқулықтың мазмұнын кеңейтетін және/немесе толықтыратын электрондық интерактивті оқу материалы;
      18) педагог-практик – педагогикалық білімі бар, оқу-әдістемелік қызметтің технологиясын еркін меңгерген, бірнеше жылдар аралығында кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген білім беру ұйымындағы лауазымды тұлға;
      19) сарапшы – сараптама жүргізуге тартылатын, білім беру, ғылым, техника және басқа да салаларда кем дегенде бес жыл еңбек өтілі және тиісті біліктілігі бар жеке тұлға;
      20) түпнұсқа-макет – болашақ басылымның тиісті бетіне әр беті толығымен сәйкес келетін, сыртқы элементтері мен құрылымы бойынша аяқталған кітаптың түпнұсқасы;
      21) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті;
      22) электрондық жеткізгіштердегі оқу басылымы – оқытуды автоматтандыруға арналған, оқу курсына сәйкес келетін және оқу жұмыстарының әр алуан түрлерін қамтамасыз ететін, сандық, мәтіндік, графикалық, аудио, видео және өзге ақпараттың жиынтығы ретінде ұсынылған басылымдар. Электрондық басылым электрондық жеткізгіште орындалуы, сонымен бірге интернет-ресурстарда орналастырылуы мүмкін. Электрондық оқу басылымдарына келесілер кіреді: электрондық оқулық, электрондық оқу құралы, электрондық оқу-әдістемелік кешен, видео-, аудио- материалдар, сандық білім беру ресурстары, виртуалды зертханалар және т.б.

2. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік
құралдарды дайындау тәртібі

      3. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындауды өз бетінше автор, авторлық ұжым немесе баспа ұйымдастырады.
      Арнайы білім беруге арналған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар мемлекеттік тапсырыс бойынша немесе әзірлеушінің есебінен әзірленеді және басып шығарылады.
      4. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау ҚР МЖБС-ға, тиісті білім беру деңгейінің үлгілік оқу жоспарларына, оқу пәні (пәндері) бойынша үлгілік оқу бағдарламаларына, психологиялық-педагогикалық және дидактикалық талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.
      5. Автор, авторлық ұжым оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау бойынша өз қызметін келесі талаптарды ескере отырып жүзеге асырады:
      1) оқу пәні (пәндері) бойынша неғұрлым өзекті білімдерді енгізу;
      2) ұсынылған оқу және әдістемелік материалдардың дұрыстығы;
      3) білім алушылардың жас, психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін есепке алу;
      4) оқу материалы мазмұнының кәсіби бағыттылығы.
      6. Автор, авторлық ұжым ҚР МЖБС-ға сәйкес уәкілетті орган білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат еткен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың мазмұнын әрбір төрт жылда, арнайы білім беру ұйымдары үшін әрбір алты жылда өңдейді.

3. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік
құралдарды сараптамадан өткізу тәртібі

      7. Уәкілетті орган барлық білім беру деңгейлеріне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама бойынша тақырыптық жоспарды (бұдан әрі – тақырыптық жоспар) келесі жылға ағымдағы жылдың қарашасына дейін бекітеді.
      8. «Оқулық» орталығы оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптаманы тақырыптық жоспарға сәйкес жүргізеді.
      9. Тақырыптық жоспарға енгізілген оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама жасау республикалық бюджет есебінен жүргізіледі.
      Тақырыптық жоспарға енгізілмеген оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама жасау әзірлеушінің есебінен жүргізіледі.
      10. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама жасау мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлеріне ғалымдарды, жоғары және бірінші санатты мұғалімдерді жұмылдыра отырып жасалады, техникалық және кәсіптік білім беру мамандықтары бойынша ғалымдар мен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының оқытушылары, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдері тартыла отырып жүргізіледі.
      Жоғары білім берудің мамандықтарына арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама ғалымдарды, жоғары оқу орындарының оқытушыларын, өндіріс, кәсіпорын және басқа да ұйым өкілдерін жұмылдыра отырып жасалады.
      11. Уәкілетті орган оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптамаға қабылдауды мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен мамыр аралығындағы кезеңде, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлері үшін ағымдағы жылғы қаңтар мен қазан аралығындағы кезеңде ұйымдастырады.
      12. Оқу әдебиетінің авторы, авторлық ұжымы, баспасы және әзірлеушілері уәкілетті органға келесі материалдарды жібереді:
      1) оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға сараптама жүргізу туралы өтініш;
      Өтініште оқу әдебиетінің титул парағына сәйкес автор(лар)дың аты-жөні мен тегі, ҚР МЖББС-дағы (техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің үлгілік оқу жоспарлары) оқу пәнінің (пәндерінің) атына сәйкес атауы, сыныбы (курсы), басылым тілі, шыққан жылы, басылған орны көрсетіледі. Өтініште сонымен бірге жұртшылықтың кең ауқымының қол жеткізуі үшін «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында қағаз жүзіндегі оқулықтың электрондық нұсқаларын орналастыру туралы өтініші көрсетіледі («Жоба» белгісімен PDF форматында).
      Қайта әзірленген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін өтінішке әзірлеушілер (авторы, авторлық ұжым) туралы мәліметтер және байланыс телефондары қоса беріледі.
      2) оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды басуға және/немесе қайта басуға авторлық құқық беру туралы келісімшарттың әрекет ету мерзімі мен аймағын, басылым таралымын және т.б. көрсете отырып, ұжымдық негізде авторлардың меншіктік құқықтарын басқаратын автормен (авторлармен) немесе ұйыммен жасалған келісімшарттың көшірмесі;
      3) оқулықтың (соның ішінде оның электрондық нұсқасы PDF форматта), ОӘК, ОӘҚ, ЭҚ түпнұсқа-макеттерінің және қорапта соңғы тұтынушыға арналған электрондық жеткізгіштердегі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар CD (DVD)-дискінің үш данасы;
      4) техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін пән бойынша оқу бағдарламасы;
      5) оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға түсіндірме жазба.
      Түсіндірме жазба қайта дайындалған басылым үшін негізгі тұжырымдамалық ойларынан, өзектілік деңгейін бағалаудан, әзірлеменің жаңашылдығынан, ҚР МЖБС-ны, үлгілік оқу бағдарлама талаптарын іске асырудан, қайта басылған оқу басылымдары үшін – автордың (авторлық ұжымның) енгізген өзгерістері мен толықтыруларынан тұруы тиіс.
      6) үш пікір: пән бойынша педагог-практиктің, пән бойынша әдіскердің, ғалымның.
      Пікірде автордың білім беру ұйымдарында білім беру деңгейіне байланысты оқу басылымына ішінара сынақтан өткізу нәтижелері, басылымның мақсатты арналуы көрсетіледі;
      7) техникалық және кәсіптік білімнің оқу басылымдары үшін – техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының республикалық оқу-әдістемелік бірлестік шешімінен үзінді, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдары үшін – мамандықтардың топтары бойынша оқу-әдістемелік бірлестіктің шешімінен үзінді;
      8) электрондық жеткізгіштердегі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар үшін – пайдаланушыларға арналған орнату және басшылыққа алу нұсқаулығы еркін нысанда.
      13. Уәкілетті орган ұсынылған материалдардың толықтығын осы Қағидалардың 12-тармағына сәйкес анықтайды.
      Уәкілетті орган бес күнтізбелік күн ішінде келіп түскен материалдарды сараптама жасау үшін «Оқулық» орталығына жібереді.
      14. Ғылыми және педагогикалық сараптаманы өткізу уәкілетті органнан «Оқулық» орталығы материалдарды қабылдаған күннен бастап күнтізбелік алпыс күн ішінде ұйымдастырылады және жүргізіледі.
      15. Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама өткізу ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына, ғылыми және әдістемелік аппараттың – білім алушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамыту мақсаттарына, психология-педагогика ғылымының қазіргі заманғы талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
      Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштердегі ғылыми және педагогикалық сараптама ҚР МЖБС-ға, үлгілік оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына, ОӘК-тің әдістемелік және ғылыми аппаратына қойылатын талаптарына сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
      Оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға ғылыми және педагогикалық сараптама толықтығын қамтамасыз ету мақсатында баспа уәкілетті органға сонымен бірге электрондық нұсқада ұсынады. Сараптаманы жүргізген уақытта қағаз жүзіндегі оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың электрондық нұсқасы «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында жұртшылықтың кең ауқымының қол жетімділігін қамтамасыз ету және ескертулер мен ұсыныстарды беру үшін орналастырылады.
      Сараптама нәтижелері бойынша сараптамалық шешім шығарылады.
      16. Сараптамалық шешім негізінде «Оқулық» орталығы сараптама қорытындысын дайындайды.
      Сараптама нәтижелері бойынша сараптама қорытындысы келесі тұжырымдардың бірін қамтуы керек:
      1) бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім деңгейіне арналған оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарға, соның ішінде электрондық жеткізгіштерде:
      оң сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылады», қайта дайындалған оқу әдебиеттеріне – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылады»;
      сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «Өңдеуді қажет етеді», соның ішінде қайта дайындалған оқу әдебиеттері үшін;
      теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «Білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмайды», қайта дайындалған оқу әдебиеттеріне – «білім беру ұйымдарында сынақтан өткізуге ұсынылмайды»;
      2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім деңгейінің оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендері мен оқу-әдістемелік құралдары үшін, соның ішінде электрондық жеткізгіштерде – «білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылады»;
      сараптамалық шешімде жоюды қажет ететін ескертулер болған жағдайда – «Өңдеуді қажет етеді»;
      теріс сараптамалық шешім алған жағдайда – «білім беру ұйымдарына пайдалануға ұсынылмайды».
      17. Уәкілетті орган авторға (авторлық ұжымға) немесе баспаға сараптама нәтижелері туралы хабарлайды.
      18. «Оқулық» орталығының сараптама қорытындысына сәйкес автор (авторлық ұжым) немесе баспа өңдеуді талап ететін оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды өңдеуден кейін уәкілетті органға қайта сараптама өткізуге уәкілетті органнан сараптамалық шешімді алған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде ұсынылады. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды қайта сараптамадан өткізуге байланысты барлық шығыстар (мемлекеттік тапсырыстан басқа) автор, авторлық ұжым немесе баспа есебінен өтеледі.
      Екінші рет қайтарылған немесе білім беру ұйымдарында пайдалануға ұсынылмаған оқу басылымдары ағымдағы күнтізбелік жыл ішінде сараптамаға қабылданбайды.
      19. Сараптамаға ұсынылған оқу басылымы әзірлеушіге қайтарылмайды.

4. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік
құралдарды сынақтан өткізу және мониторинг жүргізу тәртібі

      20. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сынақтан өткізетін білім беру ұйымдарының тізімін оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың әзірлеу тілін және білім деңгейін ескере отырып қалыптастырады.
      21. Облыстардың, Алматы және Астана қалаларының білім басқармалары оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сынақтан өткізу нәтижелерін «Оқулық» орталығына ұсынады.
      22. «Оқулық» орталығы оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сынақтан өткен материалдарына талдау жасайды, Республикалық комиссия қарауына талдамалық анықтама әзірлейді.
      23. Уәкілетті орган мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейлері оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың мониторингін оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сапасын бағалау мен білім беру ұйымдарының оқу әдебиеттерімен қамтамасыз етілуін талдау мақсатында жүргізіледі.
      24. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары уәкілетті органға келесі оқу жылына Тізбеге сәйкес тендердің нәтижелері бойынша оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды жеткізу жөнінде мемлекеттік сатып алу туралы ақпаратты ағымдағы жылдың жиырма бесінші мамырына дейін, ал он бесінші тамыздан кешіктірмей бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқулықтары, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарымен қамтамасыз етілу туралы ақпаратты ұсынады.
      25. Уәкілетті орган оқулықтар мониторингінің нәтижелері бойынша білім беру ұйымдары тарапынан сұраныссыз қалған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды Тізбеден алып тастау туралы шешім қабылдайды.
      Тізбеден алынып тасталған оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар туралы ақпарат уәкілетті органның www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
      26. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды сараптама және сынақ жүргізу нәтижелерін қарастыру жөніндегі Республикалық комиссияны (бұдан әрі – Республикалық комиссия) құрады.
      Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Республикалық комиссияның құрамын бұйрықпен төрт жылға бекітеді.
      Республикалық комиссияның құрамына отандық білім беруді дамыту бойынша жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік, қоғамдық және үкіметтік емес ұйымдардың, педагогикалық және ғылыми қоғамдастықтың өкілдері кіреді.
      Уәкілетті орган Республикалық комиссия жанынан оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми және педагогикалық сараптама нәтижелерін қарастыратын пәндік комиссияларды құрады.
      Пәндік комиссия құрамы бір жыл мерзімге бекітіледі. Әрбір пәндік комиссия құрамына жетекші, ғалымдар және пән мұғалімдерінен тұратын комиссияның төрт мүшесі кіреді. Жетекші Республикалық комиссия құрамына кіреді.
      Пәндік комиссия оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың ғылыми және педагогикалық сараптама нәтижелерін қарастырады.
      27. Республикалық комиссия:
      1) қор жинау циклі бойынша қайта басылатын мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім деңгейіндегі оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың сараптама жүргізу нәтижесін тексереді;
      2) барлық білім беру деңгейіне арналған оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды дайындау, сараптау, сынақтан өткізу, мониторинг жүргізу және басып шығару тетіктерін жетілдіру бойынша ұсыныстарды дайындайды;
      3) пәндік комиссиялардың ұсыныстарын қарастыру негізінде қорытынды мәжілісте оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу процесінде қолдану бойынша келесі шешім қабылдайды:
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылады»;
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды»;
      4) орта білім беру деңгейіне арналған қайта дайындалған оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдардың білім беру ұйымдарындағы сынақтан өткізу нәтижелерін қарастырады. Республикалық комиссия сынақтан өткізу материалдарын қарау негізінде оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдарды оқу процесінде пайдалану туралы келесі шешім қабылдайды:
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылады»;
      «оқу процесінде пайдалануға ұсынылмайды».
      28. Республикалық комиссия отырысы жылына екі реттен кем емес өткізіледі.
      Отырыс республикалық комиссия мүшелерінің жартысынан көп бөлігі қатысқанда заңды болып табылады.
      Республикалық комиссия пәндік комиссиялардың ұсыныстары негізінде пайдалануға ұсынылған оқу әдебиеттерінің тізімін білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердің Тізбесін (бұдан әрі – Тізбе) уәкілетті органның қарауы мен бекітуіне енгізеді.
      29. Тізбеге бір оқу пәні бойынша бестен артық емес балама оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар енгізіледі.
      Уәкілетті органмен бекітілген Тізбе уәкілетті органның www.edu.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылады.
      Оқулықтардың электрондық нұсқасы білім алушылар мен білім беру ұйымдарын оқулықтармен, оқу-әдістемелік кешендер және оқу-әдістемелік құралдармен қосымша қамтамасыз ету үшін PDF форматында «Оқулық» орталығының интернет-ресурсында орналастырылады.

5. Оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендер мен құралдарды басып
шығару тәртібі

      30. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін басып шығару Тізбеге сәйкес жүзеге асырылады.
      31. Тізбеге енген оқулықтар, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу-әдістемелік құралдар әзірлеушінің қаражаты есебінен басылып шығарылады.
      32. Уәкілетті органның «Білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етіледі» деген грифі мектепке дейінгі, бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін келесі төрт оқу жылы ішінде, арнайы білім беру ұйымдары үшін келесі алты оқу жылы ішінде қолданыста болады, техникалық және кәсіптік, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру деңгейлерінің оқу әдебиеттері үшін шектелмейді.
      33. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беретін ұйымдар үшін оқу әдебиеттерін басып шығару «Оқулық» орталығының оң сараптамалық шешімі негізінде республикалық бюджеттің, оқу орнының немесе автордың, авторлар ұжымының немесе баспаның қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады