"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 20 мамырдағы № 585 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 маусымда № 11457 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2020 жылғы 1 маусымдағы № 11-1-4/179 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің 01.06.2020 № 11-1-4/179 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Мыналардың:

      1) "Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыратын инвестициялық келісімшарт жасау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту жөнінде" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 51 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2014 жылғы 17 наурызда № 9232 болып тіркелген, "Егемен Қазақстан" газетінде 2014 жылғы 20 қарашада № 227 (27848) болып жарияланған);

      2) "Инвестициялық преференцияларды көздейтін инвестицияларды жүзеге асыруға инвестициялық келісімшарт жасау" мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрі міндетін атқарушының 2014 жылғы 25 ақпандағы № 51 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 19 желтоқсандағы № 273 бұйрығының (Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 23 қаңтарда № 10140 болып тіркелген, "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 ақпанда жарияланған) күшi жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын;

      4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Инвестициялар және даму министрі

Ә. Исекешев


  Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің
2015 жылғы 20 мамырдағы
№ 585 бұйрығымен
бекітілген

"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық
преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске
асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламенті
1. Жалпы ережелер

      1. "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін кызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін кызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитетімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетіледі.

      Өтінімді қабылдау және көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижелерін беру көрсетiлетiн қызметті берушімен жүзеге асырылады.

      2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.

      3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің нәтижесі инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт (бұдан әрі – Келісімшарт) жасасу болып табылады.

      Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: қағаз түрінде.

2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
іс-қимыл тәртібін сипаттау

      4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімдерді (іс-қимылды) бастау үшін негіз Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 21 сәуірдегі № 478 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 28 мамырда № 11216 тіркелген) "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.

      5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындаудың ұзақтығы:

      1) он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманымен тіркеу нөмірі және күн көрсетілген өтінімді қабылдау және тіркеу;

      2) Инвестициялық преференциялар басқармасының (бұдан әрі – Басқарма) өтінім тіркелген сәтінен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті берушінің өтінімін қарастыруы;

      3) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттарына сәйкес келген жағдайда, құжаттарды қарастырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде қызметті берушінің басшысының Келісімшарт жасасу туралы бұйрық қабылданады;

      4) Келісімшарт жасасу туралы бұйрықты қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Басқарма Келісімшарт жобасын дайындау;

      5) тараптармен қол қойылған келісімшартты бес жұмыс күнi iшiнде тiркеу;

      6) тіркелген Келісімшартты көрсетілетін қызметті алушуға беру.

      Ескерту. 5-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.02.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      6. Мына рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің іс-қимыл нәтижесі:

      1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;

      2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының Басқармаға қарастыру үшін қарары;

      3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығы;

      4) Келісімшарт жобасын дайындау;

      5) көрсетілетін қызметті берушінің Келісімшартты тіркеуі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін
қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің)
өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау

      7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:

      1) көрсететін қызметті берушінің басшысы және (немесе) оның орынбасары;

      2) Басқарма басшысы;

      3) жауапты орындаушы;

      4) кеңсенің маманы.

      8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:

      1) он бес минуттың ішінде кеңсе маманымен тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген құжаттар тіркеліп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі;

      2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары құжаттарды үш сағат ішінде Басқарма басшысына береді;

      3) Басқарма басшысы бір сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтап, құжаттарды қарастыруға береді;

      4) жауапты орындаушы өтінім тіркелген сәтінен бастап он сегіз жұмыс күні ішінде құжаттарды қарастырады;

      5) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексінің 286-бабымен белгiленген талаптарға құжаттары сәйкес келген жағдайда, көрсетілген қызметті берушінің басшысы құжаттар қарастырылған қорытынды бойынша екі жұмыс күні ішінде Келісімшарт жасасу туралы бұйрықты қабылдауды;

      6) жауапты орындаушы Келісімшарт жасасу туралы бұйрық қабылданған күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде Келiсiмшарт жобасын қол қоюға дайындайды және оны көрсетілетін қызметті алушыға жібереді;

      7) тараптармен қол қойылған Келісімшарт жобасы бес жұмыс күнi iшiнде тiркеледі;

      8) жауапты орындаушы Келісімшар тіркелген күнді оны кеңсе маманына береді;

      9) кеңсе маманы тіркелген Келісімдшартты көрсетілетін қызметті алушуға береді.

      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.02.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-әрекеттерінің толық сипаттамасы осы Регламентке қосымшаға сәйкес "Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференцияларды ұсынуды көздейтiн инвестициялық жобаны іске асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.

      Ескерту. 9-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 23.02.2016 № 208 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

  "Инвестицияларды жүзеге асыруды
және инвестициялық преференциялар
беруді көздейтiн инвестициялық
жобаны іске асыруға инвестициялық
келісімшарт жасасу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша

"Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық
преференциялар беруді көздейтiн инвестициялық жобаны іске
асыруға инвестициялық келісімшарт жасасу" мемлекеттік
қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады