Байланыс формасы

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде № 11549 тіркелді.

      2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министрдің міндетін атқарушы М. Құсайынов

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы

      Ауыл шаруашылығы министрі

      ___________ А. Мамытбеков

      2015 жылғы 3 маусым



  Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 268 бұйрығымен бекiтiлген

Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) агрохимиялық қызмет – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Республикалық агрохимия қызметінің ғылыми-әдістемелік орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесі;

      2) ауыспалы егіс – белгілі бір жер учаскесінде уақытымен ауыл шаруашылығы дақылдарын ғылыми негізделген кезектестіріп егу;

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің тозуы – жердің табиғи-шаруашылық маңызының төмендеуіне әкеп соғатын табиғи және антропогендік әсерлердің нәтижесінде ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер қасиеттерінің нашарлауы;

      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскесінің паспорты – жер учаскесінің, оның сәйкестендіру сипаттамаларының, сондай-ақ жер пайдалану объектісінің топырақ құнарлылығының құрастыру сәтіндегі нақты жай-күйін көрсететін құжат;

      5) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану – жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың ауыл шаруашылығы өнімін өндіру процесінде топырақтың құнарлылығы мен жердің мелиоративтік жай-күйінің айтарлықтай төмендеуіне жол бермеуді қамтитын жер ресурстарын тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, қажетті тиімділік көрсеткіштерге қол жеткізу мақсатында жерді оңтайлы пайдалану;

      6) ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші – ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерге меншік немесе жер пайдалану құқығы бар жеке немесе заңды тұлға;

      7) жер ресурстарын басқару жөніндегі уәкілетті орган – жер қатынастары саласындағы реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      8) топырақ құнарлылығының айтарлықтай төмендеуі – соңғы екі агрохимиялық және (немесе) агромелиоративтік зерттеулердің нәтижелерін салыстыру кезінде белгіленген топырақ құнарлылығы көрсеткіштерінің төмендеуі;

      9) шаруашылық ішіндегі жерге орналастыру жобасы – әрбір жер учаскесінің жеке сипаттамаларын (құнарлылығы, технологиялық қасиеттері, орналасқан жері, табиғи-тарихи, экологиялық және басқа ерекшеліктері) есепке ала отырып, оны неғұрлым ұтымды пайдалануды қамтамасыз ететін іс-шаралар кешенін қамтитын ауыл шаруашылығы жері аумағының таяудағы перспективада ұйымдастырылуы мен орналастырылуын айқындайтын және негіздейтін құжат.

      3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану:

      1) жердің құнарлығын сақтауды және арттыруды (егістіктің жыртылған қабатындағы жалпы гумус құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің белгіленген деңгейі);

      2) негізгі ауыл шаруашылығы дақылдарының белгілі бір өнімділік деңгейін сақтауды және арттыруды;

      3) ауыспалы егістің сақталуын;

      4) алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      5) топырақтың құнарлылығы мен мелиоративтік жай-күйін сақтауды және жақсартуды;

      6) ауыл шаруашылығы алқаптарының шаруашылық айналымынан шығып қалуын болдырмауды, жерге арамшөп пен ағаш бұта өсімдіктерінің өсіп кетуіне, сондай-ақ тұрмыстық және өндірістік қалдықтарымен қоқыстауына жол бермеуді;

      7) ауыл шаруашылығы дақылдарынан қалған қалдықтар мен жанама өнімдерді ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің өңделген учаскелерінде өртеуге жол бермеуді қамтиды.

      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде келесі құжаттар болуы қажет:

      1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10134 болып тіркелген) индексі 4-аш, кезеңділігі жылдық, "Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық, "Ауылшаруашылық дақылдардың түсімін жинау туралы" жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);

      2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыспалы егістік жоспары (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);

      3) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;

      4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

2. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану тәртібі

      5. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру кезінде ғылыми ұйымдардың жалпыға ортақ пайдалану үшін шығарылған ұйғарымы негізінде бекітілген ауыспалы егіс жоспарына сәйкес ауыспалы егісті сақтап отырады.

      6. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыспалы егіс жоспарын өсірілетін дақылдарды ротациялау жүйесінің таңдалуына байланысты ауыл шаруашылығы дақылдарының толық айналымына сай келетін кезеңге бекітеді. Бекітілген ауыспалы егіс жоспарының бір данасы жер учаскесі орналасқан жер бойынша жергілікті атқарушы органға жіберіледі.

      7. Мынадай көрсеткіштер бойынша топырақ құнарлылығын айтарлықтай төмендетуге:

      1) егістіктің жыртылған қабатындағы (0-20 см) жалпы гумус құрамының бес пайыздан көп, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген құрамының жиырма пайыздан көп төмендеуіне;

      2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес жердің гумуспен және қоректендіру элементтерімен осы элементтермен өте төмен және төмен қамтамасыз етілген алаңдарының он пайыздан көп өсуіне жол берілмейді.

      3) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің пестицидтермен және минералдық тыңайтқыштармен ластануы рұқсат етілген шектегі концентрациялардан жоғары асуына;

      4) эрозия нәтижесінде жоғарғы гумус қабаты қуатының 5 сантиметрден көп темендеуіне;

      5) топырақтың 30 сантиметрге дейінгі қабатындағы уытты тұздар жиынтығының көбеюіне:

      хлоридтердің 0,4 пайыздан көп болуына;

      сульфаттардың 0,8 пайыздан көп болуына;

      топырақта сортаңданудың 5 пайыздан көп жоғарылауына;

      6) арам шөптердің не карантиндік өсімдіктің көп өсуіне (арам шөптердің саны рұқсат етілген экономикалық зияндылық шегінен жоғары болуына) байланысты жер учаскесінің ауыл шаруашылығында пайдаланудан шығып қалуына жол берілмейді.

      8. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің құнарлылығы мен мелиоративтік жағдайы туралы мәліметтер ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспортында сипатталады, оның нысаны Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 14-бабының 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес бекітіледі.

      9. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігін облыстың тиісті ауданы бойынша орташа, бірақ аудандық орташа көрсеткішінен кемінде сексен бес пайыз деңгейде қолдайды.

      10. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

3. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерлді пайдалануды қамтамасыз ету тәртібі

      11. Ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлердің құнарлығы мониторингін және осы Қағидалардың 7-тармағында көзделген талаптардың орындалуын агрохимиялық қызмет және "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге топырақтық, агрохимиялық, фитосанитарлық зерттеулердің және жер мониторингін жүргізуден алынған деректердің негізінде жүргізеді.

      Жерлерді ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету мақсатында облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органы құқық белгілейтін құжаттар берілгеннен кейін бір ай мерзім ішінде жаңадан берілген ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелері туралы агрохимиялық қызметті хабардар етеді.

      Агрохимиялық қызмет ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерден құқық беретін құжаттарды алғаннан кейін бір күнтізбелік жыл ішінде топыраққа агрохимиялық зерттеу жүргізеді.

      Ескерту. 11-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.12.2015 № 782 (01.03.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      12. Жыртылған қабаттағы жалпы гумус құрамының, жеңіл гидролизделетін азоттың, жылжымалы фосфордың және ауыспалы калийдің орташа есептелген көрсеткіштері суарылмайтын жерде – жеті жылда бір рет және суармалы жерде – бес жылда бір рет айналыммен жүргізілетін топырақты агрохимиялық тексеру нәтижелері бойынша айқындалады және агрохимиялық тексерудің бастапқы (базалық) турда және кейінгі турларда белгіленген көрсеткіштермен салыстырылады.

      13. Өсімдік шаруашылығы мақсатына арналған ауыл шаруашылық мақсатындағы жерлер бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндіруші алған ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі туралы деректерді тиісті дақылдар бойынша аудандық орташа өнімділік көрсеткіштерімен салыстырады.

      Аудандық орташа өнімділік дақылдар бөлінісінде, сондай-ақ ауыл шаруашылығы мақсатындағы суарылған және суарылмайтын жерлерге бөлумен есептеледі.

      14. Ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушінің тиісті дақылдың аудандық орташа көрсеткішінен кемінде сексен бес пайыз деңгейде ауыл шаруашылығы өнімін үш жыл қатарынан алуы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдаланбау көрсеткіші болып табылады.

      15. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      16. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      17. Алып тасталды – ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 14.11.2017 № 449 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      18. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымсыз пайдаланыланған жағдайда жергілікті атқарушы органдар Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-1-бабының 4-тармағына сәйкес шаралар қолданады.

  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді ұтымды пайдалану
қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      БЕКІТЕМІН

      Басшы ___________________________________

      (жеке немесе заңды тұлғаның атауы)

      __________________________________

      (Т.А.Ж, қолы, мөрі)

      20 жылғы " "

Ауыспалы егіс жоспары

Тиісті алаңдар (алқаптар) орналасқан жер учаскесінің кадастрлық нөмері

Ауыспалы егіс жоспары және/немесе жер учаскесінің паспортына сәйкес алаңның №, оның көлемі, гектар (га)

Ауыспалы егіс жоспарын жасаудың бір жыл алдында болған дақылдар

Жоспарланған мерзімде дақылдарды орналастыру

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.

20 _ г.


1 __ га













2 __ га













3 __ га













4 __ га













5 __ га













6 __ га













7 __ га













8 __ га












  Ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерді ұтымды пайдалану
қағидаларына
2-қосымша

Топырақтың қарашірікпен (гумус) және қоректік элементтермен қамтылу көрсеткіштері

Р/н №

Облыстар

Топырақтың типтері

Гумуспен қамтылуы, %

Қоректілік элементтерімен қамтамасыз етілуі, мг/кг

Жеңіл азотпенгидролизделген

Жылжымайтын фосформен

Калиймен алмасатын

Өте аз, төмен

төмен

қалыпты

Өте аз, төмен

төмен

қалыпты

Өте аз, төмен

төмен

қалыпты

Өте аз, төмен

төмен

қалыпты

1.

Ақмола

Кәдімгі қара

3,8

4,3

4,8

<30

48

48-60

<10

18

19-30

<100

240

>410

Оңтүстік қара

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

250

>410

Күңгірт-күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

220

>410

Ашық-күрең

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

12

13-30

<100

220

>410

2.

Ақтөбе

Оңтүстік қара

2,8

3,1

3,6

<30

44

44-60

<10

15

16-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

Күңгірт-күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

3.

Алматы

Кәдімгі сұр

0,8

1,0

1,2

<25

32

32-50

<10

16

17-30

<100

240

>410

Шалғынды сұр

1,5

1,7

2,0

<25

31

31-50

<10

15

16-30

<100

240

>410

Тау етегіндегі күрең

2,5

2,8

3,3

<25

34

34-50

<10

16

17-30

<100

260

>410

Шалғынды-батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

31

31-50

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

220

>410

Ашық сұр

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі сұр

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Сұр-құба

0,5

0,7

0,8

25

31

31-50

<10

15

16-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі қара

3,8

4,2

4,8

<30

49

49-60

<10

15

16-30

<100

250

>410

4.

Атырау

Ашық-күрең

1,2

1,4

1,7

<25

35

35-50

<10

11

12-30

<110

240

>410

Жайылма-шалғынды

1,4

1,6

1,9

<25

33

33-50

<10

15

16-30

<110

270

>410

Шалғынды-батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

31

31-50

<10

15

16-30

<110

260

>410

Құба

0,8

1,0

1,2

<25

34

34-50

<10

14

15-30

<110

240

>410

Сұр-құба

0,5

0,7

0,8

<25

36

36-50

<10

14

15-30

<110

230

>410

5.

Шығыс Қазақстан

Таулы күрең

5,7

6,5

7,5

<30

55

55-60

<10

16

17-30

<100

260

>410

Күңгірт-күрең

2,1

2,4

2,9

<25

36

36-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

220

>410

Ашық-күрең

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

12

13-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі қара

3,8

4,2

4,8

<30

45

45-60

<10

16

17-30

<100

250

>410

Тау етегіндегі күңгірт-қара

2,5

2,8

3,3

<25

38

38-50

<10

15

16-30

<100

230

>410

Тау етегіндегі ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Таулы қоңыр

3,7

4,1

4,9

<30

48

48-60

<10

14

15-30

<100

240

>410

Оңтүстік қара

2,8

3,1

3,6

<30

42

42-60

<10

14

15-30

<100

250

>410

6.

Жамбыл

Ашық сұр

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

Кәдімгі сұр

0,8

1,0

1,2

<25

32

32-50

<10

15

16-30

<100

220

>410

Тау етегіндегі күңгірт-қара

2,5

2,8

3,3

<25

35

35-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Тау етегіндегі күңгірт-ашық

1,2

1,4

1,7

<25

32

32-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

Шалғынды сұр

1,5

1,7

2,0

<25

35

35-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Таулы қоңыр

3,7

4,1

4,9

<30

48

48-60

<10

14

15-30

<100

250

>410

7.

Батыс Қазақстан

Оңтүстік қара

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

12

13-30

<100

210

>410

8.

Қараганды

Кәдімгі қара

3,8

4,3

4,8

<30

45

45-60

<10

14

15-30

<100

240

>410

Оңтүстік қара

2,8

3,1

3,6

<30

44

44-60

<10

14

15-30

<100

230

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

35

35-50

<10

13

16-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

32

32-50

<10

12

13-30

<100

215

>410

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

11

12-30

<100

210

>410

9.

Қостанай

Кәдімгі қара

3,8

4,3

4,8

<30

48

48-60

<10

16

17-30

<100

250

>410

Оңтүстік қара

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күңгірт күрең

2,1

2,4

2,9

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Күрең

1,6

1,9

2,2

<25

33

33-50

<10

13

14-30

<100

210

>410

10.

Қызылорда

Шалғынды-батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

35

35-50

<10

15

16-30

<100

201

>410

Сұр қоңыр

0,5

0,7

0,8

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Жайылма шалғынды

1,4

1,6

1,9

<25

34

34-50

<10

14

15-30

<100

215

>410

Ашық сұр

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

12

13-30

<100

210

>410

11.

Маңғыстау

Құба

0,8

1,0

1,2

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<110

240

>410

Сұр қоңыр

0,5

0,7

0,8

<25

35

35-50

<10

14

15-30

<110

230

>410

Шалғынды батпақты

1,4

1,7

2,0

<25

33

33-50

<10

15

16-30

<110

260

>410

12.

Павлодар

Оңтістік қара

2,8

3,1

3,6

<30

45

45-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күрең

2,1

2,4

2,9

<25

33

33-50

<10

12

13-30

<100

220

>410

Күңгір-күрең

1,6

1,9

2,2

<25

37

37-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

Ашық күрең

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

11

12-30

<100

210

>410

13.

Солтүстік Қазақстан

Кәдімгі қара

3,8

4,3

4,8

<30

48

48-60

<10

17

18-30

<100

250

>410

Оңтістік қара

2,8

3,1

3,6

<30

42

42-60

<10

15

16-30

<100

240

>410

Күрең

2,1

2,4

2,9

<25

37

37-50

<10

14

15-30

<100

230

>410

14.

Оңтүстік Қазақстан

Кәдімгі сұр

0,8

1,0

1,2

<25

32

32-50

<10

16

17-30

<100

220

>410

Ашық сұр

0,6

0,7

0,9

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Тау етегіндегі күңгір

2,5

2,8

3,3

<25

38

38-50

<10

14

15-30

<100

220

>410

Сұр құба

0,5

0,7

0,8

<25

31

31-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Сұр қоңыр

1,2

1,4

1,7

<25

33

33-50

<10

14

15-30

<100

210

>410

Шалғынды сұр

1,5

1,7

2,0

<25

34

34-50

<10

16

17-30

<100

220

>410

15.

Астана қаласы

Күңгір-күрең

1,6

1,9

2,2

<25

41

41-60

<10

14

15-30

<110

250

>410

16.

Алматы қаласы

Таулы қара

5,7

6,5

7,5

<25

55

55-60

<10

16

17-30

<110

260

>410

Күңгір-күрең

2,1

2,4

2,9

<25

41

41-60

<10

14

15-30

<110

260

>410

Ашық күңгірт

1,2

1,4

1,7

<25

31

31-50

<10

11

12-30

<110

240

>410

Шалғынды сұр

1,5

1,7

2,0

<25

35

35-50

<10

15

16-30

<110

250

>410


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады