Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 19 маусымдағы № 51 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 шілдедегі № 11758 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2016 жылғы 7 қыркүйектегі № 62 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 07.09.2016 № 62 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы № 1400 қаулысы 4-тармағының 3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің қызметкерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Кадрлар департаменті белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Комитет Төрағасы                                     Н. Әбіқаев

Қазақстан Республикасы       
Ұлттық қауіпсіздік комитеті    
Төрағасының 2015 жылғы 19 маусымдағы
№ 11758 бұйрығымен бекітілген  

Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің
жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу
қағидалары

      1. Осы Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу қағидалары (бұдан әрі - Ережелер) Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдары жүйесінің жұмыскерлері үшін мамандығы бойынша жұмыс өтілін есептеу тәртібін анықтайды.
      2. Мамандық бойынша жұмыс өтіліне мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда ұйымдық-құқықтық нысандарына қарамастан істеген жұмысының барлық уақыты есептеледі, сондай-ақ:
      1) Қарулы Күштердегi, басқа да әскерлердегi және әскери құрамалардағы, құқық қорғау органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы, фельдъегерлік, суда-құтқару, құтқару қызметтерiндегi және құрамаларындағы жұмысы;
      2) жүктiлiгi және тууы бойынша демалысы, сондай-ақ балаға қарау үшiн берiлген айлықақысы сақталмайтын демалыс уақыты;
      3) Қазақстан Республикасы Парламентi депутаттарының, маслихат депутаттарының өкiлеттiгiн жүзеге асыру уақыты;
      4) шетелдегi жұмысы, егер қызметкер шетелге барар алдында мамандығы бойынша мемлекеттiк мекемеде жұмыс iстесе және шетелден келген күннен бастап екi ай iшiнде, көшкен күнiн есептемей, мемлекеттiк мекемеге жұмысқа орналасса;
      5) соттардағы, прокуратура органдарындағы, мемлекеттiк өртке қарсы қызметтегi, Қазақстан Республикасының және бұрынғы КСР Одағының iшкi қызметтерiндегi, мемлекеттiк қауiпсiздiк органдарындағы, ұлттық қауiпсiздiк және Қазақстан Республикасының бұрынғы мемлекеттiк тергеу комитетiндегi еңбек сiңiрген жылдары үшiн үстемеақы алуға құқық беретiн лауазымдағы жұмыстары;
      6) КСРО-ның Мемлекеттiк банкi және Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi жүйесiндегi қызметi;
      7) мерзiмдi әскери қызмет атқаруы, сондай-ақ интернационалдық борышын орындауы, тұтқында болған әскери қызметшiлер, офицер құрамы адамдарының, прапорщиктердiң, мичмандардың, әскери қызметшiлердiң Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріндегi, басқа да әскерлердегi және әскери құрамалардағы және бұрынғы КСР Одағының азаматтық қорғаныс бөлiмдерiндегi, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетi және КСРО Мемлекеттiк қауiпсiздiк комитетi органдары жүйесiндегi, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметiндегi және Қазақстан Республикасының Республикалық ұланындағы мерзiмнен тыс қызметi, жағымсыз себептермен қызметтен босатылған адамдарды қоспағанда;
      8) басшы құрам адамдарының iшкi iстер органы жүйесiнде, қаржы (салық) полициясында, мемлекеттiк өртке қарсы қызметте, прокуратура органының қызметiнде, Қазақстан Республикасы және бұрынғы КСР Одағы соттарының аппаратындағы қызметiнде, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк тергеу комитетi қызметiнде атқарған қызметi, жағымсыз себептермен қызметтен босатылған адамдарды қоспағанда;
      9) заңсыз жұмыстан шығарылуы салдарынан бос жүруi және кейiн қайтадан жұмысқа алынуы;
      10) мемлекеттiк мекеменiң жолдамасы бойынша жұмыстан қол үзiп даярлау, қайта даярлау және бiлiктiлiгiн арттыру жөнiндегi курстардағы оқуы;
      11) өз мамандығы бойынша сала ұйымдарындағы ғылыми жұмыстары;
      12) қызмет аясына қарамастан, ұқсас мамандық бойынша оның еңбек жолында атқарған лауазымдағы жұмысының уақыты;
      13) мемлекеттік қызметкер лауазымындағы мемлекеттік қызметте болған кезі;
      14) Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік органдарындағы қызметі кiредi.
      3. Осы Ережеге сай мамандығы бойынша есептелетiн жұмыс өтiлi есептеу кезiнде есепке алынады. Күнтiзбелiк ай iшiнде лауазымдық айлықақысын (төлемiн) көтеру құқығы берiлетiн қызметкерлерге жұмыс өтiлiн есепке ала отырып, лауазымдық айлықақысын есептеу осындай құқық берiлетiн күннен бастап жүзеге асырылады.
      4. Мамандығы және ұқсас мамандығы бойынша еңбек өтілін, еңбек өтілін белгiлеу жөнiндегi құрылымдық бөлімшелердің, ведомств, аумақтық және өзге де органдардың комиссиясы белгiлейдi.
      5. Мамандығы бойынша еңбек өтілін белгiлеу туралы комиссия шешiмi хаттамамен ресiмделедi. Шешiмнiң көшiрмесi екi данада жасалады, оның бiр данасы – кадр бөлімшесіне, екiншiсi – қаржы бөлімшесіне (бухгалтерияға) берiледi.
      6. Мамандығы бойынша жұмыс өтілін белгілеуге арналған жұмыскердің еңбек қызметін растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес анықталады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады