Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысанын бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің м.а. 2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 маусымдағы № 476 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 27 шілдеде № 11770 тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 173 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 308 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мәдениет және спорт министрінің 20.06.2016 № 173 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 01.07.2016 № 308 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Осы бірлескен бұйрыққа қосымшаға сәйкес деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтаудың тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң Тiлдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетi заңнамада белгiленген тәртiпте:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің және Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi Тiлдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетiнің интернет-ресурстарында орналастыруды;
      4) осы тармақта көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді осы іс-шаралар орындалғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. «Деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасы тіл туралы заңнамасын сақтауына жеке кәсіпкерлік аясындағы тәуекелдер дәрежесін бағалау өлшемдерін және тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрiнiң 2013 жылғы 29 наурыздағы № 70 және Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары - Қазақстан Республикасы Өңiрлiк даму министрiнiң 2013 жылғы 29 наурыздағы № 01-04-03/27НҚ бiрлескен бұйрығының (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 8440 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» 2013 жылғы 19 маусымдағы № 151 (28090) және «Казахстанская правда» 2013 жылғы 19 маусымдағы № 207-208 (27481-27482) газеттерінде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрiне жүктелсiн.
      5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы           Қазақстан Республикасы
      Мәдениет және спорт              Ұлттық экономика министрінің
      министрінің міндетін атқарушы    міндетін атқарушы
      ___________М. Азильханов         _______________ М. Құсайынов

      «КЕЛІСІЛГЕН»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының Құқықтық
      статистика және арнайы есепке алу
      жөніндегі комитетінің төрағасы
      __________________ С. Айтпаева
      2015 жылғы 30 маусым

Қазақстан Республикасы    
Мәдениет және спорт министрінің
2015 жылғы 25 маусымдағы № 221 және
Қазақстан Республикасы   
Ұлттық экономика министрінің
2015 жылғы 30 маусымдағы № 476
бірлескен бұйрығына қосымша

Нысан

Деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде
Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақтаудың
тексеру парағы

деректемелер мен көрнекi ақпаратты орналастыру бөлiгiнде
Қазақстан Республикасы тiл туралы заңнамасын сақталуына мемлекеттік
бақылау саласында
(«Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі № 151
Заңына қосымшаға сәйкес)

_____________________________________________________________ қатысты
(тексерілетін субъектілердің (объектілердің) біртекті тобының атауы)

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
_____________________________________________________________________
Тексерулерді тағайындау туралы акт___________________________________
                                               (№, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
Тексерілетін субъектінің (объектінің) (Жеке сәйкестендіру нөмірі)
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі
_____________________________________________________________________
Орналасу орны _______________________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға сәйкес келеді

Талаптарға сәйкес келмейді

1

2

3

4

5

6

1

меншiк нысанына қарамастан мөрлер мен мөртабандарының мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде жазылуы





2

бланкiлер, маңдайшалар, хабарландырулар, жарнамалар, прейскуранттар, баға көрсеткiштерi, басқа да көрнекi ақпараттардың мәтiндерi мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де) жазылуы





3

көрнекi ақпараттың барлық мәтiнi мемлекеттiк тiлде - сол жағына немесе жоғарғы жағына, орыс тiлiнде он жағына немесе төменгi жағына орналасады, бiрдей өлшемдегi әрiптермен жазылады (қажет болған жағдайда басқа тiлдерде де)





Лауазымдық тұлға (тұлғалар) ________  _____  ________________________
                                   (лауазымы)   (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                                                болған жағдайда)
                                   ________  _____  ________________________
                                   (лауазымы)   (қолы)   (тегі, аты, әкесінің аты (бар
                                                                болған жағдайда)
Тексерілетін субъектінің жетекшісі___________________________  ______
                    (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы)   (қолы)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады