Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидаларын бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 4-2/602 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 13 тамызда № 11879 болып тіркелді.

      "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 8-4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Ауыл шаруашылығы өсiмдiктерiн сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары бекітілсін.

      2. "Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сорттық сынақтан өткізу туралы нұсқауды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 26 наурыздағы № 167 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5651 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге орталық мемлекеттік органдарының актілері жинағында жарияланған, 2009 жылғы № 7) күші жойылды деп танылсын.

      3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу және фитосанитариялық қауіпсіздік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрі
А. Мамытбеков

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Әділет министрі

      ___________ Б. Имашев

      2015 жылғы "___" __________

      "КЕЛІСІЛГЕН"

      Қазақстан Республикасының

      Ұлттық экономика министрі

      ______________ Е. Досаев

      2015 жылғы 14 шілде



  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2015 жылғы 2 шілдедегі
№ 4-2/602 бұйрығымен
бекітілген

Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары

      Ескерту. Қағида жаңа редакцияда – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 11.02.2020 № 50 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Селекциялық жетістіктерді қорғау туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және "Тұқым шаруашылығы туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленген және ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу тәртібін айқындайды.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) ауыл шаруашылығы өсімдіктері – дәнді, дәнді бұршақтық, жармалық, азықтық, майлы, эфирлі-майлы, техникалық, көкөністік, дәрі-дәрмектік, гүлдік, жемістік, жидектік дақылдар, картоп, жүзім;

      2) вегетациялық кезең – өскіндердің пайда болуынан бастап пісіп-жетілуіне дейінгі кезең;

      3) деректер банкі – Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің мемлекеттік тізіліміне (бұдан әрі – Мемлекеттік тізілім) енгізілген сұрыптарға және Мемлекеттік тізілімге енгізілмеген сұрыптарға бөле отырып, патент қабілеттілігіне және шаруашылыққа пайдалылығына сараптама және сынақ өткізілген сұрыптардың паспорттық деректерінің жинағы;

      4) ерекшелікке, біркелкілікке және тұрақтылыққа егістік сынау – әрбір дақыл үшін белгілі әдістемелердегі белгілері бойынша егістік жағдайда жаңа сұрыптарды үлгі-сұрыптармен салыстыра отырып зерттеу, олардың ерекшелік, біркелкілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігін көзбен шолу арқылы бағалау;

      5) зертханалық сынақ – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарын морфологиялық және биохимиялық белгілері бойынша ерекшелігі мен біртектілігі және селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімде ұсынылған сипаттамаға сәйкестігі мәніне зертханалық жағдайларда сынау;

      6) Қазақстан Республикасында пайдалануға ұсынылатын селекциялық жетістіктердің Мемлекеттік тізіліміне өзгерістер енгізуді қарастыру жөніндегі сараптама кеңесі (бұдан әрі – Сараптама кеңесі) – мемлекеттік сынау және селекциялық жетістіктерді қорғау мәселелері бойынша ұсыныстар дайындау мақсатында құрылған Мемлекеттік комиссияның кеңестік органы;

      7) Мемлекеттік комиссия – ауыл шаруашылығы өсімдіктері сұрыптарының патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сараптама жасауды және сынауды жүзеге асыратын, тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның қарамағындағы Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссия;

      8) өтінім беруші – селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінім және (немесе) селекциялық жетістікті Мемлекеттік тізілімге енгізуге арналған өтінім берген жеке немесе заңды тұлға;

      9) пайдалану циклі – өнімді жинау жүргізілетін аралықтағы көп жылдық шөптерді пайдалану кезеңі;

      10) патент қабілеттілігі – сұрыптың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерге сәйкестігі;

      11) сараптама ұйымы – мемлекеттік монополияға (селекциялық жетістіктерді қорғау саласында қызметтер көрсету) жатқызылған салаларда қызметті жүзеге асыратын, селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға ведомстволық бағынысты ұйым;

      12) селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі;

      13) сұрып – аталған генотипті немесе генотиптер комбинациясын сипаттайтын белгілердің айқындылық дәрежесі бойынша айқындалатын, сол бір ботаникалық таксондағы ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің басқа топтарынан бір немесе бірнеше белгісімен не белгілердің айқындылық дәрежесімен ерекшеленетін және тұрақты болып табылатын ең төменгі ботаникалық таксондар шеңберіндегі ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің тобы. Клон, желі, бірінші ұрпақ буданы, популяция сұрыптың қорғалатын санаттары болып табылады;

      14) сұрыпты сақтау – Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сұрыптарының Мемлекеттік тізіліміндегі ресми сипаттамасына сәйкес сұрыпты қолдау;

      15) сұрыптық сынақ – селекциялық жетістіктің патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығын сараптамадан және сынақтан өткізу;

      16) сұрыптың паспорты – сұрыптық тиесілілікті айқындайтын дәл және қалпына келтірілетін белгілер бойынша сұрыпты сипаттау;

      17) тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган – тұқым шаруашылығы саласындағы басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      18) шаруашылық пайдалылығы – өнім өндірудің барынша экономикалық тиімділігін қамтамасыз ететін шаруашылық-құнды белгілер кешенінің бар-жоғы;

      19) шаруашылық түсім – жеміс-жидек дақылдарының және жүзімнің бір вегетациялық кезеңінде шығынды шегергенде алғандағы өсірілген өнім көлемі;

      20) шаруашылыққа пайдалылығын егістік сынау – жаңа сұрыптарды өнімділік деңгейі, өнімнің сапасы, ауруларға және зиянкестерге төзімділігі және әрбір дақыл үшін әдістемелермен айқындалған басқа да шаруашылық-құнды белгілері бойынша стандарттармен салыстыра отырып, жан-жақты және терең зерделеу және бағалау, сондай-ақ олардың экономикалық тиімділігін бағалау.

      3. Ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің сұрыптарын патенттік қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығына сынауды және бағалауды жүргізу тәсілдері мен әдістері "Ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сұрып сынағын жүргізудің әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 мамырдағы № 06-2/254 бұйрығымен бекітілген ауыл шаруашылығы өсімдіктеріне сұрып сынағын жүргізудің әдістемесімен (бұдан әрі – әдістеме) айқындалады.

      4. Сұрыптық сынақ өткізуге арналған тұқымдық және отырғызу материалының үлгісі өткен жылдың не ағымдағы жылдың өнімінен іріктеледі және онымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2004 жылғы 23 тамыздағы № 453 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3080 болып тіркелген) бекітілген нысандар бойынша тұқымға арналған аттестат немесе куәлік, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12032 болып тіркелген) бекітілген Қазақстан Республикасының аумағын карантиндік объектілерден және бөтен текті түрлерден қорғау жөніндегі қағидаларға сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификат бірге жүреді.

      5. Сұрыптық сынақ өткізу үшін Қазақстан Республикасына әкелінетін тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісі фитосанитарлық сертификатпен және олардың сұрыптық және егістік сапасын куәландыратын құжаттармен бірге жүреді.

      6. Сұрыптық сынаққа Мемлекеттік комиссия мен өтінім беруші арасындағы шартта қарастырылған жағдайларды қоспағанда, бөтен қоспалардан, басқа өсімдіктердің тұқымдарынан таза, сондай-ақ қабықтанбаған және дәріленбеген тұқымдық және отырғызылатын материалының үлгілері қабылданады.

      7. Сұрыпты сынаққа ұсынылған тұқымдық және отырғызылатын материал үлгісінде ішкі және сыртқы заттаңбамен келіп түседі, ол мыналарды қамтиды:

      1) сұрыптың атауы (егер аты әлі айқындалмаса – селекциялық нөмірі). Шетелдік сұрыптың атауы өтініш берушінің тілінде және мемлекеттік немесе орыс тіліндегі транскрипцияда жазылады;

      2) тегі, түрінің атауы (латын және мемлекеттік немесе орыс тілдерінде).

      8. Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға сондай-ақ құрамында гербарий, тұқым, түйнектер, баданалар, қалемшелер, гүлшоғырлары (масақтар, шашақгүлдер, собықтар және өсімдіктердің басқа да бөліктері) бар үлгіні (сұрып эталонын) тұқымдық сұрыптық тектік қорды қалыптастыру және тұрақты сақтау үшін жолдайды.

      9. Мемлекеттік комиссия Қазақстан Республикасының басқа ұйымдары өткізген, сондай-ақ тиісті шарттар жасалған басқа мемлекеттердің сынақтарының нәтижелерін және өтінім беруші берген деректерді пайдалана алады.

      10. Патент қабілеттілігі мен шаруашылыққа пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтінім берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелері "Патент қабілеттілігі мен шаруашылықта пайдалылығы мемлекеттік сынақтың немесе өтініш берушінің деректері бойынша бағаланатын өсімдіктердің тектері мен түрлерінің тізбелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 29 мамырдағы № 4-2/490 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11479 тіркелген) бекітілген.

      10-1. Дақылдар бөлінісінде шаруашылыққа пайдалылығына, ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына сұрып сынағын өткізу әдістемелерін Мемлекеттік комиссия бекітеді.

      10-2. Мемлекеттік комиссия сұрыптың шаруашылыққа пайдалылығына сынақ өткізумен бір мезгілде ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сынақ өткізеді және морфологиялық белгілері бойынша ресми сипаттама жасайды.

      10-3. Ерекшелігіне, біртектілігіне, тұрақтылығына сынақ өткілгеннен кейін патентке қабілеттілігіне өтінім берілген жағдайда, осы сұрып бойынша Мемлекеттік комиссия сұрыпты шаруашылық пайдалылығына сынаумен бір мезгілде ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына қайталама далалық сынақтар жүргізбейді. Бұл ретте сұрыптың мәлімделген сипаттамасы Мемлекеттік комиссия берген морфологиялық белгілері бойынша сұрыптың ресми сипаттамасымен бірдей болуы тиіс.

      10-4. Мемлекеттік комиссия ауыл шаруашылығы дақылдары сұрыптарының патент қабілеттілігіне сынақ өткізгені үшін тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган белгілеген бағалар бойынша төлем алады.

2-тарау. Сұрыптарды патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу тәртібі

      11. Сұрыпты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу төмендегілерді қамтиды:

      1) патент беруге арналған өтінімнің көшірмесіне сараптама жүргізу;

      2) сұрып жаңалығына сараптама жүргізу;

      3) сұрыптың атауына сараптама жүргізу;

      4) зертханалық сынақ;

      5) ерекшелігіне, біртектілігіне және тұрақтылығына егістік сынау.

      12. Өтінім беруші селекциялық жетістікке патент беруге арналған өтінімді (бұдан әрі – патент беруге арналған өтінім) сараптама ұйымына береді.

      Өтінім берілген күннен бастап 2 (екі) ай мерзім өткен соң сараптама жасау ұйымы ол бойынша алдын ала сараптама жүргізеді. Алдын ала сараптама жүргізу барысында өтінімге басымдық берілген күн белгіленеді, қажетті құжаттардың бар-жоғы және оларға белгіленген талаптардың орындалуы тексеріледі. Патент беруге жасалған өтінімге алдын ала сараптама екі ай мерзімде жүргізіледі.

      Алдын ала сараптаманың оң қорытындысы алынған жағдайда селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган өтінімді одан әрі қара туралы шешім қабылдайды. Патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі Мемлекеттік комиссияға жолданады.

      13. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты патент қабілеттілігіне сараптама және сынақ өткізу кезінде сұрыптың ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақ жүргізілмейді.

      14. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

      15. Мемлекеттік сұрыптық сынақ деректері бойынша сұрыпты патенттік қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу кемінде екі вегетациялық кезеңде жүргізіледі.

      Мемлекеттік сұрыптық сынақ деректері бойынша сұрыпты патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақтан өткізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд (бұдан әрі – тұқым жеткізуге арналған наряд) жолдайды.

      Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.

      16. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасы, сұрып жаңалығына сараптама, сұрыптың атауына сараптама, зертханалық сынақ екі ай мерзімінде жүргізіледі.

      17. Патент беруге арналған өтінім көшірмесінің сараптамасын Мемлекеттік комиссия ұсынылған ақпараттың толықтығын тексеру арқылы жүргізеді.

      18. Сұрып жаңалығына сараптаманы Мемлекеттік комиссия өтінім беруші ұсынған құжаттарды талдау арқылы және деректер банкін пайдалана отырып жүргізеді.

      Егер, өтінім берілген сұрыпқа жаңалыққа сараптама жүргізу нәтижесінде сұрыптың жаңалық өлшемшартына сәйкес еместігі анықталса, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 1-1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды (бұдан әрі – патент беруден бас тарту туралы қорытынды) жасайды және оны сараптама ұйымына жолдайды.

      19. Сұрып атауына сараптама жасау кезінде оның мынадай талаптарға сәйкестігі анықталады: сұрыптың атауы сұрыпты сәйкестендіруге мүмкіндік беруі, қысқа болуы, сол немесе соған жақын ботаникалық түрдің қолда бар сұрыптарының атауларынан өзгеше болуы тиіс, цифрлардан ғана тұрмауы, қасиеттеріне, шығу тегіне, сұрыптың маңызына, селекционердің жеке басына қатысты жаңылыстырмауы тиіс, адамгершілік пен мораль қағидаттарына қайшы келмеуі тиіс.

      20. Егер бірдей сұрыпқа арналған өтінім Қазақстан Республикасына және басқа елдерге де берілсе, онда сұрыптың атауы осы Қағидалардың 19-тармағының талаптарына жауап бермейтін жағдайларды қоспағанда, бірдей сұрыптың атауы да бірдей болуы тиіс.

      21. Мемлекеттік комиссия сұрып атауының осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігіне сараптама жүргізу нәтижелері бойынша патент беруге арналған өтінімнің көшірмесі келіп түскен күннен бастап екі айлық мерзімде осы Қағидаларға 1-2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижелері жөніндегі қорытындыны сараптама ұйымына жолдайды.

      Егер, сұрыптың атауы осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, сараптама ұйымының сұранымы бойынша өтінім беруші екі айлық мерзімде сұрыптың жаңа атауын ұсынады.

      22. Зертханалық сынақ барысында:

      1) деректер банкін пайдалана отырып, басқа сұрыптардан ерекше белгілердің бар-жоғы анықталады;

      2) ұсынылған материалдарды көзбен талдау негізінде белгілердің біртектілігіне баға беріледі;

      3) электрофорез әдісімен биохимиялық зерттеулер жүргізіледі.

      23. Зертханалық сынақтың теріс нәтижелері анықталған кезде (өтінім беруші ұсынған селекциялық жетістік сауалнамасында көрсетілген белгілерге сәйкессіздігі және морфология мен электрофоретикалық спектрдің белоктық формуласы бойынша анық көрінетін ерекше белгілердің болмауы) Мемлекеттік комиссия 10 (он) жұмыс күннің ішінде сараптама ұйымына патент беруден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.

      24. Зертханалық сынақтың оң нәтижелері алынған кезде Мемлекеттік комиссия ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа егістік сынақтар жүргізу туралы шешім қабылдайды.

      25. Патент беруге арналған өтінім беру сәтінде бар болуы баршаға мәлім болып табылатын сұрып кез келген басқа сұрыптан ерекше болса, сұрып ерекшелік талаптарына жауап береді.

      Егістік сынақ кезінде сұрыптың ерекше өзгешеліктерін айқындауға мүмкіндік беретін белгілер жақсы көрінуі және дәл сипаттау мен қалпына келтіруге икемді болуы тиіс.

      26. Егер көбею ерекшеліктерін ескере отырып селекцияланатын белгілері бойынша біртекті болып қалса, сұрып біртекті деп саналады.

      27. Негізгі белгілері әрбір көбеюден кейін, ал көбеюдің ерекше циклы кезінде – әрбір көбею циклы соңында, өзгеріссіз қалса сұрып тұрақтылық критерийіне жауап береді.

      28. Сұрыпты ерекшелікке, біртектілікке және тұрақтылыққа сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкін пайдалана отырып, Мемлекеттік комиссияда өңделеді.

      29. Егер өтінім беруші 2 (екі) жыл қатарынан Мемлекеттік комиссияның тұқымды жеткізуге тапсырма құжатына (нарядқа) сәйкес тұқымдық материалды ұсынбаған жағдайда, сұрып патент қабілеттілігіне сараптамадан және сынақ өткізуден алынады.

      30. Егер, Мемлекеттік комиссия жүргізген патент қабілеттілігіне сараптама және сынақтан өткізу нәтижесінде өтінім берілген сұрыптың патент қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі анықталса, Мемлекеттік комиссия патент беруге арналған қорытындысы бар сұрып сипаттамасын және сұрыптың патент қабілеттілігі туралы қорытындыны жасайды және оларды 10 (он) жұмыс күні ішінде екі данада сараптама ұйымына жолдайды.

      31. Мемлекеттік комиссия өтінім берілген сұрыптың жаңалық, ерекшелік, біртектілік және тұрақтылық критерийлерінің біреуіне сәйкессіздігін анықтаған кезде, Мемлекеттік комиссия патент беруден бас тарту туралы қорытынды жасайды және оны екі данада сараптама ұйымына жолдайды.

      32. Патент иеленуші сұрыпты патенттің қолданылу мерзімі ішінде селекциялық жетістіктерді қорғау саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган жүргізетін Қазақстан Республикасында өсімдіктердің қорғалатын сұрыптарының Мемлекеттік тізілімінде оларды тіркеген күні жасалған сұрыптың ресми сипаттамасында көрсетілген белгілері сақталатындай қалыпта ұстайды.

      33. Патент иеленуші Мемлекеттік комиссияның сұрау салуы бойынша бақылау сынақтарын жүргізу және сұрыптың сақталуын тексеру үшін тұқымдық материалдың үлгілерін сұрау салу жіберілген күннен бастап 12 (он екі) ай ішінде жолдайды.

3-тарау. Сұрыптарды шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу тәртібі

      34. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу:

      1) селекциялық жетістікті Мемлекеттік тізілімге қосуға арналған өтінімді (бұдан әрі – өтінім) қабылдауды;

      2) өтінімге және сұрып атауына сараптама жасауды;

      3) шаруашылыққа пайдалылығына егістік сынақтар жүргізуді;

      4) морфологиялық белгілері бойынша сұрыпты сәйкестендіруді;

      5) деректер банкінде сұрыптың паспортын тіркеуді қамтиды.

      Егер мәлімделген сұрыпта патент беруге оң қорытынды болса, сұрып атауына сараптама жүргізілмейді.

      35. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу үшін өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға мынадай құжаттар мен материалдарды қамтитын өтінімді ұсынады:

      1) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша селекциялық жетістікті шаруашылыққа пайдалылығына сынауға арналған өтініш, екі данада;

      2) өтінім берушінің деректері бойынша шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу кезінде – топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрыпты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттама;

      3) селекциялық жетістік сауалнамасы (тиісті дақылға арналған нысан бойынша) екі данада;

      4) тиісті тектер мен түрлерге арналған селекциялық жетістіктің сипаттамасы, екі данада;

      5) гүлдердің, гүл шоғырларының, өсімдіктердің репродуктивтік бөліктерінің және шаруашылықта пайдалану фазасында қалыпты дамыған өсімдіктің сұрып атауы көрсетілген масштабты сызғышы бар фотографиялары;

      6) өтінім беруге арналған құқығын растайтын құжат (құқықтық мирасқорлар және делдалдар үшін);

      7) сынаққа берілетін сұрыпта генетикалық түрлендірілген объектілердің жоқ екендігі туралы құжат не генетикалық түрлендірілген объектілердің құрамына жүргізілген сараптама нәтижелері (шетелдік селекциядағы сұрыптар үшін);

      8) тұқымдық және отырғызу материалының үлгілері.

      36. Өтінімді заңды немесе жеке тұлға, ал патент беруге өтінім берілген сұрып бойынша – патент беруге арналған өтінім берген адам, не көрсетілген өкілеттіктерді жүзеге асыруға сенімхаты бар өтінім берушінің өкілі береді.

      Шетелдік өтінім берушілерден өтінім Мемлекеттік комиссияға Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген олардың өкілдіктері арқылы беріледі. Көрсетілген өкілдіктер өтінім бойынша істер жүргізуге байланысты, оның ішінде кедендік ресімдеу және тұқымды жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынақтан өткізу үшін тұқымдық және отырғызу материалын жіберу жөніндегі іс-қимылдарды жүзеге асырады.

      37. Селекциялық жетістікті кезекті ауыл шаруашылығы жылының мемлекеттік сынақ жоспарларына қосу үшін өтінім беруші өтінімді Мемлекеттік комиссияға:

      жабық топырақ дақылдары бойынша 15 тамыздан;

      күздік егіс дақылдары бойынша 10 қазаннан;

      жаздық дәнді масақты, дәнді-бұршақты, жармалық (күріштен басқа), майлы дақылдар, картоп, көкөніс және бақша дақылдары, біржылдық, көпжылдық шөптер (құмайжүгеріден басқа) және азықтық тамыртүйнектер бойынша 1 желтоқсаннан;

      жүгері, күріш, құмайжүгері бойынша 15 желтоқсаннан;

      иіру, техникалық, эфирмайлы дақылдар, мақта, жеміс, жидек дақылдары, жүзім, тұт, тұт ағашының будандары, гүлді-декоративтік өсімдіктер және дәрілік дақылдар бойынша 25 желтоқсаннан кешіктірмей береді.

      38. Мемлекеттік комиссияға жіберілетін осы Қағидалардың 35-тармағында көрсетілген құжаттарда сұрыптың атауы (егер аты әлі анықталмаса – селекциялық нөмірі) және өтінім берушінің немесе оның өкілінің қолы болуы тиіс. Сұрыптың атауы (егер аты әлі анықталмаса-селекциялық нөмірі) көрсетілмеген құжаттар қаралмай қайтарылады.

      39. Өтінімге келіп түскен және өтінімнің бастапқы құжаттарында келтірілмеген және өтінім берілген сұрыптың мәнін өзгертетін белгілері бар қосымша құжаттар өтінімді қарау кезінде назарға алынбайды. Бұл туралы Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге бір ай мерзімінде жазбаша нысанда хабарлайды.

      40. Мемлекеттік комиссиямен хат алмасуды өтінім беруші немесе уәкілеттік берілген оның өкілі әрбір өтінім бойынша жеке-жеке жүргізеді.

      41. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу бір жылға дейінгі мерзімде жүргізіледі.

      42. Мемлекеттік сұрыптық сынақ деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу егістік тәжірибе отырғызылған күннен бастап, мынадай мерзімдерде жүргізіледі:

      дәнді, дәнді бұршақты, жармалық, майлы, техникалық, иіру, біржылдық жемшөп, көкөніс, бақша, гүлді-сәнді дақылдары және картоп бойынша екі вегетациялық кезеңнен кем емес;

      көпжылдық шөптері бойынша екі циклді қолданудан кем емес;

      жеміс, жидек дақылдары мен жүзім бойынша екі шаруашылық өнімнен кем емес.

      Сұрыпты шаруашылыққа пайдалығына сынақтан өткізу кезеңінде ауа райының қолайсыз жағдайы, форс-мажор болған жағдайда сынақ мерзімі сұрыпты қосымша зерделеу үшін бір вегетациялық кезеңге созылады.

      43. Мемлекеттік комиссия өтінім келіп түскен күннен бастап 2 (екі) ай ішінде өтінімге және сұрып атауына сараптама жүргізеді.

      44. Сұрыптың атауына сараптама жасау кезінде оның осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға сәйкестігі анықталады.

      Егер сұрыптың атауы осы Қағидалардың 19 және 20-тармақтарында көрсетілген талаптарға жауап бермесе, Мемлекеттік комиссия сәйкессіздік анықталған күнінен бастап 10 (он) жұмыс күннің ішінде осы туралы өтінім берушіге жазбаша хабарлайды.

      Өтінім беруші екі айлық мерзімде сұрыптың жаңа атауын ұсынады.

      Егер көрсетілген мерзім ішінде, өтінім беруші жаңа атау ұсынбаса, Мемлекеттік комиссия он жұмыс күннің ішінде оған осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанын бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына мемлекеттік сынақ өткізуден бас тарту туралы қорытындыны жолдайды.

      45. Шаруашылыққа пайдалылығына далалық сынақ жүргізу үшін Мемлекеттік комиссия өтінім берушіге тұқым жеткізуге арналған наряд жолдайды.

      Өтінім беруші Мемлекеттік комиссияға тұқым жеткізуге арналған нарядта көрсетілген мекенжайлар бойынша және мерзімдерде тұқымдық және отырғызу материалының қажетті санын ұсынады.

      46. Өтінім берушінің деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу мынадай жағдайларда жүргізілмейді, егер:

      1) өтінім беруші топырақтық-климаттық параметрлер бойынша әкімшілік-аумақтық бірліктің пайдалануы үшін ұсынылатын жағдайларға ұқсас жағдайларда жүргізілген басқа мемлекеттердің уәкілетті органдарының сұрыпты сынақтан өткізуінің оң нәтижелерін растайтын құжаттаманы бергенде;

      2) өтінім беруші берген ауыл шаруашылығы өсімдігінің сұрыпын сынақтан өткізу нәтижелері түсімділіктің стандарттан жоғарлылығы, негізгі ауруларға төзімділігі стандарт деңгейінде екендігін немесе сұрыпты пайдалану мақсатын анықтайтын айрықша шаруашылық құнды белгілері болғандығы туралы куәландырса.

      47. Дақылдың қолайлы дамуын қамтамасыз ететін жағдайларда, егістік сынақтар бір жерде жүргізіледі.

      48. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу барысында Мемлекеттік комиссия морфологиялық белгілері бойынша сұрыпты сәйкестендіруді жүргізеді, оның нәтижесінде сұрыптың ресми сипаттамасы жасалады.

      49. Сұрып өтінім берілген сипаттамаға біртектілігі бойынша сәйкес келмеген жағдайда, Мемлекеттік комиссия сұрыпқа тиесілілігін анықтаудың қиындығына немесе мүмкін еместігіне байланысты өтінімді қабылдамау және сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуді тоқтату туралы шешім қабылдайды.

      Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тарту туралы қорытынды өтінім берушіге шешім қабылданған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде жолданады.

      50. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері деректер банкінде тіркеледі.

      51. Егер, өтінім беруші өтінім тіркелген сәттен бастап 2 (екі) жыл қатарынан Мемлекеттік комиссия жолдаған тұқым жеткізуге арналған нарядқа сәйкес сынау үшін тұқымдық және отырғызу материалын ұсынбаған жағдайда, сұрып шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден алынады.

      52. Өтініш берушінің деректері бойынша және мемлекеттік сынақтың деректері бойынша сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізу нәтижелері бойынша Мемлекеттік комиссияның Сараптама кеңесі селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша Мемлекеттік тізілімге қосу негіздемесі бар, осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қорытынды (бұдан әрі – Сараптама кеңесінің қорытындысы) жасайды.

      53. Мемлекеттік комиссия Сараптама кеңесінің қорытындысы жасалған күннен бастап 10 (он) жұмыс күннің ішінде тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік орган құрған ауыл шаруашылығы өсімдіктерін сұрыптық сынақтан өткізу мәселелері жөніндегі Республикалық комиссияға (бұдан әрі – комиссия) қарастыруға сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын жолдайды.

      54. Комиссия сынақ нәтижелері мен Сараптама кеңесінің қорытындысын қарастыру қорытындылары бойынша тұқым шаруашылығы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға Мемлекеттік тізілімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша тиісті шешім қабылдау үшін сұрыпты сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша пайдалануға сұрыпты ұсыну туралы ұсыныс енгізеді.

      55. Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тартуға арналған негіздер:

      1) өтінім берушінің сұрыпты сынақтан өткізу үшін ұсынған құжаттарының және (немесе) олардағы деректердің (мәліметтердің) дұрыс еместігінің анықталуы;

      2) сұрыпты сынақтан өткізу үшін ұсынылған қажетті деректер мен мәліметтердің осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келмеуі болып табылады.

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
1-қосымша
  Нысан

      _______________________________________________________________

      (жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда),

      _______________________________________________________________

      заңды тұлғаның атауы)

Тұқымдық және отырғызу материалын жеткізуге арналған наряд

      Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің "Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы" республикалық мемлекеттік мекемесі мынадай тұқымдық және (немесе) отырғызу материалын (керегінің асты сызылсын) сұрыптық сынаққа жіберуді сұрайды:

Дақыл

Сұрып

Облыс

Мемлекеттік сұрып сынау учаскесінің (станцияның) атауы

Мемлекеттік сұрып сынау учаскесінің (станцияың) мекенжайы

Мөлшері, килограмм

1

2

3

4

5

6







      Жеткізу мерзімі 20___жылғы "___" ____________ дейін

      Басшы ___________ _____________________________________________

                  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
1-1-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің "Ауыл
шаруашылығы дақылдарын
сорттық сынау жөніндегі
мемлекеттік комиссия"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда),
қолы, мөрі
(бар болса))
20 __ жылғы "__" _____

Өсімдік шаруашылығындағы селекциялық жетістікке патент беруден бас тарту туралы қорытынды

Өтінім №_______________Өтінімнің берілген күні:______________________

Дақыл (тек, түр)________________ Сұрып/Будан:_______________________

Өтінім беруші(лер):________________________________________________

Сұрыптың авторы(лары):____________________________________________

Шығу тегі бойынша сипаттама:_______________________________________

Селекция әдісі:_____________________________________________________

Өмір салты:__________________ Даму циклі:__________________________

Сынақ басталған күн:____________ Сынақтан алынған күн:_______________

Аудандастырылған жыл:_______ Аудандастырудан алынған жыл:_________

      DUS-test*-ке зерттеу нәтижелері

1. Ерекшелігі (dіstіnctness)__________________________________________

2. Біртектілігі (unіformіtі)___________________________________________

3. Тұрақтылығы (stabіlіtі)___________________________________________

4. Сұрып бойынша басқа ақпарат:____________________________________

      Ескертпе:

      * аббревиатуралардың толық жазылуы:

      DUS-test – dіstіnctness (ерекшелігі), unіformіtі (біртектілігі), stabіlіtі (тұрақтылығы).

      Селекциялық жетістікті патент қабілеттілігіне сараптау нәтижелері бойынша қорытынды:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ___________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сілтеме келтіре отырып,

      патент беруден бас тарту себебін негіздеу)

      Сараптама кеңесінің мүшелері:      ____________________________________

                                          ____________________________________

                                          ____________________________________

                                          ____________________________________

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
1-2-қосымша
  Нысан
  Бекітемін
  Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрлігінің "Ауыл
шаруашылығы дақылдарын
сорттық сынау жөніндегі
мемлекеттік комиссия"
республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы
____________________________
(тегі, аты, әкесінің аты
(бар болған жағдайда),
қолы, мөрі
(бар болса))
20 __ жылғы "__" _____

Селекциялық жетістіктің атауын тексеру нәтижелері жөніндегі қорытынды

      Өтінім №_____________ Өтінімнің берілген күні_____________________

      Дақыл:______________________________________________________________

      Өтінім беруші(лер):___________________________________________________

      Автор(лар):__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Селекциялық жетістіктің ұсынылған атауы:_______________________________

      ____________________________________________________________________

      Селекциялық жетістіктің тіркелген аты:

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Тексеру өткізу негізі: _________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Атаудың қысқаша сипаттамасы:________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Сараптама нәтижелері:________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      (сұрыптың атауы сәйкес келмеген жағдайда Қазақстан Республикасының

      қолданыстағы заңнамасына сілтеме келтіре отырып, негіздеме көрсету)

      Патент қабілеттілігіне сараптама жасау

      бөлімінің басшысы____________ _______________________________________

                        (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық сынақтан
өткізу қағидаларына
2-қосымша
  Нысан

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ауыл шаруашылығы дақылдарын сорттық сынау жөніндегі мемлекеттік комиссиясы (010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Абай даңғылы, 13-үй, "Іскер" бизнес орталығы, 11-қабат, 1111-кабинет)

Өтініш нөмірі


Тіркелген күні


 

Селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығын сынауға арналған өтініш

Өтініш беруші(лер)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның аты, әкесінің аты (бар болса), тегі/заңды тұлғаның атауы және мекенжайы)
Азаматтығы ________________________________________________________
Хат алмасуға арналған мекенжайы_____________________________________
____________________________________________________________________
Телефоны _______________ Электрондық мекенжайы ____________________
Селекциялык жетістік оригинаторының(ларының) атауы(лары) және қатысу үлесі, процентпен
____________________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (қазақша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (орысша атауы)
____________________________________________________________________
Тегі, түрі (латынша атауы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ұсынылып отырған атауы
____________________________________________________________________
Селекциялық нөмірі
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Автор(лар) (егер, автор(лар) өтініш беруші(лер) болып табылмаса)

Тегі

Аты

Әкесінің аты (бар болса)

Үйінің мекенжайы

Қатысу үлесі, процент











Мендегі (біздегі) бар ақпарат бойынша басқа авторлары жоқ

Алдыңғы өтініштер

Тіркелген

Өтініш нөмірі

Кезеңі

Қандай атаумен

елі

күні

Қорғауға беруге





Шаруашылыққа жарамдылығын сынауға





Мен (біз) бірінші өтініште берілген материал осы сұрыпты білдіретінін және осы өтінішке сәйкес келетінін мәлімдеймін(міз)

Оригинатор ұсынып отырған сынау (пайдалану) салалары

Мен (біз) селекциялық жетістіктің шаруашылыққа жарамдылығына мемлекеттік сынау жүргізуді өтінемін(міз).
Мен (біз) менде (бізде) бар мәліметтер бойынша өтінішті қарауға қажетті және осы өтініш пен қосымшаға енгізілген ақпарат түпкілікті және дұрыс екендігін мәлімдеймін(міз).
Мен (біз) үлгілердің тиісінше алынғандығын және сұрыптың репрезентативті іріктелгенін көрсететінін растаймын(мыз).
Мен (біз) Мемлекеттік комиссия мен оның инспектураларының нарядтары бойынша шаруашылыққа жарамдылығына сынау жүргізу үшін тұқымның қажетті мөлшерін, сондай-ақ сақтауға сұрыптың эталондық үлгісін өтеусіз беруге міндеттенемін(міз).
Өтініш берушінің (берушілердің) қолы (қолдары)
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________
___________________ __________________

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық
сынақтан өткізу
қағидаларына
3-қосымша
  Нысан

Сұрыпты шаруашылыққа пайдалылығына сынақтан өткізуден бас тарту туралы қорытынды № ____

Өтінім №


Өтінім берілген күн:


Дақыл (тек, түр):


Сұрып/будан:


Өтінім беруші:


Сұрыптың автор(лар)ы:


Шығу тегі бойынша сипаттамасы:


Бастапқы (ата-аналық) формалары көрсетілген селекция әдісі


Өмір салты:


Даму циклы:


Сынақтан алу күні:


      Қорытынды__________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Басшы _________ _______________________________________________

                  (қолы)       (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Ауыл шаруашылығы
өсімдіктерін сұрыптық
сынақтан өткізу
қағидаларына
4-қосымша
  Нысан

Селекциялық жетістікті одан әрі сынақтан өткізуден алып тастау немесе шаруашылық-құндық белгілер кешені бойынша Мемлекеттік тізілімге қосу негіздемесі бар қорытынды

Сұрып/будан_________________________________________________________________________________
Сынақтан өткізудің басталған жылы _____________________________________________________________
__________________________________ жылғы орташа көрсеткіштер __________________________________
Түсімділік, центнер/гектар______________________________________________________________________
Тәлімі жерде_________________________________________________________________________________
Суармалы жерде______________________________________________________________________________


Көрсеткіштер

20 _____

20 _____

20 _____

Орташа

1

2

3

4

5

1. Облыс_______________





Сұрып учаскесі________________





Стандарт_______________





Сұрып_________________





Ауытқушылық





Сұрып учаскесі________________





Стандарт_______________





Сұрып_________________





Ауытқушылық





Сұрып учаскесі________________





Стандарт_______________





Сұрып_________________





Ауытқушылық





Орташа________________





Стандарт_______________





Сұрып_________________





Ауытқушылық





Облыс бойынша орташа_________________





Стандарт_______________





Сұрып_________________





2. Облыс бойынша түсімділіктің кепілдендірілген қосылуы, центнер/гектар
____________________________________________________________________
3. Экономикалық тиімділік, процент_____________________________________
4. Баға өлшемшарттары________________________________________________
5. 1000 тұқымның, түйнектің, жемістің массасы, грамм_____________________
6. Қорапшаның массасы, грамм_________________________________________
7. Бір қорапшадағы шитті мақтаның массасы, грамм_______________________
8. Шитті мақтадан талшық шығымы, процент_____________________________
9. Жапырақтылық, процент_____________________________________________
10. Өнімнің түптенуі, сабақ____________________________________________
11. Өсімдік биіктігі, сантиметр_________________________________________
12. Талшық ұзындығы, миллиметр______________________________________
13. Төменгі бұршақтардың бекіну биіктігі, сантиметр______________________
14. Бұршақтардың жарылғыштығы, процент______________________________

15. Ауруларға төзімділігі, балл

Аурулар









16. Зиянкестерге төзімділігі, балл

Зиянкестер









17. Жапырылып қалуға төзімділігі, балл__________________________________

18. Төгілуге төзімділігі, балл___________________________________________

19. Құрғақшылыққа төзімділігі, балл____________________________________

20. Сақталғыштық, процент_____________________________________________

21. Вегетациялық кезең, күн____________________________________________

22. Дегустациялық бағасы, балл_________________________________________

23. Сұрыптың жалпы бағасы, балл_______________________________________

24. Өсіп-өнуге төзімділігі, балл_________________________________________

25. Сапалық және технологиялық көрсеткіштері





Көрсеткіштер, процент, миллиграмм/грамм, миллилитр


Ескертпе: кестеде көрсетілмеген көрсеткіштер қосымша толтырылады.
Негіздемені дайындаған
_________________________________________ ______________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда) (қолы)
20 ___ жылғы "_____" _______________________
Қорытынды
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_________________________________________________________________
20 ___ жылғы "___" _________________________
Басшы ___________ ________________________________________
(қолы) (тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады