Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 1 қыркүйектегі № 460 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 қыркүйекте № 12048 болып тіркелді

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      03 «Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі» функционалдық тобында:
      9 «Қоғамдық тәртіп және қауіпсіздік саласындағы басқа да қызметтер» функционалдық кіші тобында:
      221 «Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 064 бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      «064 Сот-медицина, сот-наркология сараптамалар бойынша қызметтер»;
      13 «Басқалар» функционалдық тобында:
      9 «Басқалар» функционалдық кіші тобында:
      266 «Облыстың кәсіпкерлік және индустриалдық-инновациялық даму басқармасы» бюджеттік бағдарламаларының әкімшісі бойынша:
      мынадай мазмұндағы 011 және 015 бюджеттік кіші бағдарламалары бар 067 және 068 бюджеттік бағдарламалармен толықтырылсын:
      «067 Моноқалаларда жобаларды іске асыру үшін берілетін кредиттер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен
      068 Моноқалаларда жаңа өндірістерді дамытуға гранттар беру
      011 Республикалық бюджеттен берілетін трансферттер есебiнен
      015 Жергілікті бюджет қаражаты есебінен»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасында:
      1 «Ағымдағы шығындар» санатыда:
      01 «Тауарлар мен қызметтерге арналған шығындар» сыныбында:
      110 «Жалақы» кіші сыныбында:
      114 «Қосымша белгіленген мiндеттi зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» ерекшілігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «114 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары»;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы бюджеті шығыстарының экономикалық сыныптамасы ерекшелігінің құрылымында:
      110 «Жалақы» кіші сыныбында:
      114 «Қосымша белгіленген мiндеттi зейнетақы жарналары және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары» ерекшілігі мынадай редакцияда жазылсын:
      «114 Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары»;
      «Анықтама» бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Осы ерекшелік бойынша міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары көрсетіледі.»;
      2) «Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 404 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9760 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 15 қазанда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджет түсімдерін бюджеттер деңгейлері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының қолма-қол ақшасының бақылау шоты арасында бөлу кестесінде:
      «Салықтық емес түсімдер» 2-санатында:
      «Мемлекеттік меншіктен түсетін кірістер» 01 сыныбында:
      «Мемлекеттік бюджеттен берілген кредиттер бойынша сыйақылар» 7-кіші сыныбында:
      «

Қаржы агентіктеріне ішкі көздер есебінен жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

2

01

7

16


100

100



                                                                  »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Қаржы агенттіктеріне ішкі көздер есебінен жергілікті бюджеттен берілген бюджеттік кредиттер бойынша сыйақылар

2

01

7

16


100

100



                                                             »;
      3) «Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 511 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10007 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 8 қаңтарда жарияланған):
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бюджеттiк өтiнiмдi жасау және ұсыну қағидаларында:
      20-тармақ алып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджет заңнамасы департаменті (З. А. Ерназарова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1-тармақтың 1) тармақшасының он тоғызыншы, жиырмасыншы, жиырма бірінші, жиырма екінші, жиырма үшінші, жиырма төртінші, жиырма бесінші, жиырма алтыншы, жиырма жетінші, жиырма сегізінші, жиырма тоғызыншы және отызыншы абзацтарын және 3) тармақшасын қоспағанда, мемлекеттік тiркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі                             Б. Сұлтанов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады