2015-2016 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 10 қыркүйектегі № 558 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 12 қазанда № 12159 болып тіркелді

      "Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2015-2016 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 17 маусымдағы № 453 қаулысын іске асыру мақсатында және жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы комиссия отырысының хаттамасы негізінде БҰЙЫРАМЫН:
      1. Осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 2015-2016 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылсын.
      2. Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім және халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М.Өмірбаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты ресми жариялауды;
      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
      3. Экономика және қаржы департаменті (Т.А. Нұрғожаева) жоғары оқу орындарын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша қабылданған дайындық бөлімдері тыңдаушыларының контингентіне сәйкес қаржыландыруды жүзеге асырсын.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр Т.О. Балықбаевқа жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым
      министрі                                 А.Сәрінжіпов


      Қазақстан Республикасы   
         Білім және ғылым         
      министрінің              
      2015 жылғы 10 қыркүйектегі
      № 558 бұйрығына          
     қосымша                  

2015-2016 оқу жылына жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдерінің тыңдаушыларын оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Жоғары оқу орнының атауы Мемлекеттік білім беру тапсырысының көлемі (орын)
Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылмайтын ұлты
қазақ адамдар

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

100

2

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік
университеті


 

100

3

С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан
мемлекеттік университеті

80

4

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік
университеті

100

5

І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік
университеті

100

6

Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік
университеті

100

7

Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік
университеті

100

8

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университеті

150

9

С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік
университеті

50

10

М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті

100

11

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік
университеті

100

12

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан
мемлекеттік университеті

100

13

Х.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік
университеті

100

14

О.А.Байқоңыров атындағы Жезқазған университеті

80

15

"Сырдария" университеті

40


Барлығы

1400

Шетел азаматтары

Ауған Ислам Республикасының азаматтары

1

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

50

Қытай Халық Республикасының азаматтары

2

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

50


Түрік Республикасының және өзге түркітілдес республикалардың азаматтары


3

Х.А.Ясауи атындағы халықаралық Қазақ-түрік
университеті

200

Тәжікстан Республикасының азаматтары

4

Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық
қатынастар және әлем тілдері университеті

100


Барлығы

400

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады