Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының нысанын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 916 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 650 бірлескен бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 қазанда № 12214 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1264 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 842 бірлескен бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің 29.12.2015 № 1264 және ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 31.12.2015 № 842 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бірлескен бұйрығымен.

      «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» 2011 жылғы 6 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына және 15-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына тексеру парағының нысаны бекітілсін.
      2. «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының орындалуы үшін жеке кәсіпкерлік саласындағы тексеру парағының нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 13 қыркүйектегі № 02-02-18/181 және Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 16 қыркүйектегі № 297 бірлескен бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7220 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2011 жылғы 5 қарашада № 529-530 (26922) жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
      3. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Туризм индустриясы департаменті:
      1) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
      2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмелерін мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
      3) осы бірлескен бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
      4) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 3-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
      4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
      5. Осы бірлескен бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының          Қазақстан Республикасының
      Инвестициялар және даму            Ұлттық экономика министрі
      министрдің міндетін атқарушы       _______________Е. Досаев
      __________________А.Рау

      «КЕЛІСІЛДІ»
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуратурасының
      Құқықтық статистика және
      арнайы есепке алу жөніндегі
      комитетінің төрағасы
      ______________ С.Айтпаева
      2015 жыл 24 қыркүйек

Қазақстан Республикасының    
Инвестициялар және даму министрдің
міндетін атқарушысының     
2015 жылғы 14 қыркүйектегі № 916 
және Қазақстан Республикасы Ұлттық
экономика министрінің      
2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 650 
бірлескен бұйрығымен бекітілген

нысан

Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылаудың тексеру парағы

Тексеруді тағайындаған мемлекеттік орган ____________________________
Тексеруді тағайындау туралы акт _____________________________________
                                             (№, күні)
Тексерілетін субъектінің БСН/ЖСН ____________________________________
Орналасу орнынының мекенжайы ________________________________________

Талаптар тізбесі

Талап
етіледі

Талап етілмейді

Талаптарға
сәйкес
келеді

Талаптарға
сәйкес
келмейді

1

2

3

4

5

6


Туристік оператормен

1

Туристік операторлық қызметке
лицензияның болуы





2

Қолданыстағы туристік оператордың және туристік
агенттің азаматтық-құқықтық
жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы





3

Туристік қызмет көрсетуге
жасалған жазбаша шарттың
болуы





4

Қалыптастырған туристік өнімнің болуы





5

Туристік өнімді өткізуге
арналған агенттік шарттың
болуы





6

Еңбек өтілі бір жылдан кем емес, туристік білімі бар, кемінде бір қызметкердің болуы





7

Жеке меншік құқығындағы
немесе өзгеде заңды негіздегі
кеңсеге арналған үй-жайдың
болуы





8

Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни  әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру  туралы жазбаша растаудың болуы





Туристік агентпен

1

Туристік агенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаның болуы





2

Туристік агенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасаған (қайта жасаған) сәттен бастап бес жұмыс күні ішінде туристік агент жасалған (қайта жасалған) шарт туралы ақпаратты облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына жіберілгенін растаудың болуы





3

Қолданыстағы туристік оператордың және туристік агенттің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартының болуы





4

Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шарттың болуы





5

Туристік өнімді өткізуге арналған агенттік шарттың болуы





6

Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы





Гидпен (гид-аудармашымен)

1

Гид (гид-аудармашы) қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы





2

Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласындағы даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы





3

Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы





Экскурсоводпен

1

Экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы





2

Қазақстан Республикасының азаматтығының, туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы





3

Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы





Туризм нұсқаушысымен

1

Туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаның болуы





2

Туристік қызмет көрсетуге жасалған жазбаша шарттың болуы





3

Қазақстан Республикасы азаматтығының, сондай-ақ туризм саласында даярлықтан өткені туралы сертификаттың болуы





4

Туристерге уақытша болатын елге (жерге) бару, шығу және сонда болу қағидалары ережелері туралы, заңнамасы туралы, жергілікті халықтың салт-дәстүрлері туралы, діни әдет-ғұрпы, қасиетті орындар, табиғи, тарихи, мәдени ескерткіштер және туристерге көрсетілетін, ерекше қорғаудағы басқа да объектілер, қоршаған ортаның жай-күйі туралы, сондай-ақ саяхат жасаған кезде тап болуы мүмкін қауіптер туралы қажетті және дұрыс ақпаратты қамтитын саяхаттың      ерекшеліктері туралы мәліметтерді уақтылы бергені және туристердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған алдын алу шараларын жүзеге асыру туралы жазбаша растаудың болуы





      Лауазымдық тұлға (лар): _______________________________________
                       (лауазымы) (қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)
                        _____________________________________________
                       (лауазымы) (қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

      Тексерілетін субъекті: ________________________________________
                       (лауазымы) (қолы) Т.А.Ә. (бар болған жағдайда)

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады