"Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің м.а. 2015 жылғы 27 қарашадағы № 598 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 желтоқсанда № 12343 болып тіркелді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2019 жылғы 11 сәуірдегі № 184 бұйрығымен

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.04.2019 № 184 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" 1995 жылғы 17 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы бірінші бөлігінің 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2007 жылғы 12 сәуірдегі № 112 Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4625 болып тіркелген, 2007 жылы 11 шілдеде № 104 (1307) "Заң газеті" газетінде және Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында жарияланған, 2007 жылы наурыз-сәуір) келесі өзгеріс енгізілсін:

      Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу жөніндегі нұсқаулықта:

      64-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

      "5) облигациялардың және (немесе) акциялардың күшін жою туралы куәлік және (немесе) облигацияларды өтеу қорытындылары туралы есеп не бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органның тіркелген акциялар және (немесе) облигациялар шығарылымдарының бағалы қағаздар нарығын мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті органда жоқ екендігі туралы хаты;".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және заң қызметін ұйымдастыру департаменті осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуді және заңнамада белгіленген тәртіппен оны ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрінің орынбасары Б.Ж. Әбдірайымға жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

Қазақстан Республикасы


Әділет Министрінің


міндетін атқарушы

З.Баймолдина


О внесении изменения в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств"

Приказ и.о. Министра юстиции Республики Казахстан от 27 ноября 2015 года № 598. Зарегистрирован в Министерстве юстиции Республики Казахстан 3 декабря 2015 года № 12343. Утратил силу приказом Министра юстиции Республики Казахстан от 11 апреля 2019 года № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования)

      Сноска. Утратил силу приказом Министра юстиции РК от 11.04.2019 № 184 (вводится в действие по истечении десяти календарных дней после дня его первого официального опубликования).
      Примечание РЦПИ!
      Настоящий приказ вводится в действие с 01.01.2016.

      В соответствии с подпунктом 5) части первой статьи 16 Закона Республики Казахстан от 17 апреля 1995 года "О государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств" ПРИКАЗЫВАЮ:

      1. Внести в приказ Министра юстиции Республики Казахстан от 12 апреля 2007 года № 112 "Об утверждении Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств" (зарегистрированный в Реестре государственной регистрации нормативных правовых актов за № 4625, опубликованный в газете "Юридическая газета" от 11 июля 2007 года, № 104 (1307) и Собрании актов центральных исполнительных и иных центральных государственных органов Республики Казахстан, 2007 года март-апрель) следующее изменение:

      в Инструкции по государственной регистрации юридических лиц и учетной регистрации филиалов и представительств:

      подпункт 5) пункта 64 изложить в следующей редакции:

      "5) свидетельство об аннулировании облигаций и (или) акций и (или) отчет об итогах погашения облигаций либо письмо уполномоченного органа, осуществляющего государственное регулирование рынка Ценных бумаг, об отсутствии зарегистрированных в уполномоченном органе, осуществляющем государственное регулирование рынка ценных бумаг, выпусков акций и (или) облигаций;".

      2. Департаменту регистрационной службы и организации юридических услуг Министерства юстиции Республики Казахстан обеспечить государственную регистрацию настоящего приказа и его официальное опубликование в порядке, установленном законодательством.

      3. Контроль за исполнением настоящего приказа возложить на заместителя Министра юстиции Республики Казахстан Әбдiрайым Б.Ж.

      4. Настоящий приказ вводится в действие с 1 января 2016 года и подлежит официальному опубликованию.

Исполняющий обязанности


Министра юстиции


Республики Казахстан

З. Баймолдина